Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Параграф. Орман (ландшафтты) өрттерiн сөндiру




313. Орман өрттерi оттың кең көлемге тез таралуымен, қалың түтiнденуiмен және көп жылу бөлуiмен сипатталады.

Орман өрттерiнiң:

үстiңгi;

төменгi түрлерi болады.

314. Әдетте, орман өрттерiн барлау, жердi бiлетiн тұлғалардың және орман шаруашылығы мамандарының ерiп жүруiмен ӨСЖ-ң сенімдіжәне шапшаң қозғалысын қамтамасыз ететін өрттің барлық майдандары бойынша өртті сөндіруге арналған көлік құралдарымен жүргiзiлуi тиiс.

Барлаудың аяқталуына және өрт сөндіру жоспары туралы шешімнің қабылдануына дейін жеткен күштер мен құралдар өрттің таралуын уақытша тоқтату үшін аса қауіпті деген учаскелерде осы күштер мен құралдардың орналасқан жерінің маңында пайдаланады.

Елді мекен, мекемелер мен кәсіпорындар, демалу және адамдардың болуы мүмкін аумақтар, қорықтар, тапсырыстар, құнды егістер жаққа кең көлемдi өрттің шапшаң жайылу жағдайындабарлау және оттың таралуы мен оны сөндiрудiң барысына бақылау картографиялық материалдарды пайдалана отырып, тiкұшақтың, ұшақтың және автокөлiктiң көмегiмен жүргiзiледi.

315. Барлау кезiнде:

өрттiң түрi мен көлемiн, жер бедерiн, оттың тарау жылдамдығы мен бағытын, оны сөндiру кезеңiнде өрттi күткендей дамуын, оның елдi мекендерге, ағаш дайындау объектiлерiне, шымтезек алқаптарына таралу мүмкiндiгiн;

өрттiң барынша шапшаң дамуы мүмкiн учаскелерiн (қылқан жапырақты жас ағаштар, орманның қоқысты учаскелерi, өртке қауiптi дақылдар алаңы, ағаш материалдарының уақытша қоймалары, шымтезек алатын жер және т.б.)

отты тоқтатуға мүмкiн болатын кедергiлер және қорғаныс ұйымдастыру үшiн тиiмдi шептер, қарсы отты жіберу үшін тірек жолдары (жолдар, соқпақтар, өзендер, жыралар, бұлақтар, алаңқайлар, дымқылды ойпаттар және т.б.);

өрттi тежеудің және сөндірудің механикаландырылған құралдарын қолдану мақсатында орманның шетiне, өрт шекарасына жақындаудың мүмкiндiгi мен жолдарын;

табиғи су көздерiнiң бар-жоқтығын және пайдалану мүмкiндiгiн;

көлік құралдарының қауіпсіз орындары мен өрттің өршу жағдайында адамдардың қорғану орындарына бару жолдарын.

316. Барлау мәліметтері жергілікті орынның жан-жақты карта-кестесіне түсіріледі.

Карта-кестеде оттың таралу шекарасы мен бағыты көрсетіледі, жел бағыты (көрсету белгісімен), техника және жеке құрамның санымен жауынгерлік учаскенің шекаралары мен нөмірлері, жеке құраммен өрт сөндіру жергілікті штабтың және резервтік техниканың жеке құраммен орналасу орны, жергілікті картата жоқ қосымша бағдарлар, өртті тоқтату үшін қолдануға болатын табиғи және жасанды кедергілер.

317. Ірі орман өрттерін сөндіру кезінде ӨСЖ:

өрт сөндіру штабын ұйымдастырады;

жауынгерлік учаскелердің бастықтарын тағайындайды;

өрт сөндіруге қатысушылармен байланыс ұйымдастырады;

өрттің түрі мен көлемін, өрттің таралу бағдарын, аса қауіпті учаскелерді, жұмылдырылған күштер және құралдардың санын, орналасқан жерін және учаскедегі жеткілігін;

қолда бар өрт сөндіру күштері мен құралдарды учаскелер бойынша бөледі;

көлік құралдарының қауіпсіз жерлерге орналасуын және өрттің өршу жағдайында адамдарға баспана болатын жерге бару жолдарын анықтайды және өрт сөндіруге қатысушыларға мәлімдейді;

ЖУБ-ты құтқарушылардан, десантшылардан, орман шаруашылығы өкілдерінен тұратын тәжірибелі нұсқаушы-жолсеріктермен қамтамасыз етеді.

318. Орман өрттерiн сөндiру кезiнде негiзгi күштер мен құралдарды жағдайға байланысты.:

елдi мекен, пансионат, демалыс үйi;

ағаш әзірлейтін жер;

орман алқабы;

өндiрiстiк және агроөнеркәсiптiк объектiлер жағынан шоғырландыру қажет.

319. Орман өрттерiн сөндiру үшiн мынандай сөндiру тәсiлдерi қолданылады:

үстiңгi өрт жағдайында: оттың таралу жолында өртке қарсы бөлiп тастау орнын (алаңқай) құру және өрттiң даму шапшаңдығын ескере отырып, таңдап алынған ара қашықтықтан қарсы от қою;

төменгi өрт кезiнде: - от сөндiргiш заттарды беру, отты сабалап сөндiру, жанған табандарды топырақпен көму, тiрек белдеуi маңынан орман бұта-шөптерiн жағу (өртеу) және арасандандырылған белдеулер құру;

ормандағы шымтезек өрттерi кезiнде арасанды топыраққа дейiн жыралар қазу, сондай-ақ осы Жарғының 306-310 тармақтарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасау.

