Қазақ тіл білімі саласында ең аз зерттелген сала – құрмалас сөйлемдер. Олар туралы ең алғаш пікір айтқан – А.Байтұрсынов («Тіл құрал») құрмалас сөйлемді екіге бөледі: сыйысулы: шұбалаң, ықшам; қиысулы құрмалас. Қ. Жұбанов («Қазақ тілі жөіндегі зерттеулер») «құрмаласты» «күрделенген» терминімен ауыстыруды ұсынған. Сондай-ақ Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, С.Аманжолов, қазір Т. Қордабаев, Қ.Есенов зерттеп жүр.
Құрмалас сөйлемнің басты критерийлері туралы түрлі пікірлер айтылып келді. Әр лингвист құрмалас сөйлем болудың белгісі ретінде түрлі сөйлем қасиеттерін ұсынды:
1) Сөйлемнің мағыналық, тұлғалық байланысы (А.Байтұрсынов) немесе «тең байланыс, кем байланыс».
2) Әр компонент құрамында бастауыш, баяндауыш болуы (Қ.Жұбанов). Бірақ бұл ғалым интонацияның болуын ескермейді. Сондықтан үйірлі мүшелерді де бір жай сөйлем деп кетеді.
3)1954ж. Н.Сауранбаев «Құрмалас сөйлемнің синтаксисі» еңбегінде үш критерийін ұсынады: а) ой дербестігі, ә)дербес бастауыш пен баяндауыш болуы, б) құрмалас сөйлем компоненттерінің интонациялық жігінің айқын болуы.
С.Аманжолов дербес бастауыш қажет деп есептемейді. Негізгі шарт – өзіндік баяндауыш пен дербес интонация.
Қазіргі синтаксист ғалымдарымыз ұсынып жүрген бірнеше критерийлері мыналар:1) Әр сөйлемнің тиянақты, тиянақсыз болса да дербес ойға ие болуы.
2) Әр сөйлемде айтылған ой бөлек-бөлек болмай, бір-бірімен ұласып жатуы. 3) Құрмалас сөйлемдердің әр компоненті (жай сөйлемдері) сөйлемге тән қасиеттерге ие болуы шарт.
4) Құрмалас сөйлем компоненттерінің әр қайсысының дербес интонациясы болуы шарт.
Жеке талдау жасайық: Әр жай сөйлемнің дербестігі шартты нәрсе. Неге десеңіз құрмалас сөйлем компоненттерінің әр қайсысының дербестігі тең дәрежеде емес. Мыс.: Шұрайлы жер аз емес, бірақ соның бәрі байлардың, дворяндардың, помещиктердің қолында. Олар өз жерлерін ешқашан бермек емес,алхаштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға шамасы жоқ(М.Дулатов). 2-4-сөйлемдердің дербестігі «шартты», 1-3-сөйлемдердің дербестігі «нақты». (Қ.Шәукенов). Сөйлемге тән басты қасиет: коммуникация, модальдылық, предикация. Предикацияның екі жолы бар: а)бастауыш пен баяндауыштың қатар болуы; ә) тек баяндауыш арқылы. Алғашқысы –аналитикалық, аналитика-синтетикалық, соңғысы –синтетикалық. Мыс.: Сендер тәлтіректеп белестен асып кеткенше, мен көз алмай қараумен болып едім. Баяндауыш кеткенше – жақты, шақты көрсетпейді. Жақ, шақ сендер бастауыш арқылы –предикаттың аналитикалық тәсілі. Ақырында осы отырған түрлі Нілді мен Қарағандыны мына Боздақ пен Байжандікі деп тапты да, өзгеміз соған қол көтеріп шықтық. 1-жай сөйлемде предикация нақты өткен шақ. (Біз шықтық) –аналитико-синтетикалық. Бірақ баяндауыштары бірнешеу, бастауыштары көрінбей тұрған сөйлемдер үшін басты белгі әр баяндауыштың әр бөлек бастауышқа ие болуы. (Жеке субъектіге тәуелді –Т.Қордабаев). Мыс.: Көрдім, танымады. Берсе, тастамаспын. Ал бір ғана субъектінің бірнеше іс-әрекетті көрсетіп, бір ғана сөйлемнің бірыңғай мүшесі болуы мүмкін: Жолықтым, сөйлестім. Қарт көрпе астынан еті қашқан оң қолын шығарып, үп-үшкір шынтағымен жер таяп, ұмтылып барып, тұра алмай аунап түсті. Алдыңғысы бірыңғай баяндауыш,соңғысында шығарып, жер таяп, ұмтылып барып, тұра алмай етістіктері аунап түсу қимылының амалын білдіреді (Т.Қордабаев).
