Орама гидроизоляциялық материалдардың екі типі өндіріледі: 1) картонды, маталы, шыныталшықты астарлы орама материалдар; 2) ұнтақ тәрізді және талшықты толықтырғыштармен өндірілетін негізсіз орама материалдар. Орама материалдардың екі түрін өндіруде де сіңірілетін материал ретінде битумды, қара майлы, битумды-полимерлі және басқа да органикалық заттар қолданылады. Жағылмалы және сіңірілетін заттар орама материалдарға су өткізбеу және суға төзімділік қасиет береді. Картонды немесе басқа да негіздерді қолданған кезде, астардың кеуектері мен қуыстары сіңірілетін массамен және негіздің бір немесе екі жағынан жағылмалы материалды жағу арқылы толтырылады. Сонымен бірге соңғысы орама материалдарды атмосфералық және механикалық әсерлерден сақтайды. Астарсыз орама материалдарда сіңірілетін материал әрі байланыстырғыш зат қызметін атқарады және материалға қажетті механикалық қасиет береді. Картонды астарлы орама материалдарда сіңірілетін материал картонның беріктігін 30% дейін арттырады.
Соңғы кезде өндірісте рубероидтың орнына балқытылғын битумды-полимерлі материалдар негізіндегі орама материалдар кеңінен өндірілуде. Оларда астар ретінде шыныматалар, синтетикалық талшықты астарлар қолданылады. Сіңірілетін материал ретінде битум қолданылғанда олар полимерлермен, мысалы бутадиенстиролды каучуктермен немесе полипропиленмен модификацияланады. Сонымен бірге полимерлер негізіндегі астарсыз орама материалдардың өндірісі қарқынды дамуда.
Астарлы орама битумды және қарамайлы материалдар. Орама шатырлық материалдар өндірісінде астар ретінде қолданылатын шатырлық картон, өзін балқыған битум немесе қарамаймен толық қанығуын қамтамасыз ететін жақсы сіңіру қасиеті, сондай ақ белгілі деңгейде үзілуге беріктігі болуы қажет. Ол қалындығы түрліше, ал ені 1000, 1025, 1050 мм өлшемде шығарылады. Сапа көрсеткіштері мен 1м2 картонның массасына қарай шатырлы картон төмендегі маркаларға бөлінеді: А-500, А-400, А-300, Б-350, Б-300, В-350, В-300. 1 м2 картонның массасы неғұрлым көп болған сайын оның үзілуге беріктігі соғұрлым жоғары болады және оған қоса битумды сіңіру қабілеті артып, материалдың сапасы жақсарады.
Шатырлы картонды, мақта мен кендір қалдықтарынан (тоқымалы шикізат қалдықтары) қағаз қалдықтары, целлюлоза және екінші реттік қалдықтардан өндіреді.
Рубероид дегеніміз, шатырлы картонға, жұмсау температурасы 400С-тан төмен болмайтын балқытылған битумды сіңдіріп, жұмсау температурасы 650С-тан төмен болмаған қиын балқитын битум балқымасымен, екі шетінен бүркемелеу арқылы алынған шатырлық материал. Сыртқы бүркемелеу қабатына әдетте минералды толтырғыштарды қосады.
1 – шиыршық, 2 – орау аспабы, 3 – біріктеу аспабы, 4 – картон, 5 – цилиндр, 6 – сіңдіру ваннасы, 4 мен 10 – валик, 8 – қосымша сіңдіру ваннасы, 9 – қаптауға арналған ванна, 11...13 – бункерлер, 14 – суыту барабаны, 15 – орау аспабы.
6.1 сурет – Рубероидты өндірудің технологиялық сызбасы
Рубероидты өндіру технологиясы төмендегідей: Шиыршық оралған құрылыс картонын жазып, тарқатып алып кептіреді. 180-2000С-қа дейінгі қыздырылған, ішінде картонға сіңірілетін жеңіл балқитын битумның балқамасы бар ыдысқа батырып, битуммен қанықтырады. Битуммен қаныққан картон әрі қарай, температурасы 200-2200С-ға дейінгі қыздырылған битум мен толтырғыштар араласпасымен бүркемеленеді. Содан соң материалдың сырт жағына түрлі (ірі түйіршікті, қабыршықты және басқа) түйіршікті, ал төменгі жағына өте ұсақ майдаланған минералды ұнтақты (әдетте талькті) себеді. Осыдан кейін материал салқындатқыш барабандар арқылы өтеді, онда үгінділер сыртқы қабатқа шөгіп, материал салқындайды. Материалды қажетті ұзындықтағы кесінділерге кесіп, рубероидтың маркасына қарай, әрбір кесіндінің ауданы 7,5-15 м2-қа дейін болатындай етіп шиыршықтап орайды. Даналық материалдарды алатын болса, онда керекті пішіндегі табақтарды штамптау станоктары арқылы шығарады. Рубериодты өндіру қондарғысының үлгісі 6.1-суретте келтірілген.
