Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Идеялары, теориялары жӘне Өкілдері 11 страница




Зиммельдің маргиналдылығы (әлемге танымал болса да кедейлігі мен еврейлігі, айқын саяси сенімнің болмауы, оның зерттеулерінің таңырқарлық сипаты - әлеуметтану, көркемдік салондар әлеміне деген қызығушылық), сонымен бірге қоғамның тұтас тұжырымдамасы жоқ, бірақ әлеуметтік әлемнің жасалатын бейнелерінің үзінділері мен үзіктерінен тұратын еңбектерінің басым көпшілігінің эсселік сипаты замандастарына ұнамады. Ерекше пән ретінде әлеуметтанудың қажеттілігін негіздей отырып, Зиммель оның ерекшелігі әлеуметтік өзара іс-әрекеттердің таза нысандарын ажырата білуде деп есептеді.

Зиммель әлеуметтануының өзіндік ерекшелігі – әлеуметтіктің жалпы астарынан (“кедей”, “бөтен”) “шеттетілгендер” нысандарын зерттеуге көңіл аударуы болып табылады. Дюркгейм мен Тенниске қарағанда Зиммельдің айырмашылығы - ол әлеуметтік қақтығыста да, күресте де бар қақтығыс жалпы өзара іс-әрекеттің кез келген нысанында кездеседі және оның әлеуметтік дамудағы рөлі көп жағдайда игілікті деп есептеді. Зиммель тұжырымдамасының мазмұндық жағы оның әдіснамалық зерттеуімен тікелей байланысты. Қоғам тарихы - интеллектуалданудың (ұтымдылықтың) үдей түсуі мен ақша шаруашылығы принциптері ықпалының тереңдеу тарихы. Ақша мен ақылдың әлеуметтік функциясы деп Зиммель капиталистік өркениеттің терең қайшылықтарына, мәдени нормалардың құлдырауына, тұлғаның бірегейлігі мен мәдени нысандар арасындағы қақтығысқа алып келетіндердің барлығына объективтілікті жариялап отыру деп есептеді. Зиммельді интеракционизмнің негізін салушы деп толық есептеуге болады, өйткені ол барлық әлеуметтік құбылыстардың мәнін байланыс пен өзара әсерден көрді. Оның көптеген идеялары еуропалық әлеуметтануда да, американдық әлеуметтануда да жалғасын тапты.

Сөздің кең мағынасында алғанда, Зиммельдің бастапқы әдіснамалық ұстанымын релятивизм, ал оның көзқарастарының дәйекті дамуын - релятивизмнен өту талпынысы деуге болады. Қазіргі заманғы релятивизм, Зиммельдің айтуы бойынша, “жекелік пен субстанционалдықты өзара әрекетке ыдыратуға бейімділік...”; әлеуметтік ойға қатысты айтатын болсақ, онда релятивизм үшін “жеке адам әлеуметтік байланыстар жалғасатын орын ғана, ал тұлға - оның орындалу әдісі ғана болды”. Таным принциптеріне қатысты релятивизм “заттардың мәнін әрдайым білдіріп отыратын, сындарлы басты негіздер, тек қана дамушы таным көзқарасының мәні болып табылатын реттеуші заттарға өтеді”.

Зиммель “Шағын әлеуметтанудағы” жалпы, таза (формальды) және философиялық әлеуметтану тарауларын енгізді. Әлеуметтанудың әдіс ретіндегі орнын көрсете отырып, ол тар мағынада әлеуметтану деп атауға болатын проблемалар тобына көшті.

