Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі 2 страница




Идентификация – жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдырды бір сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылымға енгізген З.Фрейд.

Идеология – белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде ол партия бағдарламасында, декларация, манифест жарғыларында, сондай-ақ әртүрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады.

Идеялылық- саяси, ғылыми, көркем шығармалардың, көпшілік алдында сөйлеген сөздің және т.б. сапалылық, мазмұн ерекшелігі.

Иерархия- төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге бағыну тәртібі.

Имидж- 1)басқаларға өзі туралы белгілі бір әсер етіп, пікір тудыру үшін жасаған субъектінің сыртқы бейнесі; 2)үгіт-насихат, жарнама және т.с.с. арқылы субъект туралы кеңейтілген мағлұматтар теріп, арнайы бейнесін жасау.

Иммиграция - бір елден юасқа елдің азаматының тұрақты немесе уақытша тұруға келуі. Иммиграцияның себептері экономикалық, әлеуметтік, саяси, әскери, этникалық факторлар болып табылады.

Импичмент – жоғарғы лауазымды адамдарды Конституцияны бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.Ол жөнінде жауапкершілікке шақыру мәселесін парламенттің төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы палата. Мысалы, мұндай тәртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және т.б. елдерде орын алған.

Империя - 1)император басқаратын монархиялық мемлекет; 2) метрополия елдерінің билігі таратылатын әртүрлі аймақтардың отарық бірлестігі.

Инагурация- 1)мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және т.б. салтанатты түрде ашу.

Инновация- жаңалық енгізу жаңарту.

Институализация - саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәптіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.

Интернационализм- мемлекеттердің, ұлттардың, халықтардың немесе таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделері бірігуіне негізделген саясат.

Интеграция- мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр.

Интерпелляция - үкіметке немесе оның жеке мүшесіне белгілі бір мәселе жөнінде я оның жалпы саяси бағыты туралы түсініктеме беруді талап еткен депутаттардың ерекше сұрауы. Әдетте, ол қоғамды алаңдататын маңызды деректер туралы қойылады. Сондықтан ол сұрақтың туу себебі және қашанға дейін жауап берілуі мерзімі көрсетіледі. Егер берілген жауап қанағаттанарлық болмаса, үкіметке сенім білдірмеу мәселесі туу мүмкін.

Инфляция - ақшаның сатып алу қабілетінің ұзақ уақытқа төмендеу процесі.

Иренология- бейбітшілік туралы ғылым.

Капитал- 1)өндірісте қолданылатын жабдықтардың, тұрақтардың, құрал- саймандардың жиынтығы; 2)жабдықтарды, тұрақтарды және құрал жабдықтарды алу үшін орналған қаржы.

Капитализм -Феодализмді алмастырған адамзат қоғамның даму сатысы.

Кадрлық партиялар - қатарына сайлаушылардың 10 %-тен кемі ғана болатын, мүше саны аз партиялар. Олар ұйымшылдығымен және тәртібімен көзге түседі. Мысалы, Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, Германия Федеративтік Республикасының одағы, Жапония либералдық- демократиялық партиясы, Швеция орталық партиясы т.т.

Квитэссенция- бір мәселенің ең бастысы, ең өзектісі, нағыз мазмұны.

Кворум - құрылтайшы органның жұмысын бастау немесе шешім қабылдау үшін оған қатысушылардың қажетті саны. Ондай саны жетіспей қабылданған мәжіліс шешімі заңсыз болып саналады.

Квота -рұқсат етілген бір шараның тиісті бөлігі, мөлшері, үлесі.Мысалы, сайлаушылардың пропорционалдық жүйесінде округ бойынша бір үміткерді сайлау үшін қажетті дауыс. Ондай үлес есебі көшіп келушілерге, шетел тауарларын кіргізуге және т.с.с. қойылуы мүмкін.

Келісім - мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілердің келісімі негізінде қабылданатын шешім.

Клина – өздерінің жеке бастарының мақсаттарына жетуді, барынша баюды көздеген билік басындағы сыбайлас адамдар тобы. Олар осыған орай шешімдер қабылдаттырып, қоғамның барлық саяси өміріне нұқсан келтіруі мүмкін.

Коалиция -1)ортақ жауға қарсы екі немесе одан да көп елдердің жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.Коммунистік партиялар-К.Маркстің ілімін басшылыққа алатын партиялар. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея,Куба, бұрыңғы КСРО. Батыс елдерінде мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.

