Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәрістер, практикалық сабақтар, СОЖӨЖ, СӨЖ- дің тақырыптық жоспарлары




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

ПӘН: МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ

ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА

МАМАНДЫҒЫ – ҚОҒАМДЫҚ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

КАФЕДРА: МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ

ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

КУРС: 1

АЛМАТЫ, 2012 ЖЫЛ

 

 

МАЗМҰНЫ

1. СИЛЛАБУС ………………………..…………………………………….3

2. ДӘРІСТІК КЕШЕН…...…………………….……………....................26

3. ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАРЛЫҚ) САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.............................................................45

4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР…........................................................70

5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР............................................................93

6. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ЖОЛДАРЫ………………………………….124

 

СИЛЛАБУС

 

 

Молекулалық биология және медициналық генетика пәні бойынша МВМG 1211

 

 

мамандығы 5В 110200 - қоғамдық денсаулық сақтау

кафедра молекулалық биология және генетика

 

Курс - бірінші Семестр - бірінші

 

 

Дәрістер – 10 сағ.

 

 

Практикалық (семинарлық) сабақтар – 20 сағ.

 

 

Студенттердің оқытушының

жетекшілігімен өзіндік жұмысы (СОЖӨЖ) __ 14_ сағ.

 

 

Барлық аудиторлық – 44 сағат (2 кредит)

 

 

Аудиториядан тыс өзіндік жұмыс (СӨЖ) – 46 сағ.

 

Бақылау формасы – емтихан

 

 

Алматы, 2012 ж.

 

Профессор, м.ғ.д. Қуандықов Е.Ө., аға оқытушы. Тарақова Қ.А. молекулалық биология және генетика бойынша силлабусты жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырды, кафедра отырысында талқыланып бекітілді, 2012 ж., № 15 хаттама «12» сәуір. Техникалық жұмысты орындаушы оқытушы Қ.Е. Жүзжан.

 

 

Кафедра меңгерушісі, профессор Қуандықов Е.Ө.

 

1.1. Жалпы мәліметтер:

1.2 Жоғары оқу орнының аты: С.Ж. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университеті

Кафедра: молекулалық биология және генетика

1.3 Пән: “Молекулалық биология және медициналық генетика”,

пәннің коды MBMG 1211

1.4 Мамандық: 5В 110200 - қоғамдық денсаулық сақтау

1.5 Оқу сағаттарының көлемі (кредит) – 90 сағат (2 кредит)

1.6 Курс және оқу семестрі – 1 курс, 1 семестр

1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Аты жөні Ғылыми дәрежесі Қызметі Приоритетті ғылыми бағыттары, жетістіктері Кафедра қызметкерлерінің e –mail
  Қуандықов Есенгелді Өсербайұлы Медицина ғылымының докторы профессор, кафедра меңгерушісі генетика Kuandykov@inbox.ru
  Нұртаева Құрманкүл Салиқызы Медицина ғылымының кандидаты доцент паразитология Nurtaev@lenta. ru Tamabek@mail.ru
  Әлмұхамбетова Светлана Қадырқызы Биология ғылымының кандидаты доцент паразитология almuhambet.s @gmail.com
  Жұмашева Рахима Тажибайқызы Биология ғылымының кандидаты доцент радиобиология Jumasheva.r @gmail.com
  Нұралиева Ұлмира Әуезханқызы Медицина ғылымының кандидаты доцент генетика, радиобиология nua.ulmira@mail.ru
  Тарақова Құралай Ақылбайқызы     аға оқытушы   -
  Нүрпеисова Индира Көбетайқызы   оқытушы   -
  Құлықбаева Айгүлсім Рыздыққызы   оқытушы   -
  Қақышова Гүлзада Тұрсынбекқызы   оқытушы   -
  Танеева Гүлжан Төлембекқызы   оқытушы   gulzhan_taneeva@ mail.ru
  Кыдырбаева Асем Қияшқызы   оқытушы   asem.kydyrbaeva@ mail.ru
  Жүзжан Құралай Ермакқызы   оқытушы   Kuralay_80/
  Жұмағұл Мөлдір Жақыпжанқызы   оқытушы   abaikyzy_zh@ mail.ru
  Қашағанова Жазира Абайқызы   оқытушы   zhmoldir_kz@mail.ru
  Аубакирова Айман Бабағұмарқызы   стажер   Aiman2010-2011@mail.ru

 

1.8 Байланыс ақпараты:

Аудиториялық корпусқа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты уақытша кафедраның мекен-жайы: Мәуленова 71 көшесі

жұмыс тел: 292-23 -61.

