Экономикалық күйзеліс және орыс әскерлерінің майдандардағы жеңілісі, елдегі жұмысшы және аграрлық қозғалыстың қарқын алуы, соның ішінде өздерінің жеңіліске ұшырағанына қарамай Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халықтарының 1916 ж. көтерілістері Ресейдің революциялық күйзеліс шегінде тұрғаның, оның демократиялық күштері, соның ішінде жұмысшы табы мен шаруалар царизмге қарсы шешуші шабуылға дайындалып жатқанын дәлелдеді.
1917 ж. ақпанда Ресейде халық жек көретін царизмді құлатқан буржуазиялық-демократиялық революция жеңіп шықты. Петроградтағы ақпан оқиғалары туралы хабар тез арада Қазақстанға да жетті. Царизмнің құлатылғанын құттықтаған жұмысшылардың және басқа еңбекшілердің көп адамдық митингтері мен демонстрациялары наурыз айының бас кезінде Қазақстанның барлық ірі қалалары мен темір жол станцияларында болып өтті.
Ақпан революциясынан кейінгі алғашқы уақыттары өлкенің еңбекші халқы уақытша үкіметке әлі де болса сеніп, ол халыққа бейбітшілік, шаруаларға – жер, ал жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күнін бере алар деп дәмеленді. Жұмысшылардың едәуір бөлігі Уақытша үкіметке үміт артты, олардың кейбіреулері Уақытша үкіметтің органдары – азаматтық және атқару комитеттеріндегі жұмыстарға тұрды. Теміржолшылар арасында қорғаныстық көңіл күй күшті болды, олардың кейбіреулері «ондағы жеңісті, мұндағы – бостандықты» жақтады. Алайда наурыз демонстрациялары мен митингілері өлкенің қалалары мен темір жол тораптарында жұмысшы депутаттары Кеңестерінің құрыла бастауына себепші болды. Мысалы, Орынборда, Ташкетте және Омскіде 1-3 ақпанда Кеңестерге сайлау жүргізіліп, олардың алғашқы мәжілістері өтті. 1917 ж. ақпанында жұмысшы депутаттарының Кеңестері Перовскіде, Қазалыда, Шалқарда, Ақтөбеде, Оралда, Петропавлда және темір жол бойында орналасқан басқа да қалаларда пайда болды. Теміржолшылар міндетті түрде кеңестер құру бастамашыларының бірі болып, олардағы революцияшыл элементтер саналды. Мысалы, Ақтөбенің жұмысшы депутаттары кеңесі жұмысшы депутаттар кеңесі құрылғандығы туралы хабарлай отырып, теміржолшылар нағыз «саналылар» ретінде Кеңестінің «қажетті құрамдық элементін құра алады» деп атап көрсеткен.
Жұмысшы депутаттары кеңестерінің көбі көп кешікпей Солдат депутаттарының кеңестерімен бірікті. Петропавлда, Семейде, Перовскіде және басқа қалаларда осылай болды. Қазалы станциясында әуел бастан-ақ бірлескен кеңес – Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі құрылды.
Ақпан революциясының басты өзгешілігі сол, елде екі өкіметтілік – буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жүмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері пайда болды. Орталықта және жергілікті жерлерде буржуазияның саяси өкімет органдарын құру үшін Мемлекеттік Дума, қалалық думалар және басқа комитеттер нақты негіз қалады. Уақытша үкімет әскери губернаторларды, генерал-губернатоларды және отарлық әкімшіліктің шенеуніктерін билік жүргізуден алып тастады. Олардың орнын облыстық комиссарлар, азаматтық атқару комитеті, коалициялық комитет және басқалар басты. Болыстарда, ауылдарда және селоларда сол бұрынғы болыс пен ауыл басқарушылары, селолық старосталар мен станицалық атамандар билік жүргізіп қалды.
Уақытша үкімет облыстардың басында бұрынғы патшаның отарлаушы-шенеуніктерін, сондай-ақ қазақтың ұлттық интеллигенциясының өкілдерін қойды. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, ал М.Тынышпаев – Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалды.
Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары 1917 ж. наурыз-сәуір айларында құрылды. Семейде қалалық думаның, офицерлердің өкілдерінен, биржалық комитет пен кооперативтердің кулактық одағы мүшелерінен қоғамдық ұйымдар мен армияның Семей атқару комитеті, Петропавлда, Өскеменде қоғамдық қауіпсіздіктің т.б. бірлескен атқару комитеті жұмыс істей бастады.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Облыстар мен уездерде Уақытша үкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлері казак станцияларының қанаушы басшы топтары өкіметінің органдары – казактық комитеттер құрылды. Татар, өзбек және ұйғыр саудагерлері мұсылмандық, татарлық және басқа комитеттерге бірікті. Айталық, 1917 ж. 7 наурызда Верныйда жалпымұсылмандық комитет – З.Тазетдинов басқарған Құрылтай пайда болды.
