Мәндері басқа өрістердің мәндерін есептеудің нәтижесі болатын өрісті есептелетін өріс (вычисляемое поле) деп атайды. Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана болады. Бастапқы (базалық) кестелерде мұндай өріс жасалындайды және кестенің қарапайым сұратуында өзгертілмейді. Сұрату арқылы деректер базасына қатынаушы кез келген адам деректерге қалауынша манипуляция жасап, нәтижелер ала алады, бірақ та бастапқы (исходные) кестелер барлық қатынаушылар үшін бірдей өзгеріссіз түрде қалады.
Формулада квадрат жақшаға алынған есептеуге қатысатын өріс аттары мен математикалық операциялардыі таңбалары жазылады. Мысалы:
Нәтиже: [Гол] / [Ойын]
Жаттығу жұмыстары:
1-жаттығу. «Сұратуларды жасау және қолдану»
1. Оқытушылар кестесінің негізіндеФамилия, Аты, Әкесінің аты және Қызметі өрістері көрсетілетін таңдамаға қарапайым сұрату жасау.
а) қарапайым сұрату жасау үшін:
§ Деректер базасының терезесінде Запросы бөліміне өтіңіз;
§ Ашылған терезеде <Создать>батырмасын басыңыз;
§ Пайда болған «Новый запрос» терезесінен Простой запрос пунктін белгілеп <ОК> басыңыз;
§ Пайда болған терезедегі Таблицы/запросы жолынан Оқытушылар кестесін таңдаңыз (егер басқа кестелер мен сұратулар жасалынбаса, ашылған тізімде тек осы кестенің аты ғана тұрады);
§ в окне «Доступные поля» терезесінде Фамилия жолын белгілеп, . батырмасын шертсеңіз Фамилия сөзі«Выбранные поля» терезесіне тауысады;
§ осылайша «Выбранные поля» терезесіне «Аты», «Әкесінің аты», «Қызметі» өрістерін ауыстырыңыз. (Мұнда ауыстыру реті (порядок) маңызды, соған сәйкес деректер көрсетіледі);
§ <Далее> батырмасын басыңыз;
§ Задайте имя запроса параметрінің жолында жаңадан Оқытушылар қызметі деп ат беріңіз;
§ <Готово> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранға сұрату нәтижелерінің кестесі шығады.
б) Сұратуды сақтаңыз. Ол үшін саймандар панеліндегі - Сохранить батырмасын шертіп немесе Файл – Сохранить командасын орындаңыз. Енді сұрату терезесін жабыңыз.
2. Параметрлі таңдамаға сұрату жасау.
Оқытушылардың фамилиясы, аты, әкесінің аты және сабақ беретін пәндерін көрсететін параметрлі таңдамаға сұрату жасау керек. Параметр ретінде оқытушының фамилиясын беріңіз және осы сұратуды Гришин деген оқытушыға орындаңыз. Осы параметрлі таңдамаға сұрату жасау үшін:
§ Жоғарыдағы 1-ші пункте жасағаныңыздай Оқытушылар кестесінің мына өрістеріне таңдамаға сұрату жасаңыз: «Фамилия», «Аты», «Әкесінің аты», «Оқитын пәндер».
§ Бұл сұратуға Оқитын пәндер деп ат беріп, <Готово> батырмасын басыңыз.
§ <На экране> батырмасын басыңыз. Сонда экранға сұрату нәтижелері бар кесте шығады.
§ Конструктор режиміне өтіңіз. Ол үшін мына батырманы басып немесе Вид– Конструктор командасын орындаңыз;
§ Условия отбора параметрінің жолында «Фамилия» өрісіне мына тіркесті енгізіңіз (жақшаларды да жазу керек):
[оқытушы фамилиясын енгіз];
§ Сұратуды орындаңыз: саймандар панеліндегі мына батырманы басып немесе Запрос– Запуск командасын орындау арқылы;
Ескерту. Осы айтылған тәсілмен жасалынған сұрату конструктор режимінде бір рет қана орындалады.
Жасалынған сұратуды басқа режимде орындату үшін:
- Запросы бөлімін ашып, керекті сұратуды белгілеп, <Открыть> батырмасын басыңыз.
- Ашылған терезеде Гришин деген фамилияны теріп <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранда Гришин деген оқытушы туралы (оның аты, әкесінің аты, оқитын пәні) деректері бар кесте пайда болады.
- Сұратуды сақтап, сұрату терезесін жабыңыз.
3. Конструктор көмегімен сұрату жасау. Фамилиясы, аты, әкесінің аты, топ номері, пән және пәндер бойынша бағалары көрсетілетін сұратуды Конструктор арқылы жасаңыз. Ол үшін:
§ Сұратуды жасау тізімінен Конструкторды таңдаңыз.
§ Қажет кестелерді (Студенттер, Бағалар, Пәндер) бір-бірден белгілеп, Добавить батырмасын басу арқылы таңдаңыз.
§ Таңдап болған соң Закрыть батырмасын басыңыз.
§ Студенттер, Бағалар кестесінен Фамилия, Аты, Әкесінің аты, топ номері өрістерін, ал Пәндер кестесінен Бағалар, Пән аты өрістерін. таңдаңыз. Ол үшінөрістің атын тышқан курсоры арқылы екі рет шертсеңіз болды немесе тышқан курсорының көмегімен өрістің атын сұрату ұяшығына сүйреп алып барасыз.
§ Бағалар өрісінің астындағы Условие отбора атты жолға 4 Or 5 деп жазыңыз. Саймандар панелінен Леп бегісі! батырмасын басыңыз.
· Сұратуды Успеваемость 1 деген атпен сақтаңыз.
4. Өз беттеріңізбен есептелетін өрісі бар сұрату (запрос с вычисляемым полем) жасап көріңіз. Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.
5. «Жалақы» (Зарплата) өрісін на 20 %. арттыру арқылы жасалынатын «Қосымша» (Надбавка) есептелетін өрісті өз бетіңізбен жасаңыз.
6. Өз беттеріңізбен айқастырылған сұрату жасауды үйреніңіз. Ол үшін Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.
Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
1. «Музыкалық альбом» деректер қорына типтері әртүрлі 3 сұрату жасаңыз.
2. «Емхана» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.
3. «Сабақ кестесі» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.
4. Задайте к базе данных «Компьютерлік салон» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.
5. «Конференция қатысушылары» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.
Бақылау жұмыстары:
1.Сұрату деген не?
2. Сұрату жасаудың қандай тәсілдері бар?
3. Сұратудың қандай типтері бар?
4. Есептелетін өріс (вычисляемые поля) қалай жасалады?
5.Шарты бар сұратуды жасағанда қандай операциялар қолданылады?