ИСЛАМ ҮММЕТІНІҢ МЫСАЛЫ
Сайтының редакциясы дайындаған
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ қолдаусыз қалдырса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі елшісі екеніне куәлік береміз.
$pkr'¯»tâ tûïÏ%©!$# (#qãYtB#uä (#qà)®?$# ©!$# ¨,ym ¾ÏmÏ?$s)è? wur ¨ûèòqèÿsC wÎ) NçFRr&ur tbqßJÎ=ó¡B á
«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар, әрі тек мұсылман болған күйде ғана өліңдер!» (Әли ‘Имран 3: 102).
$pkr'¯»tâ â¨$¨Z9$# (#qà)®?$# ãNä3/u Ï%©!$# /ä3s)n=s{ `ÏiB <§øÿ¯R;oyÏnºur t,n=yzur $pk÷]ÏB $ygy_÷ry £]t/ur $uKåk÷]ÏB Zw%y`Í #ZÏWx. [ä!$|¡ÎSur 4 (#qà)¨?$#ur ©!$# Ï%©!$# tbqä9uä!$|¡s? ¾ÏmÎ/ tP%tnöF{$#ur 4 ¨bÎ) ©!$# tb%x. öNä3øn=tæ $Y6Ï%u ÇÊÈ á
Й, адамдар! Сендерді бір жаннан жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер мен әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сондай-ақ араларыңдағы сұрақ-жауаптарыңда ортаға аты салынатын Аллаһтан қорқыңдар және туыстармен қатынасты үзуден сақтаныңдар. Шын мәнінде, Аллаһ тағала сендерді бақылаушы»(ән-Нисә 4: 1).
$pkr'¯»tâ tûïÏ%©!$# (#qãZtB#uä (#qà)®?$# ©!$# (#qä9qè%ur Zwöqs% #YÏy ÇÐÉÈ ôxÎ=óÁã öNä3s9 ö/ä3n=»yJôãr& öÏÿøótur öNä3s9 3öNä3t/qçRè `tBur ÆìÏÜã ©!$# ¼ã&s!qßuur ôs)sù y$sù #·öqsù $¸JÏàtã ÇÐÊÈ á
«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар, әрі дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Ал кім Аллаһқа және Оның елшісіне бой ұсынса, әлбетте ол ұлы табысқа ие болады» (Әл-Әхзаб 33: 70-71).
Шын мәнінде, сөздердің ең жақсысы - Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жетекшілік - ол пайғамбарымыз Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жетекшілігі. Амалдардың ең нашары - дінге жаңалық енгізу (бидғат) және кез-келген жаңалық (бидғат) — адасушылық. Ал әрбір адасушылық - Тозақта.
Одан кейін:
Бүгінгі тақырып – Ислам үмметінің жалпы жағдайы, яғни Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі ахуалы төңірегінде болмақ. Жүрегінде тамшыдай болса да иманы бар, ақыл-парасатқа ие кез-келген мұсылман өзінің діндес бауырларына жаны ашиды, олар қиындыққа тап болса, қайғырады, алайда мұсылмандардың көпшілігі Ислам жамағаты арасындағы шынайы жағдай туралы біле бермейді. Сол себепті олар диагноз шығаруда қателеседі де, емдеуде де қателіктерге бой ұрады. Сондықтан бізден кез-келген жағдайды дұрыс түсіну талап етіледі, бұл жөнінде фиқх саласының ғалымдары: «Қандай да бір жағдайға қатысты үкім елестетудің тармағы болып табылады (Әл-хукму фәр'ун әнид тасауур)», - дейді, яғни адам заттарды дұрыс қырынан көре алмаса (яғни өз санасында олардың дұрыс суреттемесін елестете алмаса), олар туралы дұрыс шешім шығара алмайды.
Бүгінгі күні Ислам үмметі арасында надандық, келеңсіздіктер мен түсінбеушіліктер орын алуда, бұл жасырын емес, алайда сол кемшіліктерге нәпсіге емес, білімге сүйеніп қарап көрдік пе? Өкінішке орай, мұсылмандардың көпшілігі осы жағдайға бір жақты, яғни эмоциялардың призмасы арқылы ғана қарайды және білім арқылы пайымдайтындар өте аз, өйткені сол білімге ие болғандардың өздері саусақпен санарлықтай ғана.
