XX ғ қазақ фил.ның даму кезеңдері.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары хронологиялық және мәндік жаңынан үш кезеңнен тұрады:
1) ру құрылысы үстем болып тұрған уақытты және соған сәйкес келетін алғы философиялық сананы қамтиды;
2) XX ғ. басына дейінгі ойшылдардың, философтардың ілімі, мұрасы мен еңбектері. Негізгі көксеген мақсаттары – әр қилы әлеуметтік топтардың мүделерін жоқтау, жақтау, көздеу немесе жою.
3) XX ғ. басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай қалған шындары.
А.Иассауидің сопылық философиясы
Ахмет Иассауи–ΧΙΙ ғасырда көне түркі тілінде жазылған Диуани Хикмет (Даналық кітабы) кітабының авторы.Бұл өмірдің азабын көп көрген Қожа Ахмет аскетизмге бет алып,тағдырға сенуді уағыздайды, содан дүние қызығынан безіп, тәркі дүниеге салынады. О дүниенің мәңгілігін уағыздайды. Мұсылмандық ішінде ұстамдылық және аскетизмді уағыздап,сопылық ілімін ұстанады. Сопылық мұсылман дінінің бір түрі ретінде ведтік үнді философиясының, еуропалық гностицизм, гректік жаңа платонизм, зороастризм, христиандық мистицизм және басқалардың кейбір жақтарын иеленеді. Сопылықта басты қағида — болмыс тұтастығы. Ол үш деңгейде көрінеді:абсолют, аттар және феноменалдық дүние. Иассауидің басты көздеген мақсаты–құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи былай дейді: “Кімде–кім құдайды есіне алса, ол онымен өзінің табысқанын көре алады”.Иассауи суфизмнің ең биік шыңы—оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді. Ол “Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты”. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі. Жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік, адамның жақсы және жаман іс–әрекеттері оның құдайға сенуіне байланысты болады.
А.Шопенгауер бақыт туралы
Шопенгауэр Артур (22.2. 1788, Гданьск – 21.9.1860, Майндағы Франкфурт) – неміс философы, идеалистік бағыттың өкілі. Негізгі шығармасы “Ерік және түсінік ретіндегі әлем”. Шопенгауэр диалектика мен тарихилыққа, әсіресе, Гегельдің панлогизміне қарсы шығып, И.Кантқа бет бұрып, кантшылдықты платонизммен және волюнтаризммен ұштастырды. Шопенгауэр философиясының негізгі арқауы, жан-жақты бастама принципі – ерік. Ол үшін ерік – абсолютті бастама, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың түп-тамыры, қайнар көзі мен түп негізі. Шопенгауэр шынайы философия материалистердің іліміндегі объектіден немесе идеалистердің іліміндегі субъектіден басталмайды, сананың алғашқы сатысы түсініктен басталуға тиіс дейді. Шопенгауэр ілімінде “дәйекті негіз заңы” объектінің формасы болады және ол болмыс заңы (кеңістік пен уақыт), себептілік заңы (материалдық дүние), логиканынң негіз заңы (ғылыми таным) және мотивация заңы (адамның әрекетке ынталануы) болып төрт түрде көрініс табады. Шопенгауэр философиясы өз заманында ескерілмей тек 20 ғасырдың орта кезінде таралып, иррационализмнің дамуына әсер етті.
4. сұрак!!!! А. Эйнштейн теориясының философиялық маңызы. Ғ арыштағы күштердің жылдамдығының шектелгені Ньютонның алыстан әрекет ету теориясына үлкен соққы жасап, Эйнштейннің ғылыми жаңалықтарын ашуға белгілі ағартушылықтар жасады. 1905 ж. ол өзінің кеңістік пен уақыт жөніндегі арнаулы салыстырмалы теориясын жасап шығарды. Бұл теорияның негізінде ғарыштағы ең асқан жылдамдық-сәуле жылдамдығы 300 мың км сек. деген қағида жатыр.Онымен салыстырғанда басқа жылждам дықтар нөлге тең деуге болады. Мысалы жердегі дыбыс жылдамдығы 340 м. сек.- сәулемен салыстырғанда тұрақты деуге болады. Егер ғарыштағы үдірістің жылдамдығы сәулеге жақындаса, онда оның көлемі қысқарып, уақыт баяулап, салмағы күрт өседі. Дүниедегі жылдамдық шектелгеннен кейін, ғарышта бір уақытта болып жатқан үдірістер жоқ. Эйнштейн 1916 ж. өзінің жалпы салыстырмалы теориясын жасайды. Оның түйіні ғарыштағы орасан зор обьектілердің гравитациялық тартым арқылы айнала қоршаған кеңістікті қисайтуы болып табылады. Сонымен кеңістік пен уақыттың қасиеттері ғарыштағы обьектілердің массасының бөлінуіне байланысты өзгеріп отырады екен. Бұл тұрғыдан алғанда, 2000 жылдан артық ғылымда еш дау туғызбаған Евклид геометриясының негізгі қағидалары жер бетіндегі адамдардың практикалық қызметіне бейімделген тұрпайылығынан кеңістік теориясы болып шықты! Философияда әлеуметтік уақыт адамдардың өз іс - әрекеті нәтижесінде пайда болып отыратын қоғамдық процестер мен қатынастарының белгілі бір тарихи дәуірдегі тынысын білдіреді. Әлеуметтік кеңістік пен уақыт бұл – адамның іс - әрекетінің бүкіл дүниежүзілік тарихы.
Философия мен мәдениет тарихында, ауыз әдебиетінде уақыт үлкен құндылық ретінде бағаланады.
Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды.
Алғашында бұл ешқандай сыртқы араласуды қажет етпеген білім мен технологиялық әдістердің жетпестігін жоқтатпаған табиғи әдістер еді. Алғашқы адам күннің шығуымен батуын жіті бағдарлап күнелтуге тиіс болды.
Мысалы, табиғат құбылыстарын өте терең түсінген көшпенді халық уақыт өлшемдерін де дәл тауып, дөп басып, анықтаған. Мерзім, мезет, сәске, таң, кеш, намазшам, ақшам, түн атаулары осыған меңзейді. Көшпенді халықтың дәстүрлі кәсібінен де уақыт өлшемдері туындап отырған: бие сауым, сүт пісірім, ет салым т.б.
Кеңістік – заттар мен құбылыстардың бір – бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікте орналасқан.
Кеңістік негізі – нүкте, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені, ол – материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Сонымен қатар, бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір – бірімен тығыз байланысты болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып есептелеінеді.
Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйенің негізгі түпқазығы болып табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінде уақытты игеру әрекетінің көптеген мысалдары кездеседі. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске асады.
Материяның уақыт пен кеңістікте байланысын түсіндіруде бір – біріне қарама – қарсы екі ұстаным қалыптасқан.
Біріншісі субстанциалды (Демокрит, Эпикур) – уақыт пен кеңістікті материядан жеке реалдылық деп есептеген.
Екіншісі – реляциялық (Аристотель, Лейбниц, Гегель) уақыт пен кеңістікті материямен байланыста қарастырған. Реляциялық ұстанымды А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясы айқын дәлелдеп отыр.
Уақыт бірін бірі ауыстырып отыратын құбылыстардың кезектесуі, әрбір материалдық процесс – бір бағытта өткен болашаққа қарай дамиды. Қозғалыс уақыттың мәні, бірақ уақытты кеңістіктен бөліп алып қарауға болмайды.