Лекции.Орг


Поиск:




Дәріс 3. Антика философиясы-2 сағат




Мақсаты: антика философиясында койылған мәселелермен және негізгі бағыттармен таныстыру, антика философиясының әлемдік философияның қалыптасуындағы орнын ашып көрсету.

Негізгі сөздер мен үғымдар: антика философиясы, полис, натурфилософия, гилозоизм, космоцентризм, микрокосм, физис, метафизика, субстанция, апейрон, логос, диалектика, фатализм, апория, майевтика, эйдос, гедонизм,атом.

1. Антика философиясының қалыптасуы мен негізгі кезеңдері.

2. Философия тарихында алатын орны.

Антика философиясы ежелгі гректер мен римдіктердің философиясы.Бұл философияөзінің дамуында мыңжылдық кезеңді қамтиды деуге болады. Ол ежелгі Грецияда б.з.д. ҮІ-ғасырда пайда болды және өзінің орнын ортағасырлық философияға Рим империясы құлағаннан кейін – б.з. ҮІ-ғасырына таман берген болатын.

Ежелгі философияны ерекшелендіретін қыры – дүниенің рационалды ұғыну және космоцентризм, яғни “ғарышты”, “табиғатты” пайымдауға жасалған бағыт. Дүние – біртұтас, тіршіліктің тұтастығы. Адам табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады(микрокосм).

Ежелгі философияның негізгі даму кезеңдері:

1. Сократқа дейінгі немесе ежелгі грек философиясының қалыптасу кезеңі. (б.з.д. ҮІ- б.з.д. Ү ғғ.) – басты назарда ғарыштың, табиғаттың (физистің) проблемалары. Кезеңнің басқаша атауы – “натуралистік кезең”.

2. Сократтық немесе классикалық грек философиясы – Сократтың, Платонның, Аристотельдің ілімдері (б.з.д.Ү- б.з.д. ІҮ ғғ.). Басты назар адамның проблемаларына, оның мәні мен танымдық мүмкіндіктеріне аударылады;

3. Грек-римдік, немесе эллинизм кезеңі (б.з.д. ІҮ ғ соңы - б.з. ІҮ ғ.). Эллинизм дәуірі (б.з.д. ІҮ ғ. соңы) дегеніміз А.Македонскийден кейін, оның римдіктерді жаулап алғанына дейінгі эпикуреизмнің, стоицизмнің, кинизмнің,скептицизмнің,эклектика, неоплатонизмнің қалыптасуы болып табылады.

Милет мектебі(“натуралистер” немесе “физиктер”) б.з.д. ҮІ ғасырда Кіші Азия жартыаралының батыс жағалауындағы Милет қаласында пайда болды. Фалес (б.з.д. 625- б.з.д 545 жж.). Барлық нәрсе судан пайда болады. Бастапқы себеп (архэ) – су. “Бақылау көрсеткеніндей, барлық нәрсе тұқымнан пайда болады, ал тұқым ылғалды болып келеді. Ылғал заттарда олардың табиғи бастауы су болып табылады. "Бәрі де судан пайда болады және суға айналады”. Анаксимандр (б.з.д. 611- б.з.д 545 жж.). “Табиғат туралы трактат”. Бастама– біртұтас, алғашқы, уақыттан тыс, мәңгілік өлмейтін, шексіз субстанция, ол “барлық дүниені қамтиды”, яғни белгісіз материя (апейрон) Ол жер бетіндегі әртүрлі құбылыстарға айналады: жер, су, ауа, от, бұлар өз кезегінде басқасына ауысады. Анаксимандр табиғат, дүние объективті болады, ал оны ешкім жаратпаған деген тұжырым жасады. Анаксимандр күн сағатты іс жүзіне асырды, Жердің географиялық картасын жасады, онда Еуропа мен Азия бейнеленген. Анаксимен (б.з.д. 560- б.з.д 480 жж.). Бастама – ауа, шексіз субстанция. От – қыздырылған сұйылтылған ауа. Ауа қоюлана келе бастапқы су күйіне айналады, ал содан кейінгі қоюлану барысында тасқа айналады. Анаксимен стихиялардың барлық әралуандығын ауаның қойылу дәрежелерімен түсіндіреді. Жан да ауадан тұрады. Құдайлар да ауадан пайда болған.

Сонымен, Милет мектебіне дүниені материалдық бастау негізінде пайда болды деп түсіндіру тән. Бастапқыда милеттік философтар ғарышты стихия ретінде және құдайларды алмастыратын жанды тіршілік иесі ретінде пайымдады. Милеттіктер -гилозоистер. Олардың материализмі стихиялық және аңғал болған.