1.9 Пән саясаты:

- сабаққа кешікпеу;

- себепсіз сабақ жібермеу;

- жібірілген сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта өтеу;

- оқу процесіне белсенді қатысу;

- практикалық сабақтың барлық тапсырмаларын орындау және альбомға талапқа сай жазу;

- СӨЖ бойынша тапсырмаларды жеткілікті деңгейде орындау және көрсетілген өткізу мерзімінде тапсыру;

- пән бойынша төменгі баллды жинамаған және (рубеждік) қортынды бақылауды тапсырмаған, студенттер емтиханға жіберілмейді;

- сабақтарға және дәрістерге студенттер ақ халатпен ғана жіберіледі.

 

Бағдарлама

Кіріспе

Молекулалық биология - генетика және цитология аралығында пайда болған білім саласы. Молекулалық биология нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың құрлысы мен қасиеттерін, қалыптық синтездерді, генетикалық материалдардың құрылымы мен қызмет атқаруын, сонымен қатар жасушалардың құрылысымен қызметін, жасушалардың өсу, даму, бөліну және тіршілігін жою процестерінің молекулалық негіздерін зерттейді.

Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептері мен дамуын, оларға диагноз қою, алдын алу және емдеудің әдістерін зерттейді.

Медициналық жоғарғы оқу орындарында молекулалық биологияны оқытудың интеграциялық бағыты жасушалардың құрлысы мен қызметінің, гендер экспрессиясының реттелуі мен қалыптық синтездердің, сигнал өткізудің молекулалық негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тіршіліктің қалыпты процесстерін, сонымен бірге көптеген аурулардың себебі болып табылатын оның бұзылыстарын, соның ішінде медициналық генетиканың мәнін құрайтын гендер мен хромосомалардағы мутациялармен байланысты тұқым қуалайтын ауруларды түсінуге қажет. Студенттерге бірінші курстан бастап фундаменттік бағытта білім беру олардың клиникалық ойлау дағдыларын қалыптастырады. Студент молекулалық биология мен медициналық генетиканы оқу барысында тіршілік процестерінің молекулалық және жасушалық құрылымының бұзылуының механизмдерін, және олардың патологиялық жағдайлардың қалыптасуы мен жарыққа шығуындағы рөлін таниды.

Бұл биохимия, гистология, физиология, патологиялық физиология, микробиология және фармакологияны оқып білу үшін теориялық базаны қалыптастырады.

 

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерде ағза қызыметінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, генетиканың және экогенетиканың негіздері, олардың тұрғындардың денсаулығын сақтаудағы рөлі туралы қазіргі заманға сай білімді қалыптастыру.

2.3 Міндеттері:

· адамның өмір сүру ортасын сауықтыру және гигиеналық және медико-профилактикалық шараларды жүргізу үшін ағзаның қалыпты және патологиялық жағдайдағы қызметінің молекулалық генетикалық және жасушалық механизмдерінің рөлі туралы түсінік қалыптастыру;

 

· қазіргі кездегі молекулалық - генетикалық әдістер мен технологиялардың теориялық және тәжірбиелік медицинада қолдануларының негізгі принциптері туралы түсінік қалыптастыру;

 

· аса кең таралған тұқым қуалайтын және экогенетикалық ауруларға диагноз қою және алдын алу үшін тұқым қуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін танып білуге үйрету;

 

· салауатты өмір сүру және қоршаған ортаны қорғау принциптерін жүзеге асыру үшін молекулалық –генетикалық зерттеулерді жүргізудің этикалық, құқықтық және гигиеналық нормалары жайлы түсінік беру;

 

· ғылыми әдебиеттер және тұқым қуалайтын аурулар бойынша электрондық база мәліметтерімен жұмыс істеуге үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі қажет:

Білімді қалыптастыру:

· студенттерде ағза қызметінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, тұқым қуалау материалдың құрылымдық-функционалдық күйінің молекулалық деңгейі (ДНҚ) туралы білімін қалыптастыру.

