Лекции.Орг


Поиск:




Бірінші модуль. Модульдің атауы 8 страница




Саяси технологиялардың сан алуан түрлері саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз), саяси консалтинг салаларында жүзеге асырылады. Саяси технологиялардың кеңінен қолданылуы – азаматтық қоғамның ілгерлеуінің, демократиялық институттардың және саяси сананың даму деңгейінің көрінісі. Өйткені саяси технологиялар тек демократиялық және ашық қоғамға ғана тән. Саяси технологиялардың ішінде сайлау саласында қолданылатын технологиялардың да маңызы ерекше. Сайлау технологиялары – бұқара сайлаушылардың санасында электоралды мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған бірізді іс-әрекеттер. Бұқараның электоралдық мінез-құлқына ықпал ету және оларды нақты үміткерге дауыс беруге итермелеу мақсатында ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі ерекшелігі – сайлаушылардың мінез-құлқын реттеуші әлеуметтік-психологиялық тетіктерді қосуға бағытталуы. Сайлау технологиялары кәсіпқойлар қолында күшті қаруға айналады. Сайлау технологияларын сауатты қолдану арқылы сайлауда жеңіске жетіп, саяси билікке ие болуға болады.

Тәуелсіздік алғалы қазақстандық саяси ғылым қалыптасып, орнығып, дамып келеді. Осы салада мамандарға, зерттеуші ғалымдарға, жалпы саяси ғылымға қызығушылық танытатын оқырмандарға саяси ғылымға жаңадан енген терминдерді түсіндіретін, қысқаша сипаттама беретін арнайы сөздіктер керек-ақ.

Осы жылдар ішінде Қазақстандық саяси ғылымда жарық көрген бұндай сөздіктер саусақпен санарлық. Мысалы: Қазақстан Даму Институты шығарған орыс тіліндегі «Политологический энциклопедический словарь» (1998), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті шығарған «Әлеуметтану және саясаттану бойынша» орысша-қазақша қысқаша түсіндірме сөздік (2006) және Жүйелі зерттеулер институты дайындаған «Саяси түсіндірме сөздік» (2007). Бұл еңбектердің сөз жоқ, отандық саяси ғылымға қосқан үлесі зор.

 

1.5. Қазақ тілін кәсіби оқытуда меңгерілетін құзыреттіліктер

Жоспары:

1. Тілдік құзыреттілік

2. Лингвомәдени құзыреттілік

Бүгінгі білім берудің басты нысаны әлемдік білім кеңістігіне кіру. Алғы шарт бүгінгі қоғамға лайықты білікті де білгір азамат тәрбиелеу. Мұндай тұлға өз ұлтының және өзге ұлт өкілдерінің мәдени құндылықтарын қастерлейтін, саналы деңгейде пікірлесе алатын дәрежеде болуы керек.

Оқушы біліктілігін арттыру қазіргі оқыту үрдісі мазмұнының басты нысанасы. Түрлі пәндер бойынша берілетін білім мазмұнының меңгерілуі, сол білімді пайдалану арқылы оқушының өмірлік дағдысы мен іскерлігі өлшенеді, ендігі жерде білімнің сапасы нәтижеге бағытталады.Іскерлік қатынасты көтеру мақсат етіледі. Осыдан қазіргі білім беру жүйесіндегі құзыреттілік (біліктілік) ұғымы туындайды.

Нәтижеге бағытталған білімді пәндік құзыреттілік тұрғысынан зерделесек, біз адамға тыңдау, түсіну, ойлау,пайымдау, тұжырымдау, пікірлесу сияқты тілдік коммуникативтік біліктіліктерді оқушының өмірлік қажеттілігіне айналдыруы үшін әдебиеттің маңызы зор екеніне көз жеткіземіз. Әдеби білім алған оқушы әдебиетті пән ретінде ғана біліп қоймайды, сол пәндік білім негізінде болмысты танып біледі, одан ақпараттық мағлұматтар алады, эмоциялық құндылық болып табылатын адами қасиеттерді бойына сіңіре отырып, мәдениетті, салауатты қарым-қатынасқа түседі, әдебиеттің жетекші қызметінің жүзеге асырылуына жол ашады. Бұл ретте көркем шығарманы дүниетанымдық, әлеуметтік, тәрбиелік бірлікте қарастырудың мәні артады, әдебиетті ұлттық құндылық ретінде оқыту қажеттілігі туындайды.

