Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары




Қоғамды басқарудың ең күрделі және жауапты элементі саяси шешімдерді талдап жасау және оны қабылдау технологиялары болып табылады. Саяси шешімдерді талдап жасау сатысында әлеуметтанушылармен, заңгерлермен және басқа да саланың мамандарымен қатар саясаттанушылар да белсенді әрекет етеді. Саяси шешімдерді қабылдау технологиялары – бұл әр түрлі топтар мен азаматтардың саяси талаптарын, бүкіл қоғам үшін қолайлы әлеуметтік қатынастарды реттеудің құралдары мен әдістерін қайта құрудың орталық элементі болып табылады. Қысқасын айтқанда, шешім қабылдау технологиялары – бұл әлеуметтік процестерді басқаруда саяси билікті технологиялық қайта құру болып табылады. «Шешімдер қабылдау» термині әлеуметтік және ұйымдастыру процестерін децентрилизациялаудың сипаттамасын беру үшін бірінші рет ХХ ғасырдың 30-жылдарында пайда болды.

Қазіргі кезде саяси ғылымдарда саяси шешімдерді қабылдау процесінің технологиясын түсінуге негізінен екі тұрғыдан қарастыру қалыптасқан. Бұлар – нормативтік және мінез-құлықтық теориялар. Нормативтік теория (Р.Абельсон, А.Левин және т.б.) оны күрделі процестерде саяси мақсаттарды ұтымды таңдау процесі ретінде түсіндіреді. Мұндай таңдауды оңтайландырудың маңызды құралы ретінде әр түрлі математикалық моделдеу, операцияларды зерттеу және басқа да инструменттік тәсілдерді пайдалану, сондай-ақ стандарттық схемаларды да пайдалану ұсынылып отыр. Аталған процесті адамдардың ерекше өзара іс-әрекеті ретінде қарастыратын мінез-құлық теориясы (Г.Саймон, Л.Планкетт, Г.Хейл және т.б.) нақты ситуацияларды саяси шешімдердің қабылдауына ықпал ететін әр түрлі факторларда сипаттауға бағытталған.

Шешімдер қабылдауда қолданылатын технологиялар мен механизмдер терең сипатталған процестерге, әрекет ету саласымен, ондағы субъектілер түрлерімен, оның басқа да құрылымдық факторларының тұрақты жағдайларымен сәйкестендірілген олардың өзгеше ерекшеліктеріне тікелей байланысты екендігін айтуға тура келеді. Осыған байланысты корпоративтік секторда жекелеген ұйымдар деңгейінде саяси шешімдер қабылдау технологияларының процессуалдық ерекшеліктерін ажырату белгіленген.

Саяси шешім – бұл саяси іс-әрекеттің мүмкін деп саналатын кем дегенде екі вариантының бірін саналы түрде таңдау деген сөз[131]. Әдетте саяси ғылымдарда саяси шешімдер қабылдау технологияларының процесін әр түрлі көзқарас тұрғысынан дифференциялауға ұмтылыс жасалуда. Бірақ олардан неғұрлым қарапайым біреуі үш негізгі кезеңді бөліп көрсету жолымен іріктелінеді: олар – дайындық (алдын ала), шешімдерді қабылдау және шешімдерді жүзеге асыру. Әрбір кезең технологиялардағы өзіндік ерекшелігімен белгілі және ол бірқатар факторлар арқылы анықталады.

Айталық, алдын ала дайындық кезеңінде басқарудың жауапты органдары қоғамның нақты жағдайын толық түрде жария ететін және белгілі бір қарама-қайшылықты көрсететін қажетті ақпаратты жинап алуға міндетті. Алынған ақпарат қай нақты проблема жеке саяси сипат алатынын анықтауға мүмкіндік береді және соған сәйкес әлеуметтік процестерді саяси реттеу мен ресурстарды қайта бөлу саяси жолымен шешілуі тиіс.

Одан арғы жерде жинақталған ақпарат жұмыс істеп тұрған саяси институттардың құрылымдары мен мемлекеттік аппараттың әр түрлі органдарының өзара әрекет ететін процедурасы, сондай-ақ саяси қайраткерлер мен басқарушылардың тұлға аралық қарым-қатынастары арқылы «сүзгіден» өтеді.

