(оқытудың соңғы нәтижелері)
№ | Жүйе бойынша қабілеттілік (оқытудың соңғы нәтижелері): | Пән мазмұны | ||||||
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ» | ||||||||
ü Білімі · жүйке жүйесі зақымдануының синдромдарының этиологиясын сипаттау · жүйке жүйесі қызметтері бұзылыстарының жалпы патогенезін түсіндіру · ишемиялық және геморрагиялық инсульттің, құрысулық синдромның, ми қабықшалардың зақымдану синдромының этиологиясы мен патогенезін түсіндіру · Жүйке жүйесінің сезімталдық және қимылдық қызметтері бұзылыстарына сипаттама беру ü Машықтық дағды · Жүйке жүйесі зақымдануларының патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру | Жүйке жүйесі ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Мый қанайналымы бұзылыстарының (ишемиялық және геморрагиялық инсульт) этиологиясы мен патогенезі. Қозғалыстың нейрогендік бұзылыстары: гипо- және гиперкинездік жағдайлар, парездер, салданулар. Қалтырау жағдайлары, олардың түрлері, даму механизмдері. Сезімталдықтың бұзылуы. Ауыру сезімі патофизиологиясы. Нейроинфекция туралы түсінік, мый қабықшаларының зақымдану синдромы. Жоғарғы жүйке қызметінің бұзылулары, невроздар. Жүйке жүйесі дерттерінің балалардағы ерекшеліктері. | |||||||
«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІ» | ||||||||
ü Білімі · эндокринопатиялар дамуының негізгі тетіктерін талдауды · қалқанша бездің, бүйрекүсті безінің гипо- және гиперфункциясы патогенезін, балалардағы зндокринопатиялардың ерекшеліктерін сипаттауды · қалқанша бездің,, бүйрекүсті безінің гипо- және гиперфункциясының этиологиясын түсіндіруді · І және ІІ түрлі қантты диабеттің және диабеттік синдромның симптомдарының патогенезін түсіндіруді ü Машықтық дағды · Әртүрлі эндокринопатиялардың сызбанұсқасын құрастыру · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Өзіндік білімін жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру | Эндокринді бұзылыстардың жалпы этиология және патогенезі. Эндокринді бұзылыстардың негізгі түрлері. Қалқанша бездің гипо- және гиперфункциясының этиологиясы және патогенезі. Қалқанша безі функциясы бұзылуының балалардағы ерекшеліктері. 1 және 2 түрлі қантты диабеттің этиологиясы мен патогенезі. Гипо- және гипергликемия этиологиясы және патогенезі. Бүйрек үсті безінің гипо- және гиперфункциясының этиологиясы және патогенезі. изостенория, несептің бүйректе және бүйректен тыс пайда болған дерттік құрылымдық бөліктері. Жіті және созылмалы гломерулонефриттер мысалында нефриттік синдромның этиологиясы мен патогенезі. Нефроздық синдром себептері мен даму тетіктері. Бүйректің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі. Жыныс жүйесінің патофизиологиясы, этиологиясы мен патогенезі. Репродуктивті және жыныс жүйесінің дамуындағы бұзылыстың синдромы кезіндегі гормондық бұзылысқа шалдығу (анорхизм, монорхизм, қуық экстропиясы, дисменория). | |||||||
«ҚАН ТҮЗУШІ ЖҮЙЕ» | ||||||||
ü Білімі · анемиялық және геморрагиялық, миело- және лимфопролиферациялық синдромдардың себептерін сипаттауды · анемиялар, лейкоз, лейкоцитоздар, лейкопенияларды жіктеуді · анемиялық және геморрагиялық, миело- және лимфопролиферациялық синдромдардың, лейкоцитоздар, лейкопениялардың патогенезін түсіндіруді ü машықтық дағды · анемиялық, миело- және лимфопролиферациялық синдромы бар гемограммаларды сараптау · анемиялық, миело- және лимфопролиферациялық синдромы бар жағындыларда дерттік өзгерістерді анықтау ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру | Анемиялар. Анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері, даму тетіктері. Анемиялардың жіктелу ұстанымдары. Постгеморрагиялық анемиялардың этиологиясы мен патогенезі. Шұғыл постгеморрагиялық анемияларда шеткері қандағы өзгерістер, олардың патогенезі. Гемолиздік анемиялар, этиологиясы, эритроциттердің тамырішілік және тамырдан тыс гемолизінің патогенезі, шеткері қандағы өзгерістері. Дизэритропоэздық анемиялар. Сүйеккеміктік қан түзілу бұзылуының себептері. Темір, В12витамині және фолий қышқылы тапшылығындағы анемиялардың патогенезі. Дизэритропоэздық анемиялардағы шеткері қандағы өзгерістердің патогенезі. Анемиялық синдромның клиникалық көріністерінің (әлсіздік, бас айналу, жүрек соғысы, ентігу, шаршағыштық, тәбеттің өзгеруі, сезімнің өзгеруі, глоссалгия, естен тану, терінің қышуы, парестезиялар, жүрістің бұзылуы, қанағыштық, гепато- және спленомегалия) патогенезі. Анемияларды алдын алу мен емдеудің негізгі ұстанымдары. Лейкоцитоздар, лейкопениялар: түрлері, даму тетіктері, лейкоцитоздар мен лейкопенияларда лейкоциттік өрнектің өзгерістері (лейкоциттердің әрбір түрінің шынайы және салыстырмалы өзгерістері, нейтрофилдердің оңға және солға ядролық жылжуы туралы түсінік). Лимфо- және миелопролиферацияның жалпы этиологиясы мен патогенезі | |||||||
«ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІ» | ||||||||
ü Білімі · жүрек-қан тамырлар жүйесінің негізгі синдромдарының: жүрек ақаулары, коронарлық жеткіліксіздік, артериалық гипертензиялар, жүректің жіті және | Жүрек қақпақшаларының бұзылыстары: митральді және қолқа қақпақшалары жеткіліксіздігі мен тарылуының (стеноз) себептері және даму жолдары. Жүрек ақауларындағы гемодинамика және балаларда кездесетін ерекшеліктер. | |||||||
созылмалы жеткіліксіздігінің себептері мен даму жолдарына сипаттама беруді · Жүрек қантамыр жүйесі зақымдануының негізгі синдромдарының патогенезін түсіндіруді ü Машықтық дағды · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау · ЖҚЖ зақымдануларының синдромдары мен симптомдарының патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды ü Коммуникативті дағдылар Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Құқықтық сұрақтар ҚР ДСМ бұйрығы бойынша клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу ережелерінен білімін бекіту ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және анықтамалармен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру | Атеросклероз: этиологиялық факторлары, патогенезі. Коронарлық жеткіліксіздік: түрлері, коронарлық қанайналымның қайтымды және қайтымсыз бұзылыстарының жалпы сипаттамасы, себептері, патогенезі, жіті және созылмалы коронарлық жеткіліксіздіктегі жүрек қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өзгерістері. Артериалық гипертензиялар – этиологиясы, эссенциалық гипертензияның патогенезі, жоғары артериалық қысымды қалпына келтіру механизмдері. Жүрек жеткіліксіздігі - түрлері, себептері, жүрек жеткіліксіздігінің миокардиальді және жүктемелік түрлерінің даму жолдары, жүректің жиырылу қызметін шұғыл және ұзақ мерзімді икемделістік-бейімделістік жолдары. Жүректің жедел (жүрек демікпесі, өкпе ісінуі, кардиогенді шок) және созылмалы (ісінулер, цианоз, ентігу, тахикардия) жеткіліксіздігінің клиникалық көріністерінің патогенезі және негізгі гемодинамикалық өзгерістері. | |||||||
«ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ» | ||||||||
