Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Негізгі құралдар есебі мен аудиті




Негiзгi құралдар-өндірісте қолдану немесе тауарларды немесе қызметтерді жеткізу үшін, басқа тұлғаларға жалға беру үшін немесе әкімшілік үшін ұсталады;күтiлгендей, бiр жылдан астам уақыт ішінде қолданылатын материалды объектілер.

Негізгі құралдар ретінде мемлекеттік мекеме үшін оларды қолдану тікелей экономикалық пайда әкелмейтін, бірақ басқа объектілерді (қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен қорғауын қамтамасыз ету үшін сатып алынатын негізгі құралдар) қолданудан пайда алу үшін қажет объектілер танылады.
Резервтік жабдықтаудың және негізгі құралдар бір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылатыны күтілетін қосалқы бөлшектері, сондай-ақ тек негiзгi қаражаттардың объектілеріне байланысты қолданыла алатын қосалқы бөлшектер ескеріледі.Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай – ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады.

· Мемлекеттік мүлік туралы.

Дт 2120 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шоты;

Кт 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шоттары;

 

· Жинақталған амортизация сомасына:

Дт 2391«Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шоты

Кт 2300 «Негізгі құралдар» шоттары;

 

· Бір мезгілде: есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша күрделі салымдарды қаржыландырудың сомасын есептен шығару:

Дт 5011 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шоты;

Кт 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін кірістер» шоты

 

· Негізгі құралдарды қайта бағалау (жете бағалау):

Дт 2300 «Негізгі құралдар» шоты

Кт 5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв» қосалқы шоты;

 

· Жинақталған амортизацияны түзету сомасына:

Дт 5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв» қосалқы шоты; Кт-2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» шоты.

 

· Негізгі құралдарды беру:

Дт 2120 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шотының дебеті;

Кт 2300 «Негізгі құралдардың» кіші бөлімі шоттары;

· жинақталған амортизация сомасына:

Дт 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шоты;

Кт 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шоттары;

 

№. Аудитордың іс-әрекетті Ақпараттар көзі
  Баланс көрсеткіштерінің бас кітап деректерімен сәйкестігін тексеру Баланс, бас кітап
  Негізгі құралдардың синтезі және аналитикалық есептердің жүргізудін дұрыстығын тексеру Бас кітап, №12 және №10 журнал ордерлер,негізгі құралдардың тозуы және қайта бағалау сомалары есептеу жөніндегі жасалған кестелер, бастапқы құжаттар
  Негізгі құралдардың сақталу және пайдалану орындарындағы барын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу коммисиясын және материалға материалды жауапты тұлғаны тағайындау жөніндегі және басшысының бұйрығы. Материалды жауапты тұлғамен жасаған шарт, түгендеу тізімдері және салыстыру ведомстары түгендеу актілері, қабылдап тапсыру актілері негізгі құралдардың есебінің түгендеу карточкалары. Негізгі құралдардың түгендеу тізімі, түрған орны пайдалану бойынша карточкалары т.б.
  Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша бастапқы құжаттардың рәсімдеудің дұрыстығын тексеру. Қабылдау, тапсыру актісі (ОС 1) жөнделген, реконструкцияланған және жетілдірілген объектілер қабылдау тапсыру актісі (ОС 2), негізгі құралдардың тізімнен шығару актісі (ОС 3), автокөлік құралдардың шығару актісі. (ОС 4) негізгі құралдардың есебінің түгендеу карточкасы.
  Негізгі құралдарды жіктеуді жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру Техникалық құжаттамалар, ерекшеліктер, жинақтаушы ведомость т.б.
  Негізгі құралдардың бағалаудың және қайта бағалаудың дұрыстығын тексеру   Келісім бағалаудың хаттамасы, сатып алу, сату шарттары, жалдау, негізгі құралдарды қайта бағалауды жасау кестелері, ОСІ, ОС2, ОС6 т.б.
  Негізгі құралдарды кіріске енгізулуінің дұрыстығын тексеру. Техникалық құжаттамалар ОСІ, ОС2, ОС6 т.б. №12 журнал ордерлер, бас кітап
  Негізгі құралдардың тозу есебін есептеудің және көрсетудің дұрыстығын тексеру Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, негізгі құралдардың тозуын есептеу жөніндегі жасалған кестелер нормативтік құжаттар №10 журнал ордерлер, бас кітап.
  Есептеудің және жалдау төлемі шоттарында көрсетілуін негізгі құралдардың жөніндегі операцияның дұрыстығын тексеру Жалдау шарттары, жалданған "Ұзақ мерзімге жалданған" негізгі құралдардың есебінің карточкасы ОС 12-а
  Негізгі құралдардың шығарылу есебін көрсетудің дұрыстығын тексеру ОС 1, ОС 3, ОС 4, ОС 6, шарттар ағымдағы түгендеу нәтижелері №12 журнал -ордерлер, бас кітап.

 

Негізгі құралдардың сақталуының, пайдаланылуының және есебінің аудитінің барысында аудитор:

v негізгі құралдардың нақты бары мен сақталуын бақылау мен қамтамасыз етілгенін;

v заттардың негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғанын және олардың пайдалану мақсатына, сипатына, заттық нысанына, меншіктік қатынасына, болмыстық құрамдарына қарай топтастырылғандығын;

v негізгі құралдардың есепте дұрыс бағаланғанын;

v негізгі құралдардың тозуының және жөндеуінің дұрыс құжатталғанын және есепте дұрыс көрсетілгенін;

Материалдық емес актив -бұл ақшалай емес, өндірісте немесе тауарды сатудан немесе әкімшілік мақсатта қолдануға болатын физикалық мәні жоқ актив, сонымен қоса белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандайда бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі дұрыс құжаттамалық ресімдеуді және мемлекеттік мекеме ішінде олардың ауысуы түсімдері мен шығып қалуын есепке алу тізімдерінде уақытылы көрсетілуін, сондай ақ әрбір материалдық емес активтердің сақталуы және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жалпы барлық мемлекеттік мекеменің материалдық емес активтерін есепке алу үшін мынадай қосалқы шоттар арналған:

2710 Материалдық емес активтер

2720 Материалдық емес активтердің жинақталған амортизациясы мен құнсыздануы;

2412 Материалдық емес активтерге күрделі салымдар;

Материалдық емес активтер қозғалысының талдама есебі мемлекеттік мекемеге түскен барлық материалдық емес активтерді есепке алу үшін қолданылады. Нысандар альбомының НОС 6 нысанды материалдық емес активтерді есепке алу түгендеу карточкасында жүргізіледі. Түгендеу карточкасың бухгалетрлік өызмет материалдық емес активтердің әр объектісіне ашады.

Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің кірістелуі

мен шығысталу есебі

Шаруашылық операциялары Дт Кт
Жеткізушілерден ұзақ мерзімді активтердің түсуі 2320-2380, 2710  
Ұзақ мерзімді активтерді бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бағыныштаға мемлекеттік мекемеден алу 2310-2380,2710  
Түскен ұзақ мерзімді активтердің баланстық құнын есепке алу 2310-2380,2710  
Түгендеу кезінде артық шыққан материалдыр мен тамақ өнімдерін есепке алу 2310-2380,2710  
Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептеу   2391,2721
Шығындалған ұзақ мерзімді активтердің баланстық құнын есептен шығару   2310-2380,2710
Шығындалған ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептен шығару 2391,2721 2310-2380,2710
Негізгі құралдарды жоюдан алынған материалдарды құнын кіріске алу    

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-22; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2304 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2350 - | 2305 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.