43) Экономикалық цикл. Циклдың алуан түрлілігі. Экономикалық цикл- кезеңдік көтерілу, өрлеу және іскерлік белсенділік басылуымен көрінеді, мүмкін болатын барлық ұсыныс пен сұраныстың сәйкессіздік формаларында айқындалады.Цикл суретінде тербелудің болу нәтижесі әр түрлі экономикалық белсенділік көрсеткіштерін көрсетеді: ЖҰӨ өсу қарқыны, жалпы сату көлемі, жалпы баға деңгейі, жұмыссыздық көлемі және т.б.Негізгі цикл болып ЖҰӨ өсу қарқыны теңселуі кезінде экономикалық жүйе төрт фазадан тұрады: жандану,өрлеу,бум(ағылшын тілінен аударғанда «гүлдену,тез көтерілу немесе дүрбелең»), депрессия, төмендеу, күйзеліс.
А-максималды басылу нүкте, Б-шынға көтерілу нүкте.Төмендеу,күйзеліс сипаттамасы:-Алдымен қор жойылады, сосын өндірістік инвестиция қысқарады; -Еңбекке сұраныс түседі;-Тауар бағасы өсуі төмендейді немесе баяулайды;-Табыстың тез түсуі байқалады немесе несиеге сұраныс әлсізденеді, проценттік ставка төмендейді.Максималды басылу –максималды басылу нүктесінде болады. Басылу фазасында рецессия және депрессия болып бөлінеді,Рецессия(күйреу)-бұл ұлттық өндіріс көлемінің басылуы, 6ай және одан әрі жалғасады.Депрессия(күйзеліс)-бұл жоғары жұмыссыздықтың өсуімен біраз жылға созылатын ұлттық өндіріс көлемінің басылуы.Өрлеу сипаттамасы басылудың қарама-қайшы жағы барлық болып жатқан құбылыс, қарама-қарсы бағытта жүреді. Гұлдену сипаттамасы-іскерлік белсенділік шыңы. Экономика өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істейді, инвестиция және сатып алушының шығыны өте жоғары, товарға және қызметке сұраныс өсуі бағаны өсіреді.Қор жойылады, жұмысшы күшіне сұраныс көбейеді. Мұның бәрі, келесі фазасы іс циклының басылу кезеңіне әкеледі. Барлық экономикалық дағдарыстар ұдайы өндіріс жүрісінің тез бұзылуынан басталады, оған өндіріс аралық(рыноктағы тауар сұранысы) және халық тұтынуы (төлем мүмкіндік сұранысы) баланстарының тең еместігінен пайда болады.Сондықтан өндіріс тұтынуды қуып жетуі еді, ал төлем сұранысы өндірісті қуып жетеді. Бірінші жағдайда- дағдарыс артық өндірісте, ал екіншіде-дағдарыс өндіріс жетілмегендігі.90-жылдары ерекшелігі құрылымдық дағдарыстар болды: мұнайға, энергетикаға, шикізатқа, валюталық, азық-түліктік. Құрылымдық дағдарыстар: жалпы азық-түлік өндірісіне үлкен ықпал етеді, циклдық дамудың дәстүрлік картинасын өзгертеді.Ауыл шаруашылығында циклдық даму негізгі орын алады. Аграрлық дағдарыстар пайда болады.Аграрлық дағдарыстың пайда болуының негізгі формалары: ауыл шаруашылығының тауарының сатылмаған запасының өсуі, оларға бағаның түсуі, өндіріс көлемі қысқаруы, жұмыссыздық өсуі, еңбекақы түсуі. Азық-түлікке қарағанда аграрлық дағдарыс көбіне ұзақ және тоқырамалары болады, циклдық сипаттамасы болмайды. Рыноктық экономикасы дамыған елдер артық өндіру дағдарысымен күресу тәсілдерін шығаруда. Негізгі ролі фискальді және монетарлы саясатты мемлекеттік органдарға бұру.
