00(06)-2010
ISBN 9965-14-590-3 М.Ж.Қырықбаева, Ж.А.Нұртілеуова
Х.Досмұхамедов атындағы АМУ 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ КАФЕДРАСЫ
ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ
ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
(Жоғары оқу орындарының өзгетілді топтарына арналған)
Көлемі – 6 кредит (270 сағат)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Авторлары:
филология ғылымдарының докторы, профессор З.Ш.Ерназарова
филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Қасым
педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Б. Жақсылыкова
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.А.Мұхамбетқалиева
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.Иманалиева
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.А.Егіншібаева
Абай атындағы ҚазҰПУ – дың доценті Ж.М.Қырықбаева
Пікір жазғандар:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш.Оразбаева
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.А.Шаханова
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу - әдістемелік секциясы ҚҰРАСТЫРҒАН және ҰСЫНҒАН.
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН және ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.
- БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
- Типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес құрастырылған.
- Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Мемлекеттік тіл кафедрасы ұсынған
Бұл типтік бағдарлама Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз таратылмайды.
Алғы сөз
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық даму деңгейі, басқа елдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықта ықпалының артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, өз елінің тарихи құндылықтары тілі мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, ғаламдану үдерісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Мемлекеттік тілді меңгерген білікті мамандарды қалыптастыру оқу мазмұнының міндетті құрамдас бөлгі болуы тиіс.
Бұл жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту мәселесін қайта қарап, еліміздің даму деңгейі мен халықаралық стандарт талаптарына сай құруды талап етеді. Осы уақытқа дейін қазақ тілін оқытуда мектеп пен арнаулы және жоғары оқу орындары арасында сабақтастық болмай, тақырыптық қайталаулар орын алып келеді. Ол тіл үйренушінің қызығушылығын азайтты. Сонымен қатар тіл үйренушілердің бір деңгейден екінші деңгейге жоғарылап, ауысып отыруы назардан тыс қалды. Оқу процесі бастауыш және жалғастырушы топтарда жүргізілді. Сондықтан ЖОО өз мақсаттарына сай болашақ кадрларға мамандық тілін меңгерту міндетін толық орындай алмады.
Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда оқыту деңгейлік, коммуникативті – бағдарлы оқыту әдістемесіне негізделуі қажет. Қазақ тілін оқыту мазмұнын өзгертіп, сапасын арттыру мақсатында бірқатар мемлекеттермен қабылданып отырған Тілдерді меңгертудің деңгейлері басшылыққа алынып отыр. Олардың сипаттамасы төмендегідей:
А1-А2 – негізгі деңгей; В1-В2 – кәсіби бағдарлы деңгей; С1-С2 – мамандық тілі деңгейі:
А1 – Күнделікті қарым – қатынаста өзі туралы, отбасы, университеті туралы айтады, сұрақтар қоя алады, шағын мәтіндерді түсінеді.
А2 - Өзіне қатысты тақырыптар бойынша жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді. Өз елі, тарихи, табиғаты, өзінің қызығушылығы, мақсаттары туралы әңгімелей алады. Осы тақырыптағы мәтіндерді оқып, негізгі ақпаратты түсіне алады.
В1 – Кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойды түсінеді, БАҚ – тағы күнделікті жаңалықтан кәсібіне қатысты ақпараттарға әңгімелесе алады. Болашақ қызметі туралы баяндай алады.
В2 – Мамандығы бойынша таныс тақырыптардағы баяндамалар мен дәрістерді тыңдап түсінеді. БАҚ – тан берілетін өзіне қажетті ақпараттарды толық түсінеді. Тіл иесімен дайындықсыз сұхбаттаса алады. Өз мамандығы бойынша пікірталасқа қатысады, өз көзқарасын дәлелдей алады. Өз саласына байланысты негізгі ұғым, түсініктерді сұхбат барысында қолданады.
С1 – Теледидар, радиодан хабарларды тыңдап, түсінеді. Өз мамандығына байланысты тілдік бірліктерді орынды қолданады. Кәсіби сөйлеу жағдаяттарында қатысымға түседі. Өз саласы бойынша мәтіндерді, ғылыми еңбектерді оқып түсінеді. Хабарлама, жоба т.б. жазғанда ойын мейлінше жүйелі, дәлелді бере алады.
С2 – Тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсінеді. Ғылыми еңбектерді оқып түсінеді. Мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат пен мәліметтерді жаза алады. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіреді. Өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай алады.
Курстың мақсаты – студенттерді күнделікті қарым – қатынас түрлеріне еркін араласып, өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру.
- күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлеу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру;
- әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;
- өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге дағдыландыру;
- теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;
- монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын дамыту;
- қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс – қағаздарды, нұсқауларды оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру;
- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;
- қазақша дұрыс, мәнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру;
- ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай – ақ, кәсіби тілдің қолданылу жағдайларын айыра білуге үйрету;
- белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық – қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру;
- өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру.
Қазіргі таңда ЖОО – дағы қазақ тілі бойынша Республикалық оқу - әдістемелік
бірлестігі оқу топтарын деңгейде төмендегідей бөлуді ұсынады. Оқу жылы басында әр факультет бойынша І курс студенттерінің білім деңгейі тест арқылы анықталып, 3 топқа бөлінеді.
