БЕКЕТТІҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
«Ересектердегі жүрек - өкпелік реанимациясы»
ЖТД интерннің коды _______________________________________________
Емтихан қабылдаушының аты- тегі __________________________________
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | 0- 0,1 | 0,2- 0,3 | 0,4-0,5 |
Клиникалық өлімнің белгілерін анықтау: есінің болмауы мен өз бетімен жүрек қызметінің және тыныс алудың болмауы. Есінің жағдайын бағалау үшін: Санасының жағдайын бағалау үшін науқастың иығынан қағуға болады және/немесе оған айғайлау. Санасы болмаса көмекке шақыру, жедел медициналық көмек бригадасын шақыру, егер мүмкіндік болса деффибриляторға жіберу. Ұйқы артериясында тамыр соғуын анықтау үшін: - ұйқы артериясын сипап табу,оның соққысын анықтау. Науқаста өз бетімен тыныс алуды анықтаукелесі жолмен жасалады: - кеуде қуысының қозғалысы барын көру арқылы бақылау; - есту арқылы науқастың аузынан тыныс шуларын тыңдау; - ұртымен дем шығарған ауаның қимылын сезу | ||||
Жүректің тікелей емес массажын жасауға науқасты дайындау: -науқасты тегіс, қатты жерге жатқызу; -зардап шегушіні киімнен мойынын және кеудесін босату; -дұрыс орналасуды таңдау: қолды кеуде клеткасына қою – алақанның проксимальды бөлігі төстің төменгі үштен бірінде. | ||||
Жүректің тікелей емес массажының жүргізілуі. Жүректің тікелей емес массажы келесідегідей жүргізіледі: минутына 100-ден кем емес жылдамдықтағы компрессиямен (120-дан кем емес), яғни 18 секундта 30 компрессия және ересектерде 5 см-ден терең емес компрессиямен,алақанды кеудеден алмай,компрессия арасында аздаған үзіліс жасаумен, кеуде клеткасына дұрысталуға мүмкіндік беріп, тез және күшпен басу. Қолдар шынтақ буынында жазылған. | ||||
Ауыз қуысын қарау/тазарту және Сафардың үштік әдісін өткізу. - Тыныс жолдарының өткізгіштігінқамтамасыз ету үшін ауыз қуысын қарау керек, қажет болса тазартып, алынып-салынатын протездерді алу керек. - Сафардың үштік әдісін өткізу үшін қажет:басын шалқайтып(егер мойынның жарақатын жоққа шығарсаңыз), төменгі жақты алға шығарып, ауызын ашу. | ||||
Өкпенің жасанды желдетілуін жасау. Өкпенің жасанды желдетілуі(интубациясыз)«ауыздан ауызға» әдісімен немесе бет маскасы және Амбу қапшығының көмегімен жүргізіледі. Қауіпсіздік шарасын,тазалықты сақтау үшін ӨЖЖ «ауыздан ауызға» әдісін ылғалданған салфетка немесе таңғыштың бөлігі арқылы жасау керек. -зардап шегушінің маңдайына қойылған бір қолмен басын артқа қарай шалқайтып, мойынның астына және шүйдеге қойылған басқа қолмен бір мезетте оны демейді; -маңдайға қойылған қолдың саусақтарымен ауа сыртқа шықпас үшін мұрнын жабыңыз; -өзіңіздің ауызыңызбен зардап шегушінің ауызына толық,тығыз жанасыңыз, оның тыныс жолына тыныс шығарыңыз (тиімді бақылау критерийі —кеуде клеткасының көлемі ұлғаяды); -зардап шегушіден алшақтаңыз, науқаста баяу сыртқа шығару орын алады. -кеуде клеткасы түскенде екінші жасанды тыныс алу жасаңыз. Тыныс алу циклдері арасы 1 минутына 8-10-нан жиі емес, (1тыныс циклі 4-5 есептеуге).Шығаратын ауа көлемі қалыпты көлемнен шамамен 50% жоғары болуы керек. -егер реаниматор жеке әрекет жасаса, ӨЖЖ ырғағына кеуде қуысының компрессия жиілігі қатынасы 30:2 болуы керек(1 цикл ЖӨР) | ||||
Жүрек-өкпе реанимациясының бірінші кезеңін орындау. ЖӨР 1 кезеңі 5 циклдан тұрады және 2 минуттан көп емес уақытта орындалады. | ||||
Стоп-талдау өткізу. 10 секунд бойы ұйқы артериясында тамыр соғысын анықтау, ырғақты бағалау. | ||||
Науқастың жүру жолын анықтау. Қанайналымы жақсарғанда науқастың жүру жолын анықтау (кардиохирургиялық клиникасы), және науқасты апара жатқаны туралы ауруханаға хабарлау. | ||||
Барлығы |
БЕКЕТТІҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
«Жедел коронарлы синдромда көрсетілетін шұғыл көмек(ЖКС)»
ЖТД интерннің коды _____________________________________________
Емтихан қабылдаушының аты-тегі ___________________________________
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | 0-0,1 | 0,2-0,3 | 0,4-0,5 |
Жедел коронарлы синдроммен сырқаттанатын науқасқаЭКГ тағайындаңыз. Жедел коронарлы синдроммен сырқаттанатын науқаспен әңгімелесу арқылы түсінік жұмысын жүргізу. - Емделушінің көзқарасын ескере отырып, ортақ мәмілеге келу. | ||||
Жоспарлауды жүргізіңіз: шешімді бірге қабылдау. Не істейтініңізді, мүмкін болатын асқынуларды түсіндіріңіз. | ||||
Аспаптық тексеру әдісінің қорытындысын интерпретациялау. -емделушіге құрал-жабдықтармен және зертханалық зерттеу әдістерімен жүргізілетін интерпретацияның мәліметтерін түсіндіру; -әңгімелесу барысындағы сұрақтарды анықтау және жауап беру. | ||||
Науқасқа шұғыл терапевтік манипуляциялар мақсатын және орындалу қажеттілігін түсіндіру керек. | ||||
Жедел коронарлы синдромды басу мақсатында дәрілік заттарды таңдау. Жедел коронарлық синдромды басу мақсатында төмендегі дәрі-дәрмектерді тағайындау 1.Аспирин - 100-300 мг мөлшерінде шайнап, сумен ішу; 2.Нитроглицерин 0,0005 тілдің астына әрбір 10 мин сайын АҚҚ –н 3 рет бақылауымен. | ||||
Шағымдары және обьективті клиникалық мәліметтердің жиынтығымен, орындалған терапевтік манипуляциялар тиімділігін бағалау. | ||||
Науқастың келесі жолын анықтау. -Егерде Сіз үйде немесе көшеде болсаңыз телефон арқылы, болмаса басқалардан жедел жәрдем бригадасы көмегін шақыруын сұраңыз; -Егер Сіз жедел жәрдем бригадасының мүшесі болсаңыз, Стацинардың қабылдау бөлмесіне науқасты алып келе жатқаныңыз туралы телефон арқылы хабарлаңыз; | ||||
Жылы лебізді және байсалды үнмен науқаспен қоштасты. | ||||
Барлығы |