Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі 1 страница




6.1. Негізгі әдебиеттер:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.2. Қосымша әдебиеттер:

1. Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

2. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

3. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан-2030. Қазақстан халқының дамуы мен әл-ауқатының артуының стратегиялық бағдарламасы. А.,1997

 

Білімді бақылау

Аудиторлық сабақ барысында ағымды бақылау өткізу жоспарланған, СӨЖ және СОӨЖ орындаудың сапасын бақылау қарастырылған, коллоквиум және тест түрінде екі аралық бақылау жоспарланған; емтихан түріндегі қорытынды бақылау жүзеге асырылады.

Ағымдық бақылау– 20%

СОӨЖ және СӨЖ– 20%

Аралық бақылау:

коллоквиум – 10%

тестілеу – 10%

Ағымдық және аралық бақылау 60% -дан кем емес

қорытынды аттестация - 40 %

 

8) Оқу пәнінің саясаты

«Саясаттану» пәні міндетті пән болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі 2кредитті құрайды, оның ішінде 15сағат - дәріс, 15сағат-семинарлық сабақтар, 30сағат-СӨЖ

Оқу пәнінің талаптары

Аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, сабақ барысындағы сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, оқу-әдістемелік құралдар мен негізгі әдебиеттер бойынша дәріс және семинар сабақтарына алдын-ала дайындық, СӨЖ-ді сапалы және уақытында орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу. (ағымдық бақылау, СӨЖ бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау)

  1. Оқу пәні бойынша глоссарий

 

Абсолютизм – жоғары үкімет билігі шексіз жеке – дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.

Абсентеизм – халықтыңсаяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы.

Авантюризм – саясатқа, билік жүргізуде және т.с.с. белгілі бір мақсат-мүддеге жету үшін күдікті, шүбәлі жолмен оңай олжа іздеушілік.

Автархия – елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталғанұлттық мақсат.

Автократия – бір адамға жоғары үкімет билігін шексіз беру басқаруды немесе осындай басқарушылық орган мемлекетті айтады. Сонымен қатар қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам, не адам тобын атау үшін де пайдаланылады.

Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін – өзі басқаруға құқық берілген саяси – ұлттық құрылым.

Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Ол көбінесі саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.

Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.

Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси – қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.

Адам құқықтары – белгілі бір игілік, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынстары, кепілдіктері.

Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін қоғамның күйі. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.

Аймақтық – белгілі бір жерге, облысқа, көршілес бірнеше елге қатынасты бір нәрсе.

Аккредитация – 1) шет мемлекетте өкілеттілікке ие болу, сенім грамотасын тапсыру; 2) ақша алуға немесе сауда операцияларын жасауға өкілеттілік.

Алуандық – қоғамдық өмір субъектілерінің (топтардың, тартардың, ұлттардың және т.б.) экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, діни, және т.т. мүдделердің алуан түрлілігін білдіретін пікір сайысы, билеуші және оппозициядағы партиялардың үкімет биліктің орталықтануына, бір партияның немесе саяси күштің қолына шоғырлануына қарсы тосқауыл қояды.

Альтернатива – бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.

Альянс – ортақ мақсаттарға жету үшін келісім шарт негізінде жасалған ұйымдардың одағы, бірлестігі. Әдетте жағымсыз, келеңсіз мағынада пайдаланылады.

Анархизм – жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік – саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен алмастырғылары келеді.

Анархия – 1) мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты басшылықтың жоқтығын білдіреді.

Аннекция – басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күштеп жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.

Антагонизм – мүдделі қарама – қарсы күштердің, қостасқан топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі.

Антисемитизм – еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі.

Апартеид – нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау құқығынан айыру, бірдей еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп – қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді.

Апартидтер – ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Олар қай елде тұрса, сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды.

Аристократия −А қсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі.

Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы.

Ассоциация – белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі.

Астыртын партиялар – заң бойынша тыйым саланып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізген партиялар. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етеді.

Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару орындарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік алдында есеп береді.

Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамсыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. жатады.

