Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дара гидроизоляциялық және герметикалық материалдар




Зауыттарда дара гидроизоляциялық материалдар да өндіріледі. Орама және пленкалық материалдардан өзгеше даралық материалдардың өлшемдері кіші болады. Пішініне қарай дара гидроизоляциялық материалдар табақшалы, тақтайша және фасондық болып жіктеледі. Дайындалу кезіндегі қолданылған байланыстырғыштың түріне қарай битумды, асфальтті, битумды-резиналы, полимерлік және пластмассалық гидроизоляциялық материал деп жіктеуге болады.

Гидроизоляциялық жұмыстарды жүргізу кезінде дара материалдарды қолдану жұмыс көлемін азайтуға, жұмысты механизациялау және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Гидроизоляциялық бұйымдардың өлшемдері үлкен және массасы аз болған сайын, гидроизоляциялық жұмыстарды жүргізу оңайлайды.

Битумды армирленген төселімдер қолжетімді және өндіру технологиялыры мен дала жағдайында қолдану оңай материал болып табылады. Олар шыны немсе органикалық матаға (брезент, қаптар) битум сіңіріп, екі жағынан қиын балқитын битум немесе асфальт мастикасын жағу арқылы өндіріледі. Матаға сіңіру үшін 160...1650С дейін қыздырылған БНК 45/180 немесе БНД90/130 маркадағы мұнай битумдары қолданылады. Жабындық қабат үшін бұйымның жұмыс істеу жағдайында төселімнің жылуға төзімділігін қамтамасыз ете алатын битум маркалары қолданылады. Жылуға төзімділігін арттыру үшін жабындық қабаттың екі жағына да минералды ұнтақтарды себуге болады.

Сенімді төселімдер ретінде шыныталшықты астар негізіндегі битумды төселімдер кеңінен қолданылады. Битум төселімдерін желімденетін гидроизоляция үшін және деформациялық саңлауларды тығыздау үшін қолдануға болады. Қарапайым төселімдердің термиялық төзімділігі 500С, ал термиялық төзімділігі жоғары төселімдер үшін 750С кем болмайды, жабын массаның жұмсару температурасы 75...900С аралығында. Ені 5 мм жолақтың үзу кезіндегі беріктігі 30...35 кг, вакумдегі суға қанығуы 0,5% артық болмайды.

Битумды фасонды тақталарды жұмсару температурасы 600С тең ЛБ-500 және ЛБ-600 маркаларда өндіреді. Оларды бірқабатты үйлердің жабындары ретінде және гидроизоляциялық мақсатта қолданады. Оларды 1 м2 массасы 500 және 420 г болған картонды битумды сіңірілетін массамен сіңіру арқылы алады. Жабындық массаның жұмсару температурасын арттыру мақсатында арнайы ұнтақ тәрізді толықтырғыш қосады. Бұндай тақтайшаларды ыстық асфальттік араласпаны престеу арқылы өндіреді. Тақтайшалардың беріктігін арттыру үшін алдын-ала битуммен сіңірілген тақтайларды шыны талшықтармен немесе металл тормен армирлейді.

Асфальт тақталар армирленген және армирленбеген болып жіктеледі. Оларды дайындау үшін құмды асфальтбетонды құрамдардың әр түрі қолданылады. Құрамдағы компоненттердің мөлшері зертханалық жағдайда анықталады:

Битум БН 50/50 немесе БН 70/30...............................................18...18%

Ұнтақ тәрізді толықтырғыш........................................................30...35%

Талшықты толықтырғыш.............................................................1...2%

Дәнінің ірілігі 2 мм құм...............................................................40...45%

Пластификатор..............................................................................0,5%

 

Асфальт тақталары тік бұрышты, бұрыштары тегіс болуы және физика-механикалық сипаттамалары техникалық жобаның көрсеткіштеріне сай келуі тиіс.

Армирленбеген тақталар ұзындығы 800...1000 мм, ені 500...600 және қалыңдығы 10...20 мм тақталар түрінде өндіріледі. Олар біртұтас құйылатын негіздерді судан оқшаулау және саңлауларды бекіту үшін қолданылады.