Сосын шешім қабылдайтын мәселелер жиынтығы құралып, күн тәртібі белгіленеді. Сонымен әр түрлі мүдделі топтар мәселелер мен проблемалардың бірінші кезектегі маңызы мен актуалдылығын алға тарта отырып, оларды іріктеп алуға ықпал етуге тырысады. Бұл жағдайда идеологиялық түсініктер, экономикалық мүдделер басқарушылар мен саясаткерлердің жеке мүддесімен, олардың жеке қарым-қатынасымен, симпатиясы және антипатияларымен, жеке өмір тәжірибелерімен тығыз ұштасып жатады.

Күн тәртібін бекіту процесіне әр түрлі саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар, ұйымдар, парламенттік фракциялар, лоббистік топтар, сондай-ақ нақты шешімнің қабылдануы қызықтыратын небір саяси емес сипаттағы топтар да белсенді түрде араласады.

Күн тәртібіне қойылатын мәселелердің ауқымдылығы қандай болғандығының, мемлекеттік мүдделерді қай тұрғыда қорғайтындығының да зор маңызы бар. Проблема неғұрлым үлкен болса, соғұрлым мүдделердің қақтығысуы да өткір болмақ. Мәселенің қай топқа да болмасын тиімді тұжырымдамада қойылуы үшін, атап айтқанда, оны бірінші кезекке қою керек пе, жоқ әлде біраз уақытқа кейінге қалдырған дұрыс па, немесе оны жалпы алғанда екінші планға шығарған жөн бе дегендерді шешіп алу үшін қысым жасаудың әр түрлі тетігін пайдалану кеңінен қолданылмақ.

Осыған байланысты балама варианттарды жасау және қарау кезеңінде балама ұсыныстарды талқылау процедурасы елеулі рөл атқаратынын айтуымыз керек. Талқылау процесінің мақсаты белгілі бір методиканың көмегімен саяси іс-әрекеттің қолданылатын варианттарының артықшылығы мен кемшіл тұстарын анықтау және солардың ішінен жақсырағын белгілеп, шешімнің қабылдануына қол жеткізу болмақ. Саяси проблемаларды талқылауға биліктің өкілдері, мүдделі болып отырған әлеуметтік топтар мен қауымдастық, сарапшылар және т.б. қатысатын болады.

Демократиялық қоғамда саяси проблемаларды талқылау жария сипатқа ие болуы керек. Жария талқылаудың әр түрлі формалары бар: парламенттегі немесе жергілікті өкілетті органдағы айтыс, радио мен теледидар арқылы парламент мәжілісінен трансляция, мүдделі жақтар мен сарапшылардың баспасөз беттерінен сөз алуы, конференцияларда, кеңестерде, «дөңгелек столдарда» және т.б. сөйлеуі. Талқылаудың мұндай формалары әр түрлі әлеуметтік топтарға проблеманың мәнін тереңірек ұғынуға, ұсынылатын шешімдердің қандайының да болмасын мүмкін деп есептелетін салдарын және көпшілік соның қайсысына қолдау білдіретінін саралап көрулеріне, сондай-ақ, егер шешім азаматтардың дауыс беруімен қабылданатын болса, бұл ретте олардың өз позицияларын айқындауларына мүмкіндік береді.

Сонымен, ең ақырында алдын ала дайындық кезеңінің қорытындысы: проблемалық ситуацияны түсіну, оны құрайтын сұрақтардың иерархиясын, сондай-ақ аталған проблемалардың нақты тұжырымдамасын анықтау болып табылады.

Жасалған күн тәртібіне сәйкес шешімдер қабылдау кезеңінде саяси шешімдер қабылдауға қажетті келісілген мәселелер, саяси дамудың мақсаттары мен міндеттері, әлеуметтік процестерді реттеудің құралдары айқындалатынын айтуымыз керек.