Сөз өнерінің негізінде оқушының дербес шығармалық қабілетін, ұшқыр, шешен сөйлеу шеберлігін дамыту үшін әдеби білім мазмұны көркемдік сипатқа құрылып, оқушы біліктілігін арттыруға негіз болады, сол себепті нәтижеге бағытталған білім моделі бойынша әр пәннен берілетін білім мазмұны мектептің барлық сатыларында нақты көрініс тауып, оқушылардың білімдік құзыреттілікті меңгеруін қадағалайды. Құзыреттілік ұғымы – оқушының белгілі бір кешенді іс-әрекетті орындай алу қабілетін жетілдіруге бағыттала отырып, оқыту жүйесіне қызмет етеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында бала бойында жалпы білім дағдысы мен білігін қалыптастыру мәселесі қаралады. Жалпы оқудың білігі мен дағдысын жан-жақты қалыптастырудың маңызы зор екені белгілі. Оқушы бойында білім негіздерін қалыптастыру үшін оның біліктілігін, дағдысын тұрақтандырып, белгілі арнаға түсірмейінше, нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Оқушы белгілі мәліметті қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге терең ой иесі. Ол дербес ойланып, дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер арқылы қолайлы жағдай жасауға тырысамын. Айталық, «Атаулар көмегімен болжау жасау», «Елеспен жетелеу», стратегиялары оқушының шығармашылық қабілетін ұштауға өте тиімді. «Ой қозғау», «Болжау» әдістерін оқушының ой ұшқырлығын бақылауда, стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдалану жөн. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазіргі оқушыларды кең ауқымды көркем әдебиетті қазақ тілінде оқытуға баулу оңай іс емес. Бұл жолдағы қиындықты шешуге «ЖИГСО» әдісі көп көмегін тигізеді. Оқушы өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін сурет те салады, сахналық көрініс те қояды, сабақтың осы кезеңі оқушыларды бей-жай қалдырмайды.

Оқушылардың ойлау деңгейіне сай әр сабақта сұрақ қою үшін Б.Блумның сұрақ қою өлшемін пайдаланамын. Сұрақтар қарапайымнан терең ойлауға дейін жалғасады. Мұндағы мақсат – оқушы ойын ең төменгі деңгейден терең ойлауға дейін жеткізу.Топтық тапсырмалар сыныпта ынтымақтастықты қарым-қатынас орнатуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, тақырыпты өмірмен байланыстыруға мүмкіндік туғызады.

Лингвомәдени құзыреттілік студенттің әлеуметтік және қоғамдық ортада

өз орнын таба білуіне, өзгелермен тіл табысу арқылы белгілі бір мақсат үшін бірлесе еңбек етуіне қажетті дағдыларды дамыту нәтижесінде қалыптасады.

Лингвомәдени құзыреттілік дегеніміз студенттің тілдік және мәдени бірліктерді контексте орынды қолдануы, мәдени-тарихи және ерекше ұлттық ақпараттарды тілдік қарым-қатынаста пайдалануы, лингвоелтанушылық білімдер жүйесін меңгеруі, ұлт тарихы, дәстүрі, мәдениеті туралы білімін сөйлеуде ұтымды пайдалануы, сөйлеу мәдениетін игеруі.

 

Студенттің әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі заман сұранысынан туындап отыр. Әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілік студенттің әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуі және белгілі бір әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің сапалық деңгейін көрсетеді. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгерту студенттің өзін-өзі дамытуына, қоршаған ортаны шынайы түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге ықпал етуді көздейді. Студенттің топ алдында рефератын қорғауы, баяндама жасауы, пікірталас, ойталқы, ойбөлісте өз ойын еркін жеткізе білуі оның әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін жетілдіруге игі әсерін тигізді. Студент ертеңгі маман ретінде тілді, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші тұлға ретінде қызмет етеді.

Студенттің әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігі дегеніміз – оның қоғамда, көпшілік алдында сөйлей білу дағдысы; тұлғаның қоғамда өз мәдени деңгейін, адами сапалық қасиеттерін таныта алуы; қарым-қатынастың ұлттық және жалпы адамзаттық әдеп нормаларын ұштастыра білуі; интеллектісі мен парасатын үйлесімде таныта алуы; өзгермелі дүние жағдайына бейімделе білуі, өмір бойы білім алу парадигмасына сай өз әлеуетін жетілдіре алуы; көпшілік алдында сөйлеу мен пікірталас мәдениетін жетік меңгеруі; өзіндік көзқарасын шешендік сөздің тектеріне сәйкес ұтымды жеткізе алу шеберлігі; қоғамдық қарым-қатынаста тұлғаның өзіндік көзқарасын мен позициясын ұстануы; қоғамдық пікірталаста өз пікірін қорғай алуы, топ алдында сөйлей алуы.

