Жұмыстың мақсаты: Генератор режимінде жұмыс істеу үшін асинхронды машиналарды қосу әдістерін оқып үйрену. Асинхронды генератордың жұмыстық қасиеттерін зерттеу.
Жұмыстың бағдарламасы
1. Асинхронды генераторды эксперименттік зерттеу үшін қажетті схеманы оқып үйрену.
2. Асинхронды қозғалтқыш пен тұрақты ток қозғалтқышын жүргізіп көру.
3. Асинхронды қозғалтқышты асинхронды генератор режимінде зерттеу.
4. Эксперименттік мәліметтерді өңдеу, есептесуге дайындалу және жұмыс бойынша қортынды жасау.
Жұмысқа түсінік беру
Лабораториялық жұмыста келесі модулдер пайдаланылады:
- стендті қоректендіру модулі (МПС);
- қоректендіру модулі (МП);
- тиристорлік түрлендіргіш (ТП);
- күштік модуль (СМ);
- өлшеу модулі (МИ);
Жұмысты орындамас бұрын модулдерді алғашқы қалпына келтіру керек:
- ТП модулінің «Сеть» кнопкасын төменгі қалыпқа қою керек, SA6 ауыстырып қосқышын төменгі қалыпқа қою керек, ТП моментті реттейтін режимге ауысуы керек.
Зерттелетін асинхронды машина электр машина агрегатының құрамына кіреді, оған зерттелетін М1 генератор, жетектік қозғалтқыш- тұрақты ток машинасы М2 және жылдамдықтың импульстік дачигі М3 кіреді.
Асинхронды генератордың жұмыстық сипаттамаларын түсіру үшін арналган схема 1 суретте көрсетілген.
1 сур. Асинхронды генератордың жұмыстық сипаттамаларын түсіруге арналған схема.
Тұрақты ток қозғалтқышы тиристорлық түрлендіргішке қосылады. Якорь тізбегі реттелетін кернеу көзінің шықпасына, қоздырғыш орама шықпасына қосылады.
Айналу жиілігінің мәнін күштік модулдің индикаторымен бақылаңдар.
Якорь тогының , якорь кернеуінің мәндерін ТП индикаторымен бақылаңдар, статор тогы және статор кернеуі МН модулінің аспаптарымен өлшенеді.
1. Жұмыстық сипаттамаларды түсіру
Жұмыстық сипаттамалар асинхронды генераторға берілетін
қуаттың ,фазалық тоқтың , ПӘК , сырғанаудың асинхронды қозғалтқыштың желіге беретін толық активті қуатына тәуелділігін көрсетеді: , , , , .
Тәжрибе келесі ретпен жүргізіледі.
- МПС және МП модулдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосу керек, асинхронды қозғалтқыш жүргізіледі;
- «Сеть» кнопкасын қосу керек, тиристорлық түрлендіргішке ТП кернеу беріледі;
- ТП (SA6) жұысына рұқсат беру керек және айналу бағытын таңдау керек (SA5)
- ТП модулнің RP1 потенциометрімен жүктеме моментін беріп, агрегаттың айналу жиілігін бақылау керек. Егер ол азаятын болса, момент беру бағытын ауыстыру керек;
- ТП момент беруін өсіріп, агрегаттың жылдамдығын өсіру керек. Тәжрибені жүргізген кезде ТТҚ якорь тогын бақылау керек. Ол 1,5 А аспауы керек.
Тәжрибе мәліметтерін 1 және 2 кестеге жазыңдар.
1 кесте
Асинхронды генератор жағынан | |||||||
Тәжрибе мәліметтері | Есептел шамалар | ||||||
0,89 | 122,7 | 0,22 | 155,9 | 63,6 |
2 кесте
Асинхронды генератор жағынан | ||||||
Тәжрибе мәліметтері | Есептел шамалар | |||||
0,221 | 1,21 | 1,57 | 1,349 | 210,3 |
Жұмысты орындап болған соң модулдердің барлық ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойыңдар.
Есептелетін шамалар
Тұрақты ток қозғалтқышы тудыратын электромагниттік момент,
,
мұнда графигінен алынады (қосымша Б).
Тұрақты ток қозғалтқышының бос жүріс моменті,
,
мұнда - бос жүріс тогы; тұрақты ток машинасының графигінен алынады (қосымша Б).
Тұрақты ток қозғалтқышының білігіндегі пайдалы момент,
;
Тұрақты ток қозғалтқышынан асинхронды генераторға берілетін қуат, осы қозғалтқыштың есептік мәліметтері бойынша анықталады:
;
Статор орамасындағы шығындар,
,
мұнда - статор орамасының кедергісі (қосымша А).
Асинхронды генератордың айнымалы ток желісіне беретін толық активті қуаты, :
,
мұнда - асинхронды машинаның механикалық шығыны (қосымша А), .
Асинхронды генератордың қуат коэффиценті.
.
Асинхронды генератордың сырғанауы.
,
мұнда - асинхронды айналу жиілігі, айн/мин.
Асинхронды генератордың ПӘК, %
.
Есептеу мәліметтері бойынша асинхронды генератордың жұмыстық сипаттамаларын тұрғызу керек:
, , , , бұл кезде және