Жапалақ немесе боз торғай тесті.
1. Сізге таңертең ерте тұру қыин емес пе?
А) ия, әрқашан
Б) кейде
В) сирек
Г) өте сирек
2. Сiз қай уақытта ұйықтауға жатуды дұрыс көресiз?
А) түнгi бiрден кейiн
Б) он бір жарымнан, он екіге дейін
В) оннан, он бiр жаpымағa дейiн
Г) онға дейiн
3. Таңертең тұрған соң, қандай асты дұрыс көресiз?
А) тоқ тамак
Б) көп, бiрақ каллориясы онша емес
В)бутерброд немесе пісірілген жұмыртқа жеткілікті
Г) бiр стакан шай немесе кофе жеткiлiктi
4. Үйде және жұмыста болатын сiздiң жеңiл ашуыңыз майда ұрыс керiстердi еске түсiрiңiз. Олар кебiнесе қай уақытта болады?
А) күннiң бiрiншi жартысында
Б) күннiң екiншi жартысында
5. Қай нәрседен сiз жеңiл бас тарта аласыз?
А) таңертеңгiлiк шай немесе кофеден
Б) кешкi шайдан
6. Демалыс уақытыңызда сiз тамақты қабылдауға байланысты әдеттеріңізді өзгертесіз бе?
А) өте оңай
Б) жеткiлiктi оңай
В) қиын
Г) әдеттерді өзгертпеймін
7.Таңертеңнен сiздi маңызды icтep күтiп тұр. Кешке сіз қаншалықты ерте жатасыз?
А) eкi сағаттан көп
Б) бiр сағаттан көп
В) 1 - 2 сағатқа
Г) әдеттегiдей
8. Сіз бір минутқа тең уақыт арналған қалай дәл бағалай аласыз? Біреу сізді тексерсін.
А) уақыт аралығы 1 минуттан кем
Б) уақыт аралығы 1 минуттан көп
Нәтижесі
Сұрақ номері. | а | б | в | г |
О | ||||
О | ||||
О | ||||
О | - | - | ||
О | - | - | ||
О | ||||
О | ||||
О | - | - | ||
Жалпы |
Жалпы сандар
О - 7 балл – таңергенгелiк тип, боз торғай
8 - 13 балл - аритмиялық тип,көгершiн
14 - 20балл - кешкелiк тип, жапалак
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
№17 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР
Тақырыбы: Адамның жоғарғы психикалық қызметтерін зерттеу әдістері.
Сағат саны: 4
Курс: 2
Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»
Құрастырушы:
Аға оқытушы Тулеубаева А.А.
Астана 2014ж
1. Тақырыбы: Адамның жоғарғы психикалық қызметтерін зерттеу әдістері.
2. Мақсаты: Жоғарғы психикалық қызметтердің түзілуінің физиологиялық негіздері туралы білім, тәртіптің өзгеруінде өтілетін, ауытқуларды анықтау және нақты түзетуді таңдау үшін қажет.
3. Оқу мақсаты: Сана үрдісінің негізінде жататын, адамның мақсатқа бағытталған әрекетін сипаттайтын, түрлі тесттік тапсырмаларды қолдануға студенттерді үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Адамның психикалық қызметтерінің физиологиялық негіздері. Адамның психикалық қызметтерінің ерекшеліктері (назар, қабылдау, ойлау, сана, сөз).
- Адамның психикалық қызметтеріінң бейімдегіш ролі. Назар.
- Назардың физиологиялық механизмдерін түсіну үшін И.П. Павлов пен А.А. Ухтомский еңбектерінің маңызы. Назар аударуда тежелу процесінің ролі.
- Ойлау. Сана, төменгі сана, жоғарғы саналардың физиологиялық негіздері.
- Сөйлеу. Сөздің қызметтері. Адамдарда сөз дамуымен байланысты үлкен жарты шарлар қыртысының қызметтік асимметриясы.
- Психикалық қызметтердің іске асуында орталық жүйке жүйесінің қызметтік жағдайының маңызы.
- Психикалық қызметтерді зерттеудің физиологиялық әдістері.
- Есте сақтау және оның түрлері мен механизмдері. Ақпаратты есте сақтау және оны қайта шығару процестеріндегі мидың әрбір бөлімінің ролі.
- Есте сақтау теориялары. Шартты рефлекс және есте сақтау. Есте сақтау бейімделу тәртібінің бір түрі ретінде.
- Эмоциялар, олардың биологиялық ролі. Жіктелуі. Эмоциялар теориялары.
- Эмоциялық жағдайлардың қалыптасуында ми құрылымдарының ролі. Эмоциялық шектен шығудың вегетативтік және қозғалыс компоненттері.
- Адамның мақсатқа бағытталған іс-әрекетіндегі эмоциялардың ролі. Эмоциялық шектен шығу. (эмоциялық стресс).
- Ұйқының биологиялық маңызы, оның кезеңдері мен түрлері. Ұйқының электроэнцефалографиялық көрсеткіштері. Парадоксальды ұйқы, баяу ұйқы. Түс көру. Ұйқы теориялары. (И.П. Павлов, Р.Гесс, П.К. Анохин және т.б.).
- Гипноздық жағдайлардың физиологиялық негіздері. Электрлік ұйқы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)
1) Қысқа уақыттық есті зерттеу. Тікелей есте сақтау көлемін анықтау.
2) Мағыналық естің көлемін анықтау.
3) Қабылдау мен ойлаудың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.
4) Назарды зерттеу.
6. Әдебиет: Негізгі: 1.Тақырып бойынша дәріс
2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663
3.Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.
4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.
5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.
6.Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.
7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.
Қосымша:
1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.
2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Изд.центр «Академия», 2005. – 336 с.
3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.
5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.
6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.
7. Бақылау:Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу және билет бойынша жазбаша бақылау.
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
№17 сабаққа таратылатын материал
Тақырып: Адамның жоғарғы психикалық қызметтерін зерттеу әдістері.