Әмбебап партиялар – мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды. Мұнда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. (мұндай партиялардың саны соңғы жылдарда Еуропа мен Аметика елдерінде етек алуда).

 

Бейсаясаттық – азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы.

Бейтараптылық – 1) екі жақтық айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2) соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты.

Билеуші партиялар – қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.

Билль – 1) АҚШ-та Ұлыбританияда және т.б. елдерде парламенттің қарауына ұсынылған заңжобасы; 2) жеке заңдардың аты, мысалы, құқықтар туралы.

Билік – 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі;

2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік жәнеәкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары.

Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу. Егер биліктің бір тармағы озбырлық етсе, қандай адам болмасые оның екінші тармағына арыз бере алады.

Блокада – өз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.

Бойкот – 1) өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара қатынастарды тоқтату; 2) сол мақсатқа белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; 3) өкіметті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4) наразылық ретінде біреумен қарым – қатынасты үзу.

Бипатридтер – бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.

Босқындар – қудалау, әскери іс-әрекеттің немесе ерекше жағдайларға байланысты тұрақты тұрған елін тастап кеткен адамадар.

Брифинг – үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамадардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу.

Бұқаралық партиялар – үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, сүшелері, белсенділері көп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды. Партиялық билет алып, мүшелік жарна төлемейді.

Бұрмалаушылық – өз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық, жалғандық.

Бүлік – бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекет.

Бюрократ −1) азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерді формальды түрде атқаратын қызмет қадамы; 2) басқарудың бюрократиялық жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.

Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы, формальды қарау, істі көпке созу.

Бихевиоризм – жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделгенәдістемелік бағыт.

 

Вето – тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын адамдардың қарақына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату.

Визит – халықаралық байланыстарды дамытуға ондағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған түрі. Мысалы, оған мемлекет тарапынан үкімет басшылары, ресми делегациялардың кездесулері жатады.

Волютаризм – саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізілген саясаты.

Вотум – өкіметке я оның кейбір мүшелеріне сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (ветум недоверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім.

 

Геноцид – адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.

Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат.

Геронтократия – ақсақалдық билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар үкімет билігі жасы келген адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады.

Глобальдылық – бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.

Гуманизм – қайта өркендеу дәуірінде дін мен (феодалдық) феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. Саяси салада адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси көзқарастар, идеялар жүйесін білдіреді.

 

Дәуір – қоғамның, табиғаттың, саясаттын, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезең.

Деидеологизация – идеологиялық әсерінсіз, таза ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластатуға тырысушылық.

Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.

Делегат – съезде, конференцияларда, конргесте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, партияның мақсатын көздейтін өкіл.

Демагогия – өз мақстына үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.

Демократия – халық билігін, заңдылықты мойындап азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бстандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, адамдардың экономикалық және саяси қозғалуын, шешім қабылданғанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байқалып отырады.

Демократиялық партиялар – басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір адалдығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.

Денонсация – келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі.

Деполитизация – белгілі бір ұйым, органдардың және т.б.жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.

Депортация – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде немістер, шешендер, ингуштар.қырым татарлары, месхеттік түріктер, кәрістер және т.б. осындай халге душар болды.

Держава – зор, әскери, экономикалық потенциалы бар және дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынаста басты рөл ойнайтын ірі және берік мемлекет.

Деспотизм – 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірісіз, қатал басып шаншу тәсілі.

Деспотия − шексіз және дара билеудің бір түрі.

Децентрализация – орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билгінің бөлігін беруі.

Диверсификация – мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси шексіз билеп төстеуші.

Диктатор − заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.

Диктатура – қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиеленіскен шағында, өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады.

Дипломатия – үкіметтің халықаралық саясаты жөніндегі іс-әрекеті.

Директива – жоғары органдардың төменгі басшыларға берген ұйғарымы, жарлығы.

Дискриминация – нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.б. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу. Мысалы, сайлау құқығынан айыру, азаматтықты берсеу, жұмысқа қабылдамау не шығару т.т.