Оқу процесінде әрбір факультеттің І курс топтарында қазақ тілі сабақ кестесіне бір
уақытқа қойылып, (мысалы: сағ: 830 - 920) үш деңгей бойынша бірнеше оқу топтарында бір мезгілде сабақ жүргізіледі. Студенттердің саны мен мамандық түрлеріне қарай топтастыруға болады. Айталық, І курста 200-ге тарта студент болса, 100-ден бөліп, әрқайсысынан 5 топ құрып, осы топтарды сабақ кестесіне қатар қоюға болады. Деңгейлер арасындағы сабақтастықты сақтап, берілген кредит санына қарай нақты нәтижеге жету үшін қазақ тілін төмендегідей оқыту ұсынылады.
І семестр | ІІ семестр | Кредит саны | |
І топ | І негізгі деңгей (А1-А2) | А2-В1 | 6 кредит |
ІІ топ | ІІ кәсіби бағдарлы деңгей (А1-А2) | В1-В2 | 6 кредит |
ІІІ топ | ІІІ мамандық тілі деңгейі А2-В1 | В2-С1 | 6 кредит |
С2 деңгейі магистратура мен аспирантурада оқылады.
Қазақ тілі курсы бойынша тілдік құзыретті қалыптастыруды
қамтамасыз ететін білім мазмұны
Грамматикалық минимум
Негізгі деңгей
Жалғау түрлері, етістіктің шақтары, етіс формасы, етістіктің түрлері, есімше, көсемше, көмекші сөздер, шылаулардың қолданылуы. Құрмалас сөйлемдер түрлері. Сөз мағыналары, омоним, синоним, антонимдердің жасалуы. Тұрақты сөз тіркестері, жасалуы, қанатты сөздер.
Кәсіби бағдарлы деңгей
Көсемшелі біріңғай баяндауыштар, есімшелі үйірлі мүшелер, көмекші етістікті (деп, болса) құрылымдар, біріңғай мүшелі сөйлемдер. Көмекші сөздердің (барысында, ретінде, түрінде және т.б.) байланыстырушы қызметі. Түсіндірмелі, талғаулы салалас құрмалас, мезгіл мәнді (- ғалы, -ысымен), қарсылықты (- ғанмен, -ғанша), салыстырмалы (қалай,... солай), мақсат мәнді (-у үшін, мақсатында) бағыныңқылы сабақтас құрмаластар.
Мамандық тілі
Сөзжасам тәсілдері, терминдердің жасалу жолдары, мәтінді көркемдеуші құралдар, сипаттау, баяндау, дәлелдеу мәнді күрделі фразалық бірліктер.
Қазақ тілі курсы бойынша қатысымдық құзыретті қалыптастыруды
қамтамасыз ететін білім мазмұны
Студенттердің қазақ тілін сөйлесім әрекеті түрлері бойынша меңгеру
іскерліктеріне қойылатын талаптар.
Негізгі деңгей
Негізгі деңгейдің лексикалық минимумы шамамен 12000-1500 сөз.
Тыңдалым бойынша студенттер бейтаныс көлемі: 300-400 сөзден тұратын мәтінді таспадан тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша хабарды түсіне білуі тиіс. Тыңдалым уақыты – 2-2,5 минут және бір рет тыңдалады. Мәтінде 2-3 таныс емес сөз кездесуі мүмкін. Диктордың мәтінді оқу (сөйлеу) қарқыны минутына 170-200 буын.
Диалогқа түсу жағдайында сұхбаттасушы сөзінің мазмұнын мұқият тыңдап, түсінуі және жауап қайтаруға әзір болуы тиіс. Диалог күнделікті және әлеуметтік – мәдени салада қарым – қатынас жасау үшін қажетті тақырыпта болуы мүмкін. Диалог көлемі: 8-10 сөйлемнен тұруы мүмкін.
Оқылым әрекеті бойынша студент мәтінді оқып, мазмұнын және негізгі тақырыбын түсінуі тиіс. Студент мәтін бойынша түсінгенін ауызша айтып, сұрақтарға жауап беруі немесе мәтін бойынша түсінгенін өз сөзімен әңгімелеп бере білуі қажет. Бұдан студенттің мәтіннің мазмұнын түсінген – түсінбегенін және сөздік қорынын ауқымын бірден аңғаруға болады. Мәтіннің түрлері: әңгіме, баяндама, сипаттама, нұсқау, дәйектеме, ауа райы туралы мәлімет, хабарландыру, т.б. Мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады және мазмұнында 3-5 таныс емес сөз кездесуі ықтимал.
Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін тыңдап, сұхбат құра білуі тиіс. Мұнда олардың рухани танымдары тексеріле келіп, осыған таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескертіледі:
Студенттің берілген тақырып бойынша көлемі 400-500 сөзден тұратын мәлімдеме жасау, сұхбат құру, серіктесін қоштау, т.б. бағыттарды білім, білік, дағдысы болуы қажет. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтік сөйлеу болса, айтылым уақыты – 2-3 минут, қарқыны минутына 140-160 сөз болуы тиіс. Монологтік сөйлеуде студент берілген тақырып бойынша байланысты әңгіме құрай білуі, оқыған немесе тыңдаған мәтін бойынша қатысымдық бағытта репродуктивті негізде мәтін түзе құрастыра білуі; мәтінде берілген оқиға, ондағы кейіпкерлерге өз көзқарасын айта білуі тиіс.
