Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Параграф. Жауынгерлiк қанат жаю




58. Жауынгерлiк қанат жаю - өрт сөндiрудiң жауынгерлiк тапсырмаларын орындау үшiн шақыру орынына келген өрт сөндіру техникасындайындыққа келтiрудегi жеке құрамның iс-қимылдары.

Жауынгерлiк қанат жаю адамдарды құтқару мен басқа орынға көшiру жөнiндегi жұмыстың қалыпты барысын бұзбауы тиiсті.

59. Жауынгерлiк қанат жаю:

қанат жаюға әзiрлiк;

алдын-ала қанат жаю;

толық қанат жаю кезеңдерінен тұрады;

60. Қанат жаюға әзiрлiк бөлiмнiң өртке келiсiмен, барлаумен бiр мезгiлде жүргiзiледi және оған:

өрт автокөлiгiн су көзiне орналастыру, су жеңiн жалғау және сорғышқа су тарту;

ӨТЖ-ды бекiткен орындарынан алу;

жергiлiктi жағдайға байланысты басқа да әзiрлiк шараларын жүргiзу енеді.

61. Автоцистернаны қанат жаюға әзiрлеу (оны су көзiне орналатпастан):

насосты жұмыс жағдайына келтiруден;

оқпанды жең жолдарын насостың қысым түтiкшесiне жалғастырудан тұрады.

62. Егерде магистралдық жең желiсiнiң бағытын сыртқы белгiлері бойынша анықтау мүмкiн болса немесе келген өрт бөлімшелерін қарсы алуға бөлiнген тұлға көрсетсе, онда шақыру орнына келген бөлiмше алдын-ала қанат жаяды.

Алдын-ала қанат жаюға:

осы Жарғының 60-тармағында көрсетiлген жұмыстарды атқару;

магистралдық жең желiлерiн жүргiзу және тарам қондырғыларын орнату, тарамдарға қысым жеңдерiн, оқпандарды, сатыларды жеткiзу және басқа да өрт сөндiру үшiн қажеттi ӨТЖ енедi.

63. Шақыру орнында (өртте) толық қанат жаю ӨСЖ нұсқауымен, сонымен қатар от сөндiру заттарын беру айқын қажет болған жағдайда өткiзiледi.

Толық қанат жаю кезiнде:

осы Жарғының 62-тармағында көрсетiлген iс-қимылдарды орындайды;

жұмыс жең жолдары жайылатын оқпаншылардың жауынгерлiк шептерін анықтайды;

магистралды және жұмысшы (қайта жабу оқпаны бар болса) жең желiлерiн от сөндiргiш заттармен толтырады.

64. Жең жолдарын жаю және өрттiң ошағына кiру үшiн барлық кiретiн жолдарды, тұрақты сатыларды қолдану керек;

мүмкiндiгiнше адамды көшiрудiң негiзгi жолдарын (көшiру аяқталғанша) бос ұстау;

қысқа, оқпаншылар шебіне ең қолайлы жолдарды таңдау, егер жолдар бөгелген болса командир кедергiлердi алудың шараларын iске асырады (құрылымдарды ашу, бөлшектеу) немесе буынды автокөтергiштiң, өрт сатысының көмегiмен басқа шеп жолдарына шығуды қамтамасыз етедi;

жең жолдарын сақтауды және зақымданудан қорғауды қамтамасыз ету, оның iшiнде жең көпiрiн құру мен жең ұстағыштарын пайдалану арқылы;

жолдан тыс жерге жең тарамын қондыру;

жауынгерлiк iс-қимылдың шешушi бағытына пайдалану үшiн өрт жеңдерiнiң қорын жасау керек.

Жең автокөлiктерiн жең желiлерiн тартуға қолданғанда оны пайдалану Нұсқауына сәйкес жүргiзу қажет.

65. Өрт орнына бiрiншi келген өрт автоцистернасынан жауынгерлiк қанат жаю шешушi бағытқа бiрiншi оқпанды беру арқылы жүзеге асырылады.

Басқа өрт автокөлiктерiнiң қанат жаюы, соның iшiнде арнаулы, оларды пайдалану Нұсқауына және сипаттамасына сәйкес ӨСЖ нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.

66. Жауынгерлiк қанат жаю кезiнде оқпаншылар өз шептеріне қысқа және барынша қауiпсiз жолдармен шығады.

Егер жолдар бөгелген болса, командир кедергiлердi алудың (құрылымдарды ашу, бөлшектеу) шараларын қолданады немесе өрт сатыларының, буынды автокөтергiштердiң және тағы басқалардың көмегiмен басқа да жолдар арқылы шепке шығуды қамтамасыз етедi.

67. Жауынгерлiк қанат жаю кезiнде өрт автокөлiктерi мен ӨТЖ:

келiп жатқан күштер мен құралдарды орналастыруға кедергi келтiрмеуге;

қажеттi учаскелерде, күштер мен құралдарды шапшаң шоғырландыруды қамтамасыз етуге;

жең жолдарының сақталуын қамтамасыз етуге, өрт орнында мүмкiндiгiнше көше қозғалысын қиындатпауға;

резервтегi техникалардың тұрақ орындарын қамтамасыз етуге және басқа өртті сөндіруге өту жолдарына кедергi келтiрмейтiндей болып орналасуға тиiсті.

68. Жауынгерлік iс-қимылдарды қамтамасыз ету үшiн жағдайға байланысты өрт сөндіру қол сатылары, автосатылары және автокөтергiштер қолданылады.

Өрт сатылары өрт өршiген кезде жану аймағында қалмайтындай немесе от бөлiп тастамайтындай етiп орнатылады.

Өрт сатыларын от лаулаған терезеге қарсы орнату су шашумен бiр мезгiлде жүргiзiледi.

69. Өрт сатыларын жаңа бағытқа апарып қою тек онымен көтерiлген жеке құрам бұл туралы хабарланғаннан кейiн және оған қайтар немесе басқа бағытқа өту жолы көрсетiлгеннен кейiн ғана жүргiзiледi.

70. Жауынгерлiк қанат жаю кезiнде және келесi жауынгерлiк iс-қимылда өрт сөндiруге қатысушылардың қауiпсiздiгiн, келген өрт техникасының мүмкiн маневрiн, резервтегi өрт техникасын орналастыруды қамтамасыз ету үшiн өрт орнына өзге тұлғалардың кiруiн, сондай ақ оның төңiрегiндегi аумақта көлiк қозғалысына шектеу немесе тыйым салудың қажеттi әрекеттерi жүргiзiлуi мүмкiн. Iшкi iстер органының тиiстi қызметi келгенше жеке құрам осы әрекеттердi ӨСЖ белгiлеген тәртiппен атқарады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-22; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1667 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

2305 - | 2067 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.