Шиыршықты материалдармен жабылған шатырды, әдетте көп қабатты етіп жасайды. Бұндай шатырлардың әсіресе жоғарғы қабаты әртүрлі атмосфералық әсерлерден бұзылып, бүркемелі сырт қабаттағы битумның «қартаюы» басталады. Рубероидтың сыртқы қабатындағы битумның жылуға, ылғалға және жарыққа (сәуле) төзімділігін арттыру үшін, оған толықтырғыштарды, өте ұсақ майдаланған ұнтақтарды (сланец, доломит, слюда ұны, тальк және 7 сортты асбест) қосады.
Пайдалануына, жеке себілген түйіршіктердің түріне, сондай-ақ 1 м2 шатырлық картонның массасына қарай рубероид 6.1 кестеде көрсетілгендей маркаларға бөлінеді (МемСТ 10923 сәйкес).
6.1кесте - Рубероидтың маркалары мен пайдаланатын жерлері
Рубероидтың маркасы | Аты | Себілімнің түрі | Тағайындалуы |
РКК-500 А РКК-400 А РКК-400 Б РКК-400 В | Ірі дәнді себілімді шатырлық рубероид | Бет жағынан ірі себілімді, астыңғы жағынан тозаң себілімді | Шатырлық жабылымның жоғарғы қабаты үшін |
РКМ-350 Б РКМ-350 В | Майда дәнді себілімді шатырлық рубероид | Екі бетінен де майда дәнді кварц құмы себілген | Шатырлық жабылымның жоғарғы және төменгі қабаттары және құрылыс конструкциясын судан оқшаулау үшін |
РПМ-300 А РПМ-300 Б РПМ-300 В | Майда дәнді себілімді төселетін рубероид | -//- | шиыршықты оралым материалдар мен судан оқшаулау үшін |
РПП-350 В РПП-350 В | Тозаң себілімді төселетін ребероид | Екі бетінен де тозаң себілімді | Шатырлық жабылымның төменгі қабаты мен құрылыс конструкциясын қорғайтын қабаты бар шатырлық жабылымның жоғарғы қабатына қолдануға болады |
РПП-300 А РПП-300 Б РПП-300 В | -//- | -//- | Шатырлық жабылымның төменгі қабаттары үшін |
Р - әрібі рубероид дегенді, К және П –(кровельный и подкладочный) шатырлық және төселімдік, К, М, П, Ч – бетке себілген түйіршіктердің түрлері (ірі, майда түйіршікті, тозаң тәріздес, қабыршықты), ал сандар 1 м2 битум сіңірілмеген, шатырлы картонның массасын (грамм) білдіреді.
1- битум қоймасы, 2 – қысымды реттеуші, 3 – насос, 4 – мөлшерлегіш кран, 5 – араластырғыш, 6 – аккумолятор, 7 – төтенше жағдайда төгетін ыдыс, 8 –түтікшелі пеш, 9 – БНК45/180маркалы битумның шығындалу ыдысы, 10 – циркуляциялық насостар, 11 – қайтару насосы, 12 – 90/30 маркалы битум үшін шығындалу ыдысы
6.2 срет – Рубероид өндіруде битумды сусыздандыру үшін қолданылатын аккумуляторлық қондырғы
Шатырдың жоғарғы қабатында пайдаланатын рубероидтың, төзімділігін арттыру үшін және сыртқы көрінісін жақсарту мақсатында, мұздай рубероидтың бет қырына ұнтақталған тау жыныстарының минералды үгінділерін себеді (ірі түйіршікті немесе қабыршықты себінді, мысалы слюда). Аталған себінділер, күн сәулесін шағылыстырып, материалдың атмосфералық төзімділігін арттырады және оны отқа төзімді етеді.
Өндірісте антисептіктелген рубероидты өндіруде игерілді. Кәдімгі картон негізді рубероидты аз мөлшерде антисептік қосу арқылы, биологиялық тұрақты материалға айналдырады.