Біріншіден, өмірдің бүкіл деректік жағдайларын, барлық оқиғаларын “қоғамдық өмірдің”, оның бастаулары мен субъектісінің жемісі деп қарастыруға болады. Қоғамдық дамудың “заңын” немесе “ырғағын” іздестіру, “Үш саты заңы”, “органикалықтан” “механикалық” байланысқа өту мәселелерін, әлеуметтік жіктелу заңдылықтарын зерттеу, т.б. осы сарында. Бұл арада сөз қоғамдастыру процесі туралы емес, “жүзеге асқан субъект ретіндегі индуктивті орнықтыруға жататын қоғам тағдыры” туралы болып отыр. Басқа саладағы сұрақтар да осыған жатқызылады, дәлірек айтсақ, ұжымдық және тікелей жеке-дара мінез-құлық құндылықтарының арақатынасы туралы, өйткені бұл жерде де қоғамның ішкі құрылымы проблема ретінде емес, өмір сүріп отырған күйінде қарастырылады. Бұл мәселелердің барлығын Зиммель жалпы әлеуметтануға жатқызады.

Екіншіден, ол өзі үшін дәстүрге айналған түрде, егер қоғам жеке адамдар арасындағы өзара іс-әрекет болса, онда бұл өзара іс-әрекет нысандарының бейнеленуі - “қоғамдық ғылымның міндеті” дейді. Қоғамдастырудың өмір құбылыстарынан алынған бұл үзіндіні – тілдің таза нысандарын ол “бұл нысандар өмір сүріп отырған мазмұннан” ажыратып алып отыратын грамматика сияқты әрекет ететін “таза” әлеуметтану деп атайды. Мұндай нысандарға Зиммель партиялардың құрылуын, еліктеуді, әлеуметтік таптар мен топтардың қалыптасуын, иерархияның пайда болуы мен рөлін, жиынтықтың жеке-дара өкілдігін, топтың бірігуі үшін өзара өшпенділік рөлін т.б. жатқызады. Бұған неғұрлым күрделі және ерекше сипаты бар құбылыстар да кіреді: партиялық бейтараптық фактілері, топтың сандық анықталуы мен қоғам үшін кедейшіліктің мәні, т.б. Бұдан да күрделі процестерге ол әлеуметтік топтардың тоғысуын, осы топтардың қалыптасу кезіндегі “құпиялылықтың” ерекше маңызын жатқызады.

Үшіншіден, философиялық әлеуметтану саласы анықталады. “Үлкен Әлеуметтануды” Зиммель әлеуметтік ғылым, зерттеу көрсеткіштерін тікелей түсінуге бағытталған басқа да нақты ғылымдардың барлығы сияқты философиялық екі саламен шектелген деп көрсетеді. “Біріншісі дербес зерттеудің алғышарттарын, негізгі ұғымдарын, шарттарын қамтиды. Бұлар оның негізіне алынатындықтан, бұл тұрғыда оларды түпкілікті ұғыну мүмкін емес. Ал екіншісінде дербес зерттеулер өзара байланыспен соңына дейін жеткізіліп, тәжірибе ауқымы мен тікелей пәндік білімге қатысы жоқ мәселелермен және ұжымдармен ұштастырылады. Біріншісі - таным теориясы, екіншісі - тиісті дербес салалардың метафизикасы.

Зиммельдің пайымдауы бойынша, әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бірінші долбары туралы айтатын болсақ, ол өзінен-өзі айқын болып көрінетін типтеуден тұрады. Неғұрлым жалпы типтендіру - адамның жалпы адам ретіндегі идеясы, ал бұл міндетті түрде оның бірегей дарашылдығымен көрсетіледі. Бірақ та, сонымен қатар, бір топқа жататындар бір-бірін дәл осы өзара қатыстылықты, ал әр түрлі топқа жататындар дәл осы айырмашылықтарды ескере отырып қабылдайды.

Осыдан келіп екінші долбарға өтуге болады, дәлірек айтсақ, қоғамның әрбір элементі оның тек бір бөлшегі ғана емес, сонымен бірге одан жоғары тұратын нәрсе. “Жеке-дара жан” қандай да бір байланыстың немесе қатынастың ішінде орнығуы үшін, ол сонымен бірге бұл қатынастан немесе байланыстан тыс тұруы тиіс. “Эмпирикалық әлеуметтік өмірдің долбары мынадан тұрады: өмір толығымен әлеуметтік емес, біз өзіміздің арақатынасымызды тұлғамыздың оған кірмейтін бір бөлігін сақтай отырып, тек жағымсыз түрде ғана қалыптастырмаймыз; бұл бөлік жалпы психологиялық байланыстар арқылы ғана жанымыздағы әлеуметтік процестерге әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге бұл бөлік осы соңғылардан тыс тұрады деген формальды деректің дәл өзі, осы тектес әсердің түрін анықтайды”.