Қазіргі кездегі үмметтің жағдайын түсініктірек етіп баяндау үшін төмендегі мысал арқылы суреттеп көрелік: Ислам үмметі бір алқапта өмір сүретін бейне бір халық деп ойлаңыз. Бұл алқап үлкен таулармен қоршалған және ол тауларға таза әрі тұщы жаңбыр жауады делік. Сол жаңбыр сулары осы алқаптан ағып өтетін мөлдір өзенге жиналады. Әлгі халық осы өзеннің бойын мекен етіп, ішер асын соның суынан әзірлеп, тіпті малдары мен егіндерін де осы сумен суарады, қысқасы бұл өзен олардың тіршілігінің көзі болды.
Зиянды әрі лас нәрселерден ада, мұнтаздай таза су оны ішкеннің шөлін қандырып, дертке дауа, бойға қуат, ойға серпін беретіні сөзсіз. Мұндай сусыннан нәр алған адам оңайлықпен кез-келген ауруға бой алдыра бермейтіні де белгілі. Бұл халықта осындай сипатымен ерекшеленген күштің бар екендігін білген алыс-жақын көршілері оларға қарсы соғыс ашпақ түгілі, мұны жоспарлауға да батылдары жетпеген. Осындай мөп-мөлдір таза судың нағыз байлық екенін және қуаттылықтың да себебі осы екенін өзеннің бойын мекен еткен халық жақсы білген. Сондықтан да олар өзенді өз өмірлерінен де артық көріп, көздерінің қарашығындай қорғауға тырысты. Өйткені бұл өзен салиқалы тіршіліктің себебі екенін жақсы түсінді және олар оны лас нәрселерден қорғады тіпті кішкентай балаларға да оны бүлдіруге рұқсат етпеді. Сондай-ақ бұл берекені сақтап, қорғау туралы бір-біріне үнемі ескертіп жүретін.
Біраз уақыттан соң мынандай оқиғалар орын алды деп елестетіп көрейік:
Уақыт өтіп, жылдар жылжып, ұрпақ ауысты. Кейінгі ұрпақ өздерінің бабалары қалдырып кеткен өсиеттерін ұмыта бастады, өйткені оны сақтаушылар барған сайын азая берді. Кейін осы қауымнан болған бір адам салғырттығы мен ұмытшақтығынан бұл өзенге бір нәрсені тастай салды. Оның бұл әрекетіне ешкімнің тыйым салмағанын байқап, ол осы кесірлі ісін тағы қайталайды. Мұны көрген кейбір ақымақтар оның істегендерін қайталауға кірісті. Міне, осы жағдай өзен ластануының басы болды. Адамдар бір-бірінен көргендерін қайталап, өзенге қолына түскенді тастай беретін болды. Олар жай заттар ғана емес, қоқыс, өлексе, лас нәрселер, тіпті өздерінің нәжістерін де тастады. Бір сөзбен айтқанда, әлгі тап-таза мөлдір өзенді кәріз жүйесіне айналдырды.
Таң қаларлығы сол - олар бұл өзеннен су алып ішуді жалғастыра берді, осы судан тамақ даярлады, өз малын сусындатты және егінін де осы сумен суаруын тоқтатқан жоқ. Ал бұл олардың арасында қорқынышты аурулардың таралуына сеп болды, соның салдарынан әлсіреуге әкеп соқты. Олардың бұл дәрменсіз халін байқап қалған көршілес халық осындай ыңғайлы сәтті уысынан шығармай, оларға қарсы шабуылдап, өздеріне бағынышты етіп алды.
Уақыт өтті. Бірақ дертке душар болған бұл халық ауруынан айықпады. Билікті қолына алған көрші ел оларды қорлық пен зорлық-зомбылықтың астына алды, өйткені олар бабалары секілді күш пен ұлықтыққа ие емес еді, керісінше әлсіз болды.
