Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Идеялары, теориялары жӘне Өкілдері 12 страница




 

Макс Вебер

 

Макс Вебер (Max Weber) (1864-1920) - аса көрнекті неміс әлеуметтанушысы, тарихшы, экономист және заңгер.

Эрфурт қаласында заңгердің отбасында дүниеге келген. Протестантизм мен саяси либерализм құндылықтарына негізделген тәрбие алған. Гейдельберг, Геттинген және Берлин университет-терінде білім нәрінен сусындады. Оның бастапқы ғылыми зерттеулерінің тақырыбы орта ғасырлар мен антика дәуіріндегі қоғамдардың шаруашылық өмірі болды. 1891-1897 жылдары ол Германияның бірқатар университеттерінде құқық және саяси экономия профессоры болды. Онымен бір мезгілде белсенді ғылыми-зерттеу және публицистикалық қызметпен айналысты. Алайда оның оқытушылық және зерттеу жұмысы сырқаттану салдарынан үзіліп қалды.

1904 жылы М.Вебер Вернер Зомбартпен біріге отырып “Әлеуметтік ғылым және әлеуметтік саясат мұрағаты” атты неміс әлеуметтану журналының редакторы болады, онда оның ең маңызды шығармалары жарияланады. 1907 жылдан бастап мұра алғаннан кейін толығымен ғылымға ден қояды. Бірнеше жыл бойы неміс әлеуметтанушылар қоғамдастығымен белсенді қарым-қатынас жасап, біршама маңызды позицияларға ие болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталысымен мемлекеттік қызметке кіреді. 1919 жылдан бастап Вебер Мюнхен университетінде жұмыс істеді. Ойлағанының бәрін жүзеге асырып үлгермей, 1920 жылы Вебер қайтыс болды. Өлгеннен кейін оның әлеуметтану зерттеулері қорытындыланған іргелі еңбегі “Шаруашылық және қоғам” және сонымен бірге әдіснама, мәдени-тарихи және әлеуметтанушылық зерттеулер логикасы, дін, саясат, музыка әлеуметтануы және т.б. бойынша мақалалар жинағы жарық көрді.

Вебер пайымдауының айқындаушы әдіснамалық принципі жүйелі антинатурализм болып табылады. Бұл бөлімдегі оның идеялары ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында бірнеше атақты философтар ұстанған гуманитарлық және жаратылыстану ғылымы білімдерін “мәдениет туралы ғылым” және “табиғат туралы ғылым” деп ара жігін ашатын тұжырымдамамен байланысты. Бұл тезистегі адам өмірінің шындығын қарастыра отырып, материалдық объектілерді зерттеу барысында қолданылатын ғылыми әдістерге сүйенуге болмайды деген пікірмен келіседі. Адам - саналы тірі жан, сондықтан да мұның өзі, Вебердің пікірінше, оның барлық істеген ісінің сапалы құрамына кірмеуі мүмкін емес, демек, қоғамдық және мәдени шындықты сараптап зерттеушінің бұл жәйттен ауытқуға құқы жоқ. Осыған байланысты неміс ғалымы, оның дәуірінде кең таралған көптеген әлеуметтану тәсілдеріне қарама-қарсы түрде, оны жаратылыстану ғылымдарының қисыны бойынша жасауға бейім болмады. Оның түсінігінде әлеуметтану гуманитарлық білімнің бір бөлігі болып табылады. Алайда сонымен бірге ғылымдағы мәдениет туралы ортақ мәні бар, объективті бастаудан бас тарту Вебердің көңіліне қонбады. Мысалы, ол өзінің кейбір әріптестерінің психологизмге бет бұруын сынап, субъективті мағына мен объективті қоғамдық құрылымдардың өзара әсерін зерттеуге ерекше көңіл бөлді.

Әлеуметтік шындық пен әлеуметтанушылық танымның ерекшелігін сараптай отырып, Вебер адам қоғамы туралы ғылымның маңызды белгілерінің бірі жете ұғыну болуы тиіс деген қорытынды жасайды. Вебер адамдар өз әрекеттеріне қандай мағына берсе, әлеуметтану соны танып ұғыну тиіс дегенге сүйенеді. Сол үшін Verstehen термині енгізілді. Ол неміс тілінен сөзбе-сөз “ұғыну” деп аударылады. Вебердің әлеуметтану әдісінде бұл кәдімгідей автономды маңызға ие болып отыр.

