241. Химия, мұнай өңдеу, мұнай-химия және фосфор өнеркәсiбi объектiлерiндегi өрт кезiнде:
қысымда тұрған технологиялық аппараттар, коммуникациялар немесе бiр мезгiлде төгiлген сұйықтар мен алаулардың;
улы булар мен газдардың, материалдардың термикалық шiруiнен уландырғыш өнiмдердiң;
сөндiру үшiн арнайы құралдарды қажет ететiн заттардың болуы мүмкiн.
242. Өрттi барлау кезiнде негiзгi мiндеттердi орындаудан басқа:
технологиялық жабдықтар мен коммуникациялардың жарылу, бұзылу, деформациялау қаупiн;
электр кабелдерiнің жолдары мен бақылау-өлшеу аспаптарының, металл құрылымдардың барын және оларды сақтау мен қорғау жөнiнде қолданған шараларды;
объектiде өрт сөндiрудiң арнайы құралдарының барын, оларды қолданудың мүмкiндiгi мен мақсаттылығын, сондай-ақ от сөндiргiш құралдармен толтырылғаннан кейiн қайта iске қосуды;
жарылыс, күю, улану, күштi термиялық бұзылу немесе агрессивтi құрамын, санын және тұрған орнын, бұл заттарды қауiптi аймақтан көшiру немесе қорғаудың тәсiлдерiн;
ашық ауада сумен, сiлтiлермен, қышқылдармен, от сөндiргiш заттардың барын, тұрған орнын және санын, өрттi сөндiру кезiндегі қауiпсiздiк шараларын;
өрттi сөндiру кезiндегi қауiпсiздiк шараларын;
электр энергиясын, тоңазытатын заттарды, суды, буды, инерттi газдарды өшiрген кезде өрттiң немесе жарылыстың мүмкiн болатын орнын;
технология ережесi бойынша жоғары температураға дейiн қыздырылған аппараттарды, жабдықтарды және құбыр өткiзгiштердi;
техникалық себептермен кенеттен авариялық тоқтатуға мүмкiн емес технологиялық қондырғыларды;
көршi цехқа, қондырғыға оттың өту немесе таралу қаупiн, желдеткiш жүйелерi мен өндiрiстiк коммуникацияларды жабудың мүмкiндiгi мен мақсаттылығы, жанғыш заттарды әкетудiң мүмкiндiгiн, технологиялық аппаратурадағы қысым мен температураны төмендетудi;
ұзақ сөндiру кезiнде өндiрiстiк канализацияның өткiзу мүмкіндігін және цех (қондырғы) аймағынан суды бұрудың мүмкiндiгiн анықтау қажет.
243. Химия, мұнай өңдеу, мұнай-химия және фосфор өндiрiсi объектiлерiнде өрт сөндiру кезiнде ӨСЖ:
өртте жедел штабты құруға;
объектiнiң газдан құтқару және басқа арнайы қызметтермен бiрге адамдарды құтқару шараларын қолдануға;
жанған заттардың сипатын ескере отырып, сөндiру құралдарын қолдануға, өрт сөндiру қондырғыларын, от сөндiргiш ұнтақтарын, көбiктi, арнайы ерiтiндiлердi барынша пайдалануға;
уландырушы заттары немесе газы бар бөлмелерде және ашық алаңдарда, сондай-ақ оған iргелес жатқан аймақтарда жұмыс iстеушi жеке құрамды сол объектідегі ТОЖҚҚ, және қорғаныс киімдерімен қамтамасыз етуге;
көшiрiлетiн заттарды ұстағанда сақтық сақтауға, қызмет етушiлердiң нұсқауларын, сондай-ақ метеорологиялық жағдайды ескеруге:
өрттi сөндiрумен бiрге, жоғары температураның әсерi қауiп төндiретiн ғимарат құрылымдарын және технологиялық қондырғыларды, аппараттарды салқындатуды қамтамасыз етуге;
технологиялық процесс жағдайы бойынша жоғары температурада жұмыс iстейтiн аппараттардың, жабдықтардың, жеке құбыр өткiзгiштердiң су тиюден бұзылу, бүлiну және үзiлуiн болдырмау үшiн бұл аппараттарды, жабдықтарды және құбыр өткiзгiштердi қорғау мен салқындатуды объектiнiң инженер-техник қызметкерлерiмен келiсуге;
каучук немесе техникалық резеңке бұйымдарды сөндiрудiң бастапқы кезiнде суды барынша көп берiп, жанудың қарқыны бәсеңдегеннен кейiн оқпандағы суды көбiкке алмастыруды қамтамасыз етуге;
газды алауды жануын толық тоқтағанға дейiн коммуникацияларды, аппараттарды және құбыр өткiзгiштердi салқындатуға;
алаулық жану кезде температураны төмендету үшiн жану аймағына ол үшiн НРТ қондырылған және т.б. оқпандарды пайдалануға;
жылу ажыратқышты бұзбай аппараттар мен құбыр өткiзгiштердi қорғауға және салқындатуға шашыранды ағындар беруге;
жарылыстар кезiнде болатын жаңа жану ошақтарын сөндiру үшiн сөндiру құралдары бар автокөлiктегi жылжымалы бақылаушыларды және бекеттi қоюға;
жанған сұйықтардың және ерiген заттардың ағуын болдырмау үшiн құмнан, топырақтан, қиыршық тастан бөгеттер құруды қамтамасыз етуге, ал күштi әсер ететiн улы заттар бұлтының қозғалысы алдынан, объектiнiң қызметiн қатыстыра отырып, шашыранды судан перде қоюға;
ұзақ өрт жағдайында және цех (қондырғы) аумағынан суды өндiрiстiк құбырлары арқылы ағызу мүмкiн болмаған жағдайда, апатты жою жөнiндегi жұмыстың жауапты басшысымен бiрге техниканы және қолдағы бар құралдарды пайдаланып, суды басқа жаққа бұруға;
ваккумде жұмыс iстеушi технологиялық аппараттарға апаттың таралуы немесе оттың ауысуынан жарылыс қауiпiн болдырмау үшiн оларды су буымен немесе инерттi газбен толтырып, жиi салқындатып тұруға;
органикалық емес қышқыл немесе күйдiретiн басқа заттар болғанда жұмыс iстеушi жеке құрамды резеңке етiктермен, қолғаптармен, алжапқыштармен объект әкiмшiлiгiнің қатысуымен қамтамасыз етуге;
технологиялық қондырғыларда, аппараттарда, коммуникацияларда және сыйымдылықтарда фосфор шығуымен байланысты өрттердi сөндiрген кезде 5 % мыс купоросымен қосылған көбiктендiргiштiң 2 % судағы ерiтiндiсiн қолдануға;
улы заттар болған кезде объектiнiң медициналық қызметiнiң ұсынысы бойынша өрттi сөндiргеннен кейiн жеке құрамды санитарлық тазалаудан өткiзуге, техниканы тазартуға, жауынгерлік киімді, ӨТЖ және техниканы газдан тазартуға мiндеттi.