Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стоматологиялық ұйымдардың жабдықталуына қойылатын талаптар




12. Терапевтiк, хирургиялық, ортопедиялық, ортодонттiк кабинеттерде үш креслодан артық орын болмауы керек, ал хирургиялық кабинеттерде олардың саны екiден аспауы керек және мiндеттi түрде дәрiгерлер бiр бiрiнен биiктiгi 1,5 метрлiк бөлгiшпен бөлiнуi керек.

13. Егер кабинетке табиғи жарық бiр жақтан түсетiн болса, кабинетте орналасқан креслолар жарық көзiне қарап, бiр қатарда орналасуы керек.

14. Амальгама және полимерлiк материалдарымен жұмыс iстеу үшiн терапевтiк және ортопедиялық тiс емдеу кабинеттерiнде келесi талаптарға сай ауа сорғыш шкаф болуы тиiс:
1) шкафтың 30 да 60 сантиметр (әрi қарай - см) өлшемiндегi жұмыс iстейтiн ашық қуысындағы ауаның автономды механикалық түрде тартылуы секундына 0,7 метрден кем болмайтын қозғалысты қамтамасыз етуi тиiс;
2) шкафтың барлық аумағынан ауа шығарылып тұруы тиiс;
3) шкафтың iшкi бетi сынапты өткiзбейтiндей болуы тиiс;
4) шкафтың еденi төгiлген сынаптың тамшыларын жинауға арналған ыдыспен қосылған сызатқа қарай әр қудырма метрге бiр-екi см еңкiш болуы тиiс;
5) шкафқа сынапты ұстап қалатын су жүйесiне қосылған раковина орнатылуы тиiс;
6) шкафтың iшiне амальгаманың тәулiктiк қорын, сынап және амальгама дайындайтын ыдысты, сондай-ақ демеркуризациялау құралдарын сақтау үшiн кiшiгiрiм шкаф орналастырылуы тиiс.

15. Күмiс амальгамасын дайындау кезiнде қолмен жұмыс iстеудi жiбермеу мақсатында амальгаманы араластырғыш үнемi ауа сорғыш шкафтың iшiнде болуы тиiс.

16. Амальгамамен жұмыс iстейтiн бөлмелердi жинап, демеркуризациялауды жеңiлдету үшiн барлық жұмыс жиhаздарының аяқтары 20 см кем болмауы тиiс (демеркуризация - жұмыс орнының сынаппен ластануын шектейтiн шаралардың кешенi).

17. Негiзгi үй-жайдағы тiс технигiнiң жұмыс орнында төмендегiлер: мөлшерi 1,0 X 0,7 метр болатын тiс технигiнiң арнайы үстелi; өзiнiң жеке шаң сорғышы бар жылтыратқыш электрлi машина; газ келетiн түтiк болуы керек.

18. Стоматологиялық кабинеттер сығылған ауаны, оттегiнi жеткiзетiн және вакуумдық жағдайды қалыптастыратын, жүйемен жабдықталуы қажет.

19. Әмбебап стоматологиялық қондырғыларға ыстық және суық суды қосқанда, оларды керегiнде жауып қоятындай вентилдердi қарастыру қажет.

20. Гипстi қолданып жұмыс атқарғанда қалатын қалдық суды раковинаға жiберерден бұрын, оны гипстен тазалау керек.

21. Емдеу кабинеттерi мен тiс техникасының лабораториясында персонал қолын жуатын шынтақ немесе аяқ арқылы басқарылатын крандармен жабдықталған жеке раковина және басқа да өндiрiстiк мақсаттар үшiн құралдарды, ыдыстарды, керек-жарақтарды, және басқа да жабдықтарды жууға пайдаланылатын арнайы ванналар болуы керек.

22. Әрбiр стоматологиялық кабинетте стерилденген материалдар мен құралдарға арналған үстелдер болуы керек.

23. Күту орындары мен қабылдау бөлмелерiнде эмальдан немесе фарфордан жасалған түкiргiштер орнатылуы керек.

24. Едендерi тақтайшадан жасалған үй-жайларда, жұмыс орындарында, аяқты суықтан қорғайтын ағаш төсенiш болуы қажет.

25. Стоматологиялық ұйымдар шұғыл және алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажеттi дәрiлерiмен, зарарсыздандыру дәрмектерiмен қамтамасыз етiлуi керек.