Осы кезенде Омск. Орынбор, Ташкент, Семей т.б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы уеқыттары мәдени-ағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелерін, ұйымдарын құрды. 1915-1917 жж. Орынборда «Еркін дала», Омскіде «Бірлік», Оралда «Жас қазақ», Троицкіде «Үміт» деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар құрылып, халық арасына листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ өлендер таратты, ойын-сауық кештерін, айтыс-талқылаулар т.б. ұйымдастырыды. Олардың белгілі бір бағдармалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда олар қазақ халқын царизмнің ұлттық-отарлық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халқының білім алып, ағартылуын талап етті, еңбекшілер санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды.
Осы топтар мен үйірмелер арасынан неғұрлым негізді де батыл революциялық бағадрламамен әрекет жасағаны Әулиеата уезінде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» болды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатарлы жастаары енді.
Қазақ жастарының одағы өзінің бағдарламасында Уақытша үкімет кезіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін талдай келіп: «Ақпан революциясы...... билікті сол баяғы патша шенеуніктері мен жергілікті орыс кулактарының қолына берді. Уақытша үкіметтің осындай элементтерден тұратын жергілікті комитеті қазақ жұртына тең құқықты көзқарас орнату орнына қазақ халқын езу мен жоюды өз міндеті етіп қойды» - деп атап көрсетті. Революцияшыл одақ өзінің негізгі міндеті Уақытша үкіметке, жергілікті жерлердегі кулактардың озбырлығына, Уақытша үкіметтін жақтастары – болыстарға, ағамандарға, байларға қарсы күресте және қазақ халқыбұқарасы арасында үгітпен ағарту жұмыстарын күшейтуде жатырдеп түсінді.
1917 ж. наурызы жергілікті социал-демократтардың астыртын жұмыс жүргізуден құтылып: теміржолшылар, қала жұмысшылары мен еңбекшілердің басқа топтары арасында ашық түрдегі жұмыстарын кеңінен өрістеткен айы болды. Жергілікті социал-демократтардың мұндай жұмыстарына Ташкенттің, Орынбордың және Омскінің большевиктері басшылық жасады. Бұл әкімшілік орталықтарынлағы социал-демократиялық ұйымдардың өзегін бұрынғысынша теміржолшылар, бірінші кезекте депо жұмысшылары мен мастеровойлары құрады. РСДЖП-ның Перовскідегі, Қазалыдағы, Ақтөбедегі, Оралдағы, Петропавлдағы, Семейдегі, Шымкенттегі тағы басқа қалалардағы және Қазақстанның теміржол станцияларындағы ұйымдары біріктірілген ұйымдар болды: оларда большевиктер де бір есепте тұрды.
Қазалы станциясындағы большевиктер тобын ұйымдастырушылар депоның байырғы жұмысшылары Р.П.Новицкий, В.И.Чекурнов ж.б. болды. Бұл топ жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінде күшті ықпал жасай алғандығымен көрінді.
РСДЖП-ның Перовск біріккен ұйымында да 1906 ж.-дан РСДЖП мүшесі, депо слесары А.В.Червяков басқарған күшті большевиктік топ қалыптасты. Оның өзегін Перовск станциясы депосының жұмысшылары (В.В.Агапов, Н.В.Витовский, С.П.Килячков, Я.С.Крышев ж.б.) құрады.
РСДЖП-ның Орынбор бірікен ұйымында большевиктердің неғұрлым ірі тобы жасады. Бұл топтың құрамына негізінен Орынбор станциясы теміржол шеберханалары мен депосының жұмысшылары енді. Оны теміржолшылар А.А.Коростелев, П.А.Кобозев және Д.П.Саликов басқарды.
РСДЖП-ның Ташкент біріккен ұйымындағы жұмысшы Н.В.Шумилов басқарған большевиктер тобы да сондайлық ірі болды. Тек наурыз айының басында ғана бұл ұйымға 2000-дай адам кірді. Ташкент ұйымы большевиктерінің едәуір бөлігін Ортаазиялық темір жолдың Бас теміржол шеберханаларының және Ташкент темір жолының Бородинск шеберханаларының жұмысшылары (Ф.И.Колесов, Д.И.Манжара, А.Я.Першин, ағайынды Казаковтар, В.С.Ляпин, И.В.Серов ж.б.) құрады.
РСДЖП-ның омск біріккен ұйымының қатарында 1917 сәуір айы ортасына таман-ақ 1000-дай мүше болды. Бұл ұйым өзінің «Рабочий» деп аталатын апталық газетін шығарып тұрды.
1917 ж. Сәуірде РСДЖП-ның Орал біріккен ұйымында да паровоз машинисі Н.А.Покатилов басқарған большевиктік топ құрылды. Оның Рязань – Орал темір жолының Покровск – Орал учаскесі теміржолшыларына үлкен ықпалы болды.
Табанды әрі, шыдамды қызметтерімен большевиктер Қазақстан еңбекшілері бұқарасын өз жағына тарта түсті. Көптеген қалаларда, темір жол станцияларында, әсіресе Орынборда, Перовскіде, Петропавлда, Оралда, Ақтөбеде, Түркістанда т.б. жерлерде осылай болды. Орынбордағы П.А.Кобозев пен А.А.Коростелев, Ақтөбедегі, Ф.В.Зинченко, Оралдағы Н.А.Покатилов, Петропавлдағы И.Дубинин, Перовскідегі А.В.Червяков, Қазалыдағы Р.П.Новицкий және Қазақстанның темір жол жерлеріне жақын жатқан қалаларындағы тағы басқа көптеген большевиктік топтардың сенімді жетекшілері теміржол жұмысшылары мен өлке қызметкерлері арасынан шыққандығын айту керек.