Әрбір компоненттің белгілі мағыналық дербестігі, субъект- предикаты және интонациялық мәні бір күрделі ойды білдіретін синтаксистік бірлікті құрмалас сөйлем дейміз.
1.Салалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыратын грамматикалық тәсілдер ішіндегі маңыздысы – жай сөйлемдерді жалғаулықтар арқылы құрмаластыру тәсілі. Мұндай жалғаулықтар қатарына мыналар жатады:
а) себептестік қатынасты білдіретін сондықтан, себебі, сол себепті, өйткені, неге десең;
ә) мезгілдестікқатынасты білдіретін және, да, де, та, те, әрі;
б) қарсылықты қатынастыбілдіретін бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, өйтсе де, ал, дегенмен;
в) кезектестік, талғаулық, бірдейлестік қатынасты білдіретін бірде, біресе, кейде, не, немесе, болмаса, әлде, яки, я;
г) бейтараптық қатынасты білдіретін мейлі, құй т.б.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функциясында қолданылатын бұл жалғаулықтардың мағыналарына қарай мезгілдес, қарсылас, себептес, талғаулы, кезектес, бейтарап мәнді деп бөлінетіні сияқты, бұлардың дәнекерлігі арқылы жасалатын жасалатын салалас құрмалас сөйлемдер де жалғаулықтар аттарына сәйкес бөлінеді.
Мезгілдес салалас. Қазақ тілінде жазылған тұңғыш оқу құралынан бастап сөз болып келеді.1936ж. жасалған оқу бағдарламасында «ыңғайлас салалас» деп аталған. С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтар авторлығымен1939ж. шығарылған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулықта «Тіркес салалас» деп аталған. Бұдан кейінгі жылдардағы зерттеулерде салаластың бұл түрі брде «ыңғайлас», бірде «мезгілдес» деген атаулармен аталып келді. Осы оқулықтың бірінші басылымынан бастап «мезгілдес салалас» деген атау тұрақталды.
Себептес салалас –к омпоненттері бір-брімен себептестік қатынаста тұратын құрмалас сөйлем. Салаластың бұл түрі 1936ж. оқу программасында «себеп-салдар салалас» деген атпен тұңғыш ретсөз болды. Олар өйткені,себебі, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалады.
Қарсылас салалас –компоненттері бір-біріне қайшы мағынада тұратын салалас түрі. А.Байтұрсынұлы оқу құралдарында «қайырыңқы салалас» деп аталған да, оған «соңғысы алдыңғы сөйлемге қарсы мағыналы болып қиысады» деген анықтама береді. Қарсылас салалас бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, өйтсе де, ал, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалады.
Талғаулы салалас А.Байтұрсынұлы оқу құралдарында «айырыңқы салалас» аталған. Не, немесе, болмаса, әлде, яки, я жалғаулықтарыарқылы жасалады.
Кезектес салалас деп құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әрекеттердің брнен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз. Бірде, біресе, кейде т.б. жалғаулықтар арқылы жасалады.
Түсіндірмелі салалас 1961ж. жарық көрген оқулықтың бірінші басылымынан бері қарай ғана есептеліп жүр. Онда «іліктес салалас» деген атаумен аталған. Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, бірінші жай сөйлем баяндауышы сол, сонша, соншалық, сондай, соншама деген есімдіктер мен үстеу сөздерден болған сөйлемдерде түсіндірмелі салаласқа жатады.
Салыстырмалы салаласқа бір-бірне антитеза немесе анология ретінде алынған екі түрлі субъектінің іс-әрекеттерін, қасиеттерін, жай-күйлерін салыстыра баяндайтын сөйлемдер жатады.
Шартты салалас компоненттерініңмағыналары өзара шарттас болып келеді.