Сонымен бірге әлеуметтану мейлінше тұжырымдалған түрдегі адамның мінез-құлқын зерттейтін ғылым болғанымен, өзін әрбір жеке адамның дәлелін анықтауға арнай алмайды. Бұл дәлелдердің әртүрлілігі және бір-біріне ұқсамайтындығы соншалық, біз олардың қандай да бір қисынды бейнелеуін немесе белгілі бір тұрпаттаманы жасауға шамамыз келмей қалады. Алайда, Вебердің пікірінше, оның қажеті де жоқ: өйткені адамдардың барлығының ортақ табиғи болмысы бар, адамдардың өзінің әлеуметтік ортасымен қарым-қатынасындағы түрлі іс-әрекеттерінің типологиясын ғана жасау қажет.

Ұғыну тұжырымдамасының мәні мынада: адамдар өздерінің нанымдары бойынша қандай мақсатқа қызмет ететіндігін және өздерінің іс-әрекеттеріне қандай мән-мағына беретіндігін көру үшін өзін солардың орнына қою. Мысалы, егер әлеуметтанушылар адамдардың қолдарын бір сілтеуінің әлеуметтік себебін анықтағысы келсе, олар тап осындай жағдайда басқа адамдар неліктен қол сілтемейтіндігін, біреудің қолдарының төмен және жоғары (солға-оңға) сілтеуіне қандай дәлелдер түрткі болғандығын шешіп алуы тиіс. Осы тектес мәндегі зерттеуге сіз қабілетсіз болсаңыз, онда бұл жәйт шындығында түрлі санаттарға жататын әрекет етуші топтардың бір санатқа жатқызылатыны сияқты үлкен адасу көзіне айналуы мүмкін. Адам қылықтарының мәнін зерттеу - бізді қоршаған көптеген әр түрлі адамдардың әрекетін түсінуге тырысқан күнделікті талпыныстарымыз болып шығады.

Вебер әлеуметтануының тағы бір әдіснамалық ерекшелігі өзі жасаған идеальды типтер тұжырымдамасы болып табылады. Сан алуан деректік тарихи материалдың зерттеушіге бағыт пен өзара байланыстылықты табуға көмек беретіндей танымдық нысанын жасау қажеттігі Вебердің саналы түрде идеальды типтер ұғымын өмірге әкелуіне себеп болды. Ғалым бұған балама ретінде “шоғырланған” күйдегі материал құрамының қандай да бір сипаты бар идеальды-типтік үлгіге бастапқы көрсеткіштер қандай деңгейде сәйкес келетіндігін ұғыну деп есептеді.

Әлеуметтік танымдағы ортақ нәрсені логикалық бөлшектеумен және объективизмді ұстанушылармен пікірталасқа түсе отырып, Вебер дәлме-дәл ұғымдық пайымдау адамдардың іс-әрекетіне жауап бермейді және мәдениет туралы ғылым ұғымдарының қажетінше идеальды-типтік табиғаты болады деп тұжырымдады. Идеальды типтер ортақ, түр қасиетін білдіретін қарапайым ұғымдардан, ең алдымен, өзінің құрылу әдісі бойынша ерекшеленеді: олар өмірдегі бір нәрсені мадақтап, сол арқылы белгілі бір процестер мен құбылыстардың керемет ой болжамына айналады.

Идеальды типтер бір жағынан шындықтың іс жүзіндегі сан алуандығын жеңілдетеді. Мұның себебі – олар тікелей бақыланып отырған шындықтың сараптауға құнды болып есептелінетін элементтерін ажырату және оларды логикалық байланысты, идеальды ойша бейнеге біріктіру арқылы қалыптасады. Вебердің өзі жазғандай, “бұл ойша бейне тарихи өмірдің белгілі бір байланыстары мен процестерін қандай да бір ішкі қарама-қайшылықтан жұрдай ойша байланыстар ғарышымен ұштастырады”.

Вебердің пікірінше, бірдей тарихи деректерді қарастыру барысында түрлі идеальды типтер қалыптасуы мүмкін. Барлығы да зерттеушінің ғылыми мақсатына, оның “көзқарасына”, ойша жобасын құруға қажетті байланыстар мен элементтердің сұрыпталуына байланысты болады. Идеальды-типтік жобаның дұрыстығының бірден-бір өлшемі оның ішкі логикалық қайшылықсыздығы болып табылады.

