Әрбір тыныс белгінің өзіне лайық қызметі бар, соған орай олардың да белгілі орындары да болады. Сөйлемдегі сөздердің белгілі орны болса, тыныс белгілерінің де сөйлем ішінде тиісті орны бар. Олай болса, тыныс белгілерін қалай болса солай қабаттастырып қоя беруге болмайды. Сондықтан тыныс белгілерінің қабаттасып келетін орындары туралы мынаны білген жөн:
1. Бір сөйлемде кейде екі жақша да қабаттасып келеді. Оның астындағы жарау көк биесі, қолындағы тобылғы сапты бұзау тіс қамшысы, қызыл қайың сойылы, желқом сияқты ("желқом" деп қапталында (бір нәрсенің жанын "қаптал" дейді) қалың киізі бар тоқымсыз салынған ерді айтады) жыртылған киіз тоқымы, кішкентай ері, ұзын қайыс қанжығалры, жіңішке темір үзеңгісі, өрген жүгені, қара қыл шылбыры - бәрі бір-біріне үйлесімді еді.
2. Кейде сызықша қойылуға тиісті жерге сұрау, леп белгісі, көп нүкте, нүкте, үтір қойылуы тиіс болса, сызықша да олармен бірге қабаттасып қойыла береді. Сызықша осы белгілерден соң ғана қойылады: 1) -Мен демагогикадан аулақпын - деді Жомарт,- мүмкіндік зайыр көрініп тұр... 2) Егоров маған: -бізге қарай тез шегініңдер. Қоршауда қаласыңдар,- деді; 3)Мұндағы әрбір өлеңде де әңгімелерде де - өнер-білімге шақыру, шыншыл болуға үндеу жетім - жесірлерді, нашарларды аяу, қайырымсыз, қатыгез байларды әшкерелеу - сол шығармалардың негізгі идеялық ой түйіні, баст арқауы болып отырады; 4) Түлкі айтты(іліп ала), - "өй, сұлтаным:
Кеше еді сізден жаман ауырғаным.
Қасқырдың артқы аяғы сіңірін жеп.
Жазылды сәлемат боп ғазиз тәнім; 5)Сенде қандай күйік болушы еді? - деп, Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады; 6) Сені ұялтып, соған мен семіреді деген бақал өсекті қашан қоясындар, осы түге!? - деп Қаражан мен Әзімбайға да суық қарады; 7) Солай ма?- деді ол. -Солай ма!? Саған әлде жал біте бастады ма? 8) Сабыр, отағасы, сабыр, Жыламашы балақай!..- деп, екеуінің үстіне түсті.
Тырнақша сұрау белгісімен, нүктемен, леп белгісімен, көп нүктемен, үтірмен қабаттасып қолданыла береді. Ал сызықша төл сөзге қатысты болмаса, тырнақша сыртына қойылады. Мысалы: Оның қарамағында "нағыз" анатом үшін "қажетті нәрселердің бірі " - диплом, үй, инструменттер, шамадан тысталаптар жеткілікті болған. Жеке сөздер бірыңғай мағынада әрқайсысы тырнақшаға алынып жазылса, бүтін сөйлемнің құрылысына қарай басқа тыныс белгілері тырнақшадан соң қойылады. Мысалы: Жиналғандардың бәрі, "даңқы арта берсін", " даңқы арта берсін! ", " даңқы арта берсін! " - деп үш рет қайталады.
3. Тырнақша алдына қойылған сұрау, леп, я көп нүкте, қос нүкте сияқты тынс белгілері тырнақшаның жабылатын екінші сыңары соңынан қойылмайды, тырнақшаның алдыңғы сыңарының алдынан ғана қойылады. Мысалы: " Сен әрі суық, әрі қатты мұқтаждық көрген кезімізде туып едің",- деуші еді.
4. Сөйлем мен сөйлемнің, не сөйлем мүшелерінің арасында жақша тұрса, жақшаның алдыңғы сыңарынан соң қойылуға тиісті үтір ол жерге қойылмайды, ол жақшаның екінші сыңарының сыртынан қойылады.
