Лекции.Орг


Поиск:




Батырлар жыры кейіпкерлер әлемі,идеялық – көркемдік ерекшеліктері




Батырлар жыры, кейіпкерлер әлемі,идеялық – көркемдік ерекшеліктері.батырлар жыры, батырлар образын жасаудағы ерекшеліктер.

«Қобыланды батыр»- қазақ халқының мазмұны бай да салалы эростық дастандарының бірі. «Қобыланды батыр» Марабай, Мергенбай, Біржан толынбаев, Айса Байтабынова, Нұрпейіс Байғанин, Мұрын сеңгірбаев, Көшелек Еламанов, Шапай Қалмағанбетов, Құлзақ Амангелдиев, Сырдың белгілі айтушысы Тұяқбайлар жырлаған. Қобыланды жырының 29 нұсқасы болса, соның ортасында Марабай сюжеті тұрады. Онда Қобыландының қияттарға еріп, Қызылбас ханы Қазанды, одан соң Көбіктіні өлтіреді, Қарлығаны олжалау, ең алғын да өзі жорықта жүргенде елін шауып кеткен Алшағыр ханмен соғысып, ел – жұртын азат ету оқиғалары суреттеледі. Қобыланды образы. Мергенбай жырлаған нұсқада Қобыланды б 90- дағы Тоқтарбай мен 60- тағы Аналықтың қартайғанда көрген жалғыз ұлдары. Оның жастық шағы, өсіп жетілуі ертегі батырладарына ұқсас. Оның ерлігінің басы Қызыл дәумен шайқасуынан басталады. Батырдың бүкіл ел, халық қамын көздейтін ерлігі оның Қазанға сапарынан басталады. Құртқа мен Қарлыға Бенелері: Жырда кездесетін әйелдер бейнелері. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшкліетері бар. Екеуі де батырға дос, серік. Екеуі де батырға жауды жеңуіне көмектеседі. Құртқа – батырдың адал да сұлу жары ғана емес, ақылшы досы, киын – қыстау кездерде «сасып жүріп жөн тауып, ақылменен ой тауып» шыға келеді.Қарлыға жырда батырлық, ерлік тұлғасымен ерекшеленеді. Ол Қобыландыны сүйеді.Ол үшін әкесін, інісін құрбан етіп, ел – жұртын қиып тастап кетеді. Тайбұрыл: Жылқының тұлпары. Ол батырдың жан серігі. Ол адамша сыйлайды, сөйлейді. Зерттелуі: «Қобыланды жыры» жөнінде еңбектер жазған М. Әуезов «Таң журналы» № 1. 1925ж Семей. С. Сейфуллин«Қазақ әдебиеті»А.1932. С. Мұқанов«Батырлар» А.1939. Б. Кенжебаев«Әдебиет және искусство»журналы №12.1940ж.М. Ғабдулин «Қобыланды баты» тақырыбында доктордық дисертация қорғады15 түрлі нұсқасын ашқан да М. Ғабдулин еді. «Алпамыс батыр» жыры – қазақ батырлар жырының ішіндегі көне жыр. Жыр өзбекте де, қарақалпақта да бар.«Алпамысты» зерттеген өзбек ғалымдары. Х Т. Зарифов пен М. И. Афзаловтың айтуына қарағанда, жырдың өзбекше 11 варианты бар көрінеді. Белгілі фолькролист Т. Сыдықов: «Алпамыстың» қазақша 3 үлкен түрі бар. Қарақалпақ әдебиетшісі И. Т. Сағитов «Алпамыстың» 5 нұсқасын атап көрсетеді. Бұлармен қатар, татар, башқұрт, алтай тілдерінде Алпамыс жайында шығарылған ертегілер де бар.Татарларда –«Алпамша»,бащқұрт – «Алпамыш»,алтайларда – «Алып – Манаш». Алпамыс: Жырдың бас кейіпкері. Олхалықтың ру бірлінін сақтау идеясынан, ру қамқор – қорған болар батырды арман еткен қиялынан туған образ. Алпамыстың батырлық іске бел байлаған сапары Гүлбаршынды іздеп шығуынан басталады. Алпамыстың ерлігі, елдігі әкесінің жылқысын қуып кеткен Тайщық ханмен соғысынан көрінеді. Мыстанның таз баласына алып бермек болған Қаракөзайымды құтқарады, қойшы кейқуатты хан сайлайды., оған Жүрментозды алып береді.