6. Стоматологиялық ұйымдардың өндiрiстiк үй-жайларындағы
микроклиматына, жылу жүйесiне, желдетiлуiне
қойылатын талаптар

26. Стоматологиялық кабинеттердiң микроклиматы, желдетiлуi, жылу жүйесi, жарықтандырылуы қолданыстағы ҚНжЕ-нiң талаптарына сай болуы керек.

27. Стоматологиялық емхана ғимараттарында сумен жылыту жүйесiн қарастыру қажет. Орталық жылу жүйесiнiң жылу тасушы суының температурасы 95оС болуы керек.

28. Орталық сумен жылыту жүйесiнде қыздыратын құралдар - негiзiнен, бұрыштағы үй-жайларды есептемегенде, терезелердiң астына орналастырылатын, жеңiл тазартатын, үстi тегiс радиаторлар болуы керек.

29. Стоматологиялық емхана ғимараттарында, стоматологиялық бөлiмшелерiнде, кабинеттер мен тiс техникалық лабораторияларының үй-жайларында ауаның тартылуы бойынша сағатына үш есе және соруы бойынша сағатына екi есе ауа ауыстыратын, сорып-тартатын жалпы желдеткiш қарастырылуы керек. Операциялық үй - жайда тек ауа ауыстыратын жалпы желдеткiш болуы қажет.

30. Жалпы ауыстырылып, сорып-тартатын желдеткiштiң барлығына қарамастан барлық үй-жайларда тез ашылатын фрамугалар мен форточкалар; терапевтiң және ортопедтiң, стерилизациядан өткiзiп, дәнекерлiк жасайтын кабинеттерде механикалық сору шкафтары; тiс техниктерiнiң негiзгi үй-жайлардағы жұмыс орындарында және әрбiр жылтырату орнындағы жылтырату машинасының меншiктi шаң сорғышы болып тiс құю бөлмесiндегi ортадан аластату арқылы тiс құятын пештiң, дәнекерлек бөлмесiндегi газ плитасының, жылтырату бөлмесiнде қыздыру құралдары мен полимеризациялық жұмыс үстелiнiң үстiнде сору зонттары болуы керек.

31. Тiс техникалық лабораторияларының негiзгi үй-жайларында, ортопедиялық стоматология және операция жасайтын кабинеттерiнде ауаны кондиционерлеу қарастырылуы керек.

32. Стоматологиялық ұйымдардың барлық үй-жайларында табиғи жарық болуы қажет:
1) жаңадан құрылып жатқан стоматологиялық емханаларда күн сәулесiнiң тiкелей түсуiнен жұмыс орындарына жарықтың көп мөлшерде түсуiн, сондай-ақ жаз айларында әсiресе елiмiздiң оңтүстiк аудандарында ғимараттың ысып кетуiн болдырмас үшін стоматологиялық кабинеттердiң терезелерiн солтүстiк бағытқа бағдарлау қажет;
2) жұмыс iстеп жатқан, кабинеттерi терiс бағытта орналасқан мекемелерде жаз мезгiлiнде терезелердi тент, маркиз, жалюздер және басқа заттармен көлеңкелеу керек;
3) барлық стоматологиялық кабинеттер және тiс техникасы лабораториясының негiзгi жайларында (терезенiң әйнектелген бетiнiң еден ауданына қатысы) жарықтандыру коэффициентi 1:4-1:5 болып, ал басқа өндiрiстiк жайларда 1:8-ден төмен болмауға тиiс;
4) кабинеттерде табиғи жарық тек бiр жағынан түскен жағдайда екi қатар орналастырылған стоматологиялық креслолардың екiншi қатарында күндiзгi уақыттың өзiнде қосымша жасанды жарық көздерiн қолдануы керек;
5) тiс техникасы лабораторияларының негiзгi жайларында орналасқан тiс техниктерiнiң жұмысшы үстелдерiне табиғи жарықтың сол жағынан түсуiн қамтамасыз еткен дұрыс.

33. Стоматологиялық ұйымдардың барлық үй-жайлары люминесценттi немесе жай шамдардан құралған ортақ жарық көздерiмен қолданыстағы ҚНжЕ-нiң талаптарына сай қамтамасыз етiлуге тиiс:
1) Барлық стоматологиялық кабинеттерде және тiс техникасы лабораторияларының негiзгi үй-жайларында люминесценттi жалпы жарықты пайдалану барысында сәуле шығару спектрi түстi өзгертпейтiн шамдарды қолдану керек;
2) Жалпы жарық беретiн шамдар жұмыс iстеп отырған дәрiгер көзiнiң аумағына түспейтiндей есеппен орналастырылуға тиiс.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 785 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2196 - | 2139 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.