Ақпан революциясы жеңгеннен кейін Қазақстан жұмысшы қозғалысының елеулі табысы сол – кәсіпшілер одақтарының кең тармақтары құрылды. Олардың қалыптасуында Орынбор – Ташкент темір жол торабы теміржолшыларының Құрылтай съезі және Омск темір жолы жұмысшылары мен қызметшілерінің 1-ші съезі үлкен рөл атқарды. Бұлардың соңғысы Омск қаласында 1917 ж. 28 сәуір мен 7 мамыр аралығында өтті: оған шешуші дауыс құқымен 174 делегат қатысты. Съезд бірқатар саяси және экономикалық мәселелерді: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас туралы, 8 сағаттық жұмыс күні туралы, жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық туралы, контрреволюциямен күрес туралы, Құрылтай жиналысына қатыстылық туралы, пенсиямен қамтамасыз ету туралы және басқа мәселелерді талқылады. Бірқатар мәселелер бойынша большевиктердің қарарлары қабылданды.
Ақпан революциясынан кейінгі алғашқы күндері-ақ патша өкіметінің жергілікті органдарын жою оған неғұрлым жан-тәнімен қызмет еткендерді жазалау жөніндегі шаралар қолға алынды. Оралда облыстың вице-губернаторы Мордвинов, жандармерия бастығы Балобанов және басқалар, Омскіде – Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Сухомлинов, Петропавлда – земстволық және уездік бастықтар, жандармерияның жоғары шендегілері, жергілікті гарнизонның кейбір офицерлері т.б., Орынборда – Торғай губернаторы М.М.Эверсман ж.б. қызметтерінен алынып, тұтқындалды.
1917 ж. сәуірде дәл осындай оқиғалар Орынбор – Ташкент теміржол тарабында да өріс алды. Мұнда теміржолшылардың талап етуімен, жол бастығы, жол қатынасы қызметінің бастығы және әкімшіліктің басқа да өкілдері қызмет орындарынан түсірілді. Теміржолдық уақытша ұйымдастыру комитеті құрылды. 8-сәуірде осы комитет жол торабының уақытша комиссары етіп большевик П.А.Кобзеаті сайлады.Ол сол күннен бастап жол бастығының міндеттерін орындауға кірісті.
Осы торап теміржолшылары кәсіподағының 1917 ж. сәуірдің аяғында Орынборда өткен Құрылтай съезі көпшілік дауыспен жолдың уақытша комиссары П.А.Кобзевті оның тұрақты бастығы етіп сайлауды жақтап шықты, сөйтіп 28 сәуірде бұл туралы жұмысшы және солдат депутаттары Петроград Кеңесі мен жол қатынасы министірілігіне, сондай-ақ Ташкент пен Орынбор Кеңестіріне және теміржлшылардың жергілікті комитеттеріне телеграф арқылы хабарлады.
1917 ж. бүкіл сәуір айы мен мамырдың ортасына дейін Ташкент темір жолына басшылық жасау іс жүзінде теміржолдық Уақытша комитеттің және олар сайлаған жол бастығы П.А.Кобзевтің қолында болды.
П.А.Кобзевті жол бастығы етіп сайлау және теміржолдық Уақытша комитеттің қызметі жолға жұмысшы бақылауын енгізудің әрекеті болды және большевиктердің басшылығымен теміржолшыларды топтастыруда үлкен рөл атқарды.
Осы кезеңдегі жұмысшылардың негізгі ұрандарының бірі 8 сағаттық жұмыс күнін талап ету болатын. Жұмысшылар өздерінің бұл талаптарын Орынбор – Ташкент және Омск теміржолының бүкіл өн бойында нақты іске айналдыра алды. Риддер темір жолында әкімшіліктің 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуден және жалақыны арттырудан бас тартуы себепті жұмысшылар әкімшілікті басшылықтан алып тастады, сөйтіп бірнеше күндер бойы жолды өздері басқарды.
Жұмысшылар Уақытша үкімет саясатының контрреволюциялық мәнін барған сайын айқын түсіне бастады. 1917 ж. 30 сәуірінде-ақ Ташкент теміржолшылары өздерінің жаопы жиналысында Петроград жұмысшыларының ақпан демонстрациясын қолдап-құттықтай отырып, Уақытша үкіметтің Түркістандық комитетінің төрағасы Н.Н.Щепкинге сенімсіздік білдірді және одан милицияны түбірінен қайта құруды, оның құрамынан бұрынғы полицейлерді шығарып тастауды талап етті. Осы және басқа талаптардың қысымымен жұмысшы және солдат депутаттары Түркістан өлкелік Кеңесі Түркістан комитетіне сенімсіздік көрсетіп, оның төрағасын қызметінен босату жөнінде Уақытша үкіметке өтінішпен шығуға мәжбүр болды.
Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, қазақтардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеп, жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, оларды империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Уақытша үкімет Қазақстанда самодержавиенің бұрынғы саясатын жалғастырды. Ол Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 ж. көтерлісті басып-жаншыған жазалаушы отрядтарға қатысушыларды ақтау жөнінде қаулы қабылдады, жергілікті жерлерде бұрынғы уез бен болыс бастықтары, губернаторлар енді қайтадан комиссарлар, азаматтық комитеттердің төрағалары бола бастады. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен казак әскерінің сословиелік артықшылықтары ешкім қол сұға алмайтын күйінде сақталды, қазақ халқының тандаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін жалғастырып жатты.
1916 ж. көтеріліске қатысушыларды патша үкіметі қан төктіре жазалғаннан кейін орала бастаған қазақ пен қырғыз жанұяларына Уақытша үкімет тек 100 сомнан жәрдем берді. Жергілікті шовинист-кулактар жағдайды пайдаланып, осындағы түпкі халықты тонаумен шұғылданды, зорлық-зомбылық жасап, олардың жерлерін тартып алып отырды. Уақытша үкіметтің Жетісудағы комиссары Шкапский «ешқандай татуластыру жөнінде сөз болуға тиісті емес, сондықтан қырғыздар (қазақтар) көшіріліп жіберілуі керек» - деп мәлімдеді.
Көптеген жерлерде жазалаушы отрядтар сол бойы сақталып қалды, сөйтіп 1917 ж. ақпан революциясынан кейін де олар бұрынғы тәсілдерімен әрекет жасауларын жиі жалғастырып тұрды.
Уақытша үкімет жер реформасын жүргізіндіктері жөнінде соғыстағы жеңістен кейін өткізілуге тиісті Құрылтай жиналысында хабарлайтын болып шешті. Ұлт мәселесінде Уақытша үкімет «Дін тұтудағы және ұлттық шектеулерді жою туралы» декрет жариялады, алайда ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқы, шағын халықтар мен ұлт азшылығының тағдырлары туралы және басқа мәселелер ескерілмей, сол күйі қалды.
1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы нәтижесінде царизмнің құлатылуы Реседің саяси күштерінің орналасуын түбірінен өзгертті. Жеңген революциның негізгі қозғаушы күшін құраған көтерлісші жұмысшылар, солдаттар, шаруалар самодержавиелік негіздерді жоюмен ғана қалған жоқ, ал сонымен бірге өздерінің өкімет органдарын – Кеңестерді құрды. Алайда буржуазия мен буржуазияланған помещиктер революцияның жеңісін пайдаланып, өздерінің мүдделерін білдіретін партиялардың саяси тәжірибесіне сүйеніп (бірінші кезекте кадеттер партиясына), уақытша үкіметті құрып, билікті өз қолдарына алды.Уақытша үкімет жер-жерде, соның ішінде ұлттық шет аймақтарда да өзінің органдарын құрды.
Қазақстанда үстемдігін сақтап қалу үшін және жекелеген мемлекеттік әрі үкіметтік мекемелерге «демократиялық түр» беру үшін Уақытша үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және ұлттық саясатын жөнді өзгертпестен, олардың аталуын ғана өзгертумен тынды.
Уақытша үкімет облыстар мен уездердің басшылығына кадеттер мен эсерлер партияларына жататын бұрынғы патша шенеуніктері арасынан, сондай-ақ ұлтыық-либералдық қазақ зиялыларының жекелеген өкілдерінен (Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, А.Бірімжанов ж.б.) комиссарлар қойды.
Уақытша үкіметтің мүшелерімен және кадеттер партиясының басты қайраткерлерімен жеке өзінің байланыстары бар, Ақпан революциясы жеңген сәтте Минскіде жүрген ұлттық интеллигенциясының жетекшісі Ә.Бөкейханов «Жаңарған Ресейдің азат азаматтары – қазақтарға» деген үндеу арнады. Онда атап айтқанда былай делінді: «...Қазақтарға жаңа құрылысты және жаңа үкіметті қолдау үшін ұйымдасу қажет. Жаңа құрылысты қолдаған барлық ұлттармен жалғасып жұмыс істеу керек, біздің ұранымыз – бірлесу және әділеттік. Жер мәселесін тез талқылаңыздар. Біздің ұранымыз – «демократиялық республика» және мал шаруашылығынан әрі егіншілікпен кім табыс алып жатса, жер соныкі». 25-28 наурызда делегат ретінде ол кадеттер партиясының ХІІ съезінің жұмысына қатысты. Аграрлық мәселе талқыланған кезде сөз алып Ә.Бөкейханов қазақтардан заңсыз тартып алынған жерлер олардың өздеріне қайтарылуын талап етті.
«Қазақтарға ұйымдасу қажет» - деген тезис көп кешікпей 1917 ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның саяси көкжиегінде уақытша үкімет органдарымен және жергілікті Кеңестерімен бірдей үшінші күш ретіндегі облыстық және уездік қазақ комитеттерінің құрылуынан өз көрінісін тапты. Ал кейіндері ол Ресей Демократиялық Республикасы құрамында Қазақ ұлттық автономиясын құру идеясына айналды. «Қазақтардан заңсыз тартып алынған (царизмнің) жерлер дереу олардың өздеріне қайтарылуы тиіс» - деген тезис барлық ежелгі қазақ жерлерін бірыңғай қазақ мемлекеттілігінің құрамында жанастыру идеясына алып келді.