Ақырында, үшінші долбар жеке адам мен қоғам арасындағы “принципті үйлесімділік” жорамалына келіп саяды, өйткені әрбір жеке адам дәл сол қоғамның (топ, әлеуметтік шеңбер) ішіндегі позиция болып табылады және сол себепті ол үшін қажетті қандай да бір позицияны ұстанып отырады. Керісінше, егер ол “өзінің әлеуметтік тіршілігінің бұл долбарының іске асуын көрмесе, яғни өзінің жеке-дара болмысын оны қоршап тұратын шеңберлердің толассыз арақатынасын, сондай-ақ тұлғаның ішкі өмірі арқылы анықталатын өзінің жеке-дара ерекшелігінің өмір сүруі үшін ықпалдасу қажеттілігін іске асырмаса”, онда бұл оның қоғамдастырыл-мағандығын білдіреді, ал қоғам, оның түсінігінде айтылғандай, бірыңғай, үзілмейтін іс-әрекет емес.

Сонымен, өзара түсінісусіз, жеке адамдардың бірқатар принципті өзара типтенуінсіз, өзара іс-әрекетке әлеуметтік күштердің қуыршақтары емес, біртұтас тұлғалар түсетіндігіне көз жеткізбейінше және өлшемі қоғамдастыру көрсеткіші болып табылатын адам мен қоғамның принципті үндестігінсіз әлеуметтілік мүмкін емес.

Осыдан келіп әлеуметтанушы мұның бір мезгілде оның танымына қажетті шарт та, әлеуметтіліктің нағыз мүмкіншілігінің шарты да екендігін ұғынуы тиіс деген қорытынды шығады.

Әлеуметтік өмірді қарастыру Зиммель үшін пайымдаудың жинақтаушы белсенділігі болып табылады. Әлеуметтану тарих сияқты ғылым бола тұрса да, жаратылыстану мұратынан алыс. Кейде ол саналы түрде Зиммель арқылы көркем шығармашылықпен жақындастырылып және, онда қалай дегенмен де, көбінесе айқын көрінетін экстремизм нышандары байқалады. “Эстетикалық талқылау мен бейнелеудің мәні біз үшін дербес жағдайда - тип, кездейсоқ жағдайда - заң, сыртқы және өткінші жағдайда - заттардың мәні мен маңызы болып табылады”.

Дәл осы эстетикалық бағытқа, нысандардың әр алуандығының орнына біртұтас нысандарды қамтитын нысанды - қоғамды қоюға Зиммель қарсы болды. Бәрін қамтитын нысан ретіндегі қоғам ұғымынан Зиммельдің бас тартуы қазіргі таңда әр түрлі тұрғыдан түсіндіріледі. Мұндай әлеуметтану зерттеуі көбінесе бірліктің жоқтығы үшін сыналып отырды. Өзгелері бұл жерден жазғыратын сылтау емес, біршама принципті дәлелдерді көрді.

Бірақ әлеуметтіліктің үзінді түріндегі сипаты мен оны Зиммельдің талдауын қай жағынан алып қарастырсақ та: мейлі теориялық тұрғыдан түсіндіру мақсаты арқылы немесе дәуір ерекшеліктері арқылы болсын, қалай дегенмен де, Зиммельдің жиынтықтың әлеуметтану тұжырымдамасы еш жерде біртұтас мәтін ретінде көрініс таппаған. Оның реконструкциясы әр түрлі жолмен жасалуда. Кең таралған әдістердің бірі, Зиммельдің өзінің көптеген мәтіндерінде көрсетілгендей, әлеуметтік нысандардың тізімделуі болып табылады.