Бұл оқиғаның желісі әрі қарай былай өрбіді деп елестетіңіздер:
Күндердің бір күнінде бұл тайпаның адамдары қандай да бір шешім қабылдау үшін жиналыс жасайды. Олардың әрбірі өз тайпасы түскен қиын жағдайды түзеткісі келдіп, түрлі шешу жолдарын ұсынды. Жиналыста ой-пікір айтқандарды үш топқа бөлсек болады: жастардан құралған бірінші топ өздерінің қорланған жағдайының себебі - дұшпандарында деп есептеді. Сондықтан оларға шабуыл жасау керектігін алға тартты.
Екінші ой айтушылар: «Біз олармен соғыса алмаймыз, өйткені біз ауруға шалдықтық, оның үстіне әлсізбіз. Біз дәрі-дәрмек қабылдап емделуіміз керек, тіпті бұл дәрілерді басқа тайпалардан алсақ та», - деп, бірінші топтың айтқандарына қарсылық білдірді.
Ал қариялардан, дана-хәкімдерден және ғалымдардан құралған үшінші топ: «Рас, біз олармен өзіміздің әлсіздігіміз себепті соғыса алмаймыз. Бізге дәрі ішудің де пайдасы жоқ, өйткені душар болған дертіміздің бірден-бір себебі - ластанған өзенімізде. Сондықтан өзенімізді тазаламайынша дертімізден арылмаймыз. Себебі шөлдегенде сусын етіп, азық қылатын асымыз осы, малымыз бен егінімізді суаратын, сөйтіп олардан өнімді шығаруға сеп болатын да осы су. Ең алдымен осы өзенді тазартуымыз қажет, содан соң ғана бізге бабаларымызда болған күш пен қуат қайта оралады. Егер сендер осы айтқанымызға құлақ ассаңдар, біздің жағдайымыз түзеледі және бұл үшін дәрі-дәрмектің де қажеті болмайды, сондай-ақ дұшпандармен соғысудың да қажеті шамалы, өйткені біздің қайтадан зор күшке ие болғанымызды көргеннен соң олар өздері-ақ бізді тастап кетіп қалады», - деді. Осылайша данагөйлер мен ғалымдар өз тайпасын осы айтқан ақыл-насихаты бойынша әрекет етуге шақырды және: «Сендерге жанымыз ашиды, біз - сендерденбіз, бізде білім бар, өздеріңе бабаларымыздан жеткен ілімнің негізінде дәлелдерді келтірудеміз», - деді. Кейін олар тағы да: «Біз әрі қарай сендермен бірге қала алмаймыз және биікке, таудағы су көздеріне көтерілуіміз керек. Өйткені өзенді тазалағанымен сендер бәрібір оған қоқыс тастауларыңды доғармайсыңдар. Сондықтан біз жаңбырдың себебімен жиналатын су көздеріне көтерілуіміз қажет», - деген еді.
Бұл шақыру әт-тасфийя уәт-тарбийя деп аталады. Тасфийя – тазарту, ал тарбийя – тәрбиелеу. Яғни біз ең алдымен өзімізді тазартып, содан соң осы тазалықтың үстінде (негізінде) тәрбиеленіп, дамуымыз қажет. Сол кезде жетістік те жеңіс те болады. Біздің ислам үмметіндегі науқастың емі, ғалымдар айтқандай, дәл осы әт-тасфийя уәт-тарбийяда. Яғни алдымен қайнар көздерді тазарту, содан соң ғана осы тазартылған қайнар көздердің негізінде өзімізді және ұрпағымызды тәрбиелеп, дамыту қажет. Тазарту Таухид (Бірқұдайшылдық) деп аталатын өзеннен басталуы қажет және біз оны нәжістен, яғни ширк (көпқұдайшылдық) нәжісінен, күпірлік өлексесінен, нифақ (екіжүзділік) ластықтарынан арылтуымыз қажет. Сондай-ақ біз Сүннет деп аталатын өзенді бидғат (дінге қосылған жаңалықтар) нәжісінен және Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне жабылған жаланың кірінен тазартуымыз керек. Бұл үмметтің сәлафтары (ізгі алдынғы ұрпақтары, яғни сахабалар мен оларға ілесушілер) тұнық өзеннің сақтаушысы болып, оны ластауға ешкімге рұқсат етпейтін еді, тіпті бұл өзенді болмашы бір түйір шөппен болса да, ластау туралы ойлауға рұқсат етпейтін.
Ғалымдар дар уль-хижра [1] имамы деп атаған имам Мәлик (Аллаһ рақым етсін) осы мысалды бір сөйлеммен-ақ түйіндеген: «Бұл үмметтің кейінгі ұрпақтары осы үмметтің алдынғы ұрпақтарының жетістікке қол жеткізген нәрсесінен өзге нәрсемен жетістікке жете алмайды!» Ақиқатында бұл - ұлы сөздер және бұл мысал Ислам үмметінің бүгінгі жағдайының айқын көрінісі бола алады. Сондықтан да егер мұсылмандар игілікке бөленуді қаласа, олар сәлафтар, яғни Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабалары және олардың ізінен ілесушілер ұстанған нәрселерге оралуы қажет. Өйткені олар таухид тазалығын қамтамасыз етіп, ширкпен күресудің себебімен, сондай-ақ Сүннет тазалығының және бидғаттармен күресудің себебімен жетістікке жеткен болатын.
Біздің бабаларымыздың күші аспаннан жауатын, тауларда жиналатын сол тап-таза жаңбыр суларында еді. Бұл жерде «жаңбыр» дегенде дініміз тұспалданып тұр. Өйткені Құранның көптеген аяттары дініміздің көктен түсірілгеніне нұсқайды. Сондай-ақ Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ мені онымен жіберген басшылық пен білім - жерге жауған жаңбыр сияқты», - деген. Көріп тұрғанымыздай, «жаңбыр» сөзінің астарында білім, яғни Аллаһ Тағаланың діні туралы меңзеліп тұр және Аллаһ Тағала: «Әрбір тірі затты Біз судан жасадық», - деген.
Тура сол жаңбыр әлгі тайпаның сау әрі мықты болуының кепілі болғандығы сияқты, біздің дініміз де жандарымыздың сау болуының себебі болып табылады, өйткені дініміз жүректер мен жандарды тірілтеді. Жүрек пен жанның тіршілігі дін арқылы жалғасады, ал дін – бұл таухид және сәлафтарға ілесу, ал мұның нәтижесі – береке, жеңіс. Бұған дәлел - Аллаһ Тағаланың мына аяттары: «Мухажирлер мен ансарлардан алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға қатаң түрде ергендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Аллаһтан разы болды. Сондай-ақ Аллаһ олар үшін олар онда мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарын әзірледі. Осы - ірі мұрат» (әт-Тауба 9:100). Бұл аяттан Аллаһ Тағала разы болған үш топтың бар екендігі айқын болады. Олар: мухажирлер, ансарлар және олардың соңынан ілескендер. Аллаһ бұл үш топтағылардан өзге ешкімді атамады, яғни осы үш топтағылардан тыс адамдарға разы емес. Біздің уақытымызда бұл аталған топтардан тек үшіншісі ғана бар. Мухажирлер мен ансарларға келер болсақ, олар өз емтиханын тапсырып болды және Аллаһ оларға разы, олар да Аллаһқа разы болды. Ал бізге тек үшінші топ қалды, ол – «жақсылықта оларға қатаң түрде ергендер». Осы орайда біз имам Мәликтің «Бұл үмметтің кейінгі ұрпақтары осы үмметтің алдынғы ұрпақтары жетістікке қол жеткізген нәрсесінен өзге нәрсемен жетістікке жете алмайды!» деген сөздерін қай қағидаға сүйеніп айтқанын аңғаруымызға болады, яғни ол бұл сөздерді осы аяттан алды.
Егер дініміздің тазалығын сақтап қалуды қаласақ біз міндетті түрде ізгі бабаларымыздың жолына ілесуіміз қажет, ал олар – Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мен оның сахабалары. Бұл үшін ширкпен және бидғаттармен күресуіміз қажет. Бұл олқылықтарды жоюға білек сыбана кіріспейтін болсақ, яғни өзенімізге қоқыс тастаушылардың әрекетіне тыйым салмасақ, бізде күш те, қуат та, жетістік те болмайтынын бір сәт те естен шығармауымыз қажет.