Вебер тікелей бақыланатын оқиғалар мен процестер деңгейінде идеальды типтер іс жүзінде ешқашан анықталмайтындығын бірнеше рет көрсетті. Бұл жағынан олар жаратылыстануда қолданылатын идеальды үлгілерге ұқсас, сондай-ақ көбінесе эмпирикадан тыс пайда болды. Вебер, идеалды типтердің тұрақты танымдық, эвристикалық мәні болатынын баса көрсетті. Атап айтқанда, ол әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға қажетті қоғамдық өмірдің зерттеліп отырған қырларының көрнекі бейнесін алуға мүмкіндік береді. Мысалы, олардың көмегінсіз христиандықтың тұтас идеясын келтіру қиынға соғар еді, өйткені оның сан алуан түрленімдері бар.

Сонымен, идеальды-типтік ұғымдар мен құрылымдар, Вебердің ойынша, мәдениет туралы ғылым әдіснамасының негізін құрайды. Идеальды типтерді қолдану тарихи шындықтағы ерекшелікті көре білуге жол ашады. Бұл әдістің тиімділігінің дұрыстығын Вебердің өзі жасаған “протестанттық этика”, “капитализм рухы”, “рационализация”, т.б. ұғымдары мен тұжырымдамалары растайтындығын атап өту қажет.

Вебер әлеуметтануының басты ұғымдарының бірі әлеуметтік іс-әрекет болып табылады. Ғалымның өзі оған мынадай анықтама берген: “іс-әрекет” деп біз адамның (ішкі және сыртқы сипатына, араласпауға немесе шыдай білуге саятындығына қарамастан) әрекет етуші жеке адам немесе жеке адамдар онымен субъективті мән-мағынаны байланыстыратын іс-әрекетін атаймыз. “Әлеуметтік” деп біз әрекет етуші тұлғаның немесе тұлғалардың шамалауы бойынша өзге адамдардың әрекетіне байланыстырылып, соған бағытталған іс-әрекетті атаймыз.

Алайда адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын көптеген басқа ғылымдар, атап айтқанда, тарих пен психология зерттейді. Таза әлеуметтанушылық әдістердің сапалық ерекшелігі неде? Ең алдымен, әлеуметтану адамдардың жалпы іс-әрекетінің қандай да бір жетілген жағдайдағы күйін зерттейді. Оған қоса оның басқа адамдарға бағытталуымен қатар, бір мәнге ие болу мәселесі де қызықтырады. Мән ұғымы мақсат пен құрал арақатынасынан келіп шығады. Мұндай арақатынастың түрлі нұсқаларын зерттеу Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттердің жетілген типологиясын жасауына алып келді.

Мұнда адам баласы іске асыратын кез келген іс-әрекеттер мен қылықтар осы өзіндік эталондар арқылы “өлшене” алатыны, яғни жақындаудың жоғарғы және төмен деңгейінде төрт идеальды типтердің біріне жатқызылуы мүмкін екендігі туралы сөз болып отыр.

Мақсатқа сай ұтымды іс-әрекет - іс-әрекеттің ең жоғарғы деңгейдегі ұтымды түрі, алға қойылған мақсаттың айқындылығымен сипатталады, оның үстіне дәл осы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін ұтымды ойластырылған құралдар да осыған кіреді. Меженің ұтымдылығына екі ұдайылық түрде көз жеткізуге болады: біріншіден, оның жеке мән-мағынасы тұрғысынан, екіншіден, таңдап алынған құралдардың ақылға сыйымдылығы тұрғысынан (яғни, мақсаттың лайықтылығымен). Нақты іс-әрекет ретінде (яғни, басқа адамдар тарапынан белгілі бір үмітке бағытталған) ол бір жағынан қоршаған адамдардың әрекетіне сәйкес әрекет етуші субъектінің ұтымды есебін, ал екінші жағынан олардың іс-әрекетін алға қойылған мақсатқа жету үшін қолдануды көрсетеді. Бұл жерде мұндай үлгі ең алдымен адамдардың нақты қылықтарын бұл үлгіден ауытқу деңгейін анықтау арқылы ғана түсінуге болатындығын атап өту қажет. Кейбір жағдайларда мұндай ауытқулар онша пәрменді болмаса, онда біз шынайы әрекет туралы “мақсатқа сай ұтымды дерлік” деп айта аламыз. Егер де ауытқулар біршама үлкен болса, онда ол іс жүзінде бізді әлеуметтік іс-әрекеттің мүлдем бөлек түрлеріне бағыттайды.

Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет - әлеуметтік іс-әрекеттің жетілген типі, ол құндылықтың толықтығына сенуге негізделген қылықтарды жүзеге асыруды білдіреді, яғни бұл жерде мақсат ретінде іс-әрекеттің өзі болады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет, Вебердің ойынша, белгілі бір талаптарға бағындырылған, ал оларды ұстанып отыруды жеке адам өзінің борышы деп есептейді. Егер ол осы талаптарға сәйкес әрекет етсе, тіпті егер ұтымды есеп оның жеке өзі үшін мұндай әрекеттің теріс салдарларының үлкен ықтималдылығы болса - бұл құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекеттің классикалық мысалы: суға батып бара жатқан кеменің капитаны өзінің өміріне қауіп төніп тұрса да кемеден ең соңынан кетеді. Іс-әрекеттің мұндай бағыттылығының саналылығы, олардың борыш, қадір-қасиет, сұлулық, мораль және т.б. құндылықтар туралы белгілі бір көзқарастарға жатқызылуының өзі саналылық, ұтымдылықты білдіреді. Егер де сонымен бірге осындай іс-әрекеттерді жүзеге асырудағы дәйектілікпен, демек мақсаттылықпен кезігетін болсақ, онда мысалы жан азабына қарағанда, құндылыққа сай ұтымды әрекеттің неғұрлым жоғарғы деңгейдегі ұтымдылығы туралы айта аламыз. Сонымен қатар, жеке адам бағытталатын құндылықтар абсолюттендірілгендіктен, “құндылыққа сай ұтымды” іс-қимылда мақсатқа сай ұтымдылық түрімен салыстырғанда қандай да бір ұтымсыздық болады. Вебердің пікірінше, “таза құндылыққа сай ұтымды” түрде әрекет ететін адам ықтимал салдарларды ескермей, өзінің сенімдеріне сәйкес әрекет етеді және борыш, қадір-қасиет, сұлулық, діни ұстаным, қандай да бір... “істің” маңыздылығы мен басымдығы талап еткенді іске асырады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет... әрекет етуші адам өзіне берілген нәрсе деп есептейтін “талаптарға” немесе “уағыздарға” сәйкес іс-қимыл болып табылады.

Дәстүрлі іс-әрекет - дәстүрді ұстану негізінде қалыптасатын іс-әрекет, яғни мәдениетте қалыптасып, қосталған, сондықтан да іс жүзінде ұтымды ойластыруға және сынауға жатпайтын іс-әрекеттің қандай да бір үлгісіне еліктеу. Мұндай іс-әрекет көбінесе таза автоматты түрде, қалыптасқан таптауырындар бойынша жүзеге асады, ол өткен ұрпақ пен өзінің жеке тәжірибесінің негізінде қалыптасқан іс-әрекеттің әдеттегі үлгілеріне бағытталу талпынысымен сипатталады. Дәстүрлі іс-әрекеттер жаңа мүмкіншіліктерге (мүмкін дәл сол себепті болар) бағыт ашуды білдірмейді, бірақ дәл соның өзі жеке адамдар іске асыратын іс-әрекеттің үлкен бөлігін қамтиды. Адамдардың дәстүрлі әрекеттерді (көптеген нұсқаларда көрініс табатын) орындауға бейімділігі белгілі бір деңгейде қоғамның өмір сүруінің тұрақтылығы мен оның мүшелерінің іс-қимылының болжамдылығына негіз болады. Вебердің көрсетуі бойынша, “...таза дәстүрлік әрекет... “саналы” бағытталған іс қимыл деп аталатынның шекарасында, тіпті көбінесе оның шегінен шыққан күйде болады”.

Жан азабына сай іс-әрекет - барлық іс-әрекет түрлерінің ішіндегі ең аз ойластырылғаны. Оның басты сипаттамасы - қорқыныш, өшпенділік, ашу, құмарлықтың және т.б. өршуі сияқты белгілі бір эмоционалды күй болып табылады. Жан азабына сай іс-әрекеттің “мәні” алдымен пайда болған эмоционалды шиеленісті тез арада басуында, бәсеңдетуінде. Бұл жағынан ол мақсатқа сай ұтымды іс-әрекетке тікелей қарама-қайшы; алайда бұл жерде біз, жоғарыда көргеніміздей, қандай да бір “сыртқы” мақсатқа жетуді көздемейтін және айқындықты іс-әрекеттің жүзеге асуынан көретін құндылыққа сай ұтымды іс-әрекетпен ұқсастық жатады. Вебердің пікірінше, “жеке адам, егер тез арада өзінің өш алуға, ләззатқа, берілгендікке, масайраған пайымдауға қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылса да немесе қандай арсыз не нәзік болса да кез келген басқа жан азабын жеңілдету үшін әрекет етеді”.