Шатырлық картонды жұмсақ (БНК-45/180) балқыған битумда қанықтыру арқылы шатырлық пергаминді дайындайды. Пергаминде сыртқы бүркемелеу қабаты жоқ. Оның екі маркасы шығарылады: П-350, П-300. Оларға сай келетін шиыршық оралым ауданы 20 және 40 м2. Пергаминді рубериодтың астына төселгіш материал ретінде, сондай-ақ ыстық битум мастикасымен бірге, су және бу оқшаулау үшін де қолданылады.
Шынырубероид – пластификацияланған, биологиялық төзімді, қиын балқитын битумды байланыстырғышты, шыны талшықты кеңдірдің екі жағына да жағу арқылы алынатын жаңа шатырлық және су оқшаулайтың материал. Битумның, пластификатордың, антисептиктің және толтырғыштың балқымасынан тұрады. Шыны рубероидтың бет жағы түгел ірі түйіршікті немесе қабыршықты себінділермен, ал оқшаулайтын шынырубероидтың екі беті де, майда немесе тозаң тәріздес себінділермен жабылады. Бет жағындағы себіндінің түріне қарай және тағайындалуына байланысты шынырубероидтың келесі маркалары өндіріледі: шатырлық, ірі түйіршікті себілмелі (С-РК), шатырлы қабыршықты себілмелі (С-РЧ), гидроизоляциялық, екі шетіненде майда немесе тозаң себінді (С-РМ).
Шынырубероидтың қалыңдығы 2,5-0,5 мм, бір шиыршық оралымның ауданы 10±0,5 м2 түрінде шығарады. Шынырубероидтың кәдімгі рубероидпен салыстырғанда беріктігі жоғары, шыны кенапты астарының картонға қарағанда пайдалану мерзімі ұзақ болады.
Шынырубероидтың С-РК және С-РЧ маркалы шатыр төселімнің үстіңгі қабаттарына, ал С-РМ - судан оқшаулап желімдеу үшін және шатыр төселімнің төменгі қабаттары үшін қолданылады.
Соңғы кездерде, кәсіпорындар ғимараттар мен құрылыстың жер асты және беті, сондай-ақ тоннель мен гидротехникалық құрылыс бөлшектерін, жоғары сапалы оқшаулау үшін тағайындалған ауыр шынырубероидты шығара бастады. Ондай рубероидтарды битумды штапельді шыныторға немесе шыныматаға жағу арқылы алады.
Соңғы кезде шиыршықты материалдың бір түрі – балқытылған рубероид өндіру игерілді. Тағайындалуына байланысты балқытылған рубероид шатырлы (маркалары РК-420-0,6, РК-420-10, РК-500-2,0, РЧ-350-1,0) және астарлық (маркалары РМ-350-1,0, РМ-420-0,6, РМ-420-1,0, РМ-500-2,0) болып бөлінеді. Оны шатырлық картонды жеңіл балқитын мұнай битумдарымен қанықтырып, одан соң екінші рет барлық жағын жоғарғы температурада балқитын битум ерітіндісімен бүркемелейді. Балқытылған рубероидты желімдердің жұқаланған төменгі қабатын (битумның массасы 600-2000 г/м2) форсунка жалынымен балқыту арқылы алады. Бұл жаңа материалдың жетістігі, шатырды құрастырғанда қымбат тұратын шатырлық мастикаларды пайдаланбай-ақ оны желімдейді, бұның өзі еңбек өнімділігін 50%-ке өсіріп, шатыр тұрғызу құнын төмендетіп, еңбек жағдайын жақсартады.
Шыныизол дегеніміз шыныкенаптың үстіне екі жақтама битумды-резиналы мастика жабылған шыныторлы жаңа шиыршықты материал. Сыртқы қабаттың едәуір қалыңдығы оны отты форсункамен қыздырып, желімдемей-ақ жағуға мүмкіндік береді, ал жоғары беріктігі, сызаттың жіктері мен үстін тығыздауға жағдай жасайды.
Фольгоизол дегеніміз бір шетінен, көлденеңінен минералды толтырғыш және антисептікті битумды-резиналы байланыстырғышпен жабылған, жұқа бедерлі металл қабыршықтан тұратын екі қабатты материал. Бұл материалды қалыңдығы 0,08-ден 4 мм-ге дейінгі битумды резиналы қабатты ыстық күйінде төсеу арқылы алады. Металл қабыршықтың беті түрлі-түсті, атмосфера әсерлеріне шыдамды, лактар және бояулармен боялуы мүмкін. Фольгоизолдың тұрақтылығы жоғары, су өткізбейді және созу беріктігі де жоғарғы болады (4-15 МПа).