· студенттерде тірі жүйедегі тұқым қуалау ақпаратының берілу бағыттары және механизмдері, олардың тірі ағзалардағы қалыпты және патологиялық жағдайындағы қызметінің рөлі мен маңызы туралы заманауй білімдерін қалыптастыру.

· студенттерде тұқым қуалау ақпаратының жүзе асырылуының молекулалық-генетикалық механизмдері туралы білімін қалыптастыру.

· студенттерде тұқым қуалау материалының гендік, хромосомалық және геномдық деңгейлердегі структуралық - функциональдық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру.

· студенттерде тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болу себептері мен механизмдерін және олардың адамның туқым қуалайтын патологиялары мен дамудың туа біткен ақаулықтарының қалыптасудағы ролі және алдын алу туралы білімдерін қалыптастыру.

· студенттерде ағзаның дәрілік препараттарға реакцияларынының тұқым қуалайтын полиморфизмінің негізгі молекулярлық-генетикалық және жасушалық механизмдері жайлы білімді қалыптастыру.

· студенттерде мутагендік және канцерогендік фактролармен ластанған, қоршаған орта өзгеруінің тұрғындардың генетикалық саулығына әсері туралы білімді қалыптастыру

· физикалық және химиялық факторлармен қоршаған ортаның ластануынан, арнайы аурулардың

(экологияға тәуелді аурулар) даму механизмдері мен себептерін ашу

· халықаралық тілде молекулалық - биологиялық және генетикалық терминдерді білу

құқықтық аспектілерді білу.

Үйрену тиіс:

· молекулалық – генетикалық процесстер жайлы білімді денсаулықтың қалыптасуында факторларды бағалауға және қалыпты және патология жағдайларында қорғаныстық-бейімдеушілік процесстерінің реттеуін және өздігінен реттелуін түсіндіре білуге;

· адамның негізгі, кең таралған тұқым қуалайтын және экогенетикалық ауруларын танып білуге;

· хромосомалардың әртүрлі типтерін ажыратуға, адамның қалыпты және патологиялық кариотиптерін анықтай білуге;

адамның тұқым қуалайтын ауруларын болжауда генеалогиялық әдісті пайдалана білуге;

· арнайы анықтамалық материалды, молекулалық-биологиялық және генетикалық терминдерді, мәліметтердің электрондық –генетикалық базасын пайдалануға және т.с.с.

 

Дағдылануы тиіс:

· когнитивті (білім), коммуникативтік, практикалық, құқықтық дағдыға және өзін-өзі жетілдіруге дағдылану қажет.

 

2.5 Реквизитке дейінгі: жалпы биологияның мектептік курсы, органикалық химия, медициналық биофизика.

2.5 Реквизиттен кейінгі: биохимия, гистология, микробиология, қалыпты және патологиялық физиология, фармакология, клиникалық медицинаға кіріспе.

 

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:

Молекулалық биология және медициналық генетиканың міндеті мен мақсаттары, негізгі бағыттары. Молекулалық биология және медициналық генетиканың басқа медико-биолгиялық пәндердің арасындағы орны. Тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуының молекулалық механизмдері. Биомембраналардың құрылысының молекулалық принципі және мембрана арқылы заттардың тасымалдануының механизмдері. Жасушалық цикл және оның реттелуінің молекулалық механизмдері. Генетикалық гомеостаздың бұзылуы және оның адам патологиясында көрініс беруі. Молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері және оның медицинада қолданылуы. Электрондық мәліметтер базалары және биомедициналық сайттар. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының пайда болуының молекулалық-генетикалық механизмдері. Тұқым қуалайтын аурулардың лабораториялық диагноз қою және алдын алу әдістері. Жеке дамудың генетикалық механизмдері. Популяциялық генетиканың негіздері. Экогенетика негіздері.

Дәрістер, практикалық сабақтар, СОЖӨЖ, СӨЖ- дің тақырыптық жоспарлары

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1241 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

2351 - | 2153 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.