320. Орман өрттерiн сөндiруге Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық комиссияныңшешiмi бойынша өндiрiс кәсiпорындарының жұмысшылары, әскери бөлiмдер, Азаматтық қорғаныс құрамалары тартылуы мүмкiн.

321. Электр беру жүйесi өтетiн жерлердегi өрттi сөндiру кезiнде жеке құрамның электр тоғымен зақымдануын болдырмаудың шараларын қабылдау қажет.

322. Оттың таралу жылдамдығына байланысты орман өрттерiн сөндiру кезiнде мына төмендегi тәсiлдердiң бiрi қолданылады:

оттың бүкiл майдан шебiн бiр мезгiлде сөндiру немесе бөлшектеудi құру мақсатында барынша қауiптi ошақтарды қос қапталдан және тылдан бiр мезгiлде сөндiру және олардың жануын одан әрi сөндiру үшiн алаңды ұсақ учаскелерге бөлу. Бұл тәсiлдер үлкен көлдемдегi өрттердi сөндiру және жұмыс күшi жеткiлiктi болған кезде қолданылады;

бiрiншi кезекте тылдағы жануды жел жоқ жақтан сөндiру және қос қапталмен бiртiндеп алға жылжу, от тарағаннан бұрын шапшаң жылдамдықпен өрт майданының шебiне шығу;

екi қапталдағы және тылдағы отты сөндiргеннен кейiн сөндiрудi орман өртiнiң шетiнен бастау (от майданының алдыңғы шебiнен);

өрттiң бастапқы бөлiгiн бiртiндеп шектей отырып, өрттi бiрiншi кезекте екi қапталдан сөндiру;

таулы ормандардың өртiн сөндiру кезiнде, тiрек белдеулерiн сала отырып өртеудi қолдану керек. Төмендегi әлсiз өрттi екi қапталдан қоршап және алға қарай жылжи отырып, арқаға ілмелі орман шашыратқыштарын қолдана отырып шетiнен сабалау тәсiлiмен тоқтатады.

323. Орман өрттерiнiң өршуi кешке және түн кезiнде саябырлайды, ӨСЖ осы кезеңдi белсендi сөндiру үшiн барынша пайдалануы тиiс.

324. Өртеу және қарсы от қоюды мiндеттi түрде орман шаруашылығы өкiлiнiң қатысуымен күндiзгi кезде жүзеге асырған жөн, өртеу алдында ЖУБ өртеу және өрт майданы шекарасының арасында адам қалмағанын тексеруге міндетті.

325.Орман өрттерiн сөндiру кезiнде арнайы ережелердi сақтау қажет:

ӨСЖ, ЖУБ қойған мақсаттарды орындау кезінде жеке құрамға қауіпсіз жерлерді, сондай-ақ от кенеттен өршіген жағдайда осы жерлерге жететін жолдарды көрсетулері қажет;

жұмыс істеп жатқан жеке құрам мен техника оттың қоршауында қалмас үшін ӨСЖ мен ЖУБ оттың бағыты мен оның таралу шапшаңдығын ұдайы бақылап отыруды ұйымдастыру керек;

өртті сөндірумен айналысып жатқан жеке құрам бір-бірін көретіндей қашықтықта болуы қажет, ал, құрамалардан алыстау жерде жұмыс істеп жүрген топтармен ұдайы радиобайланыс және бақылау ұйымдастырылады;

жанбаған тiк қияда (200 артық) өрттiң шетiнен жоғары тұруға болмайды, өрт тез таралатын таудың екi тiзбегiнiң немесе тарамының арасындағы жазықтардың, тік қиялы ойпаттар мен ойықтардың айтарлықтай қауiптi екендiгiн есте сақтау жөн;

үстіңгі өртті сөндіру кезінде оттың құйғындатып тез таралуына байланысты жеке құрам өрт майданынан 250 метр қашықтықтан кем емес жерде орналасуы қажет;

трактор, бульдозер және басқа техникамен бөгет болатын жолақтарды жүргізу кезінде істен шыққан техника мен оның экипажын қауіпсіз жерге жеткізу үшін жұмыс істеп жатқан техниканың жанында сүйреуіш болуы қажет;

жеке құрамның демалу және жатын орны өрттің тежелген бөлігінің (шетінің) шегінен 100 метрден алыс жерде орналасуы қажет және ені 2 метрден кем емес (орманның шетінен 200 метрге дейінгі қашықтықта, жолдарға орман жолдарына жақын жерде) арасандандырылған (жанғыш материалдардан тазартылған) жолақтармен қоршалуы қажет;

жанып жатқан орман алқаптарына түнеуге қатаң түрде тыйым салынады;

өрт кенеттен жақындаған жағдайда, оған бөгет болатын жаңа жолақтарды жасау мүмкіндігін алдын ала қарастыру қажет.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-22; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1399 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

2444 - | 2243 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.