5. Ремарка сөйлемнен кейінгі қойылуға тиісті нүкте ол жерге қойылмай, ремаркадан соң қойылады: Совет Одағының шаруашылық құрылысындағы осындай орасан зор өзгерістердің нәтижесінде "...Біздің экономикамыз қазір жаңа, социалистік экономика, дағдарыстар мен жұмыссыздықты білмейтін, жоқшылық пен күйзелушілікті білмейтін және азаматтардың ауқатты, мәдениетті тұрмысқа жетуіне қажетті мүмкіншіліктердің барлығын беріп отыратын экономика болып отыр".
Ремаркадан бұрыңғы сөйлем хабарлы болса, ремарканы қоршаған жақшаның алдынан нүкте қойылады да, ремаркадан кейін қойылмайды: Айдар. Абай аға, рас, жаңағыдай күйініш айтқанша, өзімді қалжың етсеңіз де, осындай әзіліңізді айтсаңыз екен! Осы сияқты жағдайларда "айтсаңыз екен" тәрізді аяқталған сөйлемдерден кейін леп белгісін, не сұрау белгісін қою керек болса, леп не сұрау белгісі әр уақыт ремарканың алдынан қойылады.
6. Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүктелер жақшаның алдыңғы сыңары алдынан қойыла береді: 1) Қанікей. Мес, жоғалт мынаның көзін...( Мес тез жүретін адам еді ); 2. Галя. Міне қызық. (Қолына ұстап тұрған бұйрықтың көшірмесіне қарайды ). Шынымен-ақ кадр бөліміне апарып беремін бе?
7. Жақша ішінде тырнақшаға алынған лепті, сұраулы, хабарлы сөйлем болады. Егер ол сөйлем лепті болса, леп белгісі тырнақшаның соңғы сыңарынан бұрын қойылады, мұндай жағдайда сұраулы сөйлемнің тыныс белгісі де осылай қойылады: Мұрат немістердің кейпін, тұлғасын байқап анықтай алмады ("ол жұрттың қимыл, тұлғасын керемет аңдағыш!").
8. Үтір мен тырнақша да қабаттасып келе береді. Мысалы: " Жалғыз кенжесі өсіп, қара табан боп, адам бола бастаған Дәркембай тіпті қайта жасарғандай болды".
Эллипсисті бағыныңқы сөйлемдерден соң, үтір қабаттастырылып қойылмайды. Мысалы: Ертең... жақсылық боп... соғыс жеңіспен бітіп... Дәулет аман келіп... жарқырап күліп келудің орнына... томпайып жатқан қабырларды құшақтап... көз жасын көл қылғанда не болды!..
Тыныс белгілерінің жоғарыдағыдан басқа қосымша қызметтері де болады: 1. Үтір кейде салалас құрмалас сөйлемде нүктенің орнына қолданылады: Күннің қызыл шұнақ аяз екенін де сезбесе керек, құлақшынының бауы байлаусыз, дөңгелек келген етті сарғыш беті нарттай. 2. Салалас құрмалас сөйлемдегі әр жай сөйлемде сұраулық мағына болса, сұраулық мағынасы бар әр жай сөйлемнен кейін сұрау белгісінің орнына үтір қойылып, сұрау белгісі сұраулық мағынасы бар соңғы сөйлемнен соң қойылады. Мысалы: Аяқ-қолың аман ба, тамағың тоқ па, киім-кешегің бүтін бе, қолғап тоқып берейін бе?- деп сұрады. 3.Үтір кейде оңашаланған мүшені бөлуде сызықшаның орнына қолданылады: а) 1917 жылғы майда, конференциядан кейін, Орталық Комитеттің саяси бюросы құрылады; ә)Жақын жерде, жолдың сол жағында-көгалды бұлақ басында, жеті - сегіз үйлі қоңырқай ауыл отыр екен. 4.