44) Мемлекеттің циклға қарсы шаралары. Гүлдену кезеңіндегі маңызды дағдарысқа қарсы саясаттар: Қаржы-несие саясаты: есеп ставкасын көтеру, ашық рынокта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату.Фискальды саясат мемлекеттік бюджет есебін қысқарту, салық ставкасын көтеру. Еңбекақы және тариф саясаты, еңбекақыны төмендету.Мемлекеттік инвестиция саясаты: мемлекеттік құрылысты тежеу. Тоқырау кезіндегі дағдарысқа қарсы аса маңызды саясат: Қаржы-несие саясаты: есеп ставкасы төмендеуі, ашық рынокта мемлекеттік бағалы қағаз сатып алу.Фискальды саясат: мемлекеттік бюджеттің қосымша шығыны, салық ставкасы төмендету.Еңбек ақы және тариф саясаты: еңбекақыны көтеру.Мемлекеттік инвестиция саясаты: инвестициялық бағдарламаның тезірек жүзеге асуы.Қорытынды: Өрлеу кезеңінде мемлекеттің мақсаты экономикалық қызудан сақтап қалу, іскерлік белсенділікті ұстамды жүргізу.Күйзеліс кезеңінде мемлекеттің барлық шарасы құрылымдық іскерлік белсенділікке бағытталады.Таңдалып алынған реттеу өлшеміне қарай, жалпы қазіргі рыноктық шаруашылық дәстүрлі схемаға сәйкес келмейді.Барлық фазаларда ашық сипаттама жоқ, фазаның бірінен екіншісіне бірқалыпты өтіп отырады.
45.Жұмыссыздық:мазмұны,себептері мен формалары. Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбеккке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы.Жұмыс істейтін адам – үй шаруасымен немесе оқуме шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдар. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол – жұмыссыз деп саналады. Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы.Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Жұмыссыздық денгейі=(жұмыссыздар саны/жұмыс күшінің жалпы саны)*100% Толық жұмыс бастылық түсінігі – бұл еңбек нарығындағы жиынтық жұмыс бастылықтың қосымша жұмыс күшіне сұраныстың өсуіне әсер етпейтін жағдайы. Толық жұмыс бастылық ұғымы болмайды. Толық жұмыстылық – бұл кезеңдік жұмыссыздықтың болмау.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – толық жұмыстылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі.Американдық экономист А.Оукен жұмыссыздықтың нормасы мен ЖҰӨ-нің жоғалуының арасындағы қатынастың заңдылығын бекітті: жұмыссыздықтың нақты нормасының оның табиғи нормасынан 1 %-қа асуы ЖҰӨ өсім қарқынының 2,5 %-қа төменлеуіне әкеледі.Жұмыссыздық деңгейі оның табиғи нормасына тең болса, тиімді толық жұмысбастылық туралы айтылады. Бұл түсінік жұмысбастылық пен жұмыссыздық арасындағы оптималды қатынасты білдіреді.
46.Мемлекеттің жұмыс бастылық саясаты және оның Қазақстандағы ерекшеліктері. Әлемдік тәжірибеде жұмыс бастылықтың деңгейіне әсер етудің 3 негізгі бағыты қарастырылады: 1) жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызу және кадрларды даярлау мен қайта даярлауда қолдау көрсетеді; 2) икемді еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын құқықтық қамсыздандыруды құруды ынталандыру; 3) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.ҚР-да осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінің жалпыға ортақ формасы. Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме. Мұндай еңбекті жалдау кезінде, жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс-әрекет жүзеге асады.ҚР-да 1991 жылдан бастап жұмыс атқарады. Еңбек биржасының мақсаты – жұмыссыздарға көмек көрсету. Негізгі қызметі – еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу, бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы келетін адамдарға ақпарат беру, жұмыс іздеген мамандарды оқытуды ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу, жастар арасында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру, кезінде делдалдық іс атқару ж/е жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу. Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы. 1. Үкіметке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2011 жылдың 1 мамырына дейін халықты еңбекпен қамту жөнінен қағидатты түрде жаңа бағдарлама әзірлеуді тапсырамын.2.