Жетілген бәсеке | Жетілмеген бәсеке | |||
Таза бәсеке | Монополистік бәсеке | Олигополия | Таза монополия | |
Анықтамасы | Нарықта сатушы формалардың саны көп бір-тектес тауар, бірде бір фирма бағаға ықпалын жүргізе алмайды | Нарықта сату-шылардың саны көп, тауарлары әртектес | Нарықта бірнеше ірі фирмалар билік жүргі-зеді. (егерде екеу болса дуополия) | Нарықта бір ғана сатушы билік жүргізеді, бағаға ықпалы өте күшті |
Фирмалардың саны | Өте көп | Көп | Бірнеше | Бірғана |
Тауардың түрі | Біртектес | Әртектес | Жеке дара | Алмастыратыны жоқ біртектес |
Бағаға бақылау | Болмайды | Орташа | Орташа | Мемлекет тара-пынан бақылау болады. |
Салаға кіруге кедергілер | Ешқандай қиыншылық жоқ | Ешқандай қиыншығы жоқ | Салаға кіруге кейбір қиын-шылықтар болады | Кіру өте қиын |
Бағалық бәсеке | Болмайды | Өте жоғары деңгейде болады | Орташа деңгейде болады. | Болмайды |
Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:
1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).
2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.
3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.
Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.
Шоғырланудың бағыттары
Көлденең Тікелей Диверсификация
Бір саладағы ком-паниялардың бірігуі немесе әлсіз кәсіп-орындарды күшпен тартып алу. | Ортақ технология арқылы әртүрлі саладағы фирма-лардың бірігуі. | Технология жағы-нан байланысы жоқ әр түрлі саладағы фирмалардың бірігуі. |
Монополияның ұйымдастыру формалары:
1. Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу
2. Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік.
3. Концерн - бірнеше бағыттағы формалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі.
4. Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі.
Монополияны шектеуге және тыйым салуға монополияға қарсы
заңдылықтар қолданылады.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Бәсеке
Картель
Конгломерат
Концерн
Монополия
Монопсония
Олигополия
Синдикат
Бақылау сұрақтары
1. Нарықтың мәні мен түрлері.
2. Нарықтық механизмнің негізгі элементтері.
3. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері.
4. Жетілмеген және жетілген бәсекелердің сипаттамасы.
5. Көленкелі экономиканың негізгі сипаты.
Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.
Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы
Сыныс заңы. Ұсыныс қисығы