Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Делуі және таныстырылуы




Дендритті жсушалар мен макрофагтардың қызметтері ортақ: антигенді жұту, өңдеу және таныстыру. ДЖ барлық субпопуляцияларының ішінде антигентаныстырушы жасуша қызметін терінің Лангерганс жасушалары, моноцитарлы ДЖ және интерстициалды ДЖ атқарады. Терінің эпидермалды қабатында орналасқан Лангерганс жасушалары жетілген ДЖ ізашарлары болып келеді. Зақымдалған тері арқылы патогендер енген кезде, оларды Лангерганс жасушалары жұтады. ПТР арқылы белсенген бұл жасушаларда МНС нәруыздарының және В7 костимуляторының экспрессиясы жоғарылайды. Лангерганс жасушалары лимфа тамырлары арқылы жақын орналасқан лимфа түйіндеріне жылжиды, мұнда олар В7 корецепторы жоғары мөлшерде экспрессияланған дендритті жасушаларға дифференцацияланады. Бұл CD8+ Т-лимфоциттердің де, CD4+ Т-лимфоциттердің де иммунды жауапқа қосылуына жағдай жасайды.

Дендритті жасушалардың макрофатардан айырмашылығы оларда фагоцитоз механизмі жоқ. Сонымен қатар антигенді жасушаішілік деградацияға ұшырататын лизосомды ферменттердің жиынтығы да макрофагтарда кеңірек. Ал дендритті жасушаларда адаптивті иммунды жауап кезінде «аңқау» Т-лимфоциттерді белсендіруге қажетті костимулдаушы аппарат бар. ДЖ мен МФ өзара әрекеттесуі цитокиндер арқылы да жүреді. Мысалы, МФ өндіретін ИЛ-1 мен TNF-α цитокиндері сәйкес рецепторлар арқылы ДЖ әсер етеді.

Дендритті жасушаларда тұрақты түрде В7 костимуляторы, І және ІІ класс МНС молекулалары және адгезиндерді экспрессияланған. ПТР (бірінші кезекте Толл-тәріздес рецепторлар арқылы) және фагоцитарлы рецепторлар арқылы жетілмеген ДЖ белсенеді, патогендерді жұтады және жетілу үрдісіне өтеді. Олардың бетінде І және ІІ класс МНС нәруыздарының және В7 молекуласының экспрессиясы жоғарылайды Бұл дендритті жасушалардың иммуногенді потенциалының жоғары екендігін көрсетеді.

І және ІІ класс МНС молекулаларының жоғары мөлшердегі экспрессиясы осы жасушалардың эндосамасы мен цитозолда иммуногенді кешендердің тез түзіледі, сосын олар ДЖ бетіне тасымалданады да Т-лимфоциттермен танылады. Сондықтан дендритті жасушалармен таныстырылатын антигендер CD4+ Т-хелперлердің де, цитотоксикалық CD8+Т-лимфоциттердің де пролиферациясы мен дифференцировакасын шақыруы мүмкін.

Дендритті жасушаларда микробты жасушалар мен ірі вирустарды жұту қабілеті болмағанымен, олар нәруыздар мен вирусты бөлшектерді макропиноцитоз арқылы жеңіл жұтады. Пиноцитоз жолымен жұтылған нәруыздар мен вирус бөлшектері дендритті жасушаның цитолизінде жинақталады да, протеосомаларда қысқа пептидті фрагменттерге дейін (8-10 аминқышқылына дейін) ыдырайды.

Протеосома – 28 суббірліктен тұратын үлкен протеазды каталитикалық кешен. Гидролиз нәтижесінде протеосомада түзілген пептидті фрагменттер ТАР1 және ТАР2 тасымалдаушы нәруыздарының көмегімен эндоплазматикалық ретикулум қуысына қарай жылжиды. Мұнда олар І класс МНС молекуласымен қосылу нәтижесінде иммуногенді кешен түзеді.