Шешімдер қабылдау кезеңі оған ықпал ететін факторлардың көптігімен де төтенше күрделі. Соның ішінде неғұрлым күшті ықпал ететін – қоғамның саяси жүйесінің орталық бөлігі саналатын мемлекеттік басқару органдары болып табылады. Сондықтан, көп жағдайда саяси реттеу мен дамудың мақсаттарын мемлекеттіліктің сипаттамасы анықтайды. Мысалы, мемлекеттік құрылымның формасы немесе басқару формасы[132] саяси шешімдер шығарудың аумақтық схемасын және саяси шешімдерді талдап жасаудың аумақтық схемасын және биліктің әр түрлі бұтақтарының шешім қабылдау технологиясының арақатынасын анықтайды. Сонымен бірге саяси шешімдер қабылдау процесіне үкіметтің саяси өміріне тұрақты араласуға ұмтылатын әр түрлі мүдделі топтар көбірек ықпал етіп отырады және де олар жекелеген қажетті саяси шешімдерге қол жеткізеді. Мұндай топтарға салалар бойынша экономикалық бірлестіктер, конфессионалдық және этникалық топтар және т.б. жатады.

Сондай-ақ көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да әлеуметтік институттар да ықпал ететін болады, бұлар қоғамдық пікірлер тудырып, оны мемлекеттік органдарға жеткізіп отырады.

Осылай жан-жақты ықпал ету тұжырымдалған саяси мақсаттар мен міндеттердің мәмлеге келу сипатына ие болуына, олардың бірнеше баламасы болуына және қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді реттеудің әдістеріне қол жеткізеді. Саяси дамудың жолдарын соңғы рет екшеп, таңдау саяси шешімдерді жүзеге асыру кезеңінде, шын мәнінде жағдайдың барысы неғұрлым оңтайлы мақсаттарды анықтағанда орындалады.

Саяси шешімдер жеке адамның – саяси лидерлердің және мемлекеттік басқарушылардың, яғни жеке субъектілердің ықпалымен; сондай-ақ адамдардың үлкен тобының – мемлекеттік билік органдарының, мүдделі топтардың және т.б. субъектілердің үлкен бір тобының қатысуымен қабылдануы мүмкін. Бұлардың қай-қайсысының өзіндік ерекшелігі, лайықты бағасы бар және қабылданатын шешімдердің технологиясының тиімділігі тұрғысынан алғанда кемшіліктері де болуға тиіс.

Жеке субъектіге қабылданған шешімнің салдарларына неғұрлым ұқыпты қарау сипаты тән, өйткені осы салдарлар жөніндегі жауапкершілік әдетте дәл соларға жүктеледі. Сондықтан, осы жағдайда шешім қабылдау – бұл өз пікірінің дұрыстығына және кәсіптік жауапкершілігіне, сенімділігіне сүйенген акт болып табылады. Сонымен бірге жеке адам белгілі бір дәрежеде басқаның ықпалымен жеке бастық уайымға, симпатия мен антипатияға, достық пиғылдағы әуестенушілікке берілуі де мүмкін. Саяси қайраткер, сондай-ақ тәуекелділікке, қабылданған шешімдердің технологиясына, сәтсіздігіне байланысты жұмыстармен айналысқаннан гөрі, неғұрлым өз имиджіне арқа сүйеуі де мүмкін.

Саясаттың топтық субъектісі үшін алдын ала дайындық сатысында қабылданатын шешімдерді, сарапшыларды, кәсіпкер кеңесшілерді және т.б. тарта отырып, неғұрлым тиянақты және жан-жақты талдап, қабылданатын шешімдер жасау сипаты тән. Алайда, бұл топтардың қай-қайсысы да белгілі бір ситуацияда тиімділікке қол жеткізбейтін агрессивтілік, бейнелілік және көңіл-күй әсерлері бірінші планға шыққандағы психологияның теріс ықпалына ұшырауы да мүмкін. Сонымен қатар, бұл топтардың өз ішінде бақталас бірлестіктер де болуы сөзсіз, ал олардың күресі саяси шешімдер қабылдау процесін едәуір тежеп, саяси жүйені икемсіз болуға итермелейтіні белгілі.