Диологтық сөйлеуде айтылым қарқыны – минутына 130-150 сөз. Диологтік сөйлеуде студент мыналарды орындай білуі қажет:
- айтушы әңгімесінің мазмұнын түсіну, өткен тақырыптар бойынша сөйлесе білу;
- диологті аяқтай білу, өзінің ойын айта білу.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын
терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша баяндай білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білген жөн. Мұның өзі студенттің қазақ тілін қалай меңгергенін, оның қазақша сөз байлығының ауқымын көрсетеді. Әрине, жазба жұмысы студенттердің сөздік қорымен ғана емес, сонымен қатар олардың сауатты жазу қабілеті, сөйлемдегі сөздердің нормаға сай байланыстыруы тұрғысынан бағаланады. Жазба жұмысы (эссе - шығарма) 400-500 сөз көлеміндегі мәтінмен берілуі тиіс. Оқиғаны хабарлау, суреттеу, баяндау түріндегі мәтіндер әдеби тіл нормасына сай болуы қажет.
Кәсіби бағдарлы деңгей
Кәсіби бағдарлы деңгейдің лексикалық минимумы шамамен 1300-1600 сөз.
Тыңдалым бойынша студенттер бейтаныс кәсіби бағдарлы мәтінді таспадан тыңдап, ақпараттың мазмұнын, тақырыбын, негізгі идеясын, негізгі және қосымша хабарды толық түсіне білуі тиіс. Тыңдалым уақыты – 3-4 минут және бір рет тыңдалады. Мәтін көлемі: 600-800 сөз. Мәтінде 5-6 таныс емес сөз кездесуі мүмкін. Диктордың оқу (сөйлеу) қарқыны қалыпты, сөйлеу жылдамдығы: 220-250 буын.
Егер тыңдалым диалог арқылы жүзеге асатын болса, онда студент сұхбаттасушының кәсіби тақырып аясында қойған сұрағын, айтқан ойының мазмұнын тыңдай отырып, түсініп, жауап қайтара білуі тиіс. Диалог көлемі: 10-12 сөйлем құрылымнан тұруы мүмкін.
Оқылым әрекеті бойынша студент көлемі 900-1000 сөзден тұратын мәтінді оқып, түсінгенін ауызша айтып, сұрақтарға жауап беруі немесе мәтін бойынша түсінгенін өз сөзімен әңгімелеп беруі қажет. Бұдан студенттің мәтіннің мазмұнын түсінген – түсінбегенін және сөздік қорының ауқымын бірден аңғаруға болады. Мәтіндер кәсіби – іскери, арнайы ресми бағытта оқиғаны хабарлау, мазмұндау, суреттеу негізінде арнайы құрастырылуы қажет. Мәтін мазмұнында 8-10 таныс емес сөз кездесуі ықтимал.
Кәсіби мәтінді оқу барысында студент мыналарды орындай білуі қажет:
- оқудың әр түрлі стратегияларын қолдана білуі;
- мәтіннің тақырыбын анықтап, оның негізгі идеясын түсіне білуі.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын
терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн. Мұның өзі студенттің кәсіби қазақ тілін қалай меңгергенін, оның қазақша сөз байлығының ауқымын көрсетеді. Шығарма – эссе көлемі - 600-700 сөзден тұруы тиіс. Студент сонымен қатар кәсіби тақырып бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет. Егер студент кәсіби тақырыпта реферат жазатын болса, мәтіннің ауқымы 5-8 бет, аннотация немесе іскерлік қағаз үлгілері – 0,5-0,8 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы 2-3 бет болуы тиіс.
Айтылымда студенттер өздеріне ұсынылған кәсіби бағыттағы тақырыптардың біріне сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі:
- берілген тақырып бойынша студент байланыстырып, еркін сөйлеу білуі қажет;
- мамандығы бойынша тыңдаған немесе оқыған мәтіннің, естіген ақпараттың
мазмұнын айта білуі, ондағы оқиғаға өз көзқарасын білдіре білуі, оны өзінше толықтыра білуі тиіс.
Студенттің берілген тақырып бойынша көлемі 700-800 сөзден тұратын мәлімдеме жасау, сұхбат құру, әңгімені қоштау, т.б. бағытта білім, білік дағдысы болуы қажет. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтік сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 минут, қарқыны – минутына 160-170 сөз болуы тиіс. Ал диологтік сөйлеу болса, айтылым қарқыны – минутына 150-160 сөз. Диологтік сөйлеуде студент айтушының сөзін түсіне білуі, оның пікірін қоштап, келісіп немесе, керісінше, өз дәлелдерін теріске шығарып, тұжырымын айта білуі тиіс.
Мамандық тілі деңгейі
Мамандық тілі деңгейіның лексикалық минимумы шамамен 1800-2000 сөз.
Тыңдалым бойынша бейтаныс түпнұсқа 900-1000 сөзден тұратын кәсіби мәтінді таспадан тыңдап, студент:
· берілген нақты мамандық саласындағы танымдық – қатысымдық міндетті шешуге
керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;
· түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы
ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс.
Сонымен қатар:
· іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы сұхбат
мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек.
Тыңдалым уақыты – 5-6 минут және бір рет тыңдалады. Кәсіби мәтінде 6-8 таныс
емес сөз кездесуі мүмкін. Диктордың оқу (сөйлеу) қарқыны қалыпты, минутына 180-250 буын, ақпартты дәл беру үшін сөз қарқыны – минутына 120 буын. Мәтіндердің тақырыбы студенттердің тандап алған мамандықтарына сәйкес алынады.
