Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ




С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

АЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

БИОХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

БИОХИМИЯНЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІГІНЕН ОҚЫП-БІЛУІНЕ

АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Бөлім

Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер

АЛМАТЫ, 2009


УДК 577 (075.8)

ББК 28.707.2 я 73

Б 41

 

Оқу құралын С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң биологиялық химия кафедрасының қызметкерлері: профессор С.М.Плешкова, доценттер С.А.Абитаева, С.С.Жакыпбекова, К.Қ.Өмірзақова, С.С.Ерджанова, Л.Г.Колесникова, Д.Ш.Жетпісбай, аға оқытушылар А.Е.Есімжан, А.А.Қырғызбаева, Г.Е.Берганаева, М.Т.Сұлтанова, Г.И.Петрова, Р.М.Абдрахманова, оқытушы Э.Б.Бөрібай құрастырған.

Б 41 1-бөлім: «Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер». Биохимияны студенттердіңөздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. – Алматы, 2009. – 124 бет.

 

Пікір жазғандар:

Э.К.Мухамеджанов – м.ғ.д., профессор, ҚР индустрия және сауда министрлігі «Жұқпалы ауруларға қарсы ғылыми орталығы» АМК фармакология және биохимия зертханасының меңгерушісі.

 

Т.А.Жумакова – м.ғ.к., ҚазҰМУ-ң қалыпты физиология кафедрасының доценті

 

Оқу құралы ҚазММА жанындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша әдістемелік секциясы бекіткен медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған биологиялық химиядан Типтік бағдарлама негізінде жасалған.

22 ақпан 2008 ж. №3а хаттамасы

 

ҚазҰМУ-ң циклдік әдістемелік кеңесі мақұлдаған

«____»___________________2009 ж. №____ хаттамасы

У --------------------

00 (05)-09

 

 

ББК 28.707.2 я 73

ISBN 978-601-246-068-1

Алматы, 2009

 

 

ЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ

АДГ – антидиурездік гормон

АДФ – аденозиндифосфор қышқылы

АКТГ – адренокортикотропты гормон

АЛТ – аланинаминотрансфераза

АМФ – аденозинмонофосфор қышқылы

ACT – аспартатаминотрансфераза

АТФ – аденозинтрифосфор қышқылы

АСҚ –активті сірке қышқылы

ОАФ – оттегінің активті формалары

БТ – биологиялық тотығу

БМҚ – бос май қышқылдары

ГАГ - гликозамингликандар

ГАМҚ – гамма-аминомай қышқылы

ГГТ - гамма-глютамилтрансфераза

ГКС - глюкокортикостероидтар

ГЛП - гиперлипопротеинемия

ГЛЮТ - глюкозаның транспортерлары

ГМГ- гидроксиметилглутарил

ГТФ – гуанозинтрифосфор қышқылы

ГМГ-редуктаза - гидроксиметилглутарил-редуктаза

ГМФ – гуанозинмонофосфор қышқылы

ГПО - глутатионпероксидаза

ДАГ – диацилглицерин

ДАО – диаминоксидаза

ДЙТ -дийодтирозин

ДНК – дезоксирибонуклеин қышқылы

ДОАФ – диоксиацетонфосфат

ДОФА – диоксифенилаланин

ЖМҚ – жоғары молекулалы қосылыстар

ИТФ – инозитолтрифосфат

КА – катехоламиндер

ҚСТ – қышқыл-сілтілі тепе-теңдік

КТ – кальцитонин

КФК - креатинфосфокиназа

ҚСҚ – қымыздық сірке қышқылы

ҚФ – қышқылды фосфатаза

КҚМҚ – көп қанықпаған май қышқылдары

ЛДГ – лактатдегидрогеназа

ЛТГ – лактотропты гормон, пролактин

ЛПЛ – липопротеидлипаза

ЛПТ – липидтердің пероксидті тотығуы

ЛГ – лютеиндеуші гормон

ЛТ - лейкотриендер

ЛХАТ – лецитинхолестеринацилтрансфераза

мРНК – матрицалық РНҚ

МАО – моноаминоксидаза

МЙТ – монойодтирозин

МКС – минералокортикостероидтар

МПС – мукополисахаридоздар

МСГ – меланоцитстимулдеуші гормон

НАД(Н2) – никотинамидадениндинуклеотид – тотыққан (тотықсызданған) формалары

НАДФ(Н2) – никотинамидадениндинуклеотидфосфат – тотыққан (тотықсызданған) формалары

ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі

ПАБҚ – парааминобензой қышқылы

ПЖҚ – пирожүзім қышқылы

ПГ – простагландиндер

ПГо – паратгормон

ПКС – протеинкиназа С

РНҚ - рибонуклеиновая кислота

СОД – супероксиддисмутаза

СПИД - синдром приобретенного иммунодефицита

СРБ – С-реактивті белок

СТГ - соматотропты гормон

СФ – сілтілі фосфатаза

ТАГ - триацилглицериндер

Т4 – тетрайодтиронин

Т3 трийодтиронин

ТТГ – тиреотропты гормон

ТЖЛП – тығыздығы жоғары липопротеидтер

ТӨТЛП – тығыздығы өте төмен липопротеидтер

ТТЛП – тығыздығы төмен липопротеидтер

ТФ – тотығудан фосфорлану

ҮҚЦ – үшкарбон қышқылдарының циклі

УДФ – уридиндифосфат

УДФ-глюкоза – уридиндифосфатглюкоза

УТФ – уридинтрифосфор қышқылы

ФАД(Н2) – флавинадениндинуклеотид тотыққан (тотықсызданған) формалары

ФМН(Н2) – флавиномононуклеотид тотыққан (тотықсызданған) формалары

ФГ – фибриноген

ФГА - фосфоглицерин альдегиді

ФКУ- фенилкетонурия

ФЛ- фосфолипидтер

ФПН2 тотықсызданған флавопротеиндер

ФСГ – фолликулостимулдеуші гормон

ХМ – хиломикрондар

ХСН – холестерин

цАМФ – циклді АМФ

цГМФ – циклді ГМФ

ЦП – церрулоплазмин

ЭДТА - этилендиаминтетраацетат

ЭХ – холестерин эфирлері

Ронк – онкотикалық қысым

GSH – тотықсызданған глутатион

GSSG – тотыққан глутатион


Алғы сөз

 

«Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы» 2006жылғы Білім берудің мемлекеттік стандартына және биологиялық химиядан Типтік бағдарламаға сәйкес жасалған.

Оқу құралына бөлімді оқытудың бағыттық кестесі, тақырыптың аты, пәнді оқу барысында студент меңгеруі тиіс өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен олардың жауаптары, студенттің өзін - өзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер енгізілген.

Ұсынылған оқу құралының басты мақсаты қазіргі уақыттағы биология мен медицинаның іргелі ғылымдарының бірі – биологиялық химия курсын студенттердің өз бетінше оқып-білу дағдыларын дамыту болып табылады. Бұл пән соңғы онжылдықтағы биология, технология, медицинадағы дәуірлік маңызды ашылуларды – генетикалық кодтың және оның экспрессиясын, осының негізінде гендік инженерия мен хирургияның дамуын сипаттайды. Көрсетілген жетістіктер біржасушалы организмде адам организмінің белоктары – инсулин, өсу гормоны, интерферон алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, анықталған генетикалық бұзылыстарды дұрыстауға, сонымен қатар туа пайда болатын генетикалық ауруларды емдеу, антенатальды және ерте постнатальды даму кезеңінде олардың алдын алу шараларын жүргізуде зор мүмкіндіктер береді.

Биологиялық химия мен молекулалық генетиканың арқасында қатерлі ісікті ерте диагностикалау мен оны емдеудің жаңа бағыттарын жасауға мүмкіндік беретін канцерогенездің жаңа теориясы ашылды. Теломерлер мен теломеразаның ашылуы қатерлі ісіктің өсуін реттеу мәселесін шешуге және қартаюды кері шегеруге мүмкіндік береді.

Ұрықтық жасушалардан организмнің жүйелерін клондау, «қосалқы» мүшелер мен тіндерді өсіру, нейротрансмиттер мен биопептидтер көмегімен сананы және есте сақтауды басқару, иммундық тапшылық мәселелерін шешу, мүшелер мен тіндерді қалпына келтіру, бұл – біздің емханаларда жақын болашақта қолданылатын және емдеуді жаңа тұрғыда жүргізудің бағыттары. Дегенмен, білімнің осы аталған шыңдарына жету үшін біздің ағзамызды құрайтын биомолекулалардың құрылысын, қасиеттерін оқып-білуіміз, метаболизмнің мәнін құрайтын молекулалардың сан алуан және таңғажайып өзгерістерін білуіміз, заттар алмасуының реттелу механизмдерін, эндокриндік бездердің гипо- және гиперфункциялары қандай метаболиттік және физиологиялық бұзылыстарға әкеп соғатынын білуіміз қажет. Қанның және организмнің басқа да сұйықтықтары мен тіндерінің биохимиялық құрамын білу олардың патологиялық жағдайдағы өзгерістерін диагностикалау мен оларды түзетуге көмектеседі. Осы аталған жайттар болашақ дәрігердің клиникалық ойлауын қалыптастырудың іргетастарының бірі болып саналады.