Іс жүзінде шешім жасау технологиясы аралас тәртіпте қабылданады. Мысалы, саясаткер айтулы командасын жасақтайды, яғни ұсынылатын шешімдерді алдын-ала бағалайтын қызметкерлер тобын, көмекшілер мен кеңесшілерді іріктейді. Осындай жолмен үлкен тиімділікке қол жеткізіледі. Саяси шешімдер қабылдау технологиясы процесінде әр түрлі әдістер пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, олар ұтымды (тиімді)-әмбебап (жан-жақты) әдісі, бірізді шектелген теңдестіру (бұтақтық әдіс) әдісі және аралас (аралас-сканирлейтін әдіс) әдіс.

Көрсетілген әдістердің барлығының да жақсы және кемшіл жақтары бар және нақты жағдайдың барысына қарай қолданылады. Ұтымды-әмбебап әдістер проблемалардың бүкіл жиынтығын қарастырғанмен жергілікті міндеттерді шешуде тиімділік әкелмейді; салалық әдістер саяси бағытты біртіндеп дұрыс арнаға бұру үшін қолайлы; аралас-сканирлеуші әдістер комплексті шешімдерді талдап жасауға мүмкіндік береді, бірақ шешім қабылдау процедурасын едәуір ұзартады.

Сонымен бірге саяси практикада шешім қабылдау технологиясында мәмілеге келушілік, консенсус және гегемония сияқты басқа да әдістер кеңінен белгілі болып отыр.

Мәмілеге келушілік – бұл өзара ымыра жолымен қол жететін келісім. Шешім қабылдаудың бұл формасы егер шешім қабылдайтын билік субъектілері бір-бірімен оқыс теріс қарым-қатынас орнатпаған жағдайда ғана мүмкін болмақ. Екі жақтың мүддесі біршама бір-біріне сай келгенде де, кейде бір-біріне қарама-қайшы келгенде де мәмілеге қол жеткізуге болады. Мәмілеге қол жеткізудің формасы әр түрлі болуы мүмкін: екі жақтық келіссөздер арқылы қол жеткізілетін келісім, дауыс беруде көпшіліктің қолдауына ие болу арқылы және т.б.

Консенсус – бұл жалпы келісім негізінде шешім қабылдау әдісі. Консенсус – барлық тараптардың мүдделері сәйкес келе береді деген сөз емес. Консенсус кезінде тараптардың қай-қайсысы да жеке мүдделерін ойламаса да, ортақ мүдделерді көздейтін қандай бір шешімнің болмасын қабылдануына қарсы болмауы тиіс.

Консенсус негізінде шешім қабылдау әр кезде де келісім процедурасы негізінде өтеді, бірақ, бұл дауыс беру деген сөз емес.

Гегомония – билеуші топ немесе қауымдастық өзінің шешімін басқа әлеуметтік топтарға немесе тұтас алғанда қоғамға таңу арқылы жүзеге асырылады.

Шешім қабылдау әдістері шешілуге тиісті міндеттердің ерекшелігімен қоса басқару құрылымында қалыптасқан дәстүрге де байланысты.

Сонымен, нақты мәселелерді реттеу үшін жалпы теориялық және ұтымды білімді тұрақты қолдана отырып, тиімді саяси шешім қабылдауға және басқаруға қол жеткізуге болады.

Қабылданатын шешімнің салдарларының тиімді және тиімсіз жақтарын тағы бір өлшеп, салмақтағанның маңызы қашан да зор, өйткені ол ойлағандай нәтижеге жеткізе бермеуі де мүмкін.

Қазақстан саясатындағы ескі ауру – қандай да бір шешімнің болмасын салдарын есепке алмау айқын білінетін жәйтке айналғанын мойындамасқа болмайды. Мәселе көптеп келтіруге болатын мысалдарда да емес. Кейде жекелеген шешімдердің аяқ астынан қабылдануы таңдандырады, бұл бәлки проблемаға тікелей қатысы бар әр түрлі ведомстволардың құжат дайындау кезіндегі нашар байланысынан да, ғылыми сараптамашылардың қорқақтығынан немесе оралымсыздығынан да болса керек.

Мұның бәрі іске кәсіби тұрғыдан келмеуден де еді, ал егер басқару аппаратына ғылыми квалификациясы бар көптеген адамдардың қабылданғанын ескерсек, қабылданатын шешімнің негізділігінің деңгейі қамтамасыз етілмек. Бірақ, аппарат құпиялары, коньюктура мен тактика түсінігі кейде интеллектуалдық деңгейінен, ғылыми талдау мен саяси жорамалдан да асып түсіп, шешуші факторларға айналуы да мүмкін.