ü Білімі · тыныс алу жүйесінің дерттері кезінде негізгі синдромдарының себептерін, даму тетіктерін, көріністерін, жасқа байланыстыра отырып: кіші кеңірдектік өтімділігі бұзылуының синдромын; өкпе тінінің тығыздалу синдромын; өкпеқап қуысында сұйық және газ жиналу синдромын;өкпеде қуыстар болу синдромын; жіті және созылмалы тыныс жеткіліксіздігі синдромының себептерін сипаттауды ü машықтық дағдылары · тыныс алу ағзалары зақымданғанда дамитын синдромдар мен симптомдардың патогенездік сызбанұсқасын құрастыру · спирометрлік көрсеткіштер және қанның газдық құрамы бойынша сыртқы тыныстың бұзылу түрін анықтауды. ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру | Тыныс алу жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Тыныс алу жеткіліксіздігі туралы түсінік, сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері. Тыныс алу жеткіліксіздігінің спирометрлік белгілері. Өкпе желдетілуінің бұзылыстары: гиповентиляция, гипервентиляция, біркелкі емес вентиляция. Өкпе желдетілуі бұзылыстарының обструкциялық және рестрикциялық түрі. Балаларда мұрын арқылы дем алуы болмауының маңызы. Өкпенің диффузиялық қабіліттілігінің бұзылыстары. Ұяшықтық-қылтамырлық мембрананың диффузиялық қабілеттілігі төмендеуінің себептері, ұяшықтық-қылтамырлық бөгет. | |||||||
Өкпе қанайналымының бұзылыстары. Кіші қанайналымыны шеңберінің гипертензиясы (қылтамыралдылық, қылтамырсоңғылық, аралас), себептері, дамуының негізгі тетіктері. Желдетулік-перфузиялық бұзылыстар. Гипоксемия дамуының тетіктері. Үзілісті тыныс, түрлері, патогенезі. Ентік, түрлері, дамуының негізгі тетіктері және көріністері, патогенезі. Ақтық тыныс, түрлері, патогенезі. Тұншығу (асфиксия), даму фазалары. Ересектер мен жаңа туғандардың жіті тыныстық дистресс-синдромы. | ||||||||
«АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ» | ||||||||
ü Білім · асқорыту жүйесінің негізгі синдромдарының: дисфагия синдромын; асқазандық және ішектік диспепсия синдромын; сарғаю синдромын; бауыр-жетіспеушілік синдромын; ұйқыбезінің сыртқы секреторлық жетіспеушілік синдромының себептері мен даму жолдарын сипаттауды · ересек және балалар организміндегі асқорыту жүйесі дерттерінің негізгі синдромдарының патогенезін түсіндіруді ü Машықтық дағды · АІЖ зақымдануларының синдромдары мен симптомдарының патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды · сарғаюдың түрлеріндегі пигментті алмасу бұзылысын түсіндіруді; · асқорыту жеткіліксіздігінде несептің, нәжістің қанның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерістерін түсіндіруді · организмге өттің жалпыуыттық әсерін зерттеу тәжірибесін жасапғ нәтижелерін қорытындылауды ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру | Асқорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Дисфагия синдромы дамуының себептері мен механизмдері. Асқазандық диспепсия синдромы дамуының себептері мен механизмдері. Асқазанның резервтік, секреторлық, қозғалыс, сіңірілу, бөлу, тосқауылдық және қорғаныштық қызметі-нің бұзылысы. Ұйқы безінің экзокринді қызметінің бұзылысы. Ішектік диспепсия синдромы дамуының себептері мен механизмдері. Ішектің моторлық және тосқауыл-қорғаныштық қызметінің бұзылысы. Мальабсорбция синдромы. Бауыр жетіспеушілік синдромының жалпы этиологиясы мен патогенезі, зат алмасудың бұзылуы. Портальды гипертензия дамуының түрлері мен механизмдері. Балалардағы бауырдың функциялық дамып жетілмеу көріністері. | |||||||