 


Биохимияны оқу барысында студенттер:

· жалпы биологиялық және жалпы кәсіптік маңызы бар тірі ағзаның молекулалық негіздері мен қасиеттері туралы, биологиялық эволюция, онтогенез, жасушалық жіктелу, көбею үрдістерінің биохимиялық ерекшеліктері туралы түсінік алуы тиіс. Ауруларды диагностикалау мен емдеудің ғылыми және клиникалық мәселелерін шешуге қазіргі кездегі биохимиялық тұрғыдан қарау негіздері және әр түрлі аурулар кезіндегі патохимиялық өзгерістер мен оларды коррекциялаудың әдістері туралы түсінік алулары тиіс.

· жасушаның құрылымдық ұйымдасуының молекулалық негіздерін, химиялық құрамын, олардың құрамдас бөліктерінің атқаратын қызметтерін, генетикалық ақпараттың берілуінің молекулалық негіздерін, белок биосинтезі мен оның реттелуін, энергияның түзілу және трансформациялану механизмдерін, жеке тіндердің, мүшелердің және тұтас ағзаның функциялары негізінде жатқан метабоикалық үрдістерді білулері керек. Адам ағзасындағы биологиялық сұйықтықтар мен тіндердің негізгі биохимиялық тұрақтылықтарын білулері тиіс.

· метаболизм карталарын, арнайы анықтамалық материалды қолдана алулары керек. Халықаралық стандартқа сәйкес биохимиялық терминдер мен клинико-биохимиялық зертханалық мәліметтерді сауатты түрде талдай алулары тиіс.

· диагностикалық және емдеу мәселелерін шешуде негізгі биохимиялық зерттеу әдістерін ұйымдастыру мен жүргізудің тәжірибелік дағдыларын игерулері керек.

Тәжірибелік дағдылар:

1. Биологиялық сұйықтықтардан белокты ашу және оның мөлшерін анықтау.

2. Тұздалу, электрофорез және хроматография әдістер арқылы белоктарды фракциялау.

3. Зәрдегі белоктың мөлшерін анықтау.

4. Колориметриялық әдіс арқылы қан сарысуынан белокты анықтау.

5. Қан сарысуындағы ферменттердің: АЛТ, АСТ, каталаза, карбангидраза, қышқылдық және сілтілік фосфатаза, дегидрогеназалар мен оксидазалар, ЛДГ және олардың изоферменттерінің активтілігін анықтау.

6. Қалыпты және патологиялық асқазан сөлінің қышқылдылығы мен құрамын анықтау.

7. Сүт қышқылын анықтау.

8. Қандағы холестерин мөлшерін және оның әр түрлі түрлерін анықтау.

9. Қандағы сиал қышқылдарын анықтау.

10. Қандағы жалпы липидтер мен триацилглицериндердің мөлшерін анықтау.

11. Қандағы β- ЛП-ң мөлшерін анықтау.

12. Қандағы билирубиннің мөлшерін анықтау.

13. Қандағы қалдық азоттың мөлшерін анықтау.

14. Қандағы кальций мен фосфаттың мөлшерін анықтау.

15. Қандағы натрий мен калийдің мөлшерін анықтау.

16. Қандағы және зәрдегі креатиннің және креатининнің мөлшерін анықтау.

17. Қандағы және зәрдегі кетон денелерінің мөлшерін анықтау.

18. Зәрдегі индиканды анықтау.

19. Зәрдегі қанды ашу.

20. Зәрдегі фенолпируват пен гомогентизинді ашу.

21. Зәрдегі уробилинді ашу.

22. Әр түрлі объекттердегі С витаминінің мөлшерін анықтау.

23. Сілекейдегі роданидтерді, амилазаны анықтау.

24. Сілекейдің рН-н анықтау.

25. Сүйек тінінің құрамындағы кальций мен фосфаттың тұздарын анықтау.

26. Сүйек тінінің құрамын анықтау.

27. Қандағы цитохром Р450 анықтау.

28. Конъюгаттар мен глюкурон қышқылын анықтау.

 






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-02; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 918 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2357 - | 2221 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.