Әлеуметтік әрекеттің соңғы екі жетілген түрінің тура мағынасында толығымен әлеуметтік еместігі айдай анық - қалай дегенмен де, бұл сөздің Вебер айтқан мағынасында. Шынымен де, дәстүрлі және әсіресе әрекеттің азапты түрі көбінесе жануарларға тән іс-әрекеттер типіне жақын. Олардың ішіндегі біріншісі - дәстүрліні - басым деңгейде шарттыға, ал екіншісі - азаптыны - сөзсіз рефлекске жатқызуға болады. Олар әлеуметтік іс-әрекеттің екінші және әсіресе бірінші түрімен салыстырғанда неғұрлым аз деңгейде ақыл-ойдың туындысы болып табылатындығы түсінікті.

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік іс-әрекеттің идеалды түрлерінің типологиясы Вебер әлеуметтануының негізгі идеяларының бірі - әлеуметтік өмірді жүйелі түрде ұтымды ету идеясымен біршама тығыз байланысты. Жалпы ұтымдылық маңызының күшею идеясы қандай да бір қоғамның тарихи дамуына қарай Вебердің ғылыми шығармашылығы арқылы өтіп отырады. Ол ұтымдылық - тарихи процестің басты үрдістерінің бірі екендігіне нық сенімді болды. Ұтымдылық әлеуметтік әрекеттің барлық ықтимал түрлерінің жалпы көлеміндегі мақсатқа сай ұтымды іс-әрекеттер үлесінің көбеюі мен жалпы қоғам құрылымы тұрғысынан алғанда оның маңызының өсуінен көрініс табады. Бұл шаруашылықты жүргізу әдісі ұтымды етілгенін, басқару, ойлау жүйесі ұтымды етілгенін білдіреді. Және мұның барлығы, Вебердің пікірінше, ұтымдылық принципінің ең “таза” іске асуымен - яғни, ғылыми білімнің әлеуметтік рөлінің орасан зор күшеюімен қоса жүреді. Вебердің ұғымындағы формальды ұтымдылық - ең алдымен сандық есеп пен тіркеуге түсетіндердің барлығының есептелуі. Осы тектес басым идея пайда болған қоғамның бұл түрін қазіргі заман әлеуметтанушылары индустриалды деп атайды (оны бірінші болып Сен-Симон осылай атаған, кейін Конт бұл терминді белсенді түрде қолданған). Бұрын өмір сүрген қоғам түрлерінің барлығын Вебер (оның ізінше қазіргі заман әлеуметтанушыларының басым бөлігі) дәстүрлі деп атады. Дәстүрлі қоғамдардың маңызды белгісі - оның мүшелерінің көпшілігінің әлеуметтік іс-әрекеттерінде формальды-ұтымды бастаудың болмауы және өзінің сипаты бойынша іс-әрекеттің дәстүрлі түріне неғұрлым жақын әрекеттердің басым болуы.

Формальды-ұтымды – бұл сандық тіркеу мен есепке түсетін, оның үстіне біршама деңгейде өзінің сандық сипаттамаларымен тәмамдалатын кез келген құбылысқа, процеске, іс-әрекетке қатысты қолдануға болатын анықтама. Тарихи даму процесі қозғалысының өзі қоғам өмірінде формальды-ұтымды бастаудың өсу үрдісі мен әлеуметтік әрекеттегі мақсатқа сай ұтымды түрдің басқаларға қарағанда неғұрлым басым түсуімен сипатталады. Бұл сонымен бір мезгілде дәлелдеулердің жалпы жүйесі мен әлеуметтік субъектілердің шешім қабылдауындағы ақыл-ой рөлінің өскендігін білдіретіндігі түсінікті.

Формальды ұтымдылық үстемдік ететін қоғам – бұл норма ретінде тек пайда табуға ұмтылыс қана емес, ұтымды (яғни, саналы-есепшіл) іс-әрекет көрінетін қоғам. Мұндай қоғамның барлық мүшелері ұтымды және ортақ пайда үшін бәрін - материалдық ресурстарды, технологияны, ақшаны пайдалану мақсатында осылай әрекет етеді. Сән-салтанат, мысалы, ұтымды болып есептеле алмайды, себебі бұл ақшаны саналы түрде жұмсау емес.