Оқылым әрекеті бойынша көлемі: 1000-1200 сөзден тұратын мамандықтарына сай мәтінді мұқият оқып, студент:
· оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы
логикалық және себеп – салдарлық байланысты түсіне білуі керек.
Студент мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі қажет. Мәтіннің түрі: жалпы ғылыми, жалпы кәсіби және арнайы мамандық саласы бойынша құрастырылуы тиіс. Мәтін мазмұнында 10-15 таныс емес сөз кездесуі ықтимал. Оқылым қарқыны минутына 220-230 сөз болуы тиіс. Материал көлемі – 2-2,5 бет.
Мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылым мақаланы, баяндаманы оқу барысыда студент мыналарды орындай білуі қажет:
· оқудың басты стратегияларын қолдана білуі;
· мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
· хабарға, ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білуі тиіс.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын
терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн.
Егер эссе-шығарма болса, мәтін мазмұнының ауқымы 800-1000 сөзден тұруы тиіс.
Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация және кәсіби іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы – 3-5 бет болуы тиіс.
Студент сонымен қатар:
· мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы, осы тақырып
бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс;
· ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен
жазбаша құра білуі тиіс;
· нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған
хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.
Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде мынадай шарттар ескеріледі: студенттің берілген тақырып бойынша 800-900 сөз аясында таңдаған кәсіби, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтық сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 минут, қарқыны минутына 170-200 сөз болуы тиіс. Ал диологтық сөйлеу болса, айтылым қарқыны – минутына 160-180 сөз.
Диологтық сөйлеуде студент:
· айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар
қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
· мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын
серіктесіне жеткізе білуі;
· естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.
Лексикалық тақырыптар
Типтік бағдарламада ЖОО-да дайындалатын барлық мамандық түрлері бойынша лексикалық тақырыптар тізімін беру мүмкін емес. Оны әр оқу орны өз бағдарымен жоғарыда көрсетілген халықаралық стандартқа сай анықтайды. Бірақ негізгі және кәсіби бағдарлы деңгей тақырыптары ортақ болып қалады.
Барлық мамандық салалары үшін міндетті А1, А2, В1, В2, деңгейлеріне арналған лексикалық тақырыптар:
А1, А2:
- Мен және қоршаған орта.
- Мінез және келбет.
- Денсаулық – зор байлық.
- Қоғам және жастар.
- Тәуелсіз Қазақстан.
- Қазақтың өнері мен мәдениеті.
- Бос уақыт және қызығушылық.
- Адам және табиғат егіз. (Әлемдік экологиялық мәселелер. Қазақстанның
географиясы. Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемі. Қазақстан экологиясы (жер, су, ауа мәселесі). Азамат денсаулығына экологияның әсері. Экологияны қорғау ұйымдары. Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау. Қазақстанның туризм индустриясы, оны дамыту. Еліміздегі альпинизм жетістіктері. Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі.
- Саяхат. (Қазақстанның тарихи орындары. Қазақстанның көрікті жерлері).
В1
Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор.
Қоғам және тіл. Әдептілік мәдениет негізі. Замана және дәстүр.
Менің мамандығым.
Университет білім ордасы. Менің замандастарым.
Мамандық тарихы.
(Мамандықтың қызмет ету саласы. Мамандығым – мақтанышым мамандығы бойынша жеке тұлғаларға еліктеу).
Білім де бәсекеге түседі.
Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі. Ел болашағы – білікті маман қолында. Ұлттық рухы күшті адам.
В2
- Қазақстан әлемдік кеңестікте.
Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан – Азия барысы. Қазақстан жаһандану дәуірінде.
- Қазақстанның білім беру жүйесі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Білім жүйесіндегі реформалар.
- Адам және заң.
Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізі.
- Халықаралық қатынастар.
Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық. Халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНЕП, ЮСАИД т.б.). Дүниежүзілік және халықаралық экономикалық қатынастар.
- Ғылым мен техника.
Ғылым мен техниканың даму тарихы. Ғылым мен техника байланысы. Ғылымның қоғамдық рөлі, орны. Ғылымдағы жетістіктер. Ғарышты, ядролық қаруды бейбітшілік бағытта игеру. Атом – электр станциялары. Технопарктер.
Ұлы ғалымдар және олардың ашқан жаңалықтары. Бүгінгі ғылыми жаңалықтар. Нобель сыйлығының лауреаттары. Әр ғылым саласы бойынша ашылған жаңалықтар жайында.
С1, деңгейіне арналған нақтылы мамандық саласы бойынша лексикалық тақырыптар:
Жаратылыстану – гуманитарлық мамандықтар саласы бойынша
Филология мамандықтары (журналист, аудармашы т.б.).
Адамдар қанша тілде сөйлейді? Дүниеде қанша тіл бар? Өлі және тірі тілдер. Жазу
тарихы. Тіл білімінің қалыптасу негіздері. Тілдердің жіктелімі. Түркі тілдері.
Медицина мамандықтары үшін:
Ұлттық медицина ғылымының дамуы. Медицина салалары. Халықтық медицина,
салалары. Емдеу және сауықтыру орындары, қызметі. Медицина жаңалықтары. Әлемдік медицина жетістіктері. Фармакология, фармацептика. Оптика. Жаңа технологияға негізделген медициналық құрал-жабдықтар.