 

Аңқау CD8+ЦТЛ антигентанушы рецепторларының (ТЖР) көмегімен иммуногенді кешеннің құрамындағы пептидті эпитопты таниды (бірінші белгі). Бұл кешен Гольджи аппраты арқылы жасуша бетіне тасымалданады және CD8+ цитотоксикалық Т-лимфоциттермен танылады. ДЖ бетінде экспрессияланған В7 молекуласынан костимулдаушы белгіне қабылдағаннан кейін CD8+ЦТЛ белсеніп, бірқатар цитокиндерді түзе бастайды, соның ішінде ИЛ-2 мен IFN-γ. Бұл цитокиндер аутокринді әсер ету арқылы CD8+ЦТЛ пролиферациясы мен олардың эффекторлық жасушаларға (имундық киллерлер) дифференцациялануын ынталандырады. Жетілген эффекторлық CD8+ЦТЛ организмнің вируспен зақымдалған (вирусты пептидтер жасуша бетінде І класс МНС нәруздарымен кешен түрде болады) жасушаларына шабуылдайды.

Антигендерді нәруызды пептидті фрагменттері немесе вирусты пептидтер ІІ класс МНС нәруыздарымен біріккен жағдайда иммуногенді кешенді тануға аңқау СD4+Т-хелперлер қатысады. Бұл кезде жасушалық та, гуморалдық та иммунды жауаптың қалыптасуы мүмкін.

Бетінде ІІ класс МНС нәруыздары үлкен мөлшерде экспрессияланған В-лимфоциттер де антигентаныстырушы жасуша бола алады. Егер макрофагтар, негізінен, бактериялар мен жасушаларды фагоцитозға ұшыратса, дендритті жасушалар әртүрлі вирус бөлшектерін пиноцитозға ұшыратады, ал В-лимфоциттер, ең алдымен, нәруызды антигендерді және бактериялардың токсиндерін жұтады.

 

В-лимфоциттерінің беткей иммуноглобулиндері екі қызмет атқарады. Біріншісі – антигенді детерминанттарды (гаптендерді) арнайы байланыстыру; екіншісі – түзілген иммунды кешендердің эндоцитозы, кейіннен олар лизосомаларда деградацияға ұшырау нәтижесінде пептидті фрагменттер түзіледі. Олар ІІ класс МНС нәруыздарымен қосылып иммуногендік кешен түзеді және ол кешен В-лимфоцит бетіне тасымалданады.

Бірақ, қалыпты жағдайда В-лимфоциттердің бетінде В7 костимуляторының экспрессиясы жоқ, сондықтан бактериалды компоненттер әсерінен В-лимфоциттердің бетінде В7 экспрессиясы болған кезде ғана Т-хелпердің белсенуі болады.

 

Бұл негізінен бактериалды жұқпалар кезінде байқалады. Мұндай жағдайларда В-лимфоциттер Т-хелперлердің белсенуі үшін қажетті екі белгіні қамтамасыз ету нәтижесінде оларды іске қосады. Белсенген Т-хелперлер пролиферацияға ұшарайды және лимфокиндерді, соның ішінде ИЛ-2 бөле бастайды. Ол В-лимфоциттің сәйкес рецепторларына әсер ету арқылы В-жасушасына қажетті екінші – пролиферативті дифференцияланушы белгімен (бірінші – арнайы белгіні В-лимфоцит иммуноглобулинді антигентанушы рецепторларының көмегімен антигенмен байланысқан кезде алады) қамтамасыз етеді. Екі белгіні алған В-лимфоциттер пролиферацияға ұшырайды, сосын плазмалық жасушаға дифференцияланады, ал олар арнайы ерекшеліктегі антиденелерді өндіреді.

 

В-лимфоциттердің көмегімен антигендерді Т-хелперлерге осындай жолмен таныстыру МФ мен ДЖ салыстырғанда біршама тиімсіз екендігін атап өткен жөн, сондықтан бұл негізгі емес, тек қосымша механизм.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 557 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2213 - | 2048 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.