Лекции.Орг


Поиск:




Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары




Еңбек дауының ұжымдық және жеке сияқты екі түрі бар. Жеке еңбек дауы қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңдарды қолдану мәселелрі жөніндегі жұмыс беруші мен қызметкер арасында бұрын реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы келіспеушіліктер

Еңбек даулары екі сатыда: тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келісім комиссиясы қарауы мүмкін. Келісім комиссиясы тараптардың бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе тең негізде құрылады. Келісім комиссиясы арыз берушінің өтінішін ол берілген күннен бастап үш күн мерзімде қарайды. Келісім комиссиясының арыз берушінің талабын қанағаттандырған шешімін қарсы тарап үш күн мерзімде орындайды. Егер де қызметкер келісім комиссиясының шешімімен келіспесе, үш айдың ішінде еңбек дауы бойынша сотқа арызданады.

Келістіру комиссиясы жұмыс берушінің өкілдері мен қызметкерлер өкілдерінің тең мүшелерінен тепе тең негізде құрылады. Қызметкерлер өкілдерін келістіру комиссиясына ұйымның жалпы жиналысы тағайындайды.

Комиссия еңбек үрдісі кезінде қызметкер мен жұмыс беруші арасында туындайтын еңбек дауларын қарау жөніндегі орган болып табылады. Комиссия:

1. Басқа жұмысқа ауысу және басқа жұмыстан ауысу кезінде еңбекақы төлеу;

2. Жек еңбек шарты талаптарына өзгерістер енгізу;

3. Жұмыс уаұытының режимі, еңбек тәртібі;

4. Демалыстың ұзақтығы;

5. Тәртіптік щаралар қолдану туралы;

6. Еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі дауларын;

7. Еңбек туралы заңдар, жеке және ұжымдық шарттарды қолдану мәселелері жөніндегі басқа да дауларды қарауы мүмкін.

Комиссияның отырысы әдетте жұмыстан тыс уақытта өткізіледі. еңбек дауы арыз берген қызметкердің қатысуымен қаралады. Қызметкер отырысқа екі рет себепсіз келмей қалуы қызметкерді тағы да өтініш жасау құқынан айырады. Комиссияның әрбір отырысында еңбек дауларын қараудың барысы жазылатын белгіленген нысан бойынша хаттама жазылуы керек. Қарау нәтижелері бойынша келісім комиссясы шешім шығарады. Шешімге отырыс біткесін төраға мен хатшы қол қояды. Комиссия отырысының шешімінің көшірмесі үш күн ішінде қызметкер мен жұмыс берушіге тапсырылады. Комиссия шешімінің күші міндетті, ол қайсыбір дәлелдемелерді қажет етпейді. Шешім дәлелді болуға, еңбек туралы қолданылып жүрген заңдар мен жек және ұжымдық шарттарға, ішкі күн тәртібі мен нұсқаулықтарға негізделуге тиіс.

Ұжымдық еңбек даулары ұйымдарды еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгертуге, еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, оларды орындауға байланысты жұмыс беруші мен қызметкерлер ұжымдары арасындағы келіспеушіліктер. Ұжымдық еңбек даулары қарау бітістіру комиссиясы, еңбек төрелігі, делдал және ереуілге шығу сияқты төрт сатыдан тұрады.

Ұжым қойған талаптар жазбаша түрде баяндалып, жұмыс берушіге жіберіледі. Екі не одан көп еңбек ұжымдарының біріккен не бірлескен талаптары жұмыс берушілердің органдарына жіберіледі. Олар осы талаптарды қарауға және олар алынған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өз шешімі туралы еңбек ұжымдарының біріккен өкілді органына хабарлауға міндетті. Келесі сатыда ұжымдық еңбек даулары бітістіру рәсімдері тәртібімен қаралады. Бітістіру рәсімдері дегеніміз жұмыс беруші қабылдамаған не ол ішінара қанағаттандырған талаптар әуелі бітістіру комиссиясында, ал онда келісмге қол жеткізілмеген жағдайда еңбек төрелігінде қарау.

Құмыс беруші өз шешімін еңбек ұжымының назарына жеткізген не жұмыс беруші хабарламаған күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде бітістіру комиссиясы құрылады. Бітістіру комиссиясы ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітістіру жолымен реттеу үшін жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасындағы келісім бойынша құрылатын орган. Беггіленген мерзімде бітістіру комиссиясында келісімге қол жетпеген жағдайда бітістіру комиссиясының жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады. Еңбек төрелігі бітістіру комиссиясында келісімге қол жетпеген жағдайда, дауды шешу үшін уәкілетті тұлғаларды тарта отырып ұжымдық еңбекдауына қатысушы тараптар құратын, уақытша жұмыс істейтін орган.Ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында тараптар делдалға жүгіне алады. Делдал ұжымдық еңбек дауын шешу жөнінде делдалдық қызмет көрсету үшін оған қатысушы тараптар тұратын тұлға не ұйым. Делдалдық рәсімі бітістіру комиссиясындағы еңбек төрелігіндегі бітістіру рәсімдеоіне қатысы жағынан дербес болып табылады және олармен қоса қабат жүргізілуі мүмкін. Делдал ретінде тараптар өздері үшін беделді ұйымдарды және тараптарға қатысы жағынан бейтарап адамдарды таңдайды.Ереуіл еңбек ұжымының әлеуметтік экономикалық және кәсіптік өз талаптарының еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы ұжымдық еңбек дауында қанағаттандырылуы үшін еңбек ұжымы мүшелерінің жұмысты белгілі бір мерзімге немесе еңбек ұжымының талаптарын жұмыс беруші қанағаттандырғанға дейінгі мерзімге толық немесе ішінара тоқтатуы түріндегі күрес шарасы.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3049 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

812 - | 737 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.