Конвергенция -ғылыми-техникалық революцияның шарықтап, дамуының нәтижесінде капиталистік және социалистік жүйелер түбінде осы ғасырдың 50-60 жылдарында Батыстың Р.Арон, Дж. Гелбрейт, У.Раслоу сияқты белгілі әлеуметтанушылары салды.

Конгресс- 1)съезд. Көбінесе халықаралық сипатта болады. Мысалы, бейбітшілік күштерінің Дүниежүзілік конгресі. 2)заң шығарушы органның аты. Мысалы, АҚШ-та және т.б. Латын Америкасы елдерінде; 3)кейбір елдердегі қоғамдық- саяси ұйымдар.

Консерватизм -1)тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік- саяси көзқарастар, теориялық жүйесі; 2)консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.

Консервативтік партиялар- қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипат, ереукшеліктерін тұрақты сақтап қалғысы келетін партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, азаматтық ар-намысты, пікір-таласты, ынтымақтастықты жақтайды.

Мысалы: АҚШ-тың Республикалық партиясы, Германияның Христиандық әлеумметтік одағымен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы.

Конституция- мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

Конституциялық сот- бірқатар елдерде конституциялық ережелердің бұрмаланбауын, басқа шығарылған заңдардың соған сәйкес келуін тексеретін сот органы.

Конфедерация -өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы.Онда жалпыодақтық азаматтық немесе одаққа кірген мүшелердің бәрін міндетті түрде заң шығарушы билік болмайды. Оның алғаш шешімдері оған енген елдердің бекітуінен өтуі керек. Ол өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848жылға дейін Швейцарияда,1778-1787 жылдары Солтүстік Америка штаттарында болды. Қазір соған ұқсас құрылымды Еуропалық Одақ құрмақ ойы бар.

Конфликт -қарама-қарсы күштердің, партиялардың, көзқарастардың, мақсат- мүдделердің бір-біріне қайшы келуі. Ол өрістеген кезде арты шешілмес қатты дау-жанжалға, ал саяси шиеленіс саяси дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін.

Конфликтологи я- әлеуметтік дау-жанжал, шиеленістердің мәнін, табиғатын, зардаптарынзерттеуге, оларды алдын-ала болжауға арналған ілім.

Конформизм – іштей келіспесе де, көпшіліктің ой-пікірі, көзқарастарын икемделу, әсіресе билік басындағы адамдардың ығына жығылып бейімделу.

Конфронтация -әлеуметтік-саяси жүйелердің, әскери одақтардың, мемлекеттердің арасындағы немесе бір елдің ішіндегі әр түрлі саяси күштердің қарама-қарсылығы.

Кооптация-белгілі бір сайланбалы органға қосымша жаңа мүшелерді сайлаушылардың дауыс беруінсіз осы органның шешімімен кіргізу.

Коррупция- 1) мемлекеттік және саяси қайраткерлерді,министрлерді, парламент мүшелерін, шенеуніктерді және т.б. параға сатып алу; 2)лауазымды адамдардың жеке басын байыту мақсатында өз қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.

Көппартиялық- мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі. Оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жақтарына саяси мәселелер жан-жақты қаралады, үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді, бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Бәсекеші партияны жеңу үшін партияның ішінде керекті тәртіп орнатылады.Саяси күресте кездейсоқ емес, шын мәнінде талантты адамдар шығып, басқарушы органдарға ұсынылады. Жағымсыз жағы- өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарауы.

Күш қолданбау саясаты-саяси, әлеуметтік мәселелерді күш қолданбай шешуге тырысушылық.Оны жақтаушылар өз жұмысында адамгершілік, жалпы халықтық принциптерді басшылыққа алады.

 

Қоғамдық- саяси ұйымдар - халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелілікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі.

Құқықтық мемлекет- демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатынғ, жеке адамның құқықтары жан- жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс. Мұнда заңдар халықтың еркін білдіреді және оларды барлық адам, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті.Билік шын мәнінде бөлінеді. Олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.Адам алдындағы кең өріс алады.Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі жоғары дамиды.

Қырғиқабақ соғыс -екінші дүнеижүзілік соғыстан кейін басталып, 80жылдарға дейін созылған социалистік және капиталистік жүйелер арасындағы халықаралық шиеленіс қатынастары.