Ақпан кезеңінен кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары қоғамдық-саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынща Уақытша үкімет жағына шығып кетті. Осыған байланысты оларда Уақытша үкіметке оппозициялы орган ретіндегі Кеңестерге деген теріс көзқарас пайда болды.
Сол тұстары билікке талпынған әр түрлі күштердің бірігіп нғаюы мен топтасу кең құлаш жайған қоғамдық-саяси жағжайдың жалпы сүлбесі, міне, осындай болды.
Революция Қазақстан халқының барлық топтарын қозғалысқа алып келді. Өлке еңбекшілері Петроград Кеңесіне жолдаған көптеген телеграммалары мен митингі және жиналыстарының қарарларында халыққа жеккөрінішті патша тәртібін құлатқан Питер жұмысшылары мен солдаттарына деген ризашылық сезімдерін білдіріп жатты.
Революцияның алғашқы күндерінде-ақ құрылған Петроград, Москва және басқалардың Кеңестері Уақытша үкімет билігін толық құлатып, оны өз қолдарына шоғырландырулары үшін айтарлықтай күшті болды. Бірақ олардың басшылары Уақытша үкіметпен ымыраласуға бейім тұрды. Сондықтан нақты билік ақыр соңында осы Уақытша үкімет қолына өтіп кетті.
Қос үкіметтің өзінің пайда болу фактісі Ақпан революциясының ішкі қарама-қайшылықтарың, елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздығын және бүкіл биліктің не империалистік буржуазия мен оның одақтастарының мүдделерін қорғайтын Уақытша үкіметке, немесе жұмысшылар мен еңбекші шаруалардың, яғни әлеуметтік және ұлттық езгіден жапа шеккен ел халқы көпшілігінің өкіметі болып табылатын Кеңестерге өтпей қалмайтындығын бейнеледі.
1917 ж. наурызда Қазақстанда барлық жерде Уақытша үкіметтің жергілікті органдары – кәсіп иелерінің, көпестердің, шенеуніктердің мүдделерін білдіретін обылстық және уездік атқару комитеттері құрылды.
Айталық, 1917 ж. 4 наурызда Петропавлдың буржуазиялық топтары эсерлер мен меньшевиктердің оң қанатының басшыларымен бірлесіп, құрамына Петропавл уезінің аса ірі көпестері Черемисков, Казанцев, Нагаткин енген қоғамдық қауіпсіздіктің коалициялық (біріккен) комитетін құрды. 1917 ж. 3 наурызда Көкшетауда көпестер мен шенеуніктердің жиналысы уақытша коалициялық комитет сайлап, уездік съез шақырылғанша оған өкіметтің уездік органы міндетін атқаруды жүктеді. 1917 ж. 5 наурызда Семейде қоғамдық ұйымдар мен армияның облыстық атқару комитеті пайда болды. Наурыздың алғашқы күндерінде Өскеменде де атқару комитеті құрылды.
Буржуазия мен шенеуніктердің өкілдері Қазақстанның басқа көптеген қалаларында да өкімет органдарын басқарды. Қазақ комитеттері деп аталатындар, Қазақстанның көптеген қалаларында ірі дүкендері мен басқа сауда кәсіпорындары бар әрі «мұсылмандық», «татарлық» ж.б. комитеттер мен құрылтайларға бірлескен татар, өзбек, ұйғыр көпестері Уақытша үкіметтің Қазақстан облыстары мен уездеріндегі сенімді сүйеніштері болды.
Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық мәндегі саяси партиялардың қолдауымен кулактарға, қазақтардың басшы топтарына және қазақ ауылдары байларының белгілі бір бөлігіне арқа сүйеп, еңбекшілерді тонауын жалғастыра берді, олардың мойына империалистік соғыстың ауыртпалықтарын артып қойды.
Елдегі, соның ішінде Қазақстандағы екінші өкімет жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттарының Кеңесі юолды.В.И.Лениннің айқындауы бойынша бұлар орталық мемлекеттің өкімет шығарған заңға емес, революциялық басып алуға, халық бұқарасының төменнен өрбіген тікелей бастамасына сүйенген жұмысшылар мен шаруалардың революциялық-демократиялық диктатурасы саналды.Өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына, оның халқының көп ұлттылығына әрі негізінен ұсақ буржуазиялығына, мұнда Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казактары әскерлерінің орналасуына байланысты Қазақстандағы қос өкіметтіктің ерекше өзгешеліктері болды.Өзінің пайда болуынан бастап Қазақстан Кеңестері, әсіресе, жұмысшы және шаруа депутаттарының Кеңестері өздерінің құрамы жөнінен көпұлтты болды. Кеңестерінің құрамына орыстар, қазақтар, украиндар, татарлар, ұйғырлар, өзбектер және басқа халықтардың өкілдері енді. Солдат депутаттары Кеңестеріңе көбінесе орыстар, украиндықтар, ішінара татарлар кірді. Қазақстан Кеңестерінің көбінде ұсақ буржуазиялық партиялары, негізінен алғанда – социалист- революционерлердің партиялары басшылық рөл атқарды. Бұл большевиктердің әлсіздігі мен аздығы, жергілікті жұмысшылар ұйымшылдығының жеткіліксіздігі мен саяси жетелмендігі, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесінің төмендігі себеп болды.