Техникалық, ауылшаруашылық экономикалық мамандықтар саласы бойынша
Экономика және экономикалық кластерлер
Экономика, нарықтық экономика ұғымдары, негіздері. Кәсіпкерлік, кәсіпкерлікті
жоспарлау, қаржыландыру. Акционерлік қоғамдар, жеке шаруашылықтар т.б.
Өндіріс, оның түрлері, ұйымдастыру тәсілдері. Өндіріс пен өнеркәсіпті басқаруды
автоматтандыру. Өнімді өндірудің жаңа технологиялары. Өнеркәсіп, оның түрлері. Ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп кластерлері. Ауыл шаруашылығы кластерлері, оның түрлері.
Тауар, тауар өндіру түрлері. Отандық тауар өндірісі.
Тауар, тауар өндіру. Отандық тауар өндірісі. Өндірістік өнімдер. Мұнай, газ т.б.
мұнай мен газдың шығу тарихы. Алғашқы мұнайшылар. Мұнай компаниялары, инвесторлар. Мұнай өндіру. Мұнай экспорты. Газ өндіру, экспорты. Ішкі және сыртқы сауда. Ұлы Жібек жолы. Дүниежүзілік сауда ұйымы. Кеден ісі.
Тау-кен өндірісі, ашық және жабық кен өндіру орындары. Геология және пайдалы
қазбалар кен орындарын барлау. Алғашқы геологтар. Геодезия және картография.
Минералдар, асыл тастар, түрлі түсті металдар, көмір т.б. Өндірісті басқару және автоматтандыру. Өндірісті компьютерлік жүйе арқылы басқару. Техникалық кибернетика.
Ауыр өнеркәсіп өнімдерін (машина, станок, вагон т.б. жасау) шығару. Қазақстан
зауыттары. Металлургия. Алғашқы металлургия. Көлік, көлік техникасы мен технологиясы. Электр энергетикасы. Радиотехника, электроника, робототехника және телекоммуникация.
Отандық авиация, теміржол және коммуникация. Отандық авиация мен
теміржол тарихы. Алғашқы ұшқыштар, алғашқы теміржолшылар. Ғарыш айлағы. Локомотив және локомотив шаруашылығы. Электровоздар және электрлі пойыздар. Вагон, оның түрлері. Әуе, теміржол, су жолы, тасжол арқылы тауар тасу және халыққа қызмет көрсету.
Жеңіл өнеркәсіп. Полиграфия. Мақта-мата өнім шығару, қағаз жасау т.б.
Қазақстан фабрикалары. Құрылыс-сәулет ісі. Құрылыс компаниялары. Жол құрылысы. Дизайн (ландшафтық, жиһаз-жабдық дизайны т.б.). Қолданбалы өнер өнімдері (зергерлік іс, тігін және сән, ағаш, тері өңдеу ісі т.б.).
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру. Бау-бақша өнімдері (жеміс, көкөніс т.б.
шаруашылығы). Агрономия, топырақтану және агрохимия. Орман шаруашылығы. Жерге орналастыру және кадастр. Су қоры және оны пайдалану.
Ветеринария және мал шаруашылығы. Зоотехния. Аңшылық және аң
шаруашылығы. Балық шаруашылығы. Биотехнология.
Қаржы және есеп
Баға, оның түрлері. Өнімді бағалау. Құн. Төлем түрлері. Маркетинг. Өнімді жарнамалау тәсілдері. Менеджмент. Ұтымды ұйымдастыру және басқару жайында. Бәсекеге қабілеттілік. Көрме, жәрмеңке оны ұйымдастыру, қаржыландыру. Салық, салықтың түрлері. Стандарттау, метрология және сертификаттау.
Банк және оның қызметі
Банк тарихы. Банктік жүйе және отандық банктер, олардың қызметі. Қазақстандағы есеп айырысу реттері. Валюталық бағам және белгіленім. Ұлттық валюта. Халықаралық валюта қоры. Халықаралық валюта және қаржы – несие қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның орны. Халықаралық және коммерциялық операциялар. Құнды қағаздар. Қор биржасы.
Қазақ тілі курсының барлық деңгейінен өткен тіл үйренуші төмендегідей біліктілерді игеруі қажет:
Негізгі деңгей.
- Өз пікірін, ойын дұрыс жеткізе білу, оң немесе теріс жауап бере білу.
- Өзі жайлы, отбасы, оқу орны жайлы әңгімелеп, ойын дұрыс айта білу.
- Елінің тарихы, табиғаты, өзінің қызығушылығы туралы әңгімелеп айта білу.
- Қарапайым сұрақтар қоя білу және жай сөйлемдердің көмегімен өзінің ойын дәлелдей білу.
- Өтінішті, бұйрықты, қолдауды, өкінішті, сенімсіздікті, болжауды айта білу.
Кәсіби бағдарлы деңгей.
- Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта білу.
- Күрделі емес пікір- сайысқа қатысып, өз ойын аргументтеу, делелдей білу.
- Өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу, сипаттау.
- Өз ойын анықтаушы, сипаттаушы компоненттермен күрделендіріп бере білу.
Мамандық тілі деңгейі.