Диссидент – үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам. 70 жылдарда КСРО-да қоға өмірінің әр түрлі, қарсы шыққан адамдарды айтады.

Догматизм – нақтылы жағдайда өмір және тәжірибелік жаңалық, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі. Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой-пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжамайтындай көріп, есекрген ережелерді, қалыптасуды, көзқарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік – экономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі.

Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсізідігі. Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда шешімдер қабылдауда, жоғары билік жүргізудегі еркіндігі н айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады.

Еуропарламент – Еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме. Оған кіретіндер: Бельгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол бес жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады.

Еуроцентризм − ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.

 

Жалпы азаматтық құндылықтар – бүкіл адамзаттың тәжірибесінен туған адагершілік қазыналар. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді.

Жаңарған колониализм (цооколониализм) – бұрынғы отаршы елдердің тәуелсіздігін алған мемлекеттерді экономикалық, саяси, әскери, мәдени, идеологиялық және т.с.с. әдіс-тәсілдерді шебер пайдалану арқылы өз ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау саясаты.

Жаңарған консерватизм (неоконсерватизм) – бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі қазыналар мен арман – мұраттарды сақтап, оларды өмірдің бүгінгі талабына сай жаңғыруға тырысқан. Батыс саясаттану ғылымындағы ағым. Ол біздің ғасырымыздың 70 жылдарының екінші жартысында пайда болған. Белсенді өкілдері: Д.Белл, И.кристони, С.липсет және т.б.

Жаңарған либерализм (неолиберализм) – дәстүрлі либерализмнің қағидаларын сақтап, оларды XX ғасырдың жаңа талаптарына сай өзгертуші идеялық – саяси ағым.

Мысалы, бұрынғы либерализм мемлекет экономикаға араласпасын дейтін. Қазір әлеуметтік – экономикалық және т.б. мәселелердің кейбір жерлерін мемлекеттің реттегенін жөн көреді.

Мемлекеттің бюрократиялануына, адамның жеке өміріне араласпауына және т.с.с. қарсы шығады.

Жаңаша саяси ойлау – КСРО мен СОКП басшыларының жалпы азаматтық мұраттар мен құндылықтарды басшылыққа алып, бұрынғы «қырғи қабақ соғыс» қалпынан бас тартуы. 80 жылдардың ортасында оған себеп болғандар:

1) ядролық космостық дәуірде мемлекеттер, блоктар арасында қақтығыстың болиһмау керектігін түсіну;

2) ғаламдық мәселелрдің маңызды орын алуы т.с.с.

Жасылдар – айналадағы ортаны қорғап, жер бетінде тірішілікті сақтау үшін күресетін халықаралық сипаты бар экологиялық қозғалыс. 70 жылдардың екінші жартысында ол қозғалыстардын партиялар пайда болды. Ондай партиялар қазір барлық елдерде дерлік бар.

«Жасылдардың» экологиялық қозғалысы бүгінгі таңда маңызды рөл атқарады және бірталай табыстарға жетті.

Мысалы, олар 1978 жылы Австралияда, ГФР-да атом электр станцияларын салуға тыйым салдырды.

Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жаншылған елдерде дамиды. Бір партиялық әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды.

Мысалы, Мао-Цзе-Дун, Ким Ир Сен, Броз Тито, Эрнер Ходжа және т.с.с. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті орнату керек.

Жекешелендіру –мемлекеттік менщікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары және т.б.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі.

Заң – қоғамдағы қатынастардың әртүрлі сфераларын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Өзіне Конституцияны, заң және нормативті актілерді біріктіреді.

Заң жобасы – Парламент палаталарының кез келген заңдарды қабылдауға байланысты ең жиі қолданылатын ұсыныстарының негізгі түрлерінің бірі.

Заң шығарушы билік – заң шығарушымен, оны бекіту, өзгерту немес жоюмен айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызыды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оынң жұмысына конституция атынан органдар бақылау жасайды.

 

Идеал – саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғары саяси арман – мұраты.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1305 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2285 - | 1991 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.