Нысандардың көп болуының өзі қандай да бір тұтастықтың, кем дегенде көптікті реттейтін принципті немесе принциптерді талап етеді, ал нысандардың нысаны туралы сөз қозғауға болмайтындықтан, тек оның әлеуметтанушылық пайымдауындағы ұйымдастырушы сәттерді ғана анықтау қалады. Оларды біз Зиммельдің көптеген еңбектерінен байқай аламыз және дәл осылар оған бұл нысандарды бекітуге мүмкіндік берді. Д.Левин Зиммельдің осындай төрт принципін бөліп көрсетті: нысан принципі, аралық принципі, қашықтық принципі және дуализм принципі.

Б.Недельманн Зиммельдің әлеуметтанушылық пайымдауының бес құрылымдық принципін бөліп көрсетеді. Біріншіден, проблемаларды жинақтауға жиі қолданылатын қарама-қарсы қою принципі. Соның арқасында Зиммель күрделі феномендердегі әлеуметтану үшін маңызы бар аспектілерді оқшаулауға қол жеткізді. Басқа жағынан алғанда, әлеуметтанушылық талдау үшін әлеуметтану сипаты белгісіз феномендер ашылады. Екіншіден, сан принципі: бұл өзара әрекетке қатысушылар саны және мөлшердің өзара іс-әрекет түріне тигізетін әсері. Үшіншіден, бұл кеңістік принципі: кеңістіктік шектеу мен қоғамдастырудың шектеулілігі. Төртіншіден, дуализм принципі: қоғамдастыруда қарама-қарсы үрдістер кездеседі - келісім мен үйлесімділікті бәсекелестік пен қашықтық арқылы толықтыр-майынша, нағыз қоғам болмайды. Бесіншіден, бұл серпінді талдау принципі: Недельманның жазуы бойынша, нысандарды талдау Зиммель үшін оны ең қызықтырған мәселені зерттеудегі, яғни осы нысандар шеңберінде әлеуметтік процестер қалай жүретіндігін зерттеудегі алғашқы еңбек болды.

Сонымен екі немесе одан да көп жеке адамдар өзара іс-әрекетке түскенде ғана қоғамдастыруға мүмкіншілік ашылады. Шындығында, шектеулі жағдай - бұл бір адам, өйткені өзара іс-әрекет бір қарағанда тек біржақты болып көрінетін жерде де бар. Адамның қандай да бір әлеуметтік өзара іс-әрекеттен тыс қалғандығы – бұл қоғамдастырудың теріс сипаты, ол тіпті қарапайым деңгейде де кездеседі. Дербес жеке адам, бір жағынан алғанда, өзіндік сапа анықтамасы, белгілі бір өзіндік мән болып табылады. Екінші жағынан алғанда, мейлі ол жалғыздық, жауапкершілік немесе еркіндік болсын, ең кең мағынада бір мезгілде әлеуметтік анықтама болып табылмайтын, яғни екі немесе бірнеше адамның өзара әрекетіне емес, қоғамдастырудың кең контекстіне тәуелді болатын оның дербестілігінің бірде-бір сыртқы анықтамасы жоқ.

Өз тарапынан екеудің өзара іс-әрекеті қоғамдастырудың ерекше жағдайы болып табылады, өйткені ол екі қатысушының таза дарашылдығына тәуелді болады, ал өзара іс-әрекет олардың қысқа мерзімділігін сезінумен қоса жүреді. Қатынастар тұтас жеке адамнан тәуелсіз жеке адамға дейін жетпейді, ол ерекше жақындықтың базисі қызметін атқарады. Алайда екілік - тек алғашқы синтез және алғашқы бірлестік қана емес. Ол сонымен қатар бірінші келісім және антитеза.