Пифагор мектебі (Пифагор, Филолай, Архит және т.б.). Мінез-құлық ережелеріне қатаң бағынған әлдеқандай туысқандық немесе діни орден ретінде әрекет етті. Пифагор (б.з.д. 580- б.з.д. 500 жж.) Самос аралында дүниеге келген. Ол алғашқыда өзін философ деп атады. Оның бастамасы - сан. Барлығы саннан тұрады. Сан – дүниедегі құдырет бастауы, барлық заттардың принципі. Ғарыш, оның тәртібі санмен белгіленеді. Сандарды құдайландыру сандардың, сандық қатынастардың мистификациясына әкеп соқтырды.. Пифагорлықтар шектің дыбысталу тонының жоғары болуы оның ұзындығына байланысты деп тұжырымдады, яғни бұл музыканың математикалық негіздері болып табылады. Өмірдің мақсаты, мәні – жанды денеден оны тазарту арқылы босату. Тазарту – бұл “сырттай қарайтын өмірдің жетістіктері”. Жан – санмен есептелетін дене элементтерінің үйлесімі.

Гераклит Эфестен (б.з.д. 544- б.з.д. 483 жж.). Оның еңбегі “Табиғат туралы” деп аталады. Барлық дүниенің бастауы – от. Дүниеде бардың бәрін ешкім жаратқан жоқ, ол әрқашан болған, бірде жанатын, бірде сөнетін мәңгілік нағыз от бола да береді. Оттың өзгеріске түсуі жүзеге асады: ол суға айналады, ал су дүниені жаратушының ұрығы. Су, өз кезегінде, Жерге және Ауаға айналып өзгереді. Аталған үдеріс циклді болады.Гераклит гносеологияның негізін қалаушы болып есептеледі. Ол бірінші болып сезімдік және рационалды танымды бөліп қарады, бұл орайда ақиқатқа ақыл-оймен жетуге болады деп есептеді. Таным сезулерден басталады. Одан әрі сезімдік мәліметтер адамның ақыл-ойымен өңделеді. Дүниеде біртұтастық бар, және ол қарама-қайшылықтардың үйлесуінің нәтижесі. Қарама-қайшылық күресі заңды құбылыс және ол керек, бұл дүниенің құрылуының қайнаркөзі. Қарама-қайшылық бір-бірімен күреседі және бірігеді. “Бәрі де ағады, бәрі де өзгереді, бір өзеннің өзіне екінші қайтара түсуге болмайды”.

Болмыс туралы ілім.Элеаттар: Ксенофан, Парменид, Зенон. Ксенофан (б.з.д. 580- б.з.д. 490 жж. дейін) – Элей мектебінің негізін салушы. Еңбегі – “Табиғат туралы”, поэма түрінде жазылған. Бастапқысы – жер. “Бәрі де жерден пайда болады және жерге оралады”. Құдай – жалғыз, табиғатпен кірігеді (пантеизм). Ксенофан – рационализмнің жақтаушысы.

Парменид (б.з.д. 540- б.з.д. 480 жж. дейін).Гераклитке қарама-қарсылығы Парменид ештеңе өзгермейді деді.Парменид тұрақтылықтың және өзгермейтіннің әлдебір тұстарын іздеуде болмыстың біртұтастығы идеясын тұжырымдады. Болмыс туралы ілім. Болмыстың қасиетері: Болмыс пайда болған жоқ және ешқашан жойылмайды;болмыс мәңгілік және өзгермейді;болмыс бірлікте және тұтастықта;болмыс жетілген (онысы аяқталған) және қозғалмайды. Болмыс оймен қамтылатын нәрсе. “Ойлау және болу – бұл өзі бір нәрсе”. Парменид – рационализмнің “атасы”. Ақыл-ой – ақиқаттың жолы, сезім – пікірдің жолы. Ақиқаттың өлшемі – ақыл-ой.

Зенон (б.з.д. 490- б.з.д. 430 ж.) – Парменидтің шәкірті.Зенон – субъективті диалектиканың өкілі. Зенон тарихқа өзінің апориясы (парадоксы) арқылы енген болатын. Зенондық апорияның мәні –бұл қозғалыс пен тыныштық күйдің, даралық пен көпшіліктің, шек пен шектеусіздіктің, үзіліс пен үзіліссіздің арқатынасы. Зенеон ақиқатты логикалық түрде дәлелдеуге болады деп есептеді. Бізге Зенонның 9 апориясы жетті (“Дихотомия”, “Ахиллес және тасбақа”“Жебе” және т.б.). Қозғалыстың қарама-қарсылығы туралы идея.

