Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Зарарсыздандыру және стерилизациялау тәртiбiне қойылатын талаптар




34. Стоматологиялық ұйымдар барлық үй-жайларына тұрақты түрде ылғалды тазарту және зарарсыздандыру жүргiзiлiп отыруы керек.

35. Стоматологиялық жабдықтар, жиhаздар жарық көзiне кедергi және жинауға қолайсыз жағдай тудырмайтындай болып орналастырылады.

36. Әр стоматологиялық кабинеттерде қажеттi қанықпадағы зарарсыздандыратын ертiндiнi сақтау үшiн, жасалған уақыты көрсетiлген, таңбаланған арнайы ыдыстар болуы керек.

37. Кабинеттерге қажеттi ақпараттық стендтер, кестелер ылғалды тазалау жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк беретiн материалдардан дайындалуы қажет.

38. Ауруларды қабылдайтын операциялық, хирургиялық және басқа да кабинеттердiң барлығында микроб өлтiретiн қабырғадан немесе төбеден түсетiн ультра күлгiн сәуле көздерiмен жабдықталуы тиiс: ОБН-150 сәуле түсiрушi есеп бойынша көлемi 30 метр куб бөлме үшiн - бiреу; ОБН-300 - 60 метр куб бөлме үшiн. Сәуле түсiрушiнiң құрамына енетiн тiкелей және шағылыстыратын әсерi бар шамдардың қосқыштарын жеке орнату керек.

39. Стоматологиялық кабинеттер және тiс техникасы лабораторияларының үй-жайларына күнiне үш реттен кем емес Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерi рұқсат еткен зарарсыздандыру заттарын қолдана отырып, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргiзедi. Күнделiктi тазалау жұмыстарынан кейiн үй-жайдың ішi 30 минут бойы кварцтеледi, соңынан 15 минут аралығында желдетiледi. Кварцтеуге кеткен уақыт арнайы журналда тiркеледi. Толық тазарту жұмыстары айына бiр рет және эпидемиялық көрсеткiштер бойынша да жүргiзiледi.

40. Тазартуға қажеттi керек-жарақтар (шелек, шүберек, шөтке) таңбаланып және кабинеттер, дәретхана мен басқа үй-жайлар үшiн бөлек қолданылады. Таңбаланған тазартуға қажеттi керек-жарақтар қатаң түрде белгiлi бiр жерде сақталып және тiкелей белгiлi мақсатқа пайдаланылады.

41. Зарарсыздандыратын заттардың жұмысшы ертiндiлерiн дайындау, олармен жұмыс iстеуде техника қауiпсiздiгi ережелерiн сақтай отырып, орталықтандырылған бiр жерде жүргiзiлуi қажет.

42. Терi мен шырышты қабаттардың тұтастығының бұзылуына байланысты жұқпалы аурулардың артифициалды механизмдер арқылы жұғуының алдын алу мақсатында қолмен жұмыс iстеуде, жеке бастың тазалығын сақтаумен қоса, қолданылатын медициналық құралдар мен жабдықтарды стерилизациялау алдындағы тазарту және стерилизациядан өткiзу, зарарсыздандыру ережелерiн сақтауы қажет.

43. Медициналық-стоматологиялық саймандардың барлық түрлерi, әр қолданыстан кейiн зарарсыздандырылуы, стерилизациялау алдында жiтi тазартылып, қолданылып жүрген нормативтi құжаттардың талаптарына сәйкес, стерилизациядан өтуi қажет. Бiр рет қолданылатын медициналық құрал-саймандар зарарсыздандырылып утилизацияландырылады.

44. Стоматологиялық емханалар мен стационарларда орталықтандырылған стерилизациялау бөлiмдерi құрылуы керек.

45. Балауыз валиктi протездер мен қалыптар өлшеу үшiн киiп көруден бұрын зарасыздандырылады. Тiстiң iзiн түсiретiн қасықтары зарарсыздандырылып, стерилизациядан өткiзiледi.

46. Стоматологиялық кабинеттердегi әртүрлi объектiлердi зарарсыздандыру тәртiбi осы санитарлық ережелердегi 2-қосымшада көрсетiлген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнде тiркелген зарарсыздандыру құралдарын қолдануға рұқсат етiледi.

47. Стерилизациялау алдындағы өңдеу және стерилизациялау тәртiптерi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мекемелерi белгiлеген тәртiппен анықталады.

8. Персоналдың жеке басының тазалығын сақтау ережесi

48. Стоматологиялық ұйымдардың әкiмшiлiгi медициналық персоналын уақытында және жеткiлiктi көлемде қол жуу үшiн сабын, шөткемен, жеке қолдануға қол орамалымен немесе бiр мәрте қолданылатын қағаз салфеткалармен, жеке қорғану заттарымен (халат, маска, қорғаушы көзәйнектер, қалпақтар) қамтамасыз етуге мiндеттi.

49. Кабинеттерде тамақ сақтауға және iшуге, темекi шегуге, жеке киiмдерiн сақтауға, арнайы киiмсiз жұмыс iстеуге тыйым салынады. Хирург-стоматологтар халаттың үстiнен целофаннан жасалған алжапқыш киiп жұмыс істеулерi керек.
Операция жасауға қатысатын хирургтар мен мейiрбикелер стерилденген операциялық киiмдер киедi. Барлық емшаралар бiр мәрте қолданылатын немесе стерилденген қолғаптармен жүргiзiлуi тиiс.

50. Байқаусызда қайта қолданылуды жiбермес үшін, қолданылған инелерге қалпақ кигiзуге тыйым салынады:
1) қолданылған, зарарсыздандырылған шприцтер, инелер және басқа үшкiр заттар тесiлмейтiн арнайы ыдысқа салынады;
2) бiр мәрте қолданылатын шприцтердi жою күйдiру арқылы немесе өнеркәсiптiк қайта өңдеу арқылы жүргiзiледi. Ластанған немесе сынған шыны бұйымдарды арнайы ыдысқа салу үшiн қысқыш немесе карцангердi қолдану қажет;
3) әрбiр жүргiзiлген емшарадан кейiн қолғапты шешпей тұрып, қолды сабындап жылы сумен жуып, артынан қолғапты шешiп қайта жуу қажет. Қол қан немесе сiлекеймен ластанған жағдайда жедел зарарсыздандыратын ертiндiге батырылған тампонмен тазартылуы керек.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 799 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2461 - | 2328 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.