Үкімет бизнес-қауымдастықпен бірлесіп индустриялық нысандарда жұмыс істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсынуы керек.3.Әрбір қазақстандықтың елді ауқымды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.4.Кезінде мен дағдарысқа қарсы «Жол картасы» бағдарламасы әрбір қазақстандықтың отбасына дейін жететін болсын деген міндет қойдым..5.Осы тәжірибені пайдалана отырып, қазіргі уақытта жұмысты индустрияландыру шынымен де бүкілхалықтық сипат алып, әрбір қазақстандықтың ісі болатындай етіп құру қажет.6.Өз өмірлерін ауылмен байланыстарғандар үшін Үкімет жергілікті билік органдарымен бірлесіп, селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен шаралар кешенін әзірлеуге тиіс.7.Енді бұл жұмыстар Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасы шеңберінде одан әрі жалғасатын болады.8.Даму әлеуеті жоғары елді мекендерде селолық инфрақұрылымдар дамытылып, суаратын суларға, микронесиелеу бағдарламалары мен табиғи гранттарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады..9.Бүгінде рыноктағы олардың саны бір мың екі жүздей және олар халыққа сомасы 16 миллиард теңге болатын 110 мың несиелер берді.Дегенмен, олар негізінен айтарлықтай жоғары мөлшерлемемен тұтынушылық мақсаттарға жұмсалуда.10.Ахуалды өзгертіп, тұтынуға емес, еңбекпен қамту жағына басымдық беру керек.Сондықтан Үкіметке қаржы реттеушілермен бірігіп, шұғыл түрде тиісті заң жобасы мен кешенді шаралар жасауды тапсырамын.Үстіміздегі жылы қосымша 3 миллиард теңге қарастырылсын.11.2012-2015 жылдары бұл қаржыландыру жыл сайын 10-15 миллиард теңгеге көбейтілсін.12.Мемлекеттік желі бойынша берілген микронесиелердің барлық 100 пайызы тек өз ісін ұйымдастыруға ғана жұмсалуы тиіс.13.Жоғарыда айтылған мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру ондаған мың ауыл тұрғындарына жұмыс тауып береді. 14.Үкіметке алдағы жылдан мотивациялы ақшалай төлемдерге көшуді тапсырамын.15.Басты мәселе – масылдықты еңсеру.Жұмыссызға жұмыссыз болғаны үшін емес, мамандық алу үшін грант берілетін болады.16.Кедейшілік проблемаларын мемлекеттік жәрдемақы есебінен жұмсарту емес, шешу керек.17.Мемлекет тек объективті тұрғыдан еңбекке қабілетсіздер мен аз қамтамасыз етілгендерге ғана көмектесетін болады.
47. Инфляция – экономикадағы жалпы баға деңгейінің тұрақты көтерілуінен ақшаның құнсыздану процесі.Инфляцияның себептері: 1. Тауардан ақша жиынының асып түсуі2.Ақша эмиссиясы 3.Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы4.Экономиканың милитарландырылуы5.Халықтың болжамы6.Экономиканың сәйкеспеушілігі7.Экономиканың жұмсалса сипаттамасы8.Жалақы – баға бұрылымы 9.Кәсіпорындардың монополизміИнфляция типтері: 1) ашық – бағаның тұрақты көтерілуі; басыңқы – тауардың жоғалуы. Басыңқы ифл-да бағаны мемлекет реттейді.Ашық ифл-я 3 белгі б/ша жіктеледі:1.бағаның өсу қарқыны; 2.әр түрлі тауар топтары б/ша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы;3.инфляцияның күтілуі және алдын – ала болжануы.1 белгі тұрғысынан 3ке бөлінеді:1. баяу: баға баяу жылына 10 % өзгереді. 2.галопирленген: бағаның өсуі жылына 100%.3. гиперинфляция: бағаның өсуі 1000 %-тен жоғары.2 белгі тұрғысынан 2 түрге ажыратылады:1.тең инф-да әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі өзгеріп тұрады.2.тең емес инф-я.3 белгі тұрғысынан:1.күтілетін: күтілу факторы инф-я салдарынан білінеді.Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінің білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді ж/е ешкім зардап шекпейді.2.күтілмейтін инф-я: бағаның 10%-ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.2)Сұраныс инф-я:сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі сұраныс жағынан бұзылады.Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады.Бұдан жинақталған сұраныс артық болады. Бұл бағаның өсуіне итермелейді.Ұсыныс инф-я: өндіріс шығынының өсуіне б/ты бағаның өсуі. Бұның салдары: жалақының өсуіне ж/е энергия мен шикізатқа бағаны көтереді. 2006 жылғы қаңтар – шілдеде ҚР-да инфляция деңгейі 5,1% болды.
48. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары.. Инфляцияның зардаптары:Жағымды:Экономикаға біркелкі инфляция пайдалы: ақша жиынының өсуі –іскерлік белсенділік-инвестициялардың өсуі-экономикалық өсу.Жағымсыз:Халықтың тіршілік деңгейінің төмендеуі: жеке жинақ ақшаның нақты құндылығының төмендеуі, ағымдағы табыстардың құлдырауы:1.Кәсіпкерлік қызмет деңгейінің төмендеуі2.Капиталды өндірістің нақты саласынан айналым саласына шығару3.Экономикадағы үйлесімсіздікті күшейтеді4.Ұзақ мерзімді инвестцияларға ынталандыру жойылады5.Ақша – несие жүйесінің жұмыс істеуін бұзады, оның қорларын азайтады6.Экспорт азайып, импорт өседі7.Мемлекет қарызы көбейеді8.Валюталық дағдарыс күшейеді9.Халықтың рухани жағдайы нашарлайды
49. Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстандағы ерекшеліктері. Экономикалық саясатта инфляцияға қарсы екі тәсіл бар:бірі инфляцияға бейімділікті қарастырса екіншісі –оның антиинфляциялық шараларын жояды.Бейімділік шаралары:табыс индексациясы және баға деңгейін бақылау.Жеке деңгейде табыс индексациясы кәсіподақтың кәсіпкермен ұжымдық келісім шарт жасаумен жүргізіледі.Табыс индексациясының саясаты мемлекеттік кешенде мемлекеттік қызметкерлердің,студенттердің,әскерлердің жеке кешендегі адамдармен салыстырғанда нашарлатпау мақсатын қойған.Екінші әдіс-экономикалық құлдырау мен жұмыссыздықтың өсуі арқылы белсенді түрде инфляцияны төмендету стратегиясы.бұл жолдың экономикалық әлеуметтік шығыны зор бірақ тиімді.Мемлекеттің инфл-ямен күресу әдістері тікелей ж/е жанама болады.Көп жағдайда келесі заңдылық орындалады:төтенше дағдарыстық жағдайда мемлекеттің экономикалық процестеріне араласуының қажеттілігі туындайды.Ақша бірлігінің төлем қабілеттілігін тікелей реттеу Қаржы министрлігімен жүзеге асырылады ж/е келесі құралдарды қамтиды:
1. Несиелерді бөлу ж/е оларды реттеу;2. Тарифтер мен бағаларды реттеу;3. Жалақы шегін реттеу;4. Сыртқы сауда мен валюта курсын реттеу;Жанама әдістерді елдің Орталық банкі келесі құралдардың көмегімен жалпы ақша массасын реттеу арқылы жүргізеді: 1. Ақша эмиссиясын реттеу;2.Пайыздық есептік мөлшерлемені реттеу;3.Міндетті резервтеу талаптарын реттеу;5.Ашық бағалы қағаздар н.арығындағы операцияларды реттеу.
50. Нарыктык экономикадагы мемлекеттін экономикадагы кызметтері. Мемлекет пен нарыктын озара катынасы нарыктык когамда манызды мәселелердің бірі,Себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады.Шаруашылық байланыстарын интернационализациялау мемлекеттің экономиканы реттеуіндегі рөлін кушейтуде объективті жағдайлар жасайды.экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа созылған эволюцияның жемісі,бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды.Кез келген экономикалық жүйесіндегі мемлекеттің рөлі оның қызметтері арқылы байқалады.Экономикалық қызметтің түрлері өте көп,сондықтан оны топтап,негізгі блоктарға біріктіру қажет;Біріншіден, нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады; стратегиялық, экономиклық, құрылымдық, техникалық,әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлауды.Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады.Осы аталған нәрселердің барлығының қызметін тек қана мемлекет өткеруі мүмкін;Екіншіден,мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәспорын (когамдык пен шаруашылык есептегі) мен ондірістік және әлеуметтік инфракурылымды жасайды. Ушіншіден, нарыктык жуйе калыпты кызметін камтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мудделерін коргау, стандарт кызметін куру, онім сапасы мен салмагын олшеу, бәсекені колдай отырып, нарыктык экономикада монопализмнін болуына барынша курес жургізу, ол ушін белгілі құқықтық база жасалады. Мемлекет бұл жагдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн. Төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатынын көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді. Бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады.