Шартты салалас сөйлемдер екінші компоненттегі әрекеттің болу-болмауына бірінші компоненттегі әрекет шарт болып келеді.
Екі компонент баяндауышы да бұйрық райда айтылады: Біраз дем ал, тынығып қаласың.
Шартты салаластың шартты бағыныңқылы сабақтастан айырмашылығы баяндауыш формасында ғана.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер: құрылымдық бөлшектері, жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемдерді ұйымдастырушы орталық бағыныңқы компоненттің баяндауышы болады. Осы баяндауыш сөзінің түрлі формалық өзгерістерге түсуі арқылы сабақтас сөйлем жасалады.
Бағыныңқы компоненттің баяндауышы, әрине, етістік сөздермен беріледі. Алайда қандай етістік сөздері бағыныңқының баяндауышы ретінде жұмсалады деген мәселеде түркологияда тиянақталған пікір жоқ. Өйткені кейбір ғалымдар (Б. А. Серебренников, Н.А. Баскаков, М. Ш. Ширалиев т.б.) сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда тек қана етістіктің шартты рай тұлғасы қатынасады деп түсіндіреді. Мұндағы бұлардың дәлелі – сабақтас құрмалас сөйлем болу үшін оның бағыныңқысының баяндауышы өз бастауышымен әр уақытта жақ жалғауы арқылы байланысып тұруы керек.(Сен шақырсаң, мен барамын). Егер осы сөйлемді Сен шақырған кезде, мен жетіп келдім түрінде құрсақ, енді бұл конструкция жоғарыда аталған ғалымдарда сабақтас құрмалас сөйлем болып танылмайды, өйткені бағыныңқының бастауышы өз баяндауышымен жақ жалғауы арқылы қиыса жұмсалмаған. Осы принципті негізге алатын болсақ, есімше, көсемшелер арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріске шығаратын боламыз. Демек, сабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқының баяндауышы өз бастауышымен қиыса да (шартты рай тұлғасы), қиыспай да байланыса береді.Сөйтіп, сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолындағы негізгі орталық бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып есептеледі. Сонымен қатар сол баяндауыш сөздеріне қосымша ретінде шылау, қатыстық сөздері де елеулі қызмет атқарады. Сондай-ақ сабақтас құрмалас сөйлемнің ұйымдасуында интонация мен орын тәртібінің өзіндік үлестері бар.
1.Бұл жол сабақтас құрмаластың ең негізгі ұйымдастырушы орталығы болып есептеледі. Мұндай ұйымдастырушы орталық өз дербес бастауышы болуына негізделеді.Әйтпесе,ұйымдастырушы орталық бағыныңқы сөйлем болып танылмай, оралым қатарында қалып қояды.
«Баяндауыш формасы» деп алуымыздың себебі, мұнда басқа қосымша амалдар (шылау, қатыстық сөздер) баяндауыш сөздерімен тіркесе жұмсалмайды. Бандауыш сөз-і белгілі бір септік жалғау-да, не болмаса арнаулы жұрнақтар арқылы тікелей тұрып-ақ бағыныңқы компонентті жасауға қатысады. Мұндай баяндауыштар есімше, көсемше, шартты рай тұлғалы сөздер болып келеді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. I. Сабақтас құрмаластың жеке түрлері оның бағыныңқы компонентінің ыңғайына қарай ажыратылады. Осыған орай бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы дегенімізде жалпы сабақтас құрмаластың жеке түрлерін түсінетін боламыз.
Бағыныңқы сөйлемдерді өзара жіктеуде мағыналық принцип те қолданылды. Бұл әсіресе проф. С. Аманжоловтың еңбегінен кеңінен көрініс тапты. Автор аталған еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық көріністеріне қарай 18 түрге жіктеген.
Бағыныңқы сөйлемдерді жіктеуде соңғы кездері қолданылып жүрген принцип – құрылым-семантикалық принцип. Осы принцип бойынша сабақтас құрмаластың жасалу жолдары мен олардың бағыныңқы және басыңқы компоненттерінің бір-бірімен аралық тығыз байланысынан туындайтын мағыналық көріністері басшылыққа алынады. Осы негізде тіліміздегі сабақтас құрмалас сөйл-ді ең алдымен жалпы үлкен ү ш салаға бөліп қараған жөн тәрізді.