Қысымшы топтар - билік институттарына мақсатты ықпал ету арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлілігін пайдаланады.Бұл топтар өз аттарынан лоббистік ұғымдар, мүдделі топтар деп атайды. Олар көбінесе мүдделердің ортақтығы негізінде және бұл топтар мен билік органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.

Легитимділік - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай орыендалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілеп бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. М.Вебер легитимділіктің үш түрін көрсетті:

1.Әдет-ғұрып 2.Харизмалық 3.Ақыл- парасат

Либерализм -1. Жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт. 2.Бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар. Олар нарықтық экономиканы, еркін бәсекелестікті, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілуін, халықаралық қауіпсіздікті және т.б. жақтайды.

Лобби - белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұғым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасауға және т.с.с. күш салады.Бұл мақсатта неше түрлі әдіс-тәсілді пайдаланады.

Лояльдық - өкіметті, оның заңдарын, қаулыларын қасиеттеу, орындау.

Люмпен-қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама аты. Оны қаңғыбастар, қайыршылар,жезөкшелер,қылмыскерлер және т.с.с. жатады.

Мажоритарлық жүйе -сайлау нәтижесінде үміткерлердің округ бойынша көпшілік дауыс беруі.

Макиавеллизм- алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі.Оның негізін салған Италиянның саясаттанушысы Н.Макиавелли (1469-1527)елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш сақтау үшін жұмсауға да кеңес береді.

Маманданған көпшілік- қоғамдық саяси өмірдің ең маңызды мәселелері жөнінде сайлаушылардың үштен екі немесе төрттен үшінің дауыс беруінің негізінде шешім қабылдау тәртібі.

Мандат- 1.біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат 2.қайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық.

Манифест - 1.маңызды оқиға немесе шаралар туралы салтанатты жария ету, жоғарғы өкіметтің халыққа үндеуі. 2.Саяси партия, қоғамдық ұйымдардың және т.б. оң көзқарастарын, бағдарламаларын және шешімдерін баяндаған үндеуі.

Манифестаци я- бір іске, оқиғаға, билеушілердің саясатына тілектестігін не қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету.

Маргиналдар- белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Мысалы, ауылдан жұмыс іздеп қалаға келген жастар. Олар бір жағынан ауыл өмірінен қол үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мәдениетін игеріп, сіңбеген. Осылайша әредік жағдайға душар болады.Мұндайларды маргиналдар дейді. Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ,жұмыс орны да анықталмаған, белсенді саяси өмірге тартылмаған.Сондықтан олар қылмыс не басқа арандатушылық әрекеттерге оңай ілесіп кетеді.Маргиналдарға этникааралық, нәсіларалық некеге түскендер де жатады.Мысалы, метистер.

Марксизм -өзара байланысты философия, саяси экономика, ғылыми коммунизмнен тұратын ілім. Ол социалистік революция нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен тұратын коммунистік қоғамды орнатуды мақсат етті.Қоғамдық-экономикалық фоормация теориясын ашты. Ол бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күші өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік революцияға әкелді. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады. Сонымен адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналады. Дегенмен,марксизм әлеуметтік және саяси процестерге жеңіл-желпі, тұрпайы қарады, таптық мақсатқа жетуге қан төгісті тап күресіне басымдық берді, қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды.

Мәміле -Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі.

Мафия -күш жұмсау, қорқыту, бопсалау, сатып алу, өлтіру сияқты заңсыз амал-әрекеттер арқылы өз мақсатарына жетуі үшін ұйымдасқан құпия қылмыстық топ, сыбайластар.

Мәртебе -азаматтың, месмлекеттік органның халықаралық ұйымның және т.с.с. құқықтық орнын білдіретін құқықтар мен міндеттер жиынтығы.

Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Мемлекеттің ерекше өкімен аппараты болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресмми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол ертедегі адамдардың бәрі сыйлайды және орындауға тиіс. Егер орындалмаса, оның ырықсыз көндіруге қақысы бар.

Мемлекеттік билік -барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.

Меморандум- дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Ол жүргізілетін келіссөз мәселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді.

Ментолитет- 1)ойдың бағыты,жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы;2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3)рухани өмірдің ерекшелігі.

Метрополия -қол астында колониялары бар мемлекет.

Милитаризм-жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.