 

2. Практикалық (семинар сабақтар)

2.1. Сөйлеу және оған тән ерекшеліктер

Жоспары:

1. Сөйлеу сазы

2. Сөйлеу тактысы

Сөйлеу сазы (гр. melodikos — әуенді) — интонацияның негізгі құрамды бөлігі. Сөйлеу сарынының акустикалық көрінісі негізгі тонның сөйлеу барысындағы өзгеріп отыруы болып табылады. Сөйлеу сарыны синтаграммалар мен ритмикалық топтардың әрі жігін ажыратып, әрі басын біріктіріп, бүтін бір сөйлем етіп құрып отырады. Сөйлеу коммуникатив түрлерге (хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық) бөлінеді. Сөйлемнің мағыналық тұрғыдан маңызды бөлігін баса көрсетеді, сондай-ақ көңіл-күй көріністерін, кекесін-қалжың тәрізді астарлы сәттерін аңғартады. Лингвистикалық (акустикалық) талдау үстінде негізгі тонның (дауыс ырғағының) жоғары-төмен деңгейлері, олардың арасындағы алшақтықтың шамасы, әуен сатылары, оның биіктеу шыңы, тік немесе жайпақ көтерілуі мен түсуі, үдемелі, кемімелі және тегіс қозғалуы деңгейлері анықталады. Әдетте зерттеушілер сөйлеудің белгілі бір сөйлем түрлеріне тән сөйлеу сазының пішінін табуға тырысады. Әзірге сөйлеу сазының дыбыстық (акустикалық) көрінісі жайлы тіл білімінде ортақ пікір жоқ.

1 тапсырма: Әріптесіңізбен әзілдесіңіз.

2 тапсырма: Қуанышты хабар жеткізіңіз.

3 тапсырма: Өкініш білдіріңіз.

2.2. Сөйлеу этикеті

Жоспары:

1. Сөз этикасының түрлері

2. Атқаратын қызметтері.

Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты.

Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады.

Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі: 1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы). 2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). 3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген.

Ойдың және сөйлеудің дамуы

Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды.

Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу. 2. Монологтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.

Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады.

1 Тапсырма: Диалогтық сөйлеу әзірлеу.

2. Тапсырма: Монологтық сөйлеу әзірлеу.

 

2.3. Мұғалімнің сөйлеу этикасы

Жоспары:

1. Шаршы топ алдында сөйлеу

2. Мұғалім дикциясының әсері.

Шаршысөз мақсаты мен мазмұнына қарай белгілі бір құрылымда айтылады. Сөз материалы осы мақсат пен мазмұнға қарай белгілі бір жүйе бойынша орналасады. Шаршысөздің классикалық схемасы, зерттеушілердің көрсетуінше, бес бөліктен тұрады: 1) басталуы, 2) кіріспе, 3) негізгі бөлік, 4) қорытынды, 5) аяқталуы.

Сөз ситуациясымен байланысты немесе шешеннің белгілі бір мақсатына қарай кейбір бөліктердің болмауы да мүмкін. Ал негізгі бөліктің болуы міндетті.

Сөздің басталу бөлігіне сөйлеуші ерекше мән береді. Бұл бөліктің мақсаты бірден аудитория назарын өзіне аудару. Бұл бөлікте дәстүр бойынша этикеттік формулалар мен этикеттік қаратпа атауыштардың қолданылуы шешендік сөзге тән этикеттік норма. Сөздің басталуында этикеттік формулалардан басқа мазмұнды білдіретін тілдік бірліктер болады.

Сөздің ұзына бойында аудитория назарын ұстап тұру сөздің басталуына байланысты. Бұл тұста тәжірибелі шешендер тапқырлық танытып, сөзді жұрт күтпеген жайдан бастайды. Ондай жайт көбіне әркімді қызықтыратын, әркімнің басында бар, әркімнің басынан өткерген мәселеге қатысты болуы мүмкін.

Сөздің кіріспе бөлігігінде сөйлеуші аудиторияны психологиялық жақтан айтылар сөздің негізгі бөлігін ұғынуға дайындап, қабылдауға икемдейді. Сөздің басталуындағы байланысты әрі қарай күшейте түседі; аудиторияның назарын бір арнаға бұрады. Бұл бөлікте тыңдаушылар сөздің негізгі тақырыбынан хабардар болады. Сөздің композициялық негізгі бөлігінде шешен айтылмақ басты мәселелерді санамалап көрсете келе оларға қысқаша талдау жасайды. Сөйтіп, мәселенің өзектілігін, қоғамдық, әлеуметтік мәнін ашады. Негізгі бөлікте ең басты деп танылатын материалдар талданып, сараланады. Шешен аса қажетті фактілерге сүйеніп, қисынды дәлелдер келтіреді. Әртүрлі аргументтерді пайдаланып, мысалдарға нақты талдау жасайды. Оппоненттермен пікірталас өрбітеді.