51. экономиканы Мемлекеттік реттеу формалары мен әдістері. Нарықты реттеу тәсілдері-бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсатты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеуші субъетілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде былай класификациялаймыз: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ол нарықтық тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай – тікелей және жанама. Реттеудің тікелей тәсілі экономикалық процестің өзіне және оның параметріне өктем әсер етуәмен байланысты. Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраным төлем қабілеттілігінің қалып тасуы үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады. Бұл жерде әңгіме жалпы мемлекеттің қызметі жайлы емес, мемлекеттің дұрыс әлеуметтік атмосфера жасауды қолдану тәсілі жайлы болып отыр. Ол нарық қызметінің тиімді жүзеге асуына ықпал жасайды. Бұл жағынан бәсекені дамыту үшін экономиканы монополиялау шараларына қатысты болса, екінші жағынан, төлем қабілеттілігі жағдайын сақтау үшін трғындарды әлеуметтік қорғау саясатын жүргізеді. Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілерніне міндетті болады. Мемлекеттік реттеудің ең мағызды инструментіне мыналар жатады: 1)фискалды саясат- ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды.2) ақша-несие саясаты. Мемлекет нарықты салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізніде мақсаттық жеңіл несие береді. Несиені реттеудің төмендегідей түрлері жиі қолданылады:экономикалық банктің есептеу ставкасының өзгеуі; ашық нарықтағы операция. 3) баға мен абысты реттеу саясаты. Фискалды және несие саясаты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады. Сондықтан мемлекет көбірек тікелей құралға жүгінеді. 4) әлеуметтік саясат өзіне табысты индексациялау төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей тпқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады. Оларды қарқынды инфляция салдарынан қорғауға көмектеседі.5) сырқы экономикалық реттеуге мыналар жатады: мемелекеттің сауда саясаты, валюталық курсты басқару, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензия. Осы мақсатқа мемлекет баға мен табыстың өсуіне максимальді шектеуді белгілеп, кейде оны уақытша ұлғафын тоқтатады.6) әкімшілік реттеу әт түрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады.7) қысқа мерзімді реттеу ұдайы өндіріске сондай мақсатпен әсер етеді, себебі бірнеше айдың ішінде нәтиже алуы керек.Алдына қойған мақсаты экономикалық циклдық ағымдағы фазасының іс-әрекетін өзгертуге әрекет жасау.
52. Мемлекеттік реттеудің кейнстік және монетарлық үлгілері. Монетаризм - экономикалық концепция, бұл макроэкономикалық талдаудың негізгі құралы ретінде, айналымдағы ақшаны қарастырады. Монетаризм XX ғ 50 жылдарында пайда болды. Оның мәні екі түрлі тезиске келеді:ақша экономикада басты рөлді ойнайды; орталық банк ақша ұсынысына,яғни айналымдағы ақша санына әсер етеді.Қазіргі заманғы монетаризмге ақшаның кейнсиандық және неокейнсиандық бәсекелес теориялары бар. Кейнстік теория ақшаға сұранысты анықтау үшін экономикалық тұлға тетіктеріне сүйенеді, яғни ол тұлға байлығының бір бөлігін ликвитті ақшалай актив нысанында сақтауғы ықпал жатпайды. Монетаризм мен кейнстік теориясының арасындағы негізгі айырмашылық келесіде болады: мемлекеттің реттеуші рөліне сүйенетін кейнстік теориядан айырмашылығы монетаристтер ескі классикалық мектепке жақын тұрады және ақша массасын реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы пікір айтады. Кейнсиандық ілім жорамалы бойынша, ақша ұсынысының өзгеруі проценттік мөлшердің өзгеруіне әкеліп, содан кейін – инвестициялық сұраныс және тек мультипликатор арқылы номиналды ЖҰӨ өзгеруіне әкеледі. Монетарлық бағдар бойынша, ұзақ мерзімді саясатты мемлекет негізделген тұрақты түрде ақша массасының өсуін қамтамасыз етіп отырады. Монетарлық бағдардың кейнсиандық ілімдерден пікір айырмашылығы: ақша ұсынысының өсуі негативті салдарға әкеліп соқтырады. Егер ақша ұсынысы өссе, сұраныс төмендейді, бұл ақша ұсынысының өсуіне әсер етпейді. Нәтижесінде экономика «ликвидті қақпанға» түсіп, ақша санымен номиналды ЖҰӨ арасындағы байланыстың себеп - салдарлы шынжыры үзіледі.Сондықтан кейнсиансттердің монетаристерден айырмашылығы, кейнсианистер экономикалық тұрақтылығының негізгі құралы ақша емес – фискальді саясат деп есептейді.
53. Жұмыссыздықтың әлеуметтік - экономикалық зардабы, Оукен заңы. Кез-келген жұмыссыздықтың болуы-қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікір бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырлуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақыны туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады. Жұмыссыздық деңгейін есептеу төменднгідей формуламен анықталады:ЖБ=ЖС/ЖК*100 мұндағы – ЖБ-жұмыссыз-қ деңгейі, ЖС – жұмыссыздар саны, ЖК – жұмыс күші саны. Жұмыссыздық қоғамңа көптеген зиян келтіреді, инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге өатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі. Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланысты болатын эконмикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қлоданылады. Бұл заң Американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780ж.ж) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ көлемін төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса, онда ЖҰӨ көлемін төмендеуі 2,5% құрайды.Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффициенті болып табылады. Мына 1/2,5 қатынасы,ғ бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемін төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұммысдықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.