Бүгінгі уақытта мұсылмандар әлсіз және кейбіреуінің сенімдерінде селкеу бар. Осындай дерт түріне душар болған мұсылмандардан болған біреуі: «Бүгінгі күні дінде жетісткке жету үшін күресті дұшпандардан бастау керек», - дейді. Даналар да, ғалымдар да мұндай пікірді ұстанушыларға: «Өзенді тазартудан бастау керек, дұшпандардан бастағанның немесе емделгеннің еш пайдасы жоқ, ал барлық ем – өзенді тазартуда», - деп ескерткен еді. Осы орайда Аллаһ Тағаланың былай деп айтқанын келтіруімізге болады: «Ақиқатында, Аллаһ бір қауымның жағдайын, олар өз жағдайын өзгерпейінше, өзгертпейді».
Сондықтан да Пайғамбарымыз (Аллаһтың оға игілігі мен сәлемі болсын) жұма, үйлену тойы немесе кез-келген басқа күндегі айтатын құтпасында дауысын көтеріп, хутбатуль-хажбен бастап, былай дейтін: «/Иннә хайрәл хадиси китәбуЛлаһ/ Ақиқатында, ең жақсы сөздер – бұл Аллаһтың Кітабы /уә хайруль хадйи, хадйи Мухаммадин (салләллаһу аләйһи уә сәлләм/ және ең дұрыс жол – бұл Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолы, /уә иннә кулли мухтасатин бид'а/ және (діндегі) әрбір жаңалық – бидғат, /уә куллю бидаатин даләлә/ ал әрбір бидғат – адасушылық, /уә куллю даләләтин фи ннәр/ және әрбір адасушылық – Отта». Бұл сөздерді Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) дінде әлі бірде - бір бидғат болмаған кезде айтатын. Осылайша Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өсиеттерін қалдырып, бұл үмметті оқытып үйретті. Сондықтан өзенімізді жоғарыда аталғандардан тазартсақ қана Аллаһ Тағала бізге жеңіс береді.
Бірде Умар ибн әл-Хаттабтың алдына, Аллаһ оған разы болсын, күпірлікке түсіп, мұсылмандар арасында Құран аяттары жөнінде күмәнді әңгімелер таратып жүрген Субайй есімді адамды алып келді. Умар одан оның айтып жүрген сөздері туралы сұрағанда ол Умарға жауап беріп, өзінің сенімдерін ашты. Сонда Умар құрма ағашының қабығын алып, онымен Субаййдің басынан қан аққанша ұра берді. Содан соң оны абақтыға отырғызуды бұйырды. Бірнеше күннен кейін оны тағы да алып келуді бұйырды. Оның әлгі соққылардан кейінгі жаралары енді ғана жазылып келе жатты, бірақ Умар оны тағы да басынан әлгі қабықпен ұрды. Содан соң оны зынданға қайта тастауды бұйырды. Бірнеше күннен кейін ол оны тағы да алып келуді бұйырды және оны тағы да ұрды. Сонда бұл адам: «Уа, мүміндердің әмірі! Егер менің өлімімді қаласаң, онда мені жақсы өліммен өлтір, ал егер сен менің басымның тазарғанын қаласаң, онда ол тазарды», - деді. Көріп тұрғанымыздай, Умар, Аллаһ оған разы болсын, өзенге бірдеңе тастағысы келген адамдарды сол мезетте-ақ тәрбиелеуге кірісетін, және ол Субаййды осылайша емдеді де. Кейін бір адамдар Субаййға келіп: «Субайй! Ана жақта бұрын сен айтқан нәрселерді айтатын адамдар пайда болды, сен солармен шық», - деп айтқанда Субайй оларға: «Жоқ! Ақиқатында, менің басымды шыншыл ер тазартты», - деп жауап берді.
Бірде Ибн Мас'удқа, Аллаһ оған разы болсын, Абу Муса әл-Аш‘ари келіп: «Уа, Абу ‘Абдуррахман, мен қазір ғана мешітте өзіме ұнамайтын бір нәрсе көрдім, бірақ Аллаһқа шүкір, игіліктен басқа ешнәрсе көрмедім», - деді. Ибн Мас‘уд: “Ал сен не көрдің?”, – деді. Абу Муса оған: “Егер барсаң, оны өзің көресің, - деді, – ал мен мешітте шағын шеңберлер құрып алып отырған адамдарды көрдім, олардың әрқайсысының ортасында өзінің айналасындағыларына: «Осынша рет «Субхан-Аллаһ» деп айтыңдар, “Әлхамду ли-Лләһ” деп осынша рет айтыңдар, “Аллаһу әкбар” деп осынша рет айтыңдар», - деп айтып отырған бір адамнан отырғандарды көрдім, әрбір отырған адамның алдында тасбих, такбир және тахмид сөздерін айтқанда шерткілеп отыратын майда тастары бар», - деп жауап берді.
