Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Гликозаминглюкандардың химиялық құрамы




Гликозамингликан-дардың аталуы Дисахаридтік бірліктің құрамы Мономерлер арасындағы байланыс Күкірт қышқылының орны
Гиалурон қышқылы β –глюкурон қышқылы және ацетилглюкозамин Β -1,3- гликозидті -
хондроитинсульфат А β –глюкурон қышқылы және ацетилгалактозаминсульфат Β -1,3- гликозидті С4
хондроитинсульфат С β –глюкурон қышқылы және ацетилгалактозаминсульфат Β -1,3- гликозидті С6
хондроитинсульфат В Идурон қышқылы және ацетилгалактозаминсульфат Β -1,3- гликозидті С4
Кератансульфат Идурон қышқылы және ацетилгалактозаминсульфат Β -1,4- гликозидті С2
Гепарин Ацетилглюкозаминсульфат және глюкуронилсульфат α-1,4- гликозидті к С6

 

Гиалурон қышқылы b-1,4-гликозидтік байланыс арқылы құрылған 100 ден 20000-ға дейін дисахаридтер қалдығынан тұратын күрделі қосылыс. Дисахаридтік қалдықтар b-глюкурон қышқылы мен b- ацетилглюкозаминдерден тұратын, b-1,3-гликозидті байланыс арқылы құрылған. Гиалурон қышқылы шыны тәрізді денеде, кіндік бауда кездесіп, патогенді агенттің таралуына жол бермейді. Дәнекер тіндерде кездесіп, өткізгіштігін реттеуге, дәнекер тінінің негізгі цементтеуші заты болып табылады. Гиалурон қышқылы буынаралық сұйықтықта майлау рөлін атқарып, буындардың беттерінің бір бірімен үйелісін азайтады. Митозды жылдамдататын фактор.

Хондроитинкүкірт қышқылы – қысқа тізбекті сульфатталған полисахарид. Молекулалық тізбегінің құрамында 20 дан бірнеше жүзге дейін дисахаридтер қалдығынан тұрады. Дисахаридтік құрамы b-глюкурон қышқылынан және b- ацетилгалактозаминсульфаттан,олар бір бірімен b-1,3-гликозидті байланыс арқылы қосылған. Хондроитинсульфаттар үш түрде болуы мүмкін. Хондроитинкүкірт қышқылы сүйек және шеміршектің тіндерінде минералдануға, кальцилену және фибриллогенез процестеріне қатысып, митозды баяулатады.

Гепарин құрамында күкірт қышқылы бар қысқа тізбекті, дәнекер тінінің міндетті құрамдас бөлігі. Гепариннің мономері дисахаридті қалдық, b-глюкуронилсульфаттан және a-ацетилглюкозаминсульфаттан тұрады. Олардың арасындағы химиялық байланысы a-1,4-гликозидті. Гепарин дәнекер тінінің семіз клеткаларында синтезделеді. Қанның ұю процесінде антикоагулянт және липидтер алмасуын реттеп, антиатерогенді қасиет көрсетеді. Гепарин кейбір ферменттерді активсіздендіреді, мысалы, гиалуронидазаның әсеріне кедергі жасап, капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді, тіндерді гистаминнің артық мөлшерінен босатады. Осы қасиетіне сүйене отырып, гепаринді қабыну процесіне қарсы қолданады.

Протеогликандардың өкілінің бірі гиалуропротеид, молекуласының 2-2,3% белоктан, ал қалған бөлігі гиалурон қышқылынан тұрады. Бұл белок буын аралық сұйықтықта кездеседі.

 

4.Хромопротеидтер, жалпы сипаттама, жіктелуі (гемопротеидтер, пигменттер, магнийпорфириндер).

Хромопротеидтер – боялған күрделі белоктар: жай белоктан және құрамында металы бар простетикалық топтан құралған. Алайда, металдар гемнің құрамында болады. Хромопротеидтердің маңызы зор, кейбір өкілдері фотосинтезге, бүкіл организмнің тыныс алуына, оттегіні және СО2 тасымалдауға, сәуле және түсті ажыратуға, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысып, энергияны бөліп шығарады.

Хромопротеидтер құрамындағы металдарға байланысты үш топқа бөлінеді:

1.Гемопротеидтер, құрамында гемі бар күрделі белоктар.

2. Магнийпорфириндер, простетикалық тобының құрамындағы порфирин сақинасында магний элементі бар зат. Магнийпорфириндердің негізгі өкілі хлорофилл.

3. Пигменттер теріге, шашқа, көзге түс беретін зат. Пигмент құрамы жай белок және меланоидты компоненттен тұрады. Меланоид құрамына кіретін негізгі заты меланин.

 

5. Тыныс алу белоктары (миоглобин, гемоглобин), құрылысы, рөлі.

Тыныс алу белоктарына гемоглобин (Нb) және миоглобин (Mb) жатады.

Миоглобин –жай белоктан (полипептидтік тізбегінде 153 амин қышқылы бар) және простетикалық топ – 1 гемнен тұрады.

Гемінің құрамында темірі бар порфин сақинасынан тұрады. Порфин 3 пиррольды және бір пирролинді сақиналар метин көпіршелері арқылы байланысқан циклды қосылыс (с. 8). Молекулалық массасы 17000 Д.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-02; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 878 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

2447 - | 2243 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.