Жүн сапа-сы | Жүн талшығы- ның жіңішкелігі (мк) | Шамамен 1см талшық-тың ирек саны | Жүн сапа-сы | Жүн талшы-ғының жіңішке-лігі (мк) | Шамамен 1 сантиметр талшық-тың ирек саны |
14,5-18,0 | 31,1-34,0 | ||||
18,1-20,5 | 34,1-37,0 | ||||
20,6-23,0 | 37,1-40,0 | ||||
23,1-25,0 | 40,1-43,0 | ||||
25,1-27,0 | 43,1-55,0 | ||||
27,1-29,0 | 55,1-67,0 | - | |||
29,1-31,0 | 67,0-77,0 | - |
Жүн жіңішкелігі жағынан әр түрлі болып келуі ең алдымен қойдың тұқымына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жүннің жіңішкелігіне малдың жасы мен жынысы да әсер етеді. Мысалы, қылшық жүнді қой қозысының жүні сирек қойға қарағанда жіңішке. Саулық жүні жасы асқан сайын жіңішкере түседі. Қошқардың жүні саулықтардікіне қарағанда жуандау келеді.
Біркелкі (біртекті) жүнге биязы, биязылау жүн жатады. Ал аралас (әр текті) жүнге - ұяң біркелкі емес және қылшықты біркелкі емес, аралас жүн жатады. Жүннің бұл түрін осы бағыттағы қой тұқымдарынан алады.
Талшығының жіңішкелігіне қарай жүн әр түрлі мата тоқуға жұмсалады. Мысалы, сапасы жағынан жіңішкелігі 30-50 микронға дейінгі жүннен ең құнды (кездемелер-бостон, коверкот, драп, габардин, шевиот) т.б тоқылады, ал сапасы осыдан жоғары жүн талшықтары қалың мата тоқуға пайдаланылады.
Жүн ұзындығы – оның құндылығын анықтайтын негізгі қасиетінің бірі. Бұл табиғи және нақтылы ұзындығы болып екіге бөлінеді. Табиғи ұзындығы дегеніміз жалпы жүннің өзіне тән иректілігін жазбай өлшегендегі қалыпты биіктігі. Нақтылы ұзындығы дегеніміз жүн талшығының иректілігін жазылғанша созып (қатты тартпай) өлшегендегі биіктігі. Шаруашылықтарда жүргізілетін зоотехникалық жұмыстарда және жүнді класқа бөлгенде тек қана жүннің табиғи ұзындығы ескеріледі, ал өнеркәсіпте-табиғи және әсіресе нақтылы ұзындығына көбірек назар аударылады. Практикалық жағынан алғанда жүн ұзындығының үлкен маңызы бар, себебі соған байланысты жүнді пайдалану мақсаты анықталады. Мысалы, ұзындығы 3-4 см жүн фетр жасауға және киіз тәріздес бұйымдар басым шығару үшін пайдаланылса, ұзындығы 4-6 см жүн мауыт тоқу үшін пайдаланылады. Бостон, коверкот сияқты майда тоқылатын бағалы маталар үшін биязы жүннің ұзындығы 6-11 см болуы керек, орта есеппен алғанда ең қолайлы ұзындығы 7,5-8 см. Ірі тоқылатын маталар үшін белгіленген - биязылау, ұяң және қылшық жүн ұзындығы 8 сантиметрден кем болмау керек. Сонымен жүн ұзындығы - оның маңызды сапалық көрсеткіші. Мұның өзі жүннің мол қырқылуына, таза талшық шығымына, иірім жіп пен матаның көбірек алуына әсер етеді. Қысқа жүнге қарағанда ұзын жүннен сапалы, әрі тегіс мінсіз жіп иіріледі. Жүн ұзындығы ең алдымен қой тұқымына, ал бір тұқымының ішінде әр малдың жеке ерекшелігіне, жасына, жынысына, асылдандыру жұмысының барысына, азықтандыру мөлшеріне, ауа райының жағдайына және қойды бір жылда қырқу санына байланысты. Қылшық және ұяң жүнді қой жүні - ұзын, биязылау жүнді қойдікі - орташа, биязы жүнді қойдікі - қысқа келеді. Қошқарлардың жүні саулықтардікіне қарағанда ұзынырақ келеді. Бірінші рет қырқылатын тоқтылардың жүні де соңғылардікіне қарағанда ұзынырақ болады.
16 – кесте. Сапасы біркелкі қой жүнінің ұзындығы (см)
Тұқымдар | қошқар | Саулық | 12-14 айлық тоқтылар |
Линкольн | 18-25 | 16-20 | 18-25 |
Ромни-марш | 14-16 | 12-14 | 13-15 |
Куйбышев қойы | 13-15 | 11-13 | 12-14 |
Цигай қойы | 9-12 | 8-10 | 9-11 |
Биязы жүнді қой | 8-10 | 7-8 | 7,5-8,5 |
Қой жүнінің өсу қарқыны осы уақытқа дейін жетік тексерілмеген, бұл жайында ауыл шаруашылығына қатысты әдебиеттерде кейде қайшы, мәліметтер де кездесіп жатады. М. Ф. Иванов, А. В. Модянов, К. Д. Филянский, Д. К. Михновский, Е. А. Шарыгина, т.б. ғалымдар қой жүні жыл бойына бір қалыпты өспейді және ол көбінесе малдың тіршілік еткен ортасына, физиологиялық күйіне байланысты деп есептеген ал Я. Л. Глембоцкий, Л. К. Гребень, А. Фрайзер, Б. Босман және т.б. ғалымдар малды жақсы азықтандырған жағдайда қой жүні жыл бойына бір қалыпты өседі деп есептеген. Дегенмен, нақтылы анықталған бір мәселе түрлі тұқымды қой жүні қырқылғаннан кейін алғашқы 3-4 айда тез өседі және малды дұрыс азықтандырған жағдайда, осы уақыттың ішінде бір жылда өсетін жүн ұзындығы 35-40 % - ға жеткен.
Ал әлсіз талшықтар машинамен өңдеген кезде ортасынан немесе шетінен үзіліп, бір ұзын талшықтан (мысалы, 8 см) қысқа 2-3 талшық пайда болады. Егер қысқа талшықтардың құнды мата тоқуға жарамсыздығын ескерсек, жүннің мықты, берік келуінің практикалық маңызы бар екенін түсіну қиын емес.
Жүн беріктігі қой тұқымына тән көрсеткіш, оны мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының 17 – кестеде келтірілген мәліметтерінен байқауға болады.
Практикада жүн беріктігін былай анықтайды: жалпы жүннен жуандығы 0,5-0,6 см келетін бір шоқ жүнді алады да, екі шетінен екі қол саусақтарымен қыса ұстап тартады, жанынан оң қолдың ортаңғы саусағымен серпігенде үзілмесе жүннің беріктігі жақсы деп есептеледі. Зертханада жағдайында жүннің беріктігін арнаулы ДШЗ-3 динамометр аспабы арқылы анықтайды.