Армирленген тақталарда арматура ретінде мата немесе картон, металл тор, алдын-ала балқуы қиын битуммен өңделген шыны талшық немесе шыны мата қолданылады. Арматураның екі жағынан да асфальттік гидроизоляциялық мастика немесе балқыма жағылады. Армирленген тақталар гидроизоляциялық қабаттың жоғары беріктігін қамтамасыз ету қажет болған жағдайда қолданылады. Олардың өлшемдері: ұзындығы 1000...2000мм, ені 750...1200мм, қалыңдығы 20...40мм.

Полиэтиленді немесе поливинилхлоридті пластикатты табақшалар – негізінен 1...5мм қалыңдықта өндіріледі. Бұл табақшаларды арнайы желімдердің көмегімен желімдеу немесе дәнекерлеу арқылы қолданады. Полиэтиленді желімдеу үшін битумды-полимерлі балқымалар, УМС-50 мастикасын, ал поливинилхлорид үшін БНД40/60 және БНД 60/90 битумдарын, битум мастикаларын, №88 желімді және ПВХ желімін қолданады.

Резиналы плиткалар. Өндіріс және әкімшілік ғимараттарын салуда қолданылады. Ондай едендер серіппелі, майысқақ болып келеді. Екі қабатты резиналы плиткаларда пайдаланылады. Олардың сыртқы қабаты каучукті – резиналы қоспадан, ал төменгі қабаты битумды композициядан дайындалады. Сондай-ақ құрылыста жұқа, дыбыс оқшаулайтын едендік плиткалар қолданылып жүр.

Құймалы, жапсарсыз едендер. Қолданылған материалдың үш түрі болады: полимербетонды, полимерцементті және поливинилацетатты. Бұндай едендер тегіс, біртүсті және ақаулары болмауы керек.

Поливинилацетатты дисперсия негізінде алынған едендер, әдетте ылғалды жағдайда және тез тозатын жерлерде қолданылмайды, себебі қатайған соң ондай едендер иілгіштігін сақтап қалады. Судың әсерінен поливинилацетатты едендердің беріктігі нашарлайды. ПВА қолданылып алынған едендер бір және екі қабатты болуы мүмкін. Бір қабатты едендердің қалыңдығы 2 – 2,5 мм болатындай етіп төселеді. Егер көрсетілген қалыңдықты қанағаттандырмаса, онда екіқабатты едендердің жалпы қалыңдығын 4 мм болатындай етіп реттейді. Бұндай едендердің төменгі қабаты келесі құрамнан тұрады: байланыстырғыш ПВА (36%), ұнтақты толтырғыштар (54%) және су (5%), ал үстіңгі қабат – ПВА (56%), ұнтақты толықтырғыштар (30%), бояғыш (4%) және су (10%).

Поливинилацетаттың суға төзімділігін арттыру үшін, оған формалин мен тұз қышқылын қосып, 1 сағат бойына 50оС жағдайында ұқыпты араластырады.

Полимерцементті едендерді поливинилацетатты дисперсия мен дивинилстиролды латекстердің, портландцементтің, құмның, ұнтақталған граниттің, пигменттің және басқада қоспалардың негізінде төсейді. Полимерцементті едендер бір және екі қабатты түрде дайындалады.

Бір қабатты құймалы полимерцементті едендердің қалыңдығы 3-4 мм, ал плиталысы 7-10мм болады. Екі қабатты едендердің қалыңдығы 10-14 мм-ге жетеді.

Полимерцементті араласпалардың құрамы:

- төменгі қабат үшін - М 400 маркалы портландцемент – 17-18 %, ПВА дисперсиясы 5-6 %, ұнтақты толтырғыштар – 70 %, бояғыштар (пигмент) 5–6 %;

- жоғары қабат үшін – 400 маркалы портландцемент – 13-14 %, 50 % ПВА дисперсиясы – 5-6 %, ұнтақты толықтырғыштар – 75-80 %;

Массаның жайғасымдылығын қамтамасыз ету үшін араласпаға 45–55 % мөлшерге дейін су қосады. Полимерцементті қоспа еден табанымен өте тығыз байланысады. Үгітілуі мен соққыға шыдамдылығы жағынан олар нормативті құжаттардың талаптарын қанағаттандырады.