Процесс, тарихи үрдіс ретіндегі ұтымды ету, Вебердің пікірінше, мыналардан тұрады: экономика саласында - фабрикалық өндірісті бюрократиялық құралдармен ұйымдастыру және пайданы жүйелі бағалаушы рәсімдер көмегімен есептеу; дін саласында – интеллек-туалдар арқылы діни тұжырымдамалардың дамуы, біртіндеп сиқыршылықтың жойылуы және жеке жауапкершілік құпиялылығының ығыстырылуы; құқық саласында - арнайы орнықтырылған заң шығару мен әмбебап заңдар негізіндегі дедуктивтік құқықтық пайымдаулар түріндегі ерікті сот жағдайының эрозиясы; саясатта - харизмалық лидерлікті тұрақты партиялық машина көмегімен орнықтыру мен заңдастырудың дәстүрлі нормаларының құлдырауы; моральдық мінез-құлықта - тәртіп пен тәрбиеге баса назар аудару; ғылымда - жеке-дара инноватор рөлінің біртіндеп төмендеуі және зерттеу командаларының, шоғырланған эксперименттердің және мемлекет бағыттап отыратын ғылыми саясаттың дамуы; қоғамды тұтас алғанда - басқарудың бюрократиялық әдістерінің, мемлекеттік бақылау мен әкімшіліктің кең таралуы.

Сонымен, ұтымды ету ұғымы Вебердің капиталистік қоғамға деген көзқарасының бір бөлігі болды. Ол капиталистік қоғамды діни мағына мен моральдық құндылықтардан жұрдай болған жеке адамның мемлекеттік қадағалау мен бюрократиялық реттеуге түсуі барған сайын өсіп отыратын өзіндік “темір тор” ретінде қарастырды. Маркстік оқшаулану ұғымы секілді, ұтымды ету жеке адамның қауымнан, отбасынан, шіркеуден бөлініп, оның фабрикадағы, мектептегі және мемлекеттегі құқықтық саяси және экономикалық реттеуге бағынуын білдіреді. Сөйтіп, Вебер ұтымды етуді батыс капиталистік қоғамының сөзсіз жетекші үрдісі ретінде көрсетті. Ұтымды ету - адамдар қатынастарының саласын есептеу мен басқару объектісіне айналдыратын процесс. Марксшілдер есептің жетекші рөлі тек қана еңбек процесі мен фабрикалық тәртіптен көрінеді десе, Вебер ұтымды етуді барлық әлеуметтік салалардан - саясат, дін, экономикалық ұйым, университеттік басқару, лабораториядан және тіпті ноталық жазбалардан тапты.

Веберді әрдайым қызықтырған және өз еңбектерінде қайта-қайта оралып отырған мәселелердің бірі - бір адамдардың басқаларға бағыну себептері және де үстемдік-бағыну әлеуметтік қатынас-тарының жүзеге асырылу механизмдері. Вебердің билік пен үстемдікті бөліп қарастырғандығын атап өту қажет. Ол біріншісі екіншісінен бұрын болады және әрқашан оның қасиеттеріне ие болмайды деп есептейді. Турасын айтсақ, үстемдік - ең дұрысы, билікті іске асыру процесі. Сонымен бірге үстемдік бір адамдар (билік құзыры барлар) беретін бұйрықтар өзге адамдардың бағынуға, бұл бұйрықтарды іске асыруға дайындығының белгілі бір ықтималдығын білдіреді.

Мынадай заңды сұрақ туады: адамдар арасында үстемдік-бағыну қатынастары қандай жағдайларда орнығады? Бұл қатынастар, Вебердің пікірінше, екі жақты экспектацияға негізделеді: басқарушы, яғни бұйрық беруші жағынан - берілген бұйрық міндетті түрде орындалатындығына үміт ету; басқарылатындар жағынан – басқару-шының мұндай нұсқауларды беруге құқығы бар екендігіне сену; мұндай құқыққа көзі жеткенде барып басқарылушының бұйрықты орындауын болады. Басқаша айтқанда, легитимді, яғни заңды үстемдік билік ету фактісімен ғана шектеліп қоймайды, ол оның заңдылығына сенуді қажет етеді. Адамдар оны заңды деп бағалағанда ғана билік үстемдікке айналады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 462 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2268 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.