3. Макроэкономикалық тепе-теңдік.
Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.
Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:
- ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
- жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;
- инфляция мен инфляция қарсы саясат;
- экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
- экономикалық дамудың циклдары;
- ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.
Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.
Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).
Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.
Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ
баға индексі
Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.
ЖҰӨ дефляторы = номинальды ЖҰӨ
нақты ЖҰӨ
Номиналды мен нақты ЖҰӨ арасында айырмашылық бар, тауар бағасының өсуі инфляцияға әкеп соғады. Инфляция мөлшері берілген уақыттағы баға деңгейі өсуінің проценттік мөлшері болып табылады. Экономиканың өсу мөлшері нақты ЖҰӨ-нің өсуінің мөлшері болып табылады. ЖҰӨ-нің өсу себептері:
Ø экономикадағы ресурстар санының өзгеруіне қатысты;
Ø өнім факторының өзгеруінің нәтижелігі;
Ø өнімді өсіруге ыңғайлы ете отырып жұмысты өзгерту.
Тауар мен қызмет көрсетудегі орташа баға пайызының өзгеруін баға индексі дейміз. Индекті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.
Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторымен қатар тұтыну бағаларының индексі есептеледі, яғни тұтыну қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш анықталады:
Тұтыну бағаларының = Ра х Qқ
индексі Рб х Qқ
Мұнда Ра Рб – ағымдағы және базистік жылдың бағалары.
Qқ – тұтыну қоржынына кіретін тауарлардың саны.
Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну тауарлар бағасының индексі арасындағы айырмашылық:
1. ЖҰӨ дефляторына мемлекетте өндірілген барлық тауарлардың бағалары кіреді.
2. ЖҰӨ дефляторына осы елдің капиталы арқылы өндірілген өнімнің көлемі кіреді.
3. Тұтыну баға идексінің есебіне тек қана тауарлар мен қызметтердің белгіленген (шектелген) көлемі кіреді.
Халықаралық статистикада жалпы ұлттық өнімді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады. Екі тәсіл де бірдей болып бағаланады.
1. Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:
- жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;
- кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.
- тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.
- таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.
ЖҰӨ = С+G+І+Х;
Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары;
G – мемлекеттің сатып алуы,
І – жалпы инвестициялар,
Х – таза экспорт.
2. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:
ЖҰӨ =W+R+I+P;
Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы,
R – ренталық төлемдер,
I – жинақ капиталының пайызы (%),
P- фирма мен корпорацияның пайдасы.
ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.
ЖҰӨ өлшемінің негізгі проблемалары:
- кейбір өнім нарықта сатылмағандықтан, дұрыс өлшембйеді. Бұған мемлекет қызметі, ерікті еңбек және өз пайдасы үшін істелген қызмет кіреді,
- тауар сапасын жақсартуды дұрыс есептеу қиынға соғады,
- кейбір операциялар нақты ЖҰӨ-ге қосалқы түрде өлшенеді.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.
ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо
Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.
Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:
ТҰӨ = ЖҰӨ - А