Қабылданған саяси шешімдер – бұл мақсатқа ойдағыдай жетудің мүмкіндігі ғана[133], сондықтан мақсатты таңдай білу саяси шешімдер қабылдаудың үшінші кезеңінің алғы шарты болып табылады, оның мәні саяси шешімдердің жүзеге асырылуымен айқындалады.

Қабылданатын саяси және басқарушылық шешімдердің барлығы да директивалық және құқықтық формаға ие болуы тиіс. Олар, сондай-ақ, нақты бір адамдардың шешімінің орындалуына немесе орындалмай қалуына жауаптылығын да, сол адамдардың, топтардың, мекемелердің және т.б. шешімнің орындалуын бағдарда ұстауларын да қарастырады.

Осыған байланысты шешімнің орындалуын жүзеге асыратын адамдар, топтар, органдар тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттер шеңберінде қажетті шешімге қол жеткізу үшін оны қашан бастау керектігін, нені ұсыну керектігін, қалай әрекет ету керектігін білуге тиіс екендігін айтуымыз қажет.

Саяси шешімдерді жүзеге асыру кезеңінде белгіленген саяси мақсаттар мен міндеттер іс жүзіне асырылады. Бұл – алдын ала теориялық талдамалар мен жорамалдар жағдайдың нақты барысымен, істің шын жағдайымен соқтығысып қалар сәт.

Саяси және басқару жөніндегі ойларды жүзеге асыру биліктің жалпы стратегияны анықтауы мен іс-қимыл сипатын таңдауына да, яғни жанжалға немесе ынтымақтасуға күштеп немесе консенсус әдістерін қолдануға, саяси сауда немесе тікелей қысым жасауды пайдалануға манипуляция жасауға, қоғамдық пікірді бұрмалауға, т.б. мүмкіндік береді.

Технологияға байланысты стратегияны таңдау меншікті (жеке) ресурстарды, олардың белгіленген жоспарды, іске қол жеткізуге болады-ау деген межені жүзеге асыруға жеткіліктілігін дұрыс бағамдауға негізделуі тиіс. Қабылданатын шешімге қарсылықтың қандай дәрежеде болатынын да мөлшерлей білу керек; іс-әрекеттің сәтсіздікке ұшырауы жағдайында үкімет оның мәртебесін сақтайтын және басқару жүйесіндегі тұрақсыздықты жоятын іс-шаралар жоспарын жасауға міндетті; өйткені ситуация өзгерген жағдайда шешім қабылдаудың резервтік жүйесіне өтудің варианттары болғаны дұрыс. Икемді саяси стратегияны және ресурстарды пайдалану технологиясын жүзеге асырудың алғы шарты мақсатқа қол жеткізудің алғашқы нәтижелері жайындағы ақпаратты интенсивті түрде жинау, аралық нәтижелерді қадағалау, мақсаттарда және оған қол жеткізуде алшақтық байқалған жағдайда қабылданған шешімдерге түзетулер енгізу болып табылады.

Әдетте саяси шешімдер технологиясын жүзеге асырудың бірнеше негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады: популизм, элитизм, консерватизм, демократизм және радикализм. Осы түрлердің қай-қайсысына да саяси бағытты жүзеге асыруды биліктік реттеудің белгілі бір әдістері, билік пен халықтың арасындағы өзара қарым-қатынас сипаты, билік етудің ақпараттық режимі тән.

Айталық, популизм билік мақсаттарына жетудің негізгі құралы ретінде қоғамдық пікірге апелляция жасай отырып, тікелей халықтың көңіл-күйіне сүйенеді. Сондықтан ол саяси ситуацияларды жеңілдетуге, ал кей жағдайда ұсынылатын қоғамдық мақсаттарды ушықтыруға бағдар ұстауға мәжбүр болады. Билеуші элита халыққа әлдебір үндеу, ұран тастауға тырысады, олардың ойынша оның жүзеге асырылуы қоғамдағы барлық қайшылықтарды жеңуге және табысқа тез жетуді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге популизм жарқын, бірақ іске аспайтын ұрандарды ұсынады. Популизм, әсіресе, харизматикалық басқаруда нақты орын алады. Бірақ, бұл популистік шаралар басқарудың ұтымды әдістерін қолдайтын демократиялық, сондай-ақ басқа режимдерде де саяси бағыттың құрамдас бөлігі бола алады.