- Ресми-іскери, іскери-кәсіби кездесу этикетіне сай сәлемдесу, алғыс білдіру, сұхбаттасу, келісу, келіспеу, талап ету, таңдану;
- Серіктесіне өтінішпен, кешіріммен, ресми құттықтаумен, көмек ұсыныспен келу; кешірім сұрау және кешіру, мамандығы бойынша ақпарат сұрау және ақпаратқа жазба түрде жауап беру (формальды емес қатынас), серіктестер арасындағы дәрежелі қарым-қатынас;
- Белгілі бір мамандық аясында әлеуметтік, кәсіби байланыстар туралы сөйлеу. Кез- келген ортада өзінің пікірін еркін айту, еліміздегі әлеуметтік жағдай, бұқаралық ақпарат құралдары туралы көзқарасын жеткізе білу.
- Мамандығы бойынша айтылған тұжырымдарға өз пікірін білдіре отырып, серіктесінен жауап қайтара алу; серіктесін сөйлеу әрекетіне тарту;
- Жеке тұлғалармен кәсіби байланыс кезінде телефон, теледидар, радио арқылы қабылдаған ақпараттардың негізгі түйінін ұға алу; сөз болған мәселенің негізгі мазмұның түсініп, ой түю, қорытынды жасай білу. Мамандығы бойынша ғылыми еңбектерді оқып түсіну және хабарлама, баяндама, мақала жаза білу.
Ұсынылатын оқулықтар мен оқу құралдары
- Бектұров Ш.Қ., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейіндегі үйрету құралы). – Алматы, 1998.
- Оралбаева Н., Есенов Х., Хайруллина С.К. Изучаем казахский язык. – Алматы 1989.
- Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). – Алматы, 1998.
- Е.М.Арын, Б.Қ.Қасым., Е.Жұматаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. (Экономика бөлімінің студенттеріне арналған). – Павлодар, 2005.
- Мұхамадиева Н.Қ. Кәсіби қазақ тілі. – Алматы, 2004.
- Ерназарова З.Ш. және т.б. Қазақ тілі Елтану. – Алматы, 2005
- Қасым Б.Қ., Молдасанов Е.М. Қазақ тілі (Тарих факультеті үшін) – Алматы, 2003.
- Қырықбаева Ж.М. Халықаралық қатынас факультеті дипломатия мамандығына арналған ұсынбалар (Оқу әдістемелік құрал). – Аламты, 2006.
- Жақсылықова К.Б. «Қазақ тілі» пәні бойынша студенттің оқу- әдістемелік кешені. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, - Алматы: ҚазҰТУ, 2004.-165 б.
- Егіншібаева Н.Ә. Қазақ тілі. Оқу құралы. Қазақ Ұлттық аграрлық университеті. – Алматы, 2000.
- Егіншібаева Н.Ә., Рақымбаева Б.К. және т.б. Қазақ тілі сабақтары. ҚазҰАУ. – Алматы, 2004.
- Егіншібаева Н.Ә., Жапахов С.И., Рақымбаева Б.К. және т.б. Қазақ тілі кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу - әдістемелік кешен. – Аламты, 2006.
- Мусинов А.О., Мұқамбетқалиева М.А., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы, Қайнар, 1995.
- «Қазақ тілі: әдістеме» Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал. - №2 – 2006 (4).
Сөздіктер
- Қазақша-орысша (1925). Басқарушы: Қ.Кемеңгерұлы – Астана: «Келешек-пресс», 2005,-288 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі. – Алматы: «Рауан» баспасы, 2000. – 280 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік Статистика, стандарттау және патенттану. – Алматы: «Рауан» баспасы, 2000. – 272 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Электроника, радиотехника және байланыс. - Алматы: «Рауан» баспасы, 2000. – 240 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Су шаруашылығы. - Алматы: «Рауан» баспасы, 2000. –304 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Механика және машинатану. - Алматы: «Рауан» баспасы, 2000. – 328 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Энергетика. - Алматы: «Рауан» баспасы, 2000. – 320 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Көлік және қатынас жолдары. - Алматы: «Рауан» баспасы, 2000. – 288 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Сәулет және құрылыс. - Алматы: «Рауан» баспасы, 2000. – 366 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Геология, геодезия және география. - Алматы: Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000. – 352 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Кен ісі және металлургия. - Алматы: «Рауан» Республикалық мемлекеттік баспасы, 2000. – 2000 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Заңтану. - Алматы: «Рауан» Республикалық мемлекеттік баспасы, 2000. – 360 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Іс жүргізу және мұрағат ісі. - Алматы: Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000. – 256 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Әдебиет және лингвистика.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Алматы: Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000. – 288 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Экономика және қаржы. «Рауан» баспасы, 2000. – 288 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Алматы: Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000. – 344 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Мәдениет және өнер.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Көлік және қатынас жолдары. - Алматы: «Рауан» баспасы, 2000. – 256 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Алматы: Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000. – 288 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Ауылшаруашылығы. Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000.
- Егіншібаева Н.Ә., Бейсенова Ж.С. Эпизиотологиялық терминдер сөздігі. ҚазҰАУ, Алматы, 2004ж.
- Егіншібаева Н.Ә., Жапахов С.И. Экологиялық терминдердің түсіндірме сөздігі ҚазҰАУ, Алматы, 2006ж.
Оқу курсының пәндік мазмұны
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық даму деңгейі, басқа елдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықта ықпалының артыруы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, өз елінің тарихи құндылықтары тіл мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, ғаламдану үрдісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Мемлекеттік тілді меңгерген білікті мамандарды қалыптастыру оқу мазмұнының міндетті құрамдас бөлігі болуы тиіс.