Уақытша үкіметтің жергілікті құрылуы және өлкеде Кеңестердің кең тармақтары ұйымдастырылуы кезеңінде (1917 ж.наурыз бен сәуір айының басы) буржуазия мен революцияшыл демократия күштерінің арасында белгілі бір өзара түсіністік болды,атқару комитеттері)Уақытша үкімет органдары) мен нығаюға бағыт ұстаған жергілікті Кеңестер арасында берік емес жарасым орнықты. Атқару комитеттері мен Кеңестер жер-жердегі патша әкімшілігін талқандау жөнінде бірлесіп жұмыс істеді, саяси тұтқындар мен жераударылғандарды босатты, халық шаруашылығының кезек күттірмейтін мәселелерін шешуге тырысты, Қытайға қашып кеткендерді – 1916 ж. ұлт-азаттық көтерлісіне қатысқандарды кері қайтару т.б. жөнінде қадамдар жасады. Алайда көп кешікпей бұл нәзік жарастық күрт үзілді.
В.И.Ленин қос өкіметтік революцияны дамытудағы, яғни ол әдеттегі буржуазиялық-демократиялық революциядан әрі асып кетіп, бірақ «пролетарита пен шаруалардың таза диктатурасына» дейін жетпеген кездегі бар болғаны өтпелі сәтті білдіреді деп есептеді. Ол большевиктер партиясының буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға ұластыру бағытын негіздеп берді. Революцияның бұл жаңа кезеңін: «Бүкіл өкімет кеңестерге!» деген ұранмен айқындады. Осы ұранды жүзеге асыру қос өкіметтікті жойып, Кеңестердің дара өкіметін орнатуға алыпкелуге тиіс болды. Бұл – нәзік азаматтық тыныштықтың бұзылғандығын және екі өкіметтің – Уақытша үкімет пен Кеңестердің ашық қарсыластығының басталғанын білдірді.
Соғыс тудырған қиындықтар (аштық, қымбатшылық, жаппай күйзеліс, әлеуметтік және ұлттық езушіліктің күшеюі) барған сайын ұлғая бергендіктен де В.И.Лениннің бұл ұраны сол уақытқа орайлы келді.Мұның өзі кеңестерді тез арада большевиктендіруге және Уақытша үкіметті құлату үшін оларды басты құралғаайналдыруға, сөйтіп Кеңес өкіметін орнатуға мүмкіндік туғызды.
Оқиғалардың бұлай өрбуі үлттық-либералдық қозғалысты қиын жағдайға киліктірді. Оның жетекшілері 1917 ж. сәуір мен мамырда бүкіл Қазақстан бойынша облыстық және уездік қазақ съездерінөткізді. Сол съездерде облыстық және ұлттық комитеттер сайланды. Депутаттардың көбі уақытша үкімет пен жергілікті органдарын қолдады, бірақ сонымен бірге өлкенің қазақ халқына ықпалдарын нығайтуға талпынды.
1917 ж. көктемінде Ақмолада, Оралда, Орынборда, Семейде, Верныйда және басқа қалаларда ұлттық-либералдық қозғалыс жетекшілерінің басшылығымен өткен, сөйтіп, аграрлық және ұлт мемлекеттік құрылыс мәселелерін талқылаған қазақ съездеріне қатысқандар бұл проблемалар бойынша бағдарламалар жасай алмады.
Қазақ халқының өкілдері: Ә.Бөкейханов – Торғай облысына, М.Тынышпаев – Жетісуға, М.Шоқаев – Түркістанға Уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды, бірақ олар шын мәнінде отарлық әкімшіліктің шенеуніктері болғандықтан тұрғылықты қазақ халқының мәселелерін шеше алмады.
Сол аралықта соғыстың жалғасып жатуы, Уақытша үкіметтің халыққа қарсы саясаты еңбекшілердің мойнына үлкен ауыртпалық түсірді. 1917 ж. көктемі мен жазында Қазақстан халқының барлық топтарын саясаттандыру күшейді. Ауылдар мен деревнялардың саяси өміріне туған жерлеріне оралған тылдық жұмысқа тылдық жұмысқа қатысқандар (150 мыңдай адам) жаңа леп ала келді. Олардың көбі ауылдарына саяси жағынан сауатты болып, бостандық үшін күресуге берік бел байлап оралды.
1917 ж. көктемі мен жазында қазақ еңбекшілерінің арасында тылдық жұмыстарға қатысушылардыбіріктіретін ұйымдар, қаражұмыс істейтін жұмысшылардың одақтары және жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне пікірлес, пиғылдас революцияшыл-демократиялық жастар ұйымдары пайда болды.