Өзара іс-әрекетке түсуші үшінші келісім татулықты, өтуді және жанамалылықты енгізеді. Бірде-бір жаққа жатпайтыны үшінші болады, ол сонымен бірге делдал немесе “tertіus gaudens” (“үшінші қуанушы”), яғни өзге екі қатысушының теке-тіресінен пайда табушы болуы мүмкін; үшінші бұл екеуінің арасындағы өшпенділікті өзі жасай алады - бұл “dіvіde et іmpera” жағдайы (“бөліп ал да, билей бер”).

Дегенмен, өзара іс-әрекет сипаты үшін қатысушылар санының маңызы бірлік, екілік, үштікпен шектелмейді. Тиімді басқару үшін топты бірдей көрінетін шағын топтарға, мысалы бестікке, ондыққа, жүздікке бөлген пайдалы. Сонымен, біз өзара әрекеттесушілердің мөлшері қоғамдастырудың сипатын анықтайтын бірнеше сандық деңгейді көріп отырмыз. Жалғыздық пен оқшаулық үлкен әлеуметтік контекст болып табылады, екеудің жалпылануы - жақындықтың, әлеуметтілікте жеке адам құбылысы мен ыдырау ықтималдығының бірегей жағдайы. Үштен әрі қарай толық мағынадағы қоғамдастыру басталады, оған қоса оның ұйымында сан эстетикасы маңызды рөл атқарады. Топтың үлкеюі - жеке-дара кеңістік пен еркіндіктің үлкеюі.

Қатысушылар саны - қоғамдастырудың бірінші формальды белгісі. Одан әрі қатысушылар бір-біріне қалай қарайтындығын байқау қажет. Бірліктің ең жоғарғы деңгейі - бірін-бірі жақсы көретін екі адамның жақындығы. Бұл жерде өзара іс-әрекеттегі екі жеке-дарашылдық мейлінше жақсы көрсетілген, ал үшінші анықтама бойынша алынып тасталған. Оның үстіне, әрине, “Ақша философиясында” арнайы дамытылған Зиммельдің әрбір өзара іс-әрекет айырбас ретінде ұғынылуы мүмкін деген идеясын атап өту қажет: мейлі ол әңгіме, махаббат немесе ойын болсын, бәрібір. Өзара іс-әрекет - айырбасқа қарағанда неғұрлым кең. Ұғым, алайда көп жағдайда айырбас нысанының дәл өзінде адамдардан көрінеді. Айырбас дегеніміз “suі generіs”-тің әлеуметтанушылық құрылымы, жеке адамаралық өмірдің бастапқы нысаны мен функциясы”.

Үстемдік пен бағыну жайы мүлдем басқаша. Ең алдымен өз еркін іске асыруға бағытталған үстемдік, әрқашан да өзгенің мүдделілік кейпін білдіреді, бұл жай ғана біреудің өзгеге тигізетін әсері емес, ол өзара іс-әрекет. Оның үстіне бұл жерде де сандық айқындық керек болады. Бір адам немесе топ, сондай-ақ қандай да бір әлеуметтік немесе жетілген, объективті күш басшылық ете алады. Сонымен бірге кіші топқа қарағанда, үлкен топқа үстемдік ету әрқашан да жеңілірек: біріншісінде дарашылдықтың айырмашылығы өте қатты әсер етеді, екіншісінде ол басқарылатын бұқараға айнала отырып теңгеріледі. Үстемдік құбылысында тұлғаның қасиеттері де, әлеуметтік жағдайлар да көрініс табады.

