Балалар құқықтары туралы халықаралық конвенциядан
Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы.
Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
А.Еңсеповтың «Балалық шақ» әуені ойнап тұрады.
Сұрақ-жауап ойындары:
1. ҚР-ның «Балалар құқығы туралы» заңы қай уақытта қабылданды? (2002 жыл 8 тамыз)
2. «Бала құқықтары туралы» Конвенция қай уақытта қабылданды? (1989 жылы 20 қараша)
3. Парламенттің жоғарғы палатасы? (Сенат)
4. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
5. Орта мектеп бітіргендігі туралы берілетін құжат? (Аттестат)
6. Бір ата баласы ішіндегі дауды кім шешетін болған? (Ақсақалдар алқасы)
7. Үкіметті кім басқарады? (Премьер-министр)
8. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» Заң үлгілерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» деп аталатын Заң жүйесін енгізген хан? (Тәуке хан)
9. Би алдына есесін қуып келген жақты кім дейді? (Даугер)
10. Адам арасындағы қарым-қатынас құралы? (Тіл)
11. Дүниеге келген сәбиге қандай құжат беріледі? (Туу туралы куәлік)
12. Елтаңбада бейнеленген құс? (Қыран)
13. ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының әнін жазған композитор? (Ш.Қалдаяқов)
14. 1-маусым – Балаларды қорғау халықаралық күні.
Ал, балалар, құқық бұзудағы жазаға тарту түрлерімен танысайық.
1. Қылмыстық жауапқа 16 жасқа толған адамдар тартылады.
2. Ауыр қылмыс (адам өлтіргені үшін) жасағандар 14 жастан тартылады.
3. Қылмыс жасаған жасөспірімдер арнаулы мекемелерде жазасын өтейді.
4. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (14 жас)
5. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? (Сара Назарбаева)
Рбір Қазақстан оқушыларының міндеттеріне тоқталайық.
1. Әрбір оқушы ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға,
2. Басқа адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтауға,
3. Табиғатты қорғауға,
4. Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті.
«Болашақ білімді жастар қолында» білім сайысы. Әр топқа жеке сұрақтар қойылады.
1 - топқа:
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Қара шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Әкеден балаға берілетін зат? (мұра)
5. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
6. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал
шашпақ)
7. Жасөспірім бала неше жастан қылмыстық жауапкершілікке тартылады?
(14 жастан)
8. Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамға ең қымбат нәрсе?
(бостандық)
2 –топқа:
1. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
2. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы (достық)
3. Қазақстанда қандай білім алуға міндетті? (орта)
4. Бес асылды атаңдар? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
5. Үш арсызды атаңдар (ұйқы, тамақ, күлкі)
6. Мұсылманның бес парызын атаңдар? (намаз, ораза, қажыға бару, зекет)
7. Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған ғұлама.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған.
Ол кім? (ата)
8. Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі. (Азамат)
лағатты сөздер тыңдалады.
1. Тәрбиелі – тәртіптің құлы,
Тәртіпті – елдің ұлы. (Б.Момышұлы)
2. Заң адамды бағындырады. (Т.Фуллер)
3. Заң адамдардың тәрбиесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамзат даналығының ең жоғарғы көрінісі болып табылады. (С.Джонсон)
4. Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды. (Менандр)
«Ойды аяқта» (Мақал-мәтел айтудан жарыс)
1. Заңның құрығы...(бәрінен ұзын)
2. Қолыңмен істегенді... (мойыныңмен көтер)
3. Өтірікшінің құйрығы...(бір-ақ тұтам)
4. Әр елдің... басқа, иттері қарақасқа (Заң)
5.... істің арты игі (Әділ)
6. Би екеу болса... төртеу (Дау)
7. Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі... табар. (Куә)
8. Мен...қылған күні ай жарық болды. (Ұрлық)
9. Еңбек түбі...(зейнет)
10. Біреуге ор қазба.. (өзің түсерсің)
11. Ұрлық түбі...(қорлық)
12. Тура биде...(туған жоқ)
13. У ішкен бір өледі... ішкен мың өледі. (Ант)
14. Жолға шықсаң сайлан, бес... байлан. (Қару)
Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аласым да.
Жан-жағым толған мақсат, толған таңдау
Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп С.Торайғыров айтқандай «Мен Қазақстан азаматымын» атты әңгімемізді аяқтаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
Биссембаева А. Сенің құқығың – менің құқығым //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2008.- №1.-51б.
Кобилано Р. Құқық әлемінде //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2010.-№4. – 45 б.
Молдабекова С. Құқықтық турнир //Мектептегі мерекелер. – 2011.- №9. –
30 б.
Тулеуова Т. «Мен – Тәуелсіз мемлекеттің азаматымын» //Тәрбие сағаты. – 2009. - №6. – 10 б.
Шетенова Е. «Баланың құқықтары туралы» заңы //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. -2009.- №6.- 33 б.