Сөздің қорытынды бөлімінде жоғарыда айтылғандарға қорытынды жасалады. Басты, негізгі ой баса айтылады. Негізгі идея айқындалып, белгіленеді, аудиторияның алдында белгілі бір шешімдерді қажет ететін міндеттер көрсетіледі.

Сөздің аяқталуында этикеттік формулалар қолданылады. Сөздің мазмұнына тікелей қатысты болмаса да, тілек айтылуы мүмкін. Сондай-ақ кейде шешеннің сөзі іс-қимылға шақыратын сөзбен де аяқталып жатады. Жалпы алғанда шаршысөз өзінің жанрлық түрлерімен байланысты. Мысалы, жоғары мектептердегі дәрістер, митингідегі сөз, саяси сөз т.б. әртүрлі аяқталуы мүмкін. Шаршысөздің жанрлық түрлеріне қарай мәтінде кездесетін сөздің лексикалық типтері әртүрлі болып келеді. Мысалы, ғылыми дәрістерде интелектуалдық лексика, саяси дискурста қоғамдық-саяси атаулар, митинг, жиналыстарда эмоционалды лексиканың үлес салмағы басым болады. Мұның өзі шешеннің алға қойған мақсатына байланысты: шешен интелектуалдық тұрғыдан әсер етуді көздей ме, әлде эмоционалды тұрғыдан әсер етуді көздей ме, болмаса жұртшылықты белгілі бір іс-қимылға жұмылдыруды мақсат ете ме мәселе осыған байланысты.

1 тапсырма: Жұрт алдында кіріспесөз сөйлеңіз.

2 тапсырма: Жұрт алдында негізгі мәселе бойынша сөйлеңіз.

3 Тапсырма: Жұрт алдында қорытынды сөз сөйлеңіз.

 

2.4. Оқыту жүйесіндегі жаңа технологиярдың кәсіби қазақ тілінде алатын орны.

Жоспары:

1. Ақпараттық технологияларды қолдану

2. Он-лайн сабақтар жүргізу

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.

Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.

Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.

Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу-кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі.

Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек.

Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

 

Интерактивті тақта – дегеніміз не?

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard(Promethean компаниясы) – ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

1 тапсырма: Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, «қазақ тіліндегі сөз таптары» тақырыбына бірнеше сабақ өткізіңіз.

3. ОСӨЖ

3.1. Коммуникативтік лингвистиканың мәні.

Жоспары:

1. Тілдік қатынас және оның түрлері

2. Сөйлеу мен қабылдау кезіндегі сөз мағынасын түсіну процессі

Оқылым-графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу. Оқылым, 1-ден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, 2-ден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты, 3-ден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің мәні зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.

Сөйлесім әрекетінің ерекше бір түрі ретінде оқылымның маңызы: 1. Тіл үйренуші оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады. 2. Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой-санасын байытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады. 3. Оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйретуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды. Мұның өзі уақыт өте келе сарапқа түсіп, өмірде, ғылым мен техникада жаңа ізденістердің шығуына жол ашады. Адамның қоғамдағы рөлі артады, коммуникация процесі дамиды. Оқылым процесінде 4 негізгі компонент үздіксіз қатысып отырады: 1. Көру мүшелері. 2. Ойлау мүшелері. 3. Тілдік тұлғалардың таңбалық тізбегі. 4. Қатысымдық тұлғалардың мағыналық тізбегі. Сонымен қатар бірнеше қосымша компоненттер қатар жұмыс істейді: 1. Дыбыстау мүшелерінің қимыл-қозғалысы. 2. Дауыстап оқу. 3. Есту мүшелерінің жұмысы. 4. Тілдік материалдар жиынтығы.

Тіл үйрену барысында жүргізілетін оқуды әдіскерлер бірнеше түрге бөледі: аналитикалық оқу, синтетикалық оқу, дайындықты оқу, дайындықсыз оқу, аударма арқылы оқу, аудармасыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу, танымдық оқылым, зерделік оқылым, ізденімдік оқылым, көрсетімдік оқылым. Оқылым 2 түрлі формада жүзеге асады. Бірі – іштей оқу, екіншісі – дауыстап оқу. Дауыстап оқу жылдамдығына қарай тез оқу және баяу оқу деп те бөлінеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 629 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

998 - | 765 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.