Элитизм саяси элитаның мүмкіндіктеріне сүйенуге бағдар ұстайды. Элитизмнің басты ерекшелігі – азаматтардың шешім шығаруға ғана емес, оған түзетулер беру ісіне белсендірек араласуын тоқтатуға, электоратпен өзара байланысты нығайтатын әр түрлі делдалдық формаларды өрістетуге, жұртшылықтың саяси ақпарат алуының жолын кесуге, саяси шешімдер қабылдаудың барлық кезеңінде де оның жүзеге асырылуы және орындалуы механизмін жабық күйінде ұстауға бағыт алуы болып табылады.

Консерватизм орнықты құндылықтарды арқау етеді. Билік қызметінің консервативтік саясаты кезінде мемлекеттік билік органдарының құрылымы мен функциясын, саяси реттеудің дәстүрлі формалары мен әдістерін сақтауға нұсқау беру басымырақ орын алатын болады. Басқарудың мұндай әдістері азаматтардың аталған қоғамда сақталатын және құрметтелетін құндылықтар мен идеялдар жолымен жүруін қолдайтын тұрақтандырылған саяси режимдерге тән болып келеді. Бұл, сөз жоқ, патриоттық көңіл-күйді күшейтеді және қоғамдық және саяси организмдердің тұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді.

Әдетте бұған қарама-қарсы нәтижелер беретін радикализм болып табылады. Радикализм реформалауды жеделдетіп жүргізуге бағыт ұстайды. Ол қатаң және ымыраға (келісімге) келмейтін механизмдерге сүйеніп жұмыс істейді. Радикализм саяси басқарудың формасы ретінде қоғамда азаматтық келісім, тәртіп орнатуға және халықтың тұрмысын жақсартуға сирек үлес қосады[134]. Революциялық режимдердің басқаруының негізгі әдісі – зорлық-зомбылық болып табылады. Ол билікті қайта құрудың жойқын қаруына айналдырып, азаматтардың жаппай қырылуына әкеліп соғады.

Ғаламдық келешек мақсаттар үшін адамдардың маңызды құқықтары мен мүдделерін елемейтін радикализмнен гөрі, демократизм азаматтардың нақты қажеттіліктері мен тілектерін, олардың ажырамас құқықтары мен бостандықтарын бағдарда ұстайды. Сонымен бірге, демократизм көпшілік халықтың пікіріне арқа сүйейді. Сонымен қатар демократизм шешімдерді мәмілеге келушілік механизмдеріне сүйеніп жүзеге асырады. Қарапайым азаматтар мен элитаның арасындағы өзара жауапты қарым-қатынас атмосферасын өрістете отырып, демократиялық саясат билікпен ынтымақтасуға ниеті бар адамдардың сеніміне ие болуға тырысады. Сайлау циклдарының құқықтық процедурасын, билікті бөлу принциптерін, оппозициямен өркениетті қарым-қатынасты сақтау, әдетте, саяси басқару арсеналынан қатаң әлеуметтік мәжбүрлеу құралын ығыстырып шығарып, азаматтардың өзіндік тәртібі мен өз ықтиярынсыз көну механизмін кеңейтеді. Сондай-ақ субъективті саяси шешімдер қабылдаудың мүмкіндігін азайтуға септесетін кейбір талаптарға назар аударуға тура келеді. Олардың ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады: мақсаттылық, дер кезінде әрекет ету, жүйелілік, реализм, ғылыми негізге сүйенушілік. Осы және басқа да талаптарды сақтағанда ғана саяси шешімдерді жүзеге асыру саяси қызметтің тиімділігін қамтамасыз етеді, саяси тұрақтылықты және қоғамның тұтастығын нығайтуға қызмет қылады.

Саяси шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру технологиялары басқару және саяси жанжалдарды бақылау технологияларымен тікелей байланысты екендігін анықтаған жөн.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2822 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2153 - | 2108 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.