Гүлбаршын: Алпамыстың жастай аттастырған қалыңдығы. Алпамыс жауға кеткенде Ұлтанқұлдың зорлығына ұшырайды. Ұлтан Алпамыстың әкесі байбөрінің немере ағасы Құлтайдан туған. Гүлбаршын өзінің еліне, отбасына дег махаббатынан қайтпайды. Байшұбар: Кейбір нұсқаларда ол қотыр тай болып көрінеді. Жылқы ішіне барып, жүгенін сылдыратқан Алпамысқа одан басқа жылқы қарамайды. Байшұбарды қасиетті, ақылшы ат етіп көрсетеді. Зерттелуі: Жырдың 1 вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов дег кісі 1899ж Қазан қаласында бастырып шығарды. Сонан кейін осы варианттары өзгеріссіз 1901,1905,1907,1910,1912,1914,1916 қайта басылды. Ә.Диваев «Алпамыстың»1 нұсқасын Жиенмұрат Бекмұханбетовтан жазып алып, «Бұрынға өткен заманда Жиделі – Байсын дег жерде өткен Алпамыс батырдың хикаясы» дег атпен 1901 бастырылып шығады. 1922ж Ә, Диваев «Алпамыс» батыр жырын бастырып шығарады. 1939ж «Батырлар» атты жинақ шықты, М. Әуезов «Әдебиет тарихы» ІІ бөлім «Батырлар әңгімесі» 1927ж. батырлар жыры, батырлар образын жасаудағы ерекшеліктер. Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі – батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың отанды сүйюі, басқыншы жаулардан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету иднясынан туған. Батырлар жыры 1 ғасырдың ғана жемісі емес, ол халықтың ертедегі тұрмыс – тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Қазақ ауыз әдебиетінің поэзия түрінде адам образын жасаудың алғашқы үлгісін салған батырлар жыры деуге болады.Ел қорғау жолында ерлік көрсеткен, жауға қарсы аттанған батырлардың образын жасау үшін жыршы ақындар бірнеше әдістер қолданады. Ең алдымен батырларды халық ұғымына аса күшті көрсететін жаратылыс құбылыстарына салыстырады. Батырдың жаумен күрескен жерін суреттегенде «қабағынан қар жауып,кірпігіне мұз қатып жауар күндей күркіреп» деп бейнелейді. Ерте кездегі мифтік ұғымдарға, фантастикаға апарады. Немесе батырды

«Жолбарыстай жүректі, арыстандай айбатты» деп көрсетеді. Батырдың сырт тұлғасын, алып күшін осындай теңеулер арқ оның бірсыпыра ерлік істері суреттеледі. Бұған Қобыландының, Ер Тарғынның айтатын монолог сөздерін айтуға болады. Кейде жыршы ақындар батыр образын, оның ағайын – туыстарының, жора – жолдастарының сөзі арқылы суреттеп отырад. Мыс: Тоқтарбай, Аналық, Құртқаларының жоқтау сөзімен Қобыландының батырлық образын береді. Қарманнның сөзіарқылы Алпамыстың батырлық тұлғасы суреттеледі. Мұнымен қатар. Олар образды күшейту үшін

«түмедейді түйедей» немесе «жансыға жан бітіргендей» етіп суреттеу үшін әртүрлі портреттер жасау үшін өлеңдегі әсірелеу, шендестіру, кейіптну юейнелеуді де пайдаланады. Жыршылар адамның психологиясына байланысты моменттерді табиғаттағы әр түрлі құбылыстар мен немесе жануплардаболатын мінездермен байланыстырады.

Мыс: «Айды, күнді бұлт қоршайды, күн жауарға ұқсайды, көлде құлар шулайды, көк тұйғын түйілгенге ұқсайды» дег жолдар Тарғынның көңіл күйін бейнелейді, халі айтылады.

Зерттелуі: М. Әуезов «Әр жырлар ойлары»,1959,1961ж. С.Мұқанов Батырлар жыры (жинақ)1939ж.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2972 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

1324 - | 1165 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.