Бұл жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту мәселесін қайта қарап, еліміздің даму деңгейі мен халықаралық стандарт талаптарына сай құруды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және 2005 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өткізген мәжілістің №24-5/007-321 хаттамасында қазақ тілін білу деңгейін арттыру мақсатында оқыту әдістемесіне жаңа технологияларды енгізу арқылы жаңа типтегі оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу қажеттілігі туып отырғандығын атап көрсетті.
Әлемде мойындалған тілдік білімді бағалаудың халықаралық стандарттары болып табылатын DALF/DELF, IELTS, TOEFK т.б. сияқты тиімді жүйелерге сүйене отырып, қазақ тілін білу деңгейін бағалаудың төмендегідей: бастапқы деңгей (мектепке дейінгі кезең), бастауыш деңгей (1-4 сыныптар), негізгі деңгей (бакалавр, магистратура), кәсіби-іскерлік деңгей (қызметшілер) - алты деңгейлік жүйесін жасау – Қазақстан Республикасында қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттарын, мазмұнын, деңгейлерін, міндеттері мен мақсаттарын стратегиясын анықтайтын ғылыми – практикалық әдіснамалық құжат – Тұжырымдамада да көрсетілген.
Бұл оқу-әдістемелік ұсынбада Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ, ф.ғ.д., профессор З.Ш.Ерназарова, Абай атындағы ҚазҰПУ, ф.ғ.д., профессор Б.Қ.Қасым, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, п.ғ.д., К.Б.Жақсылықова, Т.Рысқұлов атындағы Қаз ЭУ, п.ғ.к., доцент М.А.Мұхамбетқалиева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-нің ф.ғ.д., доцент Ғ.И.Иманалиева, ҚазҰАУ, ф.ғ.д., доцент Н.А.Егіншібаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті Ж.М.Қырықбаева авторлардың бірлестігімен жазылған Қазақ тілінің практикалық курсы бағдарламасының жобасын, Қазақстан Республикасы білім беру саласында қабылданған Стандарттармен «Шет тілдерді меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттері: «оқу, оқыту, бағалау» (Страсбург-2001) халықаралық стандарттардың әдіснамалық нұсқауларын басшылыққа ала отырып, орыс тілді аудиторияларда осы бағдарламалық ұстанымдардың негізінде жасалған силлабус үлгілері және кредиттік оқу жүйесіне қатысты кейбір оқу-әдістемелік кешендерді даярлаудың бағыттары, сабақ үрдістеріне қатысты әдістемелік нұсқаулары ұсынылып отыр. Білім - өркениеттің тетігі дейтін болсақ, бүгінгі таңда Қазақстандағы білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігінде өтуде. Сондықтан білім саласындағы жаңа ақпараттар технологиялар арқылы оқыту, халықаралық стандарттар бойынша тілдерді оқыту ұстанымдары мемлекеттік тілді үйрету мен үйренудің сипатын өзгертіп, жаңаша бетбұрыстарға жол ашты. Қазақстанда мемлекеттік тілді оқытудың көпдеңгейлік халықаралық стандарттық жүйесіне көшу тіл мамандарын, әдіскерлерін, ғалымдарын ойландырып толғандыратыны сөзсіз. Әрине, Қазақстан Республикасында тілді деңгейге бөліп оқытудың алғашқы ғылыми негіздерін п.ғ.д., профессор Қ.Қадашева өзінің ғылыми еңбегінде атап көрсеткен. Бұл күнде өзгетілді аудиторияларда тілді деңгейге бөліп оқытуға қатысты оқу-әдістемелік кешендер әзірленіп, диссертациялық еңбектер қорғалуда.
Қазақ тілінің практикалық курсының деңгейлік
құрылымы мен мазмұны
А1, А2 – (Адам және қоғам)
І. Аудитория
1.1. Қазақ тілі туралы жалпы мәлімет. Қазақ тіл білімінің салалары.
1.2. Адам және қоғам.
а) Сәлемдесу. Танысу. Мен өзім. Әдеп ережелері.
ә) Мен және отбасы. Біздің үй. Менің досым.
б) Ас – адамның арқауы. Киім. Тазалық – саулық негізі, денсаулық байлық негізі.
в) Қоғамдық көліктер. Менің жұмысым. Бос уақыт және қызығушылық.
г) Адам және табиғат егіз. Саяхат.
СОБЖ
2. СӨЖ
3. ДАКҚ (деңгейдегі кейінгі қорытынды)
Кредит саны – 2
- Аудитория – 30 сағат
- СОБЖ – 30 сағат
- СӨЖ – 30 сағат
В1-В2 – (Елтану)
І. Аудитория
1.1. Қазақ елі.
а) Қазақ халқының тарихы. Қазақ халқының салт – дәстүрлері, «Жеті жарғы» дала конституциясы.
ә) Хандары, билері, батырлары.
1.2. Тәуелсіз Қазақстан.
а) Ел рәміздері. Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор. Қазақстан - әлемдік кеңістікте.
ә) Қазақстанның білім беру жүйесі. Менің мамандығым. Ғылым және техника. Қоғам және жастар. Адам және заң. Қазақстан қалалары. Қазақстанның көрікті жерлері. Ел ордасы – Астана.