«НЕСЕПТІК-ЖЫНЫСТЫҚ ЖҮЙЕ» | ||||||||
ü Білімі · зәр шығару мен жыныс жүйесінің негізгі синдромдары: нефриттік; нефроздық; несептік; бүйрек жеткіліксіздік (жіті және созылмалы); бүйректік артериялық гипертензия; репродуктивті және жыныс жүйелері даму бұзылыстарының себептері мен даму тетіктерін сипаттауды ü Машықтық дағды · НЖЖ дерттеріндегі синдромдар мен симптомдар патогенезінің сызбанұсқасын құрастыруды · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру | Бүйрек қызметтері бұзылыстарының жалпы этиологисы және патогенезі. Диурез және несеп құрамының бұзылыстары: полиурия, олигоурия, анурия, гипо- және гиперстенурия, изостенория, несептің бүйректе және бүйректен тыс пайда болған дерттік құрылымдық бөліктері. Жіті және созылмалы гломерулонефриттер мысалында нефриттік синдромның этиологиясы мен патогенезі. Нефроздық синдром себептері мен даму тетіктері. Бүйректің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі. Жыныс жүйесінің патофизиологиясы, этиологиясы мен патогенезі. Репродуктивті және жыныс жүйесінің дамуындағы бұзылыстың синдромы кезіндегі гормондық бұзылысқа шалдығу (анорхизм, монорхизм, қуық экстропиясы, дисменория). | |||||||
«тірек-қимыл ҚҰРАЛЫ ЖҮЙЕСІ. ТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСАЛҚЫЛАРЫ» | ||||||||
ü Білімі · Остеопатиялар мен артропатиялардың этиологиясы мен патогенезін сипаттауды · тері ауруларының этиологиялық жайттарын сипаттауды · терідегі біртектес дерттік үрдістерді атап, олардың патогенезін түсіндіруді ü машықтық дағды · Патогенездің сызбанұсқасы мен «соқыр» кестені толтыруды · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту | Сүйек тіні дамуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі. Тірек қимыл құралдарының дерттік бұзылыстары. Остеопатиялар туралы түсінік, түрлері, (тұқым қуалайтын және жүре пайда болған), этиологиясы мен патогенезі. Сүйектің боркеміктенуі мен жұмсаруының патогенезінде кәлций мен фосфордың маңызы. Рахит балалық шақта сүйек жұмсаруының көрінісі ретінде. Буындардың қабынулық және дегенерациялық өзгерістері. Буындардың қабынуы мен шорбуындар туралы түсінік, даму тетіктері. | |||||||
ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру | Ревматоидты артрит туралы түсінік. Тері ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Терідегі дерттік үрдістер, олардың патогенезі. Тері аурулары патогенезінде жалпы және жергілікті жайттардың өзара байланысы. | |||||||
4.2.5 Пререквизиттер: анатомия-2,гистология-2, физиология-2, патофизиология -1
4.2.5 Аралас пәндер: патанатомия-2, фармакология-2
4.2.5 Постреквизиттер: ішкі аурулар пропедевтикасы
4.2.7. Дәрістердің тақырыптық жоспарлары
Тақырыптардың аталуы | Жүргізу түрі | сағ | |
Жүйке жүйесі | |||
Милық қанайналым бұзылыстарының патофизиологиялық механизмдері. | Шолулық, көрсетілімдік | ||
Қан өндіруші жүйе | |||
Геморрагиялық синдромның этиологиясы мен патогенезі. | Мәселелік, көрсетілімдік | ||
Жүрек-қантамыр жүйесі | |||
Коронарлық жеткіліксіздіктің патофизиологиясы | Мәселелік, көрсетілімдік | ||
Тыныс алу жүйесі | |||
Бронхообструктивті синдромның этиологиясы мен патогенезі | Шолулық, көрсетілімдік | ||
Асқорыту жүйесі | |||
Ұйқыбездің сыртқа бөлу қызметінің жеткіліксіздігінің себептері мен патогенезі | Шолулық, көрсетілімдік | ||
Несептік-жыныстық жүйе | |||
Гломерулонефриттің жалпы этиологиясы мен патогенезі. | Шолулық, көрсетілімдік | ||
БАРЛЫҚ сағаттар: |