Кез келген әлеуметтік өзара іс-әрекет қандай да бір кеңістікте оқшауланған. Бұл қоғамдастыру сипатына әсер ететін және “кеңістік әлеуметтануының” зерттеу пәні болып табылатын тағы да бір маңызды сәт. Зиммель кеңістікті, ең алдымен канттық бағыттағы философ ретінде қарастырды. Оның айтуы бойынша, кеңістік, уақыт секілді әлемдегі оқиғалардың жүзеге асырылу “нысаны” болып табылады. Көбінесе осындай үстірт жағдайларға, мысалы, адамдарға “уақыт табының” әсері туралы айтылғандағыдай, кейбір себепті әрекеттер жатқызылады. Кеңістік мәселесі де дәл осыған келіп саяды. Зиммель мұның қате екендігін көрсетті. Кеңістіктің өзі әрекет етуші фактор емес. Оның айтуы бойынша, әрине патшалықтар, империялар (Reіche) қалағанынша үлкен бола алмайды, ал адамдардың бір-біріне деген кез келген ықыласы міндетті түрде кеңістіктік нысанға ие болады. Алайда бұл нысанды толықтыратын мазмұн кеңістікке емес, мүлдем өзге мазмұндарға байланысты болады.

Зиммель кеңістікте шекара жүргізудің принципті маңыздылығын көрсетті. Кейбір қоғамдық топ алып жатқан кеңістікті біз тұтастық ретінде қабылдаймыз, оған қоса топтың тұтастығы кеңістік тұтастығының қаншалықты негіздемесі болса, кеңістік бірлігі топ бірлігін соншалықты білдіреді. Табиғатта кез келген шекара жүргізу шартты болып табылады, дәл сол себепті саяси шекараның маңызы осындай. “Шекара - әлеуметтанушылық әсері бар кеңістіктік нәрсе емес, сондай-ақ кеңістік күйінде қалыптасатын әлеуметтанушылық нәрсе де емес”. Зиммель белгілі бір аумақта тіркелген топтар мен орын ауыстырып отыратын қауымдастықтардың кеңістіктікте орнығудағы айырмашылықтарын да қарастырды. Ол адамдардың арақатына-сындағы кеңістіктік қашықтықтың маңызын зерттеді.

Жағымсыз әлеуметтік байланыстар мен кеңістік туралы пайымдаулар Зиммельге тән тұжырымдауға көшуге мүмкіндік береді. Одан біз қоғамдастырудың үлкен контекстінен “алшақтатылғандықты”, шеттетілгендікті көре аламыз.

Мысалы, өзара іс-әрекеттегі жеке адамдар арасындағы қатынастар тек эмоционалды ғана емес, сонымен бірге бірін-бірі білу қатынасы екендігіне сүйенетін болсақ, онда бұған сәйкес жағымсыз арасалмақ қатынасы – ақпаратты жасыру, білмеу қатынасы болады. Ақпарат емес, мүшелікке қол жеткізу жолы жабылып қалуы мүмкін, бұл дегеніміз “әлеуметтік шектеу” деп аталады, ал оған бөлек шағын зерттеу арналған.

Қоғамның өз ішінде жеке адамды қоғамға қоса отырып, одан тыс қоятын бір мәртебе болуы мүмкін. Мысалы, қайыршылардың жайы осындай: әдетте қоғам қайыршыларға қол ұшын беріп, көмектесіп отыруы тиіс. Сол арқылы қайыршы қалған қоғамның барлығына қарама-қарсы қойылады, бірақ та оның мүшесі болып қала береді. Бұл жағынан келгенде Зиммель қайыршыны бөтенмен теңестіреді. Бірақ та қайыршыны қоғамның өзі жаратқан ғой.

Ал бөтен болса - ол сырттан келетін кезбе. Топ өзін белгілі бір кеңістікпен, ал кеңістік “негізді” өзімен теңестіретіндіктен, ол, демек, кеңістіктегі бөтен болып табылады. Бірақ та осылай бола отырып, ол бөтен болып қала береді. Топ пен бөтен әр текті, бірақ та жалпы алғанда бір ауқымды кең бірлікті құрайды, сондықтан қатынастың екі жағын да назарға алу қажет болады. Тарихта бөтен адам саудагер ретінде, ал саудагер - бөтен адам ретінде көрініп келді. Бөтенге объективтілік тән, өйткені ол топ ішіндегі мүдделерде шаруасы жоқ. Бірақ та ол сонымен бірге еркін, яғни күдікті. Көп жағдайда ол топпен бірге оның симпатиясы мен антипатиясын бөлісуге шамасы жетпейді және сол себепті қалыптасқан тәртіпті бұзуға қабілетті болып көрінеді де, үстемдік етуші салт-дәстүрлерге қарсы тұрушылар жағына қарай шығып кете алады. Көптеген зерттеушілер “бөтен” ұғымы Зиммельдің бүкіл тұжырымдамасы үшін басты нәрсе болып табылады деп есептейді, өйткені әлеуметтанушы әлеуметтік өмірге сырттай, объективті қарайтын дәл “интеллектуал - бөтеннің” өзі.