Олар: «Верный қаласы мұсылман жұмысшыларының біріккен Одағы» (қара жұмыс істейтін жұмысшылар одағы), Жаркенттегі жұмысшылар одағы, Түркістан өлкесіне кіретін Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы Мұсылман еңбекшілерінің одағы (Иттифак) ж.б. еді.
Ақпан революциясынан кейін бірсыпыра жерлерде оқушы жастар өкілдері мен ауыл мұғалімдерін біріктірген жастар ұйымдары мен үйірмелері: Омскіде – демократиялық оқушы жастар Кеңесі, Ақмолада – “Жас қазақ”, Спасск зауытында – “Жас жүрек”, Петропавлда –“Талап”, Семейде – “Жанар”, Әулиеата уезіндегі Меркіде – “Қазақ жастарының революциялық одағы” т.б. бой көтерді.
Әуелгі кезде жастар ұйымдарының көбі алдарына мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу міндетін қойды.Ал қоғамдық-саяси қозғалыстың түрлі бағыт алу процесінде олар таптық, әлеуметтік және саяси мәні бар міндеттерді шешуге етене жақындай түсті. Революцияның даму барысына қарай қайсыбір жастар ұйымдары, мысалы, С.Сейфуллин бастаған “Жас қазақ” пен Т.Рысқұлов басқарған “Қазақ жастарының революциялық одағы” Кеңестерге қосылды, ал қайсыбірі ұлттық-либералдық интеллигенция жетекшілеріне ерді.
Еңбекшілердің, солдаттар мен матростардың 1917 ж. 4-5 шілдеде Петроградта өткен демонстрациясын Уақытша үкімет қару күшімен басты. Азаматтық соғыстың тікелей хаупі туды, келешекте ол Питер большевиктерінің талқандалуына апарып соғуы мүмкін еді. 7 шілдеде В.И.Ленинді қамауға алу жөнінде бұйрық шығарылды, майдан мен тылда большевиктерді құғындау басталды.
1917 ж. 2 шілдеде Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті Уақытша үкіметке шектеусіз уәкілдіктер беру туралы мәлімдеді, осы арқылы қос өкіметтікті жою заңды түрде бекітілді.
Шілде оқиғаларынан кейінгі қалыптасқан жағдайда В.И.Ленин өкіметтің пролетариатқа бейбіт жолмен өтуі мүмкін еместігі туралы пікірге тоқтады. Мәселе өткір қойылды: не әскери диктатураның ақырына дейін жеңісі, не қарулы көтерлістің жеңісі. Бұл орайда В.И.Ленин қарулы көтерлістің тек халықтың жаңа революциялық өрлеуі, жалпыұлттық дағдарыстың болуы жағдайында жасауға болатынын ерекше атап көрсетті.
Аграрлық мәселелердің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформасының салдары
“Алаш” саяси партияның қалыптасуы 21-28 шілдесі 1917ж. Орынборда I Бүкілқазақтың съезі құрылды. Ақмола, Семей, Орал, Фергана облыстарын, Бөкей хандығынан депутаттар қатысты. Съезінін төрағасы Х. Досмухамедов болған. Съез 14 мәселе қарастырды: мемлекет қалпы, жергілікті бостандық; негізгі құқық, дін, билік һәм сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі, қазақ облыстарынан депутаттарды Құрылтай жиналысына дайындау, Бүкілресейлік мұсылмандық “Шура-н-ислам” съезі; Семей облысының жағдайы, қазақтарды бүкіл Ресей федералисттер съезіне және оқулық комиссиясына жіберу жөніндегі мәселелері.
Бүкіл қарастырылған мәселелер жөнінде ұлт-демократиялық мазмұнды резолюциялар қабылданды. I съезінде “Алаш” қазақ ұлттық партиясын құрастыру жөніндегі шешім қабылданды.
“Қазақ” газетінде жариялаған жобасы партияның жобасы болып қалыптасты (21 қараша 1917ж.) “Алаш” партияның жобасы Ә.Бөкейхановпен, А. Байтұрсыновпен, М.Дулатовпен, И.Ғұмаровпен, Т. Жаждыбаевпен, А.Бирмекановпен дайындалды. Жоба 10 пунктен құрылған. Партия жобасында Ресей демократиялық, федеративтік республикасы болуына қажет білдірілген Федерация субъектілер “автономдік және өзінен-өзі тең құқықтарымен және мүдделерімен басқарылады” деген мақсаттары алдына қойылған. Мемлекет Дума, Президент, Министрлер кеңесі енгізу болу керек делінген. Қазақ автономиясы федерацияның халықтарымен теңдік принциптері бойынша қалыптасуы болсын делінген. Демократиялық бағалылықтар жарияланды: теңқұқықтың адамның қол сұғылнаушылығы, сөз, баспасөз, кеңестерінің бостандығы. Дін мемлекеттен бөліну болуға тиісті. Бүкіл халықтан соттын алдында тең болу керек, әр халықтын соты салт-дәстүрлеріне сай болу керек. “Алаш” партиясының міндеттері: ел қорғау әскер ұйымдастыру, әлеуметтік серіктестігі, жоқ-жітін тұрғындарды демеу қолдау көрсету, халыққа білім беру, аграрлық мәселені шешу. Осының барлығын демократиялық, адамгершілік негізінде орнату керегін ұсыныс жасалған. Баспа органы – “Қазақ” газета, кейін”Сары-Арқа” газеті 1918ж. және журнал “Абай” партияның лидеры Ә.Бөкейханов болды, партияның құрамына ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның өкілдері кірген: А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев, Ш. Құдайбердиев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов және Х.Досмухамедовтар т.б. “Алаш” автономияның қалыптасуы және оның қызметі, тарихи маңызы.
