Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс Театр және мұражай оның түрлері




1. Театр түсінігі,

2. Театр тарихы

3. Театр, мұражай түрлерімен атқаратын қызметі

Театр оқушыларының шығармашылық іс - әрекет қалыптастыруды бағыт етеді. Құжаттарда арнайы дәрістер оқытылмай онда іс - әрекетті үйреніп, меңгереді. Роль жаттап театрда қалыптасқан заңдылықтарды үйренеді.

Театр дегеніміз – тіршілік иесінің жинақталған бейнесі. Бос уақытында мәдени орындарға бару адамның ақыл ойында ежелден бері орын алған. Мәдени орындарда жастардың бос уақытын өткізу ежелгі Египет, Греция, Римнен бастау алған. 16 – ғасырдағы Азия мен таяу Шығыста көлеңкелі театрлар танымал болған. Италияда «Маска» театры, Вьетнам театры су үстінде болған. Кеңес дәуірінде алғашқы балалар театры 1918 жылы пайда болды. Ең алғашқы қуыршақтар театрына И.А. Крыловтың мысалы қойылды. 1990 жылдарда кеңестер одағында жасөспірімдердің бос уақытын мәдени орындарға бару арқылы қамтамасыз ету оларды мәдениеттіліке баулуға жетелеген. С.Б.Оброзцов мәдени орындарда жастарды жақсылыққа, мейірімділікке, мәдениеттіліке, қарым-қатынас жасай білуге үйрететіндігін айтып өтеді. Мәдени орындарда адам өмірімен өмір сүріп ойлай алатын.

Отбасы бос уақытының ерекше ұйымдастырылған түрі – мұражайға экскурсияға бару болып табылады.Музейдегі экспозицицялармен танысу арқылы адам дүниедегі атақты тарихи оқиғаларды біледі, атақты ғалымдар мен көркемсуретшілердің жұмыстарымен танысады.

Грек тілінен аударғанда «мұражай» сөзі музалар өмір сүретін шіркеу дегенді білдіреді.Мұражай кешендік, мемориялдық, салалық болып үш түрге бөлінеді.

Мұражай түрлерін мына кесте арқылы көруге болады

Салалық Кешендік Мемориялдық
Тарихи Өлкетану Қорық мұражайы
Көркемөнерлік   Үй-жай мұражайы
Әдебиөнерлік    
Музыкалық    
Этнографиялық    
Техникалық    
Дүниетанымдық    

 

Тарихи мұражайлардың жұмысы тарихи оқиғаларды, ескерткіштердің, археологиялардың қазбаларды зерттеумен тығыз байланысты болып табылады. Көркемөнерлік мұражайлар көркем суреттер мен сәндік бұйымдарды зерттеумен тығыз байланысты. Әдебиөнерлік мұражайларда атақты ақын - жазушылардың өмірі жайлы мағлұматтар жинақталады. Музыкалық мұражайларда музыкалық мәдениеттің мемориялдары және музыкалық аспаптар сақталады.

Кейбір музыкалық аспаптардың түрлері этнографиялық мұражайларда сақталған.Сондай ақ этнографиялық мұражайларда түрлі халықтардың рухани мәдениеті сақталып, ұрпақтарға жеткізілген.

Техникалық мұражайлар ғылым мен техниканың жеткізген жетістіктерімен таныстырады. Дүниетанымдық мұражайларда тірі және өлі табиғатпен, ауылшаруашылық салаларымен тығыз байланысты. Кешендік мұражайлар өлке жайында, оның табиғатын, аңдарын зерттеп, таныстырады.

Мемориялдық мұражайлар архитектуралар ескерткіштерін, тірі табиғатты, әдебиетті және музыкалық аспаптарды таныстырады.

Мұражайға экскурсияға барғаннан кейін бала өз Отанының тарихын, атақты жазушыларын, түрлі музыкалық аспаптарын, аңдарын танып біледі.Осыдан келетін қорытынды мұражайға бару арқылы адамның танымдық қасиеттері дамитынын байқаймыз.

Бос уақытты ұйымдастыру арқылы адам болмысының бағыттылығы және күрделілігі бойынша әр алуан сұрақтарының туатын және шешілетін саласы, сондықтан оның мазмұндық- мағыналық маңызы – оның құрамында адам субъективтілігі ішкі дүниесінің терең антологиясы оның құндылық қатынастарына негізделген талпынысы, адам болмысының әр түрