Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Параграф. Негізгі терминдер мен анықтамалар




Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы

Осы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы (бұдан әрі – Жарғы) өрттерді сөндіруді және олармен байланысты бірінші кезектегі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуді (бұдан әрі - өрттерді сөндіру) ұйымдастырудың негізін анықтайды.

Осы Жарғының талаптарын орындау мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының (бұдан әрі - өртке қарсы қызмет)барлық жеке құрамы және басқа да өрт сөндіруге жұмылдырылатын күштер (бұдан әрі - өрт сөндіруге қатысушылар) үшін міндетті болып табылады.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің аварияларды, су тасқындарын, жер сілкіністерін жою кезіндегі және басқа да ерекше жағдайлардағы іс-қимылдары, сондай-ақ олардың басқа қызметтермен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауы арнайы тәлімдемелермен, нұсқаулармен, тапсырмалармен ұйымдастырылады.

Азаматтардың өз еріктерімен өрттерді сөндірулері осы Жарғымен реттелмейді.

 

 

I бөлім. Жауынгерлік іс-қимылдардың негізгі ережелері

Тарау. Жалпы ережелер

параграф. Негізгі терминдер мен анықтамалар

 

1. Өртке қарсы қызмет заңнамада белгіленген тәртiппен елдi мекендердің қоныстандырылған аумақтарында және шаруашылық жүргізу объектілерінде өрт сөндiруге және олармен байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бейімделген.

Өртке қарсы қызметі жеке құрамының негізгі міндеті адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайда оларды құтқару мен көшіру және өртті жұмылдырылған күштер мен құралдардың тактикалық мүмкіндіктерімен белгіленген мерзімде және көлемде жою болып табылады.

2. Өртті сөндіру кезінде:

барлық командирлер мен өрт сөндірушілердің жоғары тактикалық шеберлігі, белсенді, табанды іс-қимылдар, тәртіптілік, ақталған кәсіптік тәуекел;

шешуші бағытты дұрыс анықтау;

шешуші бағытқа күштер мен құралдарды дер кезінде шоғырландыру және енгізу, оларды шебер басқару;

бөлімшелерді соңғы үлгідегі өрт техникасымен, өрт-техникалық құралдарымен қамтамасыз ету арқылы табысқа қол жеткізіледі.

3. Өртке қарсы қызметтің және басқа да өртке қарсы қызметтер мен құрылымдардың жеке құрамы үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленген тәртіппен бекітілген регламенттеуші құжаттардың (тәлемдемелердің, нұсқаулардың, ережелер мен кепілдемелердің) талаптарын орындау міндетті болып табылады.

4. Осы Жарғыда мынадай негiзгi терминдер қолданылады:

авариялық-құтқару жұмыстары – төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, оны шектеу және басу немесе оған қаупі бар жағдайларды мүмкіндігінше ең төмен деңгейге жеткізумен байланысты іс-қимылдар жасау;

жауынгерлiк қанат жаю – жауынгерлiк тапсырманы орындау үшiн күштер мен құралдарды дайындыққа келтiру;

жауынгерлік есептоп – өзара міндеттері бөлінген көлік құралының экипажы;

жауынгерлік іс-қимыл – негізгі жауынгерлік тапсырманы орындауға осы Жарғыда көрсетілген өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын ұйымдасқан түрде пайдалану;

жауынгерлік шеп – адамдарды және мүліктерді құтқару, өрт сөндіргіш заттарды беру, өртте арнайы жұмыстарды атқару үшін тікелей жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізетін өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарының орналасу орны;

газ-түтіннен қорғау қызметі – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару органдарында, өртке қарсы қызметінің бөлімшелерінде, орталықтары мен оқу орындарында ұйымдастырылатын арнайы қызмет. Газ-түтіннен қорғау қызметі өрт сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуді қамтамасыз етуге және тыныс алуға жарамсыз ортадағы авариялардың зардаптарын жоюға арналған;

газ-түтіннен қорғаушы – өртті сөндіру және авариялардың зардаптарын жою бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге дайындалған және аттестатталған өртке қарсы қызметтің қызметкері;

өрт хабарлағыш - өрт туралы дабылды шығарушы жабдық;

өртті жою – жану тоқтатылған және оның өздігінен жану жағдайы жойылған өртті сөндіру сатысы (кезеңі);

өртті шектеу – адамдарға (жануарларға) қауіп төндірмейтін немесе жойылған, өрттің жайылуы тоқтатылған және қолда бар күштер мен құралдардың көмегімен оны жою үшін жағдай жасалған өртті сөндіру сатысы (кезеңі);

өрттің нөмірi (рангі) – шығу кестесiнде өртті сөндiруге жұмылдыратын гарнизонның күштері мен құралдарының құрамы көрсетілген өрт күрделігінің шартты белгісі;

өрт сөндіргіш зат – жануды тоқтатуға жағдай жасауға мүмкіндік беретін физикалық-химиялық қасиеттері бар зат;

өрттiң қауiптi факторы – жарақатқа, улануға немесе адам өлiмiне, сондай-ақ материалдық құндылықтың жойылуына (зақымдалуына) әкелiп соқтыратын өрттiң факторы;

өрттегі жедел штаб – өрт кезінде күштер мен құралдарды басқару үшін өрт сөндіру жетекшісінің уақытша құрған органы;

өрттегi жағдайды бағалау – өрттi барлаудың нәтижесiнде алынған мәлiметтi жинақтау мен талдаудың негiзiнде құрылған қорытынды;

өрттерді сөндірумен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары – адамдарды, мүліктерді, жеке меншікті құтқарудағы және көшірудегі, өрт кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудегі өрт сөндіру қызметінің жауынгерлік әрекеті;

өрт сөндiру жоспары – өршіген өрттi сөндiрудi ұйымдастыру жағдайын болжайтын және негiзгi мәселелерді айқындайтын жедел құжат;

күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспары – ауылдық аудан әкімі бекітетін және өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің, ұқсас қызметтер мен құрылымдардың, шаруашылық объектілерінің, шаруа қожалықтарының өртті сөндіруге жұмылдырылатын күштер мен құралдарының тәртібін және санын ауданның әкімшілік шекарасы шегінде айқындайтын жедел құжат;

өрт кезінде көшiру жоспары – көшiру жолдары мен шығу есіктері көрсетілген, адамдардың жүрiс-тұрыс ережесі белгіленген, сондай-ақ өрт шыққан объектiдегі қызмет көрсетушiлердің iс-қимылдарының тәртiбi мен жүйелiгi көрсетiлген құжат;

өрт – адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану;

өрт қауiпсiздiгi – адамдардың, мүлiктiң, меншiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өрттен қорғалу жай-күйi;

өрт техникасы – өртті болдырмауға, өрістеуіне шек қоюға, сөндіруге, өрттен адамдар мен материалдық құндылықтарды қорғауға арналған техикалық құралдар;

өрт-техникалық жарақтар (өрт жарағы) – мақсатына байланысты нақты өрт сөндіру машиналарына арналған өрт сөдіру жабдықтарынан, қолмен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жабдықтарынан, өрттен қорғану құралдарынан және шағын тетік құралдарынан тұратын жиынтық;

өрт жабдығы – өрт сөндіру коммуникациясының құрамына кіретін жабдық (өрт жеңдері, өрт сөндіру тармақтары, өрт оқпандары, өрт сөндіру бастиектері, өрт гидранттары және т.б.), сондай-ақ осы жабдық пен оның құрамдас бөліктеріне техникалық қызмет көрсету құралдары;

өрт сөндіру бөлімшесі – өртке қарсы қызметтің құрылымдық бірлігі;

өрт сөндіру машиналары – өрттерді сөндіру кезінде қолдануға арналған мотормен жабдықталған құралдар;

өрт сөндіру автомобилі – өрт орнына жауынгерлік есепті, өрт-техникалық жарақты, өрт сөндіргіш құралдарды жеткізуге және оларды өрт ошағына беруге арналған автомобиль;

оқпаншының бағыты – өрттi сөндiру бойынша жауынгерлiк тапсырманы орындау кезіндегі оқпаншының орналасу орны;

өртке қарсы қызмет – белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынығ күштері мен құралдарының, оның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жиынтығы;

өртке қарсы сумен жабдықтау – су тарту мен тасымалдау, оның қорын сақтау және өрт сөндiруге пайдалану үшiн арналған инженерлiк-техникалық құрылыстардың жиынтығы;

жану орнына су беру – өртті жойғаннан кейін жанған құрылымдар мен материалдарды бақылау түрінде бөлшектеу (тексеру) үрдісіне жалғасатын жану орнын салқындату бойынша іс-қимимылдар жасау;

өрттiң өрiстеуi – уақыт пен кеңiстiктегі өрт өлшемдерінің өзгеруi;

бөлiмшелердiң шығу ауданы (бұдан әрі – шығу ауданы) – шығу кестесінде бөлімнің бірінші кезектегі өрт сөндіру бағыты көрсетілген аумақ;

шығу кестесi – қаладағы немесе елді мекендердегі өрттерді сөндіруге гарнизонның күштері мен құралдарын жұмылдырудың заңға және осы Жарғыға сәйкес бекітілген тәртібі;

өрттегi күштер мен құралдар – өрт сөндіру бөлiмдерiнiң жеке құрамы, ерiктi және басқа құрылымдар, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы, байланыс және басқару құралдары, өрт сөндіргіш заттар және өрттегі басқа техникалық құралдар;

өртте адамдарды құтқару – өз бетiмен өрт аймағынан шыға алмайтын және оларға қауiптi фактордың әсер ету мүмкiндiгi туындағанда адамдарды құтқарудың iс-қимылдары;

бөлiмнiң тактикалық мүмкiндiктерi – белгiлi уақыт iшiнде жауынгерлiк тапсырманы орындайтын, техникалық құрылымдармен жарақталған жеке құрамның мүмкiндiгi.

өртті сөндіру – адамдарды, мүліктерді құтқару мен өрттерді жоюға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрттерді сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

өрттегi тыл – жауынгерлiк шепте жауынгерлiк iс-қимылдарды жүргiзудi қамтамасыз ететiн күштер мен құралдар;

өртте күштер мен құралдарды басқару – жағдайды бағалау негiзiнде жауынгерлiк iс-қимылдарды табысты жүргiзу мақсатында өрт сөндіру басшының (өрттегi жедел штабтың) әрекетi;

өртте адамдарды көшiру – адамдардың сыртта немесе оларға өрттің қауіпті факторларының ықпал етуі мүмкін орынжайлардан қауіпсіз аймаққа ұйымдасқан тұрде дербес қозғалу, сондай-ақ халықтың қозғалыс мүмкіндігі шектелген тобына жататын, қызмет көрсетуші персонал жүзеге асыратын өадамдардың өздігінен қозғала алмау үрдісі.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-22; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1206 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2418 - | 2130 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.