1917ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші бүкілқазақтық съезде қазақ халқы әр түрлі топтарының өкілдерін біріктірді.
Төралқа төрағасы Бақтыкерей Құлманов және оның орынбасарлары Ә.Бөкейханов, Ә.Кенесарин, Х.Досмухамедов, Омар Қарашев басқарған съезд тез өзгертіп жатқан саяси жағдайдағы партия тактикасының әр түрлі қырларын, ең алдымен қазақ автономиясын құру және оның үкіметтің қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөле отырып талқылады.
Съезд қазақ автономиясы құрамына Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстары және Закаспий облысы мен Алтай губерниясының қазақтары мекендеген аудандары енугетиіс деп шешті. Съезд делегаттары уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қалалар мен селоларда, далада қазақтардың өмір мүруінің өзіне қауіп-қатер туғызған анархия (басалмандық) күннен-күнге күшейіп бара жатқандығын атап көрсетті. Сондықтан съезд “аман қалу мақсатымен”, “уақытша халық Кеңесі” түріндегі берік билік құру оған Алаш-Орда-Алаш автономиясының үкіметі деген ат беру жөнінде шешім қабылдады және бүкіл қазақ халқына “бағынған үкіметіміз осы деп сеніп басқа үкіметі танымай өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керектегі” баса ескерілді. Съезд қазақ милициясын құру жоспарын жасады.
1918ж. 18 қаңтарында Орынбор қаласында Қызыл Армияның Жангелдин құрған Уфалық отряды басып алды. Дутовпен бірге Орынбордан бірыңғай қазақ автономиясын құрып үлгере алмаған алашордашылар да кетеді, Алашорданың күш-қуаты бөлініп-жарылады: Шығыс бөлімі деп аталған бөлегі Семей түбіндегі Алаш қаласына (Жаңа Семей) көшеді, екінші бөлігі Орал облысының Жымпиты қаласына орналасады (бұл Батыс бөлімі немесе Ойыл уәлалты), үшінші бөлігі Жетісу облысында іске кіріседі. Жағдай осылай болып тұрғасын, Алаш партиясының басшылығы Орталық Совет үкіметімен және оның жергілікті орындарымен байланыс жасауға лаждың жоғынан көнеді. Ә.Бөкейханов, Ленин мен және Ұлттар істері жөніндегі халық Комиссары Сталинмен кездесуге Мәскеуге Халем мен Жанша Досмұхамедовтарды жіберді, ал Халел Ғаббасов, Ә.Бөкейхановтың тапсыруымен 1918ж. 20 наурызында телеграф арқылы Сталинмен сөйлеседі. Орталықтың болашақ автономияның мәдени мұқтажына миатериалдық көмек көрсету жөніндегі уәдесі, бүкіл қазақтық құрылтайды шақыру және өлкеде азаматтық бітімге келу. Туралы ұсынысы-осынау қимылдың қорытындысы еді.
Совет өкіметін орнату кезеңінде Алаш партиясының жаңа өкімет орындарымен ара қатынасы тілдесуден ымыраға келуге жеткен жоқ. Жергілікті кеңестердегі билік РСДРП (б) – ның радикал қырғи қимылды қызметкерлері қолында болған – Петроавл, Перовск, Әулие-ата (Жамбыл) сияқты бірқатар қалаларда Алаш белсенділері тұтқындалады, тек Семей де, Верный да басқа бірсыпыра жерде қысқа мерзімге шыңылтар қарым-қатынас орнатуға әрең-әрең қол жетеді. Мәселен, Семей облыстық Кеңесінің құрамына Алаш жергілікті ұйымы басшыларының бірі Х.Ғаббасовты, уездік жер кеңесінің төрағасы Қозыбағаровты, уездін Кеңес құрамына Алаш белсенділері Б. Сәрсенов пен И. Әлімбековты енгізеді. Бірақ екі жақ бір-біріне сенбей ді, өйткені әрқайсының саяси мақсаттары бар еді. Кеңестер Алаш партиясының өкімет билігіне тартылғакн басшылары мен белсенділері арқылы қазақ бұқарасы арасындағы ықпалын күшейтпек болды, ал Алаш басшылары Кеңес өкіметін сөз жүзінде қолдаған болып, Кеңестердегі өкілдері арқылы жаңа өкіметті ішінен “Ірітпекші” еді.
Дәрістің негізгі ұғымдары: Столыпин реформасы, революция, ұлттық интеллигенция, Мемлекеттік дума, «Қазақ», «Айқап», көтеріліс.