Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Оқу пәнінің сипаттамасы. OVP-6(7)308 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша




СИЛЛАБУС

 

OVP-6(7)308 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша

 

Оқу сағаттарының көлемі - 720

 

Курс VI-VII

 

Семестр: XI -XIV

 

 

Қарағанды - 2015 ж.

 

Силлабус 051301 - «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 27.08.2014 жылы №1 хаттамамен бекітілген «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша оқу бағдарламасының негіздінде құрастырылған.

 

Силлабус №1 ЖДТ кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді

____. ____________________ 20 __ ж. № ____ Хаттама

 

Кафедра меңгерушісі___________________ Г.М. Мулдаева

 

 

3.1. Кафедра туралы мәліметтер:

№1 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы Ипподромная 8 көшесінде орналасқан. Кафедраның ғылыми қызығушылығы: денсаулық сақтаудың бірінші буыны деңгейіндегі ең тараған ауруларды диагностикалау және емдеу.

3.2. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Кафедра меңгерушісі: Мулдаева Гульмира Мендыгереевна, медицина ғылымының докторы.

Ғылыми қызығушылықтың басымдылығы: БМСК деңгейінде ішкі аурулардың көп таралған ауруларын алдын-алу және реабилитациялау бойынша ғылыми жұмыс; амбулаторлы-емханалық деңгейде диагностикалау, алдын-алу және науқастарды емдеу халықаралық хаттамалары мен алгоиритмдерін қолдануымен ғылыми-тәжірибелік нұсқауды өңдеу.

Жетістіктері: «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде белгісімен марапатталған.

Кафедраның профессоры Байманова Алия Мухтаровна, медицина ғылымының докторы.

Ғылыми қызығушылықтың басымдылығы: тыныс алу мүшесінің кәсіптік патологиясы

Кафедраның доценті: Арыстан Лейла Ибатуллақызы, жоғарғы дәрежелі дәрігер – терапевт.

Ғылыми қызығушылықтың басымдылығы: өсімдік тектес дәрілік заттарды өңдеу саласында фармакологиялық зерттеумен айналысады.

Кафедраның ассистенті, м.ғ.к., жоғарғы дәрежелі дәрігер - терапевт Хайдаргалиева Лейла Саламатовна.

Ғылыми қызығушылықтың басымдылығы: сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары.

Кафедраның ассистенті Кенжетаева Замира Азыевна, екінші дәрежелі дәрігер-терапевт

Ғылыми қызығушылықтың басымдылығы: БМСКК жағдайында нефрология саласында науқастарды жүргізу

Кафедраның ассистенті Жамансаримова Наталья Мичеславовна - екінші дәрежелі дәрігер-терапевт

Ғылыми қызығушылықтың басымдылығы: эндокринология, тиреоидология сұрақтары

Ғылыми қызығушылықтың басымдылығы: терапия

Кафедраның ассистент-стажеры Рукабер Надежда Сергеевна

Ғылыми қызығушылықтың басымдылығы: терапия

Кафедраның ассистент-стажеры Таджиева Юлдуз Муратхановна

Ғылыми қызығушылықтың басымдылығы: терапия.

 

Байланыс ақпараты: сабақ күнтізбесі бойынша клиникалық базалардағы оқу бөлмелерінде өтеді:

1. «№1 емхана Ипподромная 8 көшесі. Автобустар № 7, 34, 134, маршруттық такси 30, 06, 01, 02, 28. «Мед. училище» аялдамасы.

2. «№1 емхана, №4 бөлім» Ержанова 4 көшесі, 45 квартал аялдамасы. Автобустармен №33, 51, 53, 43, 40, маршруттық такси 31, 23, 02, 01, 06, 30

3. «№2 емхана» (Пришахтинск), 3-ші Кочегарка, 1. «Новостройка» аялдамасы. Автобусамтармен № 45, 145, 47, 49, маршруттық такси №100, 012.

4. «№4 емхана», Сырдария аялдамасы. Автобустармен №43, 53, 118, 34, маршруттық такси 014, 28, 31, 23.

5. «№5 емхана» (Оңтүстік-Шығыс), Сатыбалдин 2 көшесі, «Муканова» аялдамасы. Автобустармен №43, 53, 41, 45, 145, 146, маршруттық такси № 02,014, 66.

 

3.3. Оқу пәнінің саясаты:

«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәнін оқу кезінде студент теориялық материалдарды меңгеруі қажет (эпидемиология, қауіп факторлары, әртүрлі жастағы адамдарды ерте диагностикалау және емдеу қағидалары, асқынуды алдын-алу, ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер, науқастарды диспансерлік бақылау). Студент қабылдауда, үйде, күндізгі стационарда диспансерлік науқастармен, жалпы тәжірибе дәрігерлерімен жұптасып, жұмыс істеуге белсенді қатысуы қажет. Студент клиникалық талдауға, өлімді талдауға, емхана мен стационар арасында диагноздар айырмашылықтарын талдауға, ауру бойынша есептерді құруға, ДКК отырыстарына, МСЭК-тің жол отырыстарына қатысуы қажет, сондай-ақ тәжірибелік дағдыларды (есеп-қисап медициналық құжатты толтыру) және коммуникативті дағдыларды (науқас пен дәрігер арасындағы сенімді атмосфераны құру) меңгеруі қажет, нормативті базаларды білуі қажет.

Оқу пәнінің сипаттамасы

Кіріспе:

Бұкілодақтық денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ) біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсетуді (БМСК) барлық адамдар денсаулығын қамтамасыз ететін стратегияның алдынғы қатардағы құралы деп есептейді, себебі ол денсаулық сақтау жүйесінің басты қызметін атқарады және қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процесінің маңызды бөлігі болып келеді. Біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсету (БМСК) жағдайынан денсаулық сақтау жүйесінің барлық іс-шараларының сапасы мен тиімділігі, елдің жұмыс істеу қауқары сақталуы, жанұя және тұрғындар арасындағы әлеуметтік қорғалмаған топтар (балалар, мүгедектер, кәрия және егде жастағы адамдар) арасында туындайтын көптеген медициналық-әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты. БМСК ұйымдастыру жүйесін реформалау қажет. Осы мәселені жалпы медициналық (жанұялық) тәжіибе мамандарын даярлау жүйесі арқылы шешілетіні айқын.

 

Пәннің мақсаты:

бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (БМСКК) жүйесінде табысты жұмыс жүргізу үшін қажетті білімді иеленген, практикалық және коммуникативті дағдыларды меңгерген жалпы тәжірибе (отбасылық дәрігер) дәрігер маманды дайындау.

 

Пәннің міндеттері:

1. БМСКК жүйесінде дәлелді медицина ұстанымдарына негізделген негізгі медициналық емдеу-диагностикалық, алдын алу және реабилитациялық іс-шараларды жүргізу дағдыларын нығайту және мониторинг жасауды үйрету;

2. Интерннің биоэтика принциптерін және емделушінің құқығын сақтай отырып емделушімен, олардың туған-туысқандарымен, әріптестермен жұмыс барысында коммуникативті дағдыларды жетілдіру;

3. Кәсіби қызметтің барлық уақытында өзіндік білімдер мен дағдыларын жетілдіру және үздіксіз кәсіби білім алуға қажеттілікті баулу, ғылыми-зерттеу жұмысына дағдыларды дамытуын жалғастыру.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 662 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

2446 - | 2243 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.032 с.