Лекции.Орг


Поиск:




Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі




Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.

ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті;

ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет" - бұл мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада қарастырылады.

Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын жұмыс, ал тар мағынасында - бұл мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді. Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.

Мемлекеттік қызметшілердің екі түрі бар:

1) Мемлекеттік әкімшілік қызметші - бұл мемлекеттік саяси қызметкерлердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті атқаратын мемлекеттік қызметкер;Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін санаттар белгіленеді, лауазымдық санаттарды және әкімшілік лауазымдарды санаттарға жатқызу тәртібін уәкілетті органның ұсынысы бойынша ҚР Президенті бекітеді.

2) Мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызмет етуі саяси сипатта болатын және саяси мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін жауаптылық жүктелген мемлекеттік қызметкер. Мемлекеттік саяси қызметкерлердің құқықтық мәртебесі заңның 7 бабында анықталған. Саяси лауазымдарға мына лауазымдар жатады:

1) ҚР Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;

2) ҚР парламентінің Палаталары және оның төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;

3) ҚР Конституцмясына сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметкерлер;

4) Орталық атқару органдары мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары.

Мемлекеттің қызметтің қағидалары – мемлекеттік қызметтің негізіне қаланатын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, басшылыққа алынатын бастаулар ("ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 3 бабында бекітілген). Оларға мыналар жатады:

1) заңдылық;

2) қазақстандық патриотизм;

3) мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;

4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүддесі алдында басымдылығы;

5) жалпының қол жетушілігі, яғни ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуына тең құқылығы;

6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;

7) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы мен жоғарғы біліктілігі;

8) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіліктері шегінде қабылдаған шешімдерінің бағынышты төменгі органдардың орындаулары үшін міндеттілігі;

9) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есеп берушілігі;

10) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбек ақыны тең төлеу;

11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;

12) мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;

13) қызметтік міндеттін адал, ынтал атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;

14) қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;

15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2452 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1123 - | 871 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.