Ибн Мас‘уд осыны естіген бойдан асығып мынаны сұрады: “Сонда сен оларға сөгіс білдірмедің бе? Оларға мұнысының орнына өздерінің күнәларын санауды бұйыруың керек еді, ал олардың ізгі істеріне келер болсақ, олардың ешбірі есептелмей қалмайтынына кепілдік беруің қажет еді. Сен оларға осыны айтпадың ба?!», - деп сұрайды. Абу Муса: “Жоқ. Мен алдымен сенің пікіріңді білгім келді”, - деді.
Бұл оқиғадан тіпті сахабалардың өздері де ғалымға жүгінуден бұрын ешқандай әрекет жасамағандығы көрініп тұр. Ал Ибн Мас'уд Абу Мусамен салыстырғанда ғалым болып есептелетін. Ал мына сөздер сахабалардың өсиеті болып табылады: «Ғалымнан сұрамай ешқандай шешім қабылдама».
Осылайша, екеуі мешітке қарай жол алды. Ол жерде Абу Муса баяндап берген әлгі үйірмелердің ісіне куә болды. Болып жатқан істі көріп Ибн Мас'уд дауыстап: “Сендерге қасірет! Не істеп отырсыңдар?! Мен - ‘Абдуллаһ ибн Мас‘уд – Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабасымын. Ал сендер немен айналысып отырсыңдар?”, - деді.
Олар: “О, Абу ‘Абдуррахман, бұл - біздің айтып жатқан тасбих, тахмид және такбирлерімізді санайтын тастар ғой”, - деді. Ибн Мас‘уд: “Өздеріңнің күнәларыңды санағандарың дұрыс болар еді! Ал мен сендердің игі амалдарыңның ешқайсысы есептелмей қалмайтынына кепілдік беремін. Қасірет сендерге! Өздеріңді бұдан артық не жойып-құртушы бола алады?! Аллаһ Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) киіп жүрген киімі әлі тозып үлгермеді, ол тамақтанған ыдыстар әлі сол қалпында тұр және жаным Оның Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, не сендер Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына қарағанда туралау жолмен жүрудесіңдер, не опат етуші адасушылыққа түстіңдер!», - деді. Олар сонда былай деп айтты: “Уа, Абу ‘Абдуррахман, біз игіліктен басқа ешнәрсе қаламадық”. Сонда Ибн Мас‘уд: “Ал игілікті қалағандардың қаншасы оған жете алмайды!”, - деді.
Дұшпанға қарсы соғысуға шақырып, өз проблемаларының себептерін солардан көрген әлгі тайпадағы адамдар да жамандықты қаламады ғой? Әрине, олар да тек жақсылықты қалады. Алайда жақсылыққа жету үшін оны қалаудың өзі жеткіліксіз. Оған баратын тура жолды дұрыс таңдау керек. Әлгі адамдар да Ибн Мас‘удтың сөзіне құлақ аспады. Осы хадистің жеткізушісі айтқандай, олардың көбі кейін Мухаммад Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларын өлтірген хауариждердің қатарында болды.
Бұл тайпаның алдынғы екі тобы даналар мен ғалымдардан тұратын үшінші топтың тілін алмады. Мұның үстіне олар: «Бұл үшінші топ біздің дұшпандармен соғысуымызды да, емделуімізді де қаламайды, демек олар - біздің дұшпандарымыздың тыңшылары», - деді. Ал үшінші топ: «Аллаһқа серт, біз сендерденбіз және біздің бабаларымыздан мирас етілген дәлелдеріміз бар. Ал сендердің ешқандай дәлелдерің жоқ, қазір сендерді сезімдерің мен нәпсілерің басқаруда. Сендер бір нәрсеге шақырып жатып, дәлел ұсынбайсыңдар», - деп оларды шындыққа шақырды.