Ұнтақты және талшықты толықтырғыштары бар пластмассалар. Ағаш ұнтағын, ұнтақты толықтырғыштарды пигменттер мен фенолформальдегидті шайырды араластырылып карболит алынады. Бұйымдарды дайындау үшін, таблетка түріндегі карболитті ұнтақты пресс – қалыпқа салып, температура 150-180оС және 20-35 МПа қысымда престейді. Карболитті бұйымдар электротехникалық өндірісте қолданылады.

Фенолитті плиталар фенолформальдегидті шайырлар мен поливинилхлоридтің араласпасынан ыстық престеу тәсілімен өндіріледі. Толтырғыш есебінде органикалық ұнтақ қолданылады. Әр түрлі пигменттер араластырылып, түсті бұйымдар алынады. Алынған бұйымдардың өлшемдері 150х150х(4 ÷ 6) мм, орташа тығыздығы 1300 – 1400 кг/м3.

Фенолитті плиткалар бу өткізбейді және агрессивті ортаға шыдамды, еденді төсеуде және тұрғын, қоғамдық, өндірістік ғимараттардың қажет бөлшектерін қаптауға қолданады.

60оС температурада органикалық шыны жақсы майысады және әр түрлі пішін қабылдайды, 120оС өте иілгіш, 160оС тұтқырлы ақпа түрге айналады, ал 300оС жанады. Органикалық шыны табақтарының өлшемдері: ұзындығы 100-135, ені 100-125 см және қалыңдығы 2-ден 25 мм дейін. Оның түрлі-түсті, ахроматикалық және күңгірттенген түрлері өндіріледі. Тығыздығы 1200 кг/м3. Жарық өткізетін қабырғалар мен қалқалы қоршауларды салуда, терезе ойықтарын, жылыжайларды, өндірістік ғимараттарды шынылауда қолданылады.

Винипласты құбырлар құрамында пластификаторы мен арнайы толтырғыштары бар поливинилхлоридті шайыр негізінде өндіріледі. Винипласты құбырлар тотығуға тұрақты, берік және жеңіл. Бұндай құбырлар мұнай мен газ өндірісінде, канализациялық және желдеткіш жүйелерде, агрессивті сұйықтарды, газдарды және химиялық реактивтерді тасымалдау мен сақтауда қолданылады.

Полиэтиленді құбырлар винипласты құбырлардан 1,5 есе, ал болатты құбырлардан 10 есе жеңіл. Тотығуға тұрақты, майысқақ, жеңіл, аязға төзімді. 50 жыл көлемінде пайдалануға болады.

Фаолитті құбырлар фенолформальдегидті шайырлар негізінде өндіріледі. Фаолитке толтырғыш ретінде асбест, графит, кварцты құмдар, ұнтақталған кокс қолданылады. Фаолитті құбырлар химия өнеркәсібінде агрессиялы сұйықтарды тасымалдауда пайдаланылады.

Шыныпластикалы құбырлар полиэфирлі шайырлардан өндіріледі. Құрылыста шыныпластикалы құбырлар қысымсыз жұмыс істейтін жағдайда – желдеткіш каналдарында, ванналарда, қол жуғыштартарда қолданылады. Бұл құбырлар температураға төзімді (150оС жоғары). Гидроқұрылыстың құрылымдарында және химиялық сұйықтарды тасымалдауда қолданылады.

Құймалы бұйымдар. Оларға ірге бастырғыштары, сатының ұстағыштары, жақтаулар мен маңдайшалар, жапсырмалар, саңылау бекіткіштері жатады. Ірге бастырғыштары еден мен қабырға арасындағы саңылауды, ал жақтаулар есік пен терезе және басқада жапсарларды, санитарлық-техникалық бұйымдар мен қабырғалардың арасындағы жапсарларды жабуға қолданылады.

Әр түрлі құймалы бұйымдарды поливинилхлоридтен дайындайды. Бұйымдар бұрандалы шегенің көмегімен оңай бекітіледі. Күрделі ірге бастырғыларда радио мен телефон сымдарына арналған каналдар қалдырылады. Саты ұстағыштарының ақ, көгілдір, көк, қызыл, сұр, қоңыр, қара және басқа да түстері өндіріледі.

Фурилді полимербетондар мен ерітінділерді фурфуролацетонды мономер мен толтырғыштардан дайындайды. Қатырғыш компонент ретінде 1 – 2% бензокүкірттіқышқылды қоспа қолданылады.

 

 

БӨЛІМ.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-07; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 743 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2227 - | 1965 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.