Бөтен дәстүр ой-өрісін сана мен объективтілікті - сезімге, қарқын мен серпінді - кристалдық сипатталған нысандарға қарсы қояды. Ол осы заманды қазіргі заман ететін “модерннің” дәл өзін бейнелейді.

Зиммель барлық әлеуметтанушы-классиктер сияқты модерн мәселесінеерекше назар аударды. Модерннің нақты белгілерінің арасынан Зиммель ең алдымен ақша шаруашылығының орнығуын атады. Ол үшін бұл тек экономикалық феномен ғана емес. Ақша – өзіндік мақсатқа айналған құрал. Ол әлеуметтік өмірдің бүкіл сипатын өзгертті. Егер де бұрын қажеттілік пен оны қанағаттандыру арасында шағын ғана аралық болса, ал қазір ақша жүйесі жанамалылықтың тұтас тізбегін, ұзын теологиялық қатар жасады. Натуралды шаруашылық таңдау үшін аз кеңістік қалдырды. Ақша таңдауға жол ашады: біріншіні, екіншіні, үшіншіні, т.б. сатып алуға болады. Таңдау ойша бағалауға, өлшеуге, есептеуге мәжбүр етеді. Сезімнен басым түсетін пайымның рөлі арта түседі. Тұлғаның айқындығы жойылады: айқын мінез-құлықтың орнын тым икемді ақыл-ой басады. Қазіргі заман адамының ерекшелігі мінезсіздік болып шыға келеді.

Қазіргі дәуір - ірі қалалардың, ақыл-ой өрісінің, өсіп келе жатқан әлеуметтік сараланудың және соның салдары ретіндегі дарашыл-дықтың заманы. Өйткені адам шағын топтардың тығыз әлеуметтік байланыстарына кірмегенімен, олардың қиылысында тұрып, көптеген әлеуметтік топтардың мүшесі болып табылады. Бұл адамның өзінен көп бұрын жасалған мәдени “мазмұнның қыруар мөлшеріне” тап болатын кезі. Бұл “мазмұндар” ерекше “ғарыштарда” тұйықталған: шаруашылық, ғылым, өнер және т.б. ғарыштары, оның үстіне олардағы өзгерістер өздерінің жеке заңдары бойынша және адам бақылай алмайтын қарқынмен жүреді. Жаңа заман адамы көптеген әлеуметтік топтардың мүшесі болып қана қоймайды, оны сонымен бірге құндылықтық міндеттемелер қақтығысы жағадан алады.

Зиммель әлеуметтануының өзіндік белгілері оның тағдырын анықтады. Оның идеялары ешқашан да өзінің құндылығын жоғалтқан емес, алайда олардың зор маңыздылығы барлық уақытта бірдей мойындалмады. Кейде идеялар автордың беделіне қатыссыз өмір сүрген жағдайлар да болып отырды. Әдетте, сәтті уақыттарда оған деген қызығушылық төмендеп отырды. Жақындап келе жатқан және тұтана бастаған дағдарыстар дәуірінде ол қайтадан өзекті болып отырды. ХХ ғасырдың соңында он жыл бойы Батыста “зиммельдік ренессанс” жалғасты. 1989 жылы Г. Зиммельдің шығармаларының толық жинағы, ал 1991 жылдан бастап - “Sіmmel - Newletter” журналы жарық көрді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 467 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2464 - | 2329 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.