Үтір кейде жалпылауыш сөйлемнен кейін санамалап айтылған бірыңғай сөйлемдерден кейін және күрделі бірыңғай мүшелерді бөліп көрсетуде нүктелі үтірдің орнна қойылады. Мысалы: Мына төмендегі шрттардың орындалуын қамтамасыз етуші жастар комбайн агрегаттары, автомашина жүргізушілер, транспорт бригадалары социалистік жарыста озған болып есептелсін: а) комбайнның, машиналардың жұмысын исағаттық график бойынша ұйымдастыру, ә) машиналарға ұқыпты қарау және техникалық күту ісін инструкцияда көрсетілген мерзімде жүргізіп отыру, б) әрбір жастар агрегаттарының, автомашина жүргізушілердің, транспорт бригадалары мүшелерінің сменалық және маусымдық тапсырмаларды орындауын қамтамасыз ету. Менің киімдерім - басымда қызыл шұбар сисамен тыстаған елтірі бөрік, ішімде кенеп көйлек - дамбал, сыртымда қолдан тоқылған шекпенмен тыстаған жабағысы ескі күпі, аяғымда жылқы терісінен илеген қайыстан тіккен етік. 5.Сызықша кейде оңашаланған мүшені бөлуде жақшаның орнына қолданылады. Мысалы: Орта Азияның патшалық дәуірде езілген халықтары - түрікмен, қарақалпақ, өзбек, қазақ, тәжік, қырғыз - бәрі де революцияға дейінгі дәуірде ғасырлар бойы су тапшылығын, қуаңшылық азабын кімнен болса да көп көрді.
6.Сызықша кейде оңашаланған мүшені бөлуде қос нүкте орнына қолданылады. Мысалы: Гогольдің орыс драматургиясы мен таетрының тарихында зор роль атқаратын көлемді, жалпыға мәлім комедиялары - "Үйлену" және "Ревизор" комедиялары болып табылады.
7. Нүктелі үтір кейде баяндауыштары бір тұлғада келген сөйлемдер арасында нүктенің орнына жүреді. Мысалы:
1) Соны айтып жаздың күні масатыдай,
Айырды жерге жанша басатындай;
Кернетіп кең даламен керуенін,
Асқардан асу бермес асатындай;
Сүрлеуден ұлы даңғыл арна салса,
Ертіспен қатар ол да тасатындай.
2) Ауыр аптап ыстық ауа мүлгіп тұр; ыстық өтіп күнсіген бетін ынтыға самал іздегендей, бірақ жел лебі білінер емес; қарауытқан көкшіл аспаннан төгілген күн нұры күйдіріп барады;өзеннің арғы бетінде, қарсы алдымыздан сарғайып көлбеп, сұлы егістігі жатыр; әр жеріне аралас жусан шығыпты; бір де бір масағы селт етсейші.
8. Бір сөйлемде әрі лептік, әрі сұраулық мағына болса, сұрау белгісі мен леп белгісі қатар қойылады. Сөйлемнің сұраулық мағынасы басым болса, онда әуелі сұрау белгісі қойлады. Егер сөйлемде лептік мағына басым болса, алдымен леп белгісі, одан соң сұрау белгісі қойылады. Мысалы: 1) Жайлаубай әдетінше сақалын тарамдай, жай ғана қайырды жауыпты:- Неге сасам?! Осынау жұрт не болса, мен сол болам. 2) Бүгін оның аузынан Мағрипа не естімек!?.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
1.Дауыс үзілістері дегеніміз не?
2.Ғалымдардың интонация туралы пікірлері қандай?
3.Л.В. Щерба пунктуацияны қандай таңба деп санады?
4. Ш Сарыбаевтың интонация туралы пікірі қандай?
Әдебиеттер тізімі:
1. Әмір Р. Ауызеккі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. –А., 1977.
2. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. –А.,1984.
3. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. –А.,1984.
Дәріс. Қазақ тіл білімі салаларының құрылымдық жүйесіндегі кәсіби бағыт және морфонологиялық заңдылықтар
Дәріс жоспары: