Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Патологиялық физиология модулі




СИЛЛАБУС

Патофизиология бойынша - 2 PF-2 3212

051301 "Жалпы медицина" мамандығы үшін:

Сағаттар көлемі - 135сағат   Дәрістер - 6 сағат   Тәжірибелік сабақтар - 39 сағат   СОӨЖ - 45 сағат  
  Барлығы аудиториялық - 90 сағат  
  Өзіндік (аудиториядан тыс) жұмыс – 45 сағат  
     
Курс – үшінші   Семестр - бесінші - алтыншы  
  Бақылау түрі – емтихан VI семестр  

 

Алматы, 2014

Бакалавриатқа білім беретін бағдарлама негізінде 051301 мамандығы бойынша - Жалпы медицина (ҚазҰМУ ғылыми кеңесінің мәжілісінде бекітілген, хаттама №8 27.03.2012ж) силабусты доцент қ.а. Толепбергенова М.Ж., профессор қ.а. Мельдеханов Т.Т., оқытушылар Иманбекова Ж.А. және Бимурзаева Ф.А. құрастырды.

 

Патологиялық физиология модулінің отырысында талқыланып, бекітілді 29.08.14 ж., хаттама

№ 1

 

 

Патологиялық физиология модулінің жетекшісі, доцент М. Ж.Толепбергенова

 

 

МАЗМҰНЫ

 

1. Кафедра туралы жалпы мәліметтер..........................................  
  Пәннің саясаты............................................................................  
  Бағдарлама..................................................................................  
  Ұсынылатын әдебиеттер тізімі..................................................  
  Білімді бағалау ережелері мен критерийлері...........................  
  Қосымша.....................................................................................  
     
     
     
     
     
     
     
     

 

 

 

4.1. Жалпы мәліметтер:

4.1.1 ЖОО аталуы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Патологиялық физиология модулі

4.1.3 Пән «Патологиялық физиология - 2», PF - 2 3212

4.1.4 Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»

4.1.5 Оқу сағатының көлемі -135 сағат

4.1.6 Курс және оқу семестрі -3 курс; V-VI семестр

4.1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Аты-жөні Қызметі Дәрежесі
1. Мельдеханов Тұрсынбек Тулеевич профессор м.ғ.д.
2. Төлепбергенова Майгүл Жұмановна доцент м.ғ.к.
3. Жоламанов Мейрам Есович оқытушы м.ғ.к.
4. Табанова Рымкеш Ахметжановна оқытушы м.ғ.к.
5. Иманбекова Жанар Абдрашитовна аға оқытушы дәрежесіз
6. Ермаганбетова А.Ш оқытушы дәрежесіз
7. Умбетьярова Л.Б. оқытушы м.ғ.к.
8. Бимурзаева Ф.А. оқытушы медицина магистірі

4.1.8 Байланыс хабарламасы: модульдің орналасқан жері

ЖДБ. Акан-сері 34

 

4. 1.9 Пәннің саясаты оқу үрдісін бірізді және мақсатты түрдеқамтамасыз етумен сипатталады. Оқытушылардың студенттерге деген талабы ҚР жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдарына негізделген.

1. Міндетті түрде дәрістерге қатынасу.

2. Зертханалық сабақтарға міндетті түрде қатынасу.

3. Оқу үрдісіне белсенді қатынасу (теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептер мен сынамаларды шығару, тәжірибені өз бетімен орындау).

4. Дәрістік, зертханалық сабаққа арналған, аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа арналған дәптерлерді таза жүргізу.

5. Дәрістер мен сабақтарға медициналық халатпен қатысу.

6. Тақырыптық жоспарға сәйкес мерзімдік бақылауларды уақытында өткізу.

7. Тақырыптық жоспарға сәйкес СӨЖ міндетті түрде орындау.

8. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына және оқу-әдістемелік үрдістерді жетілдіруге бағытталған кафедралық шараларға белсене қатысу.

 

4.2. Бағдарлама:

4.2.1 Кіріспе

Дәрігер дайындауда маңызды білім мен дағдыларды үйретудің негізгі міндеті негізгі пәндер мен клиникалық пәндерде үйренген машықтық дағдыларды үйлестіру болып табылады. Осы мақсатта ішкі аурулар пропедевтикасы мен негізгі пәндерді біріктіріп оқытуға арналған негізінде адам организмінің сегіз жүйесі: жүрек қантамыр, тыныс алу, асқорыту, жүйке, зәр шығару, эндокрин, тірек қимыл және тері оның қосымшалары, қан өндіруші жүйелерінен тұратын интеграцияланған бағдарлама құрастырылды.

4.2.2 Патофизиология-2-нің мақсаты: негізгі пәндермен біріктірілген модулдік ұстанымның негізінде адам ағзалары мен жүйелері патофизиологиясы бойынша студенттердің білімін, ішкі ағзалар ауруларының клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын, клиникаға дейінгі зерттеу ережелерінен құқықтық құзыретті, сонымен бірге өзін өзі дамыту дағдысын қалыптастыру.

4.2.3 Оқыту міндеттері:

· Жүрек-қантамыр, тыныс алу, асқорыту, несептік-жыныстық, тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары, қантүзуші, эндокрин, жүйке жүйесі зақымданулары туындауы мен дамуының себептері туралы білімін қалыптастыру

· Организм жүйелері зақымдануының негізгі синдромдары мен симптомдарының патогенезін түсіну

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптаудың машықтық дағдысын қалыптастыру, дерттік үрдістер мен аурулардың патогенездік сызбанұсқасын құрастырып үйрену

· топта коммуникациялық дағдыны (өз ойын анық жеткізу, жолдастарының ойын бөлісу, оларды тыңдай білу) дамыту

· ҚР ДСМ бұйрығы бойынша клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу ережелерін қалыптастыру

· Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және анықтамалармен, кітапхана каталогтарымен, интернет желісімен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 652 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2192 - | 2114 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.