Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» ұйымдық- экономикалық сипаттамасы




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ

Өндірістік тәжірибеден өту жөніндегі ЕжА11Қ1 топ студентінің

Бухарбай Ақбота

ЕСЕБІ

 

Тәжірибе орны: « Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Тәжірибеден өту мерзімі: 19. 01. 2015

15.04.2015

 

 

Кафедрадан бекітілген тәжірибе жетекшісі:

э.ғ.к,доцент: Баймуханова С.Б __________________

 

Ұйымнан бекітілген тәжірибе жетекшісі:

Бюджеттің орындалуы және бухгалтерлік есеп

секторының бас маманы:Айнақұлов І.А __________________

 

Алматы, 2015 жыл

МАЗМҰНЫ:

 

КІРІСПЕ

I. «Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы..................................................................4

II. «Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есебінің және аудитінің ұйымдастырылуы......................................................................................9

2.1Ұйым капиталының есебі және аудиті.........................................................9

2.2Негізгі құралдар есебі мен материалдық емес активтерінің есебі мен аудиті.......................................................................................................................9

2.3. Инвестициялар есебі мен аудиті..................................................................13

2.4. Қорлар есебі мен аудиті................................................................................14

2.5Ақша қаражаттарының есебі және аудиті.....................................................16

2.6.Дебиторлық берешектер есебі және оның аудиті........................................28

2.7.Міндеттемелер есебі мен аудиті....................................................................20

2.8.Шығындар есебі мен аудиті...........................................................................21

2.9 Табыстар мен шығындардың есебі мен аудиті және қаржылық нәтижені анықтау тәртібі......................................................................................................23

2.10 Жылдық түгендеу........................................................................................25

 

 

III.Қаржылық есептілігі.

3.1.Қаржылық есептілікті құрастыру әдістемесі мен тәжірибесі қолданылатын нормативтері мен стандарттары................................................27

3.2.Бухгалтерлік балансты талдау.....................................................................29

 

Қорытынды...........................................................................................................31

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32

 

Қосымшалар........................................................................................................33

 

 


І. КІРІСПЕ

Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жүмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатыныстардың ахуалына тәуелді.

Нарық жағдайында ұйымның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімд басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Тәжіртбе барысындағы негізгі міндеттірім:

- әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;

- бухгалтерлік есепті жүргізуді үйрену;

- ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы активтердің, еңбек және еңбекақының алғашқы есебімен танысу;

- кірістер мен шығыстардың алғашқы есебі;

- ұйымның қаржылық есептілігі туралы мәліметтерді қарастыру.

 

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

азығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» ұйымдық- экономикалық сипаттамасы

 

Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. «Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) экономика және қаржы саласында дамудың негізгі бағыттарын әзірлеу басшылығын жүзеге асыратын және Қазығұрт ауданында бірыңғай мемлекеттік қаржы саясатын белгілейтін, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттің қаржы басқару саласында үйлестіруді, бақылауды және есепті ұйымдастыру функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органы болып табылады.

Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Мемлекеттік орган егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының актілерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды

Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.
Мемлекеттік орган қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

Егер Мемлекеттік орган заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Міндеттері:
1) аудандық бюджетті жоспарлау және атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, ауданның әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

2) экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
3) Қазығұрт ауданының әлеуметтік – экономикалық даму паспорттарын, Қазығұрт ауданының даму бағдарламасын құрастыруды үйлестіру;
4) Аудандық коммуналдық меншікті жекешелендіру және басқару.
Функциялары:
1) өз құзырлығы шегінде әлеуметтік – экономикалық даму болжамын және Қазығұрт ауданының бюджет параметрлерін әзірлеуді жүзеге асырады;

2) аудан бюджетінің жобасын құрастыру, бюджетке табыстың және салықтың жылдық түсімдерін болжау, жергілікті бюджетке кірістердің түсіміне талдау жүргізу;

3) 3 жылға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің саласында бюджет шығыстарының лимиттерін және бюджеттің негізгі параметрлерін қалыптастыру;
4) үш жылғы кезеңге аудандық бюджетті әзірлеуді, аудандық бюджетті қалыптастыру бойынша бюджеттік комиссияның жұмысы үшін материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

5) аудандық мәслихатқа аудандық бюджеттің жобасын ұсынуды жүзеге асырады;
6) қаржы жылына Қазығұрт ауданының барлық бюджеттік мекемелері бойынша нақтыланған, бекітілген жылдық қаржы жоспарының талдауын іске асырады;
7) бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарламалардың негіздемесіне талдауды, алдымыздағы қаржы жылына және үш жылғы кезеңге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерінің ұсынуына және құрастырылуына бақылауды жүзеге асыру;

8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік комиссияға ұсынған бюджеттік өтінімдері бойынша қорытынды дайындау;

9) жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
10) аудандық бюджетті орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
11) бюджетті орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

12) жоспарлы кезеңге шығыстарының орындалуы және күтілетін бюджет түсімдерінің көлемдерін анықтайтын үдеріс болып табылатын, қолма - қол ақшаны, қолма - қол ақша профицитін (дефицитін) және оны жабу көзінің ағындарының болжамын құрастыру;

13) міндеттер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландыру жөніндегі жиынтық жоспарларды құру, бекіту және жүргізу;

14) бюджет қаражаттар есебінен бөлінген бюджет несиелерін тіркеуді, олардың мониторингі мен есебін жүзеге асыру;

15) бюджетті орындау көрсеткіштерін үнемі және жүйелі түрде жинау, қадағалау және талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;[2]

Мемлекеттік мекеменің миссиясы: Қазығұрт ауданының әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, ауданның даму бағдарламасын іске асыру, аудандық бюджетті орындау, аудандық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті жүргізу және бюджеттік есепті құрастыру, аудандық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу үдерісін үйлестіру.
Кәсіпорынның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштер қолданылады. Олар Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, деңгейін жан-жақты анықтап беруге көмектеседі.

Нарықтық қатынастарға көшу арқылы кез-келген қызметтің жауапкершілігі күшейіп келеді. Осыған байланысты әр кәсіпкер немесе ұйымдар өзінің қолында бар мүмкіншіліктерін ұтымды пайдалану арқылы табысты молайту жолдарын іздеуде. Бұл ізгі ниетке жету үшін тек мақсат қою аз. Ендігі жерде олар қандай мәселе болсада экономикалық тұрғыдан болжап отыруды есептеуді және бағалауды керек етеді. Яғни әркімге экономикалық білім, оның ішінде есеп қажет.

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшірді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.

Йым мүшелері

 

Басқарма басшысы Сапиев Марат.
Мемлекеттік сатып алу және коммугалдық меншік секторының меңгерушісі Алибаев Данабек Нұрмаханұлы
Бюджеттің орындалуы және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы Айнақұлов Ілияс
Бюджеттің орындалуы және бухгалтерлік есеп секторының бас маман есепшісі Алиқұлов Самат Бейбітшілікұлы
Бюджеттің орындалуы және бухгалтерлік есеп секторының меңгерушісі Әшімханов Асқар Әшімханұлы  
Бюджеттік жоспарлау және экономика секторының бас маманы Жумадилов Арман Укибаевич
Бюджеттік жоспарлау және экономика секторының меңгерушісі Едилов Дәуренбек Смагулович.
Бас бухгалтер Тасполтаева Айнұр

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-22; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1678 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2350 - | 2305 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.