Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дегидрогеназалар, өкілдері, каталитикалық әсері, құрылысы




Дегидрогеназалар- субстратты дегидрлеу, яғни сутек атомын бөліп алу арқылы тотықтырады. Өкілдері: 1) пиридиндік ферменттер; 2) флавин-дік ферменттер; 3) кофермент Q немесе убихинон

Пиридиндік ферменттер, құрылысы, каталитикалық әсері, коферментінің химиялық табиғаты.

Пиридиндік ферменттер- коферменттері НАД (никотинамидаденин-динуклеотид) және НАДФ(никотинамидадениндинуклеотидфосфат), екі компонентті күрделі ферменттер. Коферменттің құрамына РР витамині- никотинамид кіреді. Пиридиндік ферменттер екі түрлі формада болады- тотыққан және тотықсызданған. Пиридиндік ферменттер – біріншілік дегидрогеназаларға жатады. Биологиялық тотығу тізбегінде олар бірін-ші болып субстраттан сутекті бөліп алады. Сутек атомдары НАД-ты тотықсыздандырады, оның құрылысын өзгертеді. Тотыққан кезде олар сутек атомдарын ФП-ға береді. НАДФ коферменті биологиялық тотығу тізбегіне қатынаспайды, бірақ сутек доноры ретінде көптеген биология-лық реакцияларға қатысады.

НАД`-тың формуласы:

Флавиндік ферменттер, құрылысы, каталитикалық әсері, кофермен-ттерінің химиялық табиғаты.

Флавиндік ферменттер- коферменттері ФМН(флавинмононуклеотид) және ФАД(флавинадениндинуклеотид), екі компонентті ферменттер. Коферменттерінің құрамына В2 витамині (рибофлавин) кіреді. Пиридиндік ферменттер сияқты флавиндік ферменттер де тотыққан және тотықсызданған күйде болады. Коферменті ФМН флавиндік ферменттер БТ тізбегіне қатысады, олар екіншілік дегидрогеназаларға жатады, себебі сутек атомдарын біріншілік пиридиндік дегидрогеназа-лардан алады. Коферменті ФАД флавиндік ферменттер сутекті тікелей субстраттан бөліп алатындықтан біріншілік дегидрогеназаларға жатады.

ФМН-нің формуласы:

Убихинон(KoQ), химиялық табиғаты, өмір сүру формасы, биологиялық тотығудағы рөлі.

Кофермент Q немесе убихинон тотыққан және тотықсызданған күйде болады. Химиялық табиғаты жағынан ол – изопреннің қалдығымен (10 молекуласы) байланысқан бензохинонның туындысы. Убихинон липофильдік қасиет көрсетеді.Убихинонның апоферменті жоқ. KoQ ФП-ға қарағанда күшті тотықтырғыш, сондықтан ФПН2-ні тотықтыра алады, ол уақытта өзі тотықсызданады. Убихинондағы сутек атомдары 2 протонға және 2электронға ыдырайды.

Убихинонның формуласы:

Цитохромдар, жалпы сипаттамасы, рөлі.

Цитохромдар- екі компонентті ферменттер, коферменттері әртүрлі құрлыстағы гемдер. Гемнің құрамындағы темір ионы валенттігін өзгертіп отырады (Fe2+)------(Fe3+), сондықтан цитохромдар тотыққан(ферри (Fe3+)) және тотықсызданған(ферро (Fe2+) күйде электрондарды БТ-тізбегінде тасымалдайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-02; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1921 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2540 - | 2236 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.