Ежелгі грек атомизмі (Левкипп, Демокрит, Анаксагор, Эмпедокл). Демокрит (б.з.д. 460- б.з.д. 371 жж.). 70 шақты еңбегі бар. Бастамасы –бос кеңістікте қозғалатын бөлінбейтін бөліктер - атомдар. Атомдар өзгеріске түспейді, мәңгілік, олардың саны шексіз, олар көлемі, пішіні, реті мен орналасуы жағынан ерекшеленеді. Бұлар үнемі қозғалыста болады.

. Сезімдік таным – “пікір” бойынша таным, рациональдысы – “ақиқат” бойынша және оның бірлігі.

Демокрит – демократияның басты жақтаушысы. “Монархиядағы кешкен бай өмірден демократиялық мемлекеттегі кедейшілік артық”. Демократия азаматтардың өздері құрған заңдары арқылы қолдау табуға тиіс.

Адам туралы ілім. Софистер (Протагор, Горгий, Продик, Алкидам, Критий және т.б.) (б.з.д. Ү ғ.) – басқаларға арнайы білімді ақыға берген алғашқы философтар. Олардың пайда болуы халық жиналыстарында, соттарда шешен әрі дәлелді сөйлеу қажеттігінен туындады(құл иеленушілік демократия). Софистердың басты мақсаты ақиқат емес, тыңдаушыларды өздеріне қарата білу, сондықтан шешендік өнер оларда бірінші орында болды. Олар объективті ақиқаты теріске шығарды, ақиқат әрқашанда субъективті деп тұжырымдады. Сократпен бірге оларды “гректің ағартушылары” деп атады. Софистердың негізгі назарында адам және оның танымдық қабілеттілігі болды. Софистердың басты тақырыптары: этика, саясат, шешендік, өнер, тіл, дін, тәрбие – яғни мәдениет. Сондықтан олар ежелгі философияның гуманистік кезеңін бастаушылар болып табылды.

Протагор (б.з.д. 490- б.з.д. 420 ғғ.шамасында). Еңбегі “Антилогиялар”. Оның мынадай атақты сөзі бар: “Адам- бар заттардың өлшемі”.

Софистердің принциптері: релятивизм– танымның салыстырмалығы;бәрі де басқаға қатысты пайда болады және болады, ештеңе де өздігінен болмайды.

Ғарыштағы барлардың бәрі де өзіне қарама-қарсы болады, бірақ қалай болса солай өзгермейді. Демек кез келген зат қарама-қайшылықтан тұрады және “кез келген зат туралы екі мағынада және қарама-қайшы жағын айтуға болады”.Объективті ақиқат деген болмайды, объективті ізгілік пен зұлымдық болмайды. Бұл нақты адамға қатысты, ол өзіне тиімді оған пайда әкеледі деп есептесе оның ізгілікті болғаны, ал оның мүддесіне сай келмейтіндер зұлымдық делінеді. Софистердың өзінен бұрынғыларға қарағанда тарихи сіңірген еңбегінің ерекшелігі олар бірінші рет ежелгі философиялық ойды ғарыштың проблемаларынан адамзат өмірінің проблемасына бұрды. Біздің заманымызға дейінгі Ү ғасырдың аяғынан бастап адам проблемасы айырықша назарға алынды, әсіресе оған атақты философ Сократ ерекше мән берді.

Сократ (б.з.д. 469- б.з.д. 399 жж.) – афиналық философ, оның көптеген ізбасар мен шәкірттері болған, оның ішінде ең атақтысы Платон болып табылады. Сократ және оның идеялары туралы мәліметтер бізге оның шәкірттері мен философия тарихшыларының мазмұндап баяндауымен жетті, өйткені, ол өзі көзінің тірісінде ешқандай еңбек жазбаған. Сократ бойынша жазбаша білім, - өлі білімдер. Диалог жазбаша білімнен жоғары тұрады.

Сократ философиясының басты өзегі – адам өзін-өзі танитын өнегелілік тіршілік иесі. Адамның мәні оның жаны болып табылады, өйткені, ол “оған дене қызмет етеді”. Жанның құндылығы танымда. Сократ субъективті диалектиканың әдісін жасады, оның мақсаты – ақиқатты айқындау. Сократ бойынша ақиқат – бұл диалог үдерісінде ұғымдардың мазмұнын анықтау барысында алынатын объективті білім. Сократтың айтуынша, сұхбаттасу - моральды “жанның сынақ” тапсыруы. Сократ субъективті диалектиканың әдісін майевтика (кіндік шеше” өнері) деп атады. Субъективті диалектика әдісінің көмегімен сұхбат, диалог үдерісінде ақиқат туындайды. Ол индукция әдісін кеңінен қолданды және бұл әдісті ақиқатқа “бару” әдісі деп ақиқаттан кем емес бағалады. Сократ былай деді: ”Мен білмейтінімді білемін”. Сократ софистерді “жалған данышпандар”деп,олардың ілімін сынады.

