Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Л Фараби философиясындағы адам мәселесі




Саналы адам -

1. (лат. Homo sapiens; кейде Хомо Сапиенс деп айтылады - Сүтқоректілеркласының Приматтар отрядының Гоминадтар тұқымдасының Адамдартегінің жалғыз биологиялық түрі.

2. Ислам бойынша Адамды Алла тағала топырақтан жаратқан. Батыс елдерінде әлі қара-қайшылыққа толы эволюциялық теориясын ұстанады, оған сәйкес адам — тірі жүйелер эволюциясының дамуының ең жоғарғы сатысы.

Адамның табиғаты және жаратылысы осы күнге дейін философиялық және діни атыстың негізгі тақырыбы болып келе жатыр.

Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: «адам – заттардың өлшемі», Сократ: «өзіңді өзің танып біл»). Ежелгі Үнді, Қытай, Грек философиясында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, «кіші әлем», ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп тұрғандығына қарамастан, Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғасыр (ғылыми-революция ғасырында) мен 18 ғасыр (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классикалық философиясы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19 – 20 ғасырлардағы постклассикалық философия (Фридрих Ницше, Артур Шопенгауэр, Серен Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және т.б. адамдық ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін оның саналы қызметімен байланыстырады. Бұл қызметтің барысында адам тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады. Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық факторлардың өзара күрделі әсерін, әлеуметтік факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де «табиғи түрде» әрекет ететін биологиялық факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік «менімен» танылатын болады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1113 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2312 - | 2037 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.