Модернизация -қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемдеу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс тәсілдердің,бағдарлама, тұжырымдардың өзгеруі. Заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады.

Монархия- мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан,шах және т.б.деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Бұрын басқарудың мындай түрі кең тараған бастаған, мәуір жоқ. Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония, Иордания,Ұлыбритания және т.б. жатады.

Мороторий- ішкі және сыртқы міндеттемелерді орындау уақытша тоқтату, ұзіліс жариялау.

Муниципалитет -1)кейбір елдерде өзін-өзі басқаратын аумақтық қоғамдастықтың, жергілікті өзін-өзі басқару органы.Оның өз меншігінің заң шығаратын, салық салатын және т.б. құқықтары бар; 2) Кей елдерде кездесетін төменгі әкімшілік-аумақтық бөлек; 3) Муниципалитеттің орналасқан үйі.

Мэр -муниципалитеттің бастығы.

Нәсіл -шығу тегіне және әр түрлі тұқым қуалайтынерекшеліктеріне байланысты бірлескен адамдар тобы. Негізгі нәсілдерге негроидтар, монғолоидтар және европоидтар жатады. Негроидтар терісі қара, шатары бұйра келеді, монғолоидтардың терісі сары, шаштары тік және қара болады. Европоидтардың терісі ақ келеді.Олардың бұлай бөлінуіне өте ерте замандарда тұрмыс кешкен табиғи жағдайлары себеп болады.

Нәсілшілдік -әр түрлі нәсілдерді ақыл-есі, психологиясы жағынан тең санамай, оларды жоғарғы және төменгі нәсілдерге бөлетін ғылымға жат көзқарас, идеология. Оны жақтаушылардың ойынша, нәсілдік ерекшеліктер қоғамның тарихы мен мәдениетіне шешуші ықпал етеді. Олар өркениеттілікті тек жоғары нәсілдің өкілдері жасайды, сондықтан солар билеп төстеуі керек деп пайымдайды. Мұндай теория бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Герменияда кең тарады.Қазір еврейлер өздерін басқа халықтардан артық санап жүр. Шын мәнінде, қоғамдық немесе жаратылыстану ғылымдарының дәлелдеріндей, адамзаттың биологиялық және тарихи дамуына нәсілдік ерекшеліктер елеулі әсер етпейді.

Нигилизм- жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси өмірдің тәртіптерін және т.с.с. жоққа шығару. Саясатта оны жақтаушылар қалыптасқан саяси қазыналарға, партиялар мен саяси қайраткерлердің іс-әрекетіне қарсы болып, қабылдамайды.

Нонсенс- қатыгездік, артық кетушілік.

Нота - Бір мемлекеттің екінші мемлекетке ресми дипломатиялық хаты. Нота алмасу арқылы кейде халықаралық келісім де жасалады.

Нувориш - сауда-саттық және т.с.с. тәсілдер арқылы тер төкпей тез байыған адам. Әдетте, ондайлар қоғамның жоғарғы сатыдағыларымен тіл тауып, билік басына келуге, қоғамдық өмірге әсер етпеуге тырысады.

 

Обструкция -белгілі бір шараларға, шешімдерге, заң жобаларын қарсы наразылық білдіретін, кедергі жасап, қабылдамауға тырысудың бір түрі. Мысалы, мұндайда депутаттардың бір бөлігі келіспегендіктен шу көтеруі, орынынан айқай салуы, тұрып кетуі мүмкін.

Объект -Субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат. Саясаттанудың объектіне саясат әлемі жатады.

Одақ - жалпы саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан бірлестік. Парламентте партиялардың депутат тобы қандай болмасын бір заңды қолдау немесе қабылдау үшін блоктар құруы мүмкін. Сайлау науқаны кезінде саяси мақсаттарды, көзқарастары жақын партиялар бірігіп, іс-әрекет жасамақ болып өзара келіседі. Экономикалық,әскери және т.б. мәселелерді шешу үшін мемлекетаралық одақтар құрылады.

Оккупация- бір елдің жерін екінші мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы. Онда сол мемлекет өкімет билігі жойылады, басқару органдары оккупациялық әскери күштердің әкімшілігіне беріледі.

Олигархия - саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған биліктің түрі. Немесе, сол үстем топтың өзі. Ондай билік қаржы саласында да болуы мүмкін.Сондықтан қаржы олигархиясы деп аталады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1051 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2458 - | 2273 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.