“Өзіңді өзің таны” – барлық адамдарға ортақ өнегелілік сапаларды іздеуді білдіретін ұран. Бақыт пен ізгілік бір-біріне теңдеседі, ал зұлымдық ізгілікті білмеу болып табылады. Таным – игі істің, оң әрекеттің қажетті шарты. “Ізгілікті дегеніміз білім”. Адам өз бақытының және бақытсыздығының сәулетшісі. Сократтың этикалық ілімінің қуаты оның тек философиялық іпікрлерімен ғана емес, сонымен қатар өзінің өлімімен де дәлелдеді, ол соттың сөзсіз шешімімен болған әділетсіздікке мойынсұна отырып, у ішіп қаза болды. Сократқа мынадай айып тағылды: “ол қала сенетін құдайға сенбейді, жаңа құдайларды енгізеді, және ол жасөспірімдерді бұзады, сол үшін де оған -өлім”.

Платон (шын аты Аристокл, Сократтың шәкірті, Академияның негізін қалаушы, объективті идеалист). Платонның шығармаларын төмендегідей кезеңдерге шартты түрде бөлуге болады:

•сократтық (жасөсіпірімдік) – “ Кіші Гиппий ”, “Лисии”, “Алкивиад І”, “Сократтың Апологиясы”, “Критон”;

• софист философтарға қарсы бағытталғандар – “Протагор”, “Горгий”, “Менон”, “Эвтием”, “Кратил”, “Теэтет”, “ Үлкен Гиппий ”;

• гүлдену кезеңі – “Федр”, “Той”, “Менекен”, “Ион”, “Мемлекет”,”Саясат”, “Парменид”,

•метафизикалық сипатта – “Федон”, “Тимей”, “Критий”;

•Филипп Опунский жинақтаған “Заңдар”.

Идеялар туралы ілімдер (диалектика). Платон философиялық жүйесінің өзегі гносеологиялық проблемаға, білімнің мәні туралы пайымдауға (өзіне өзі пайымдау жасау) мән берілген идеялар туралы ілім болып табылады. Егер Сократта өнегелілік ізгілік білімге сүйенсе, яғни идеал нормативті ерік болса, ал Платон өзінің ұстазынан да асып түсіп, адамның практикалық әрекеті ойлауға тәуелді дей келе, өзінің ісіне есеп бергісі келген адам құндылықтар мен міндеттер туралы ұғымды иеленуі керек деп тұжырымдайды. Осы ұғымдарды тұжырымдау үшін ол талдау әдістерін, қабылдау және шығарып тастау, қарсылықа дәлел әдісін қолданды. Ұғымдар қабылдаудан толықтай ерекшеленеді және одан шығарыла алмайды. Олар “біріктірілген сырттан қарау” жолымен құралады, сондықтан әуелгі бастан жан қабылдауға тәуелді болмайтын мазмұн туралы “еске түсіруді”білдіреді. Осыдан екі дүние туралы ілім шығады: көрінетін (сезімдік, өзгергіш, ақиқат емес, жетілмеген, денелік) және имматериалды және ақиқатты (ақиқатты, жоғары сезімталды, тұрақты, жетілген, идеалды, мәңгілік, көзге көрінбейтін, денелік емес) – (“көрінетіннің бәрі көрінбейтіннің өзі десе болады”). Мұнда платондық диалектиканың өзіндік орны бар, оның негізінде – ізгіліктің идеясы –бүкіл болып жатқанның себебі, дүниенің мәні, Құдайға теңдесетін ақыл-ойдың үстемдігі ретіндегі дүниелік мақсат. Идея – құбылыстар себебінің мәні, мақсатты себеп. Ізгіліктің қайнар көзі – Құдай, ал зұлымдыққа бас себеп- тән. Жан бастапқы қозғалыс, ол сананы иеленеді. Құдай ретіндегі ақыл-ой немесе дүниелік мақсаттар объективті бастау, жаны болады және санаға көшеді.

Платон әлеуметтік саясатшы ретінде “Мемлекет” деген өзінің еңбегінде идеалды мемлекетің,теориясын құруды жария етті. Еркімен бірлесу – дұрыс мемлекет болу деген сөз. Демократия белгісі әркімнің еркін ерікті түрде білдіруі. “Ешкім де өз еркімен әділетсіздік жасамайды”. Мемлекеттің жетістігі сенімдердің бірлігінде жатыр, сондықтан оның құрылысы ғылыммен және ғылыми біліммен айқындалуы тиіс, бұл мемлекет басына философтарды әкеледі. Философ өзінің жанында мынадай үш бөліктің үйлесімін табады: қанағат етушілік, әділдікті құрайтын ерлік және парасаттылық.

Платон пайғамбар ретінде өзінің жаңа ақиқатын ұстана отырып, адамдар арасындағы ұзақ және құнды байланыс тек интеллекуталды бірлік арқылы мүмкін болады деп есептейді. Көзқарастардың ортақтығы, өмірдің рухани мағынасын зерттеу бойынша бірлескен жұмыс жекелеген тұлғалардың көбін органикалық бірлікке ұштастыратын ақиқат байланыс. Мәдениетті мемлекеттің принципі осылайша айқындалады. Қоғамдық өмірде рухани біррлікті сақтау үшін Платон тәрбиені ұсынады.

Аристотель (Платонның шәкірті, Ликейдің негізін салушы, ұстаз,Стагира полисінде дүниеге келген, тағы бір аты-Стагирит) -– Платон мектебінде кәсіби дәрежеде қалыптасқан және педагог пен ғалымның тәуелсіз өмір салтын ұстанған философтың жаңа типі. Көптеген трактаттардың авторы: “Саясат”, “Физика”, “Метафизика”, “Жануарлардың тууы туралы”, “Жан туралы”, “Никомах этикасы”, “Эвдем этикасы”,”Категориялар”, “Органон”т.б.. Платон сияқты Аристотель үшін де - ең жоғарғы бастау игілік болып табылады. Бірақ ол Аристотельде ақыл мен болмыстан тыс болуды қойды. Бірінші бастау толықтай іске асырушылық: бұл ойдың пәнін мәңгілік меңгеретін ақыл, яғни үздіксіз болатын ақыл тәрізді, немесе құдай ретінде болады. Бұл игіліктің табиғаты абсолютті ұғынылады: сергектік, қабылдау, ойлау – бұл ақылдың мәңгілік қызметіне тән. Барлық дүние секілді біз де оған ұмтыламыз. Аристотель үшін дүниеде бәрі ретке келтірілген, оны зерттеу керек және тиісті ғылымның көмегімен қарама-қайшылықсыз сипаттау керек. Жан туралы мәселе – табиғат туралы ғылымға жататын арнайы ұтымды ғылымды зерттеудің пәні. Ол Платонның заттар дүниесінен тыс өмір сүретін идеялар дүниесі бар деген ойымен келіспеді. Мән туралы ілім Аристотельдің болмыстан тыс бастауды танудан бас тартқанын көрсетеді және ғылыми білімнің көмегімен философияның категориялық аппаратын кеңейте отырып, шындықты сипаттайды. Мән дегеніміз не түр (форма), не материя, не одан да, бұдан да құралатын болып табылады; түр дегеніміз жүзеге асырылғандық (энтелехия), маңыздылық, белсенді, материя –мүмкіндік. Жанды нәрсе материя мен түрден (формадан), яғни дене мен жаннан тұрады, жан – осы мүмкіндіктің жүзеге асырылуы, немесе кейбір дененің энтелехиясы. Жан дене емес, дененің белгілі бір тегіне жататын бір нәрсе, оның тірі болу мүмкіндігін жүзеге асыратын нәрсе; дененің бұл тірі болу мүмкіндігі денеден тысқары іске асырыла алмайды. Жаны бар дене өседі, қозғалады, сезінеді, ойлайды. Табиғи заттардың және элементтердің барлық әралуандығын Аристотель табиғат деген бір ұғымға біріктірді, оған қозғалыс, өзгеру және тыныштық тән. Танымның мәселесінде дұрыс ойлау тәсілдері ретінде формальдық логика,индукция, силлогизм әдістерін ұсынды. Аристотель әзірлеген ұғымдар бастау, себептер, түрлер (формалар), материялар, мүмкіндіктер, жүзеге асырылғанның әрекет етуі және аяқталуы – энтелехиялар, қозғалыстар, орындар, уақыт, шексіздік, үздіксіздік және т.б. Аристотель ғылымды теориялық және практикалық деп бөлуді бекітті. Оның екіншісіне ізгіліктілерді насихаттаумен байланысты этика мен саясат жатады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2003 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

932 - | 863 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.