б) Өнері. Мәдениеті. Ғылымы. Экономикасы. Өндірісі.
1.3. Ұлы адамдар өмірінен.
а) Қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылары, өнер адамдары, ғалымдары.
1.4. Қазақстан және халықаралық қатынастар.
- СОБЖ
- СӨЖ
- ДАКҚ
Кредит саны – 2
- Аудитория – 30 сағат
- СОБЖ – 30 сағат
- СӨЖ – 30 сағат
С1 – Мамандық тілі (Үлгі ретінде дипломатия мамандығы)
І. Аудитория
а) ҚР егеменді, тәуелсіз, демократиялық мемлекет. ҚР-ның ішкі және сыртқы саясаты. ҚР-ның халықаралық қатынастағы орны мен рөлі. Халықаралық қатынастар.
ә) ҚР-ның дүниежүзілік халықаралық ұйымдарға кіру этаптары. Халықаралық ұйымдар. БҰҰ. Еуропа. Одағы. ҚР-ның ТМД-на кіретін мемлекеттермен жүргізетін саясаты.
б) ҚР-да дипломатиялық және консульдық қызметтің орнығуы. ҚР-ның аумағындағы және шетел мемлекеттеріндегі, елшіліктерде қызмет атқаратын дипломаттардың өмірі және қызметі.
в) Дипломатиялық құжаттар. Келісімшарт. Баспасөз мәслихаты. Ғылыми конференция, семинар, дискуссия, дебат.
г) Дипломатиялық қызмет жұмысының құқықтық негізі. ҚР-ның дипломатия туралы заңы. СІМ. Дипломатиялық қызметтегі қызметкерлердің құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері.
д) Дипломатиялық қызмет кадрлары. Дипломатиялық қызметке тағайындау, дипломатиялық дәрежелерді беру тәртібі.
е) Қазақтың тұңғыш Төтенше және Өкілетті Елшісі. Дипломат келбеті.
СОБЖ
2. СӨЖ
3. ДАКҚ
Кредит саны – 2
- Аудитория – 30 сағат
- СОБЖ – 30 сағат
- СӨЖ – 30 сағат
Үлгі:
Пән силлабусы
1. Пән аты Практикалық қазақ тілі | Пән коды КҮа 1104 | Кредит саны - 6 | Курс І,ІІ –ші семестр |
2. Мамандық аты Халықаралық қатынас | Мамандық шифры 050202 | Кафедра аты Мемлекеттік тіл кафедрасы | Факультет аты. Халықаралық қатынастар факультеті |
3. Оқытушының ФАЖ, қызметі, дәрежесі, лауазымы. Қырықбаева Жанна Молдағалиқызы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті | Контактілік ақпарат (телефон, e-mail) 405 каб. 87016057518, 206660 | ||
2. Пәнді өткізу уақыты және орны. Сабақ кестесі бойынша 503 дәрісхана | |||
Пән прервезиттері:Практикалық қазақ тілі курсын оқуға келген студенттердің білім деңгейін саралайды. Мектептен оқып, үйреніп келген білімдерін шыңдап, толықтырып, қайталап, пысықтайды. Жоғары оқу орнында жүргізілетін теориялық, практикалық мәселелерді икемдейді. | |||
Пән постреквезиттері:Практикалық қазақ тілі курсы қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесін, лексикалық құрамын, грамматикалық сипатын түсініп, ауызекі сөйлеу тіліне әдеби тілдік нормада сөйлеуді анықтауға негізделген. |
Қазақ тілі курсының барлық деңгейінен өткен тіл үйренуші төмендегідей біліктіліктерді игеруі қажет
Лексикалық тақырыптар бойынша:
Негізгі деңгей
- Өз пікірін, ойын дұрыс жеткізе білу, оң немесе теріс жауап бере білу.
- Өзі жайлы, отбасы, оқу орны жайлы әңгімелеп, ойын дұрыс айта білу.
- Елінің тарихы, табиғаты, өзінің қызығушылығы туралы әңгімелеп айта білу.
- Қарапайым сұрақтар қоя білу және жай сөйлемдердің көмегімен өзінің ойын дәлелдей білу.
- Өтінішті, бұйрықты, қолдауды, өкінішті, сенімсіздікті, болжауды айта білу.
Кәсіби бағдарлы денгей.
- Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта білу.
- Күрделі емес пікір – сайысқа қатысып, өз ойын аргументтеу, делелдей білу.
- Өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу, сипаттау.
- Өз ойын анықтаушы, сипаттаушы компоненттермен күрделендіріп бере білу.
Мамандық тілі деңгейі.
- Ресми-іскери, іскери-кәсіби кездесу этикетіне сай сәлемдесу, алғыс білдіру, сұхбаттасу, келісу, келіспеу, талап ету, таңдану;
- Серіктесіне өтінішпен, кешіріммен, ресми құттықтаумен, көмек ұсыныспен келу; кешірім сұрау және кешіру, мамандығы бойынша ақпарат сұрау және ақпаратқа жазба түрде жауап беру (формальды емес қатынас), серіктестер арасындағы дәрежелі қарым-қатынас;
- Белгілі бір мамандық аясында әлеуметтік, кәсіби байланыстар туралы сөйлеу. Кез- келген ортада өзінің пікірін еркін айту, еліміздегі әлеуметтік жағдай, бұқаралық ақпарат құралдары туралы көзқарасын жеткізе білу.