Шейх әл-Әлбанидің айтқанына назар салайық: «Біз барлығымыз Аллаһ Тағаланың Кітабынан бір аятты оқимыз, бұл аятпен мәжілістер ашылады және қабырғалар сәнделеді. Ал бұл – Аллаһ Тағаланың «Егер сендер Аллаһқа көмектессеңдер, Аллаһ сендерге көмектеседі» деген сөздері. Бұл аят әдемі қолжазбамен, алтын жіппен тігіп жазылады да, қабырғаларға ілініп қойылады. Өкінішке орай, қабырғалар осы аятпен сәнделсе де мұсылмандардың жүрегінде оның ізі де жоқ. Біз тіпті бұл аяттың не нәрсеге нұсқайтынын сезбейміз де. Осының салдары бүгінгі таңда ислам үмметін қайғылы жағдайға душар етіп отыр. «Егер сендер Аллаһқа көмектессеңдер» деген сөздердің жауабы «Аллаһ сендерге көмектеседі» дегенін барлығымыз білеміз. Бұл «Егер сен тамақтансаң - өмір сүресің, ал егер ішпесең және жемесең – онда өлесің» деген сөйлем сияқты. Ғалымдар бұл аяттан «Егер сендер Аллаһқа жәрдемдеспесеңдер, онда Аллаһ та сендерге көмектеспейді», - деген қағиданы шығарған».
Әрі қарай шейх былай дейді: «Қазіргі мұсылмандардың жағдайы көңіл көншітерлік дәрежеде емес, бұған барлық иман келтіруші бауырлар бірауыздан келіседі. Олар Ислам ешқашан білмеген қорлануда жүр. Бұл қиыншылықтан шығуды неден бастау керек? Мұсылмандарға билік жүргізіп тұрған әмірлерге немесе әртүрлі елдерден болған кәпірлерге қарсы соғыс ашудан ба әлде жамандыққа итермелейтін өз нәпсісіне қарсы соғыстан бастау керек пе? Әрине нәпсіні тыюдан. Сондықтан да бүгінгі күні мұсылмандар кәпірлермен соғыса алмайды, олар Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шынайы иман келтіруі қажет. Алайда адамдардың көпшілігі білмейді».
Ал енді шейх әл-Усайминнің айтқанына назар аударалық: «Егер біреу бүгін: «Біз неліктен Америкамен, Франциямен, Англиямен т.б. соғыспаймыз?!», - десе, жауап – бізде оларға төтеп беретін күш жоқ. Біздің қолымызда олардың, яғни кәпірлердің істен шығарып тастаған қаруы бар. Ал бұл қару олардың қаруымен салыстырғанда пышақты зымыранға қарсы қойғандай. Одан ешқандай пайда жоқ. Ендеше не істеуіміз керек? «Соғысуымыз керек», - деп айту ақымақтық болады. Бұл - Аллаһ Тағаланың даналығына және Оның шариғатына сәйкес келмейді. Алайда біз Аллаһ Тағала бұйырғанды орындауымыз керек: «Және оларға қарсы күштен мүмкіндіктерің жеткенін әзірлеңдер». Міне, осы біздің міндетіміз болып табылады және әзірлеуге тиіс болған ең ұлы күш – бұл иман және тақуалық. Иман мен тақуалық – әуес-қалауларымызды, жайбасарлығымыз бен салғырттығымызды және бұл дүниеге деген махаббатымызды жеңетін күш».
Сондай-ақ шейх былай деді: «Қазіргі біздің міндетіміз - бойымыздағы иман мен тақуалықты тәрбиелеу болып табылады және осыған барлық күшімізді салуымыз керек, ал күшіміз келмейтін нәрсе біздің міндетімізге жатпайды деймін. Сонымен қатар Аллаһтан дұшпандарымызға қарсы көмек сұраймыз!».
Кей адамдар бұл ғалымдарды тыңшы әрі кәпірлерге жұмыс істейді деп айыптады. Бірақ оларға тек Аллаһ парасат беріп, ақиқат жолымен жүргізгендер ғана құлақ салды.
Субханака Аллаһумма уа бихамдика,
уа әшһаду әнлә иләһә иллә әнт уа астағфиру уа атубу иләйк.
[1] Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қоныс аударған мекені, яғни Мәдина.