Тағайындалуына байланысты фольгоизол шатырлық және гидроизоляциялық болып жіктеледі.
Фольгоизолды әртүрлі құбырлы өткізгіштерді, құрылыста су мен будан оқшаулауға және шатырды жабуға пайдаланады.
Фольгоизолдан жасалған шатырлардың жұмыс істеу мерзімі жоғары, шиыршық оралым шатырлармен салыстырғанда әсем және де метал қабыршығының жақсы шағылыстыру қабілеттілігінен, аз қызады (қара түсті шиыршық оралым шатырмен салыстырғанда шамамен 200 төмен).
Металлизол-шиыршықты су өтізбейтін және гидроизоляциялық материал. Оның негізі ретінде қалыңдығы 0,05 және 0,1 мм, екі жағынанда битумды мастикамен бүркелген металл қабыршақ пайдаланылады. Металл қабыршығының қалыңдығына байланысты, металлизолдтың екі маркасы бар. МА-550 және МВ-270. Металлизол тұрақтылығы жоғары, созыуға беріктігі жоғары және икемді материал. Оны жоғары беріктіктегі жерасты құрылысын желімдеп, судан оқшаулау үшін қолданады. Металл қабыршақты алюминийден жасайды.
Гидроизол дегеніміз, асбест қағазын, жұмсару температурасы 500С төмен болмайтын мұнай битумдарымен қанықтырып дайындалатын, бүркемеленген биологиялық шыдамды материал.
Асбест қағазының 1 м2 массасы 400 г-нан төмен болмауы тиіс. Гидроизолдың ГМ-Г және ГИ-К (ауданы 20 м2) деген маркалары шығарылады. ГМ-Г маркасын жерасты және басқада құрылыстарды желімдеп, судан оқшаулау, сондай-ақ температурасы 400С-қа дейінгі жұмыс істейтін металды құбыр өткізгіштерді тотықтырмайтын жабын ретінде қолданады. ГМ-Г маркалы гидроизол едәуір майысқақ және созылуға берік, сусіңіргіштігі төмен және су өткізбеушілігі жоғары болады. ГМ-К маркасын (шатырлық) көбінесе тегіс шатырларды судан оқшаулауға қолданады.
Гидроизолда асбест астары болуына орай ол шірімейді, рубероидпен салыстырғанда төзімді болады.
Шатырлық және гидроизоляциялық толь. Шатырлы картонды қарамаймен қанықтыру арқылы алады. Қанықтыру және бүркемелеу қабаты үшін, құрамында улы заттары жоқ, 1300С-тан төмен температурада айырылатын, кәдімгі тас көмірдің немесе сланецтің қарамайлы өнімдерін қолданады. Тағайындалуына, себілу түріне және 1 м2 шатырлық картонның массасына сай келетін тольдің алты маркасы өндіріледі. Құм себілген ТКП-350 және ТКП-400 маркалы тольдер екі шетінен де қанықтырылған массадан тұрады және бүркемелі қабыршығы мен кварцты құм қабаты болады. Оларды шатыр төселімінің жоғарғы және төменгі қабаттарына қолданады.
Ірі түйіршікті ТКК-350 және ТКК-400 маркалы тольдер екі шетінен де қиын балқитын қарамай өнімдерімен қанықтырылған, минералды толтырғыштар араласпасынан тұратын тығыз бүркемелі қабаты бар материалдар. Одан басқа бет жағында ірі түйіршікті, ал төменгі жағында майда түйіршікті немесе тозаң күйіндегі минералды себінділері болады. Олар шатыр жабылымның жоғарғы қабаттарына төселеді.
Гидроизоляциялық бүркемелі қабыршықты ТГ-300 және ТГ-350 маркалы тольдер екі шетінен де қанықтыратын құраммен қабыршықтанып жабылған, бет жағында майда түйіршікті минералды себілімі бар материалдар. Астыңғы жағында майда түйіршікті немесе минералды тозаңмен төселген. Тольдің бұл түрлерін құрылыс конструкцияларын су мен будан оқшаулау үшін және шатыр жамылымның төменгі қабаттарына пайдаланады.