Электр тогы, потенциал, кернеу, ЭҚК, қуат, кедергі.
Электр тізбегі. Электр тізбектердің классификациясы.
Электр тізбегі, түйін, тармақ, контур. Элементтердің классификациясы мен вольт-амперлік сипаттамалары.
Электр тізбегі. Негізгі элементтер. Элементтердің шартты графикалық бейнелеуі.
Резистор, конденсатор, индуктивтілік катушка. Түрлері. Сызықты және бейсызықты элементтердің вольт-амперлік сипаттамалары.
Электр схемалар. Түрлері.
Тізбектің топологиясы. Граф. Подграфтар.
Граф. Топологиялық матрицалар.
Ом заңы.
Кирхгоф заңдары.
Контурлы ток әдісі.
Беттесу әдісі.
Екі түйін әдісі.
Түйін потенциалдар әдісі.
Зара принципі.
Компенсация әдісі.
Эквиваленттік генератор әдісі.
Тұрақты және айнымалы ток. Айнымалы токтың негізгі параметрлері: лездік, эффективтілік (әрекеттік, әсерлік) және орташа мәндері.
Айнымалы ток. Периодты ток, амплитуда, период, жиілік, фаза. Айнымалы токтың әртүрлі көрініс түрлері.
Комплекстік сандар. Ом және Кирхгоф заңдарының комплекстік түрлері.
Ом заңы комплекстік түрінде: индуктивтілік катушка. Фаза ығысуы. Реактивтілік индуктивтілік кедергі.
Ом заңы комплекстік түрінде: конденсатор. Фаза ығысуы. Реактивтілік сыйымдылықтық кедергі.
Тармақталмаған электр тізбегі. Комплекстік кедергі.
Тізбектей қосылған тербелмелі контурдағы кернеу резонансы. Негізгі сипаттамалары. Резонанстік сызықтары мен жиіліктік сипаттамалар.
Параллельды қосылған тербелмелі контурдағы ток резонансы. Негізгі сипаттамалары.
Дифференциалдайтын тізбек. Негізгі шарттар. Кернеу жеткізу коэффициенті.
Интегралдайтын тізбек.Негізгі шарттар. Кернеу жеткізу коэффициенті.
Резистивті кернеу бөлгіші. Негізгі шарттар.Кернеу жеткізу коэффициенті.Аттенюатор.
Түзеткіштер. Біржартыпериодтты және екіжартыпериодтты қосылу схемалары. Уақыт бойынша өзгеру графиктері.
Екіжартыпериодты көтерме схемасы. Уақыт бойынша өзгеру графиктері.
Сүзгіші бар түзеткіштің біржартыпериодты схемасы. Коэффициенттер. Жұмыс принципі. Уақыт бойынша өзгеру графиктері.
Биполярлы транзистор. Транзистордың Н-параметрлері.
Күшейткіштер. Түрлері. Күшейту коэффициенттері. Шығыс сигналдардың бұрмалануы.
RC-күшейткіш. Орташа жиіліктердегі ток пен кернеудің күшейту коэффициенттері.
RC-күшейткіш. Төмен жиіліктердегі ток пен кернеудің күшейту коэффициенттері.
RC-күшейткіш. Жоғары жиіліктердегі ток пен кернеудің күшейту коэффициенттері.
Эмиттерлік қайталағыш. Күшейту коэффициенті.
Истокты қайталағыш. Өрістік транзисторлар, түрлері, негізгі параметрлері.
Байланыс тізбектері. Түрлері.
Тізбектің индуктивті байланысқан элементтері. Параллельді және тізбектей қосылған байланыс элементтері.
Шфазалық тізбектер. Қосылу түрлері. Жұмыс режімдері.
Шфазалық тізбектің симметриялық жұмыс режимі.
Шфазалық тізбектің асимметриялық жұмыс режимі.
Шфазалық тізбектің қуаты. Жұлдызша және үшбұрыштық қосылу.
Синусоидалды емес ЭҚК, кернеу және ток.Фурье қатарына жіктелу. Фурье қатарының комплекстік түрі. Сипаттамалар. Симметрия қасиеттері.
Электр тогы, потенциал, кернеу, ЭҚК, қуат, кедергі.
Электр тоғы деп, заряталған бөлшектердің бір бағыттағы реттелген қозғалысын айтады. Зарядталған бөлшектерге электрондар (металдарда) және иондар (газ және сұйықтықтарда) жатады. Кернеу – скалярлық шама, жалпы алғанда ол уақытқа тәуелді функция.
u = u(t). Кернеу, электр өрісі күштерінің сыртқы тізбек бойындағы зарядтарды қозғауға жұмсалған жұмысқа тең болады. Кернеудің өлшем бірлігі Вольт, [B] U =
Немесе, кернеуді сыртқы тізбектің екі нүктесінің арасындағы потенциалдар айырмасы ретінде қарастыруға болады:
=
Электр Қозғаушы Күш – электр тізбегіне жалғанған, табиғаты электрстатикалық емес энергия көзі. Тек қана электрстатик. күштер тұйық тізбекпен тұрақты токтың үздіксіз жүруін қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл күштердің тұйық контур бойымен зарядты қозғалтуы үшін жұмсайтын жұмысы нөлге тең, ал ток жүрген кезде әдетте энергия шығыны болады. Сондықтан тұйық контурмен үздіксіз ток жүруі үшін электр тізбегінен тыс басқа бір энергия көзі болу керек. Бұл энергия көзі энергияны сырттан ала отырып, оны зарядтардың қозғалыс энергиясына айналдырады да, қосымша электр өрісін (Е) тудырады. Мұндай қосымша электр өрісі күшінің тұйық контур бойымен істейтін жұмысы нөлге тең болмайды:. Е' шамасы Э. қ. к. деп аталады және оның шамасы бірлік зарядты қозғалтуға кететін электрстатик. емес күштердің жұмысына тең. Потенциал сияқты Э. қ. к-тің де өлшеу бірлігі – вольт (в). Электролиттердегі иондардың диффузиясы, контур арқылы өткен магнит ағынының өзгеруі (эл.-магн. индукция), т.б. Э. қ. к-ін тудырады.
[В]
Қуат - уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама. 1. Сәулеленетін энергияның мөлшері немесе уақыт бірлігінде орындалатын кез келген жұмыс, өлшем бірлігі ватт. 2. Жүйенің өнім шығаруға, яғни оның уақыт бірлігіі ще белгілі бір жұмыс көлемін орындау қабілеттілігін анықтайтын сипаттама. Қуаттың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі – Ватт (Вт). Вт=Дж/с. Қуаттың еселі өлшемдері:1 кВт=103Вт, 1 МВт=106Вт техникада кеңінен қолданылады; сонымен қатар Қуат бірлігі ретінде ат күші (а. к.) де қолданылады, 1 а.к.=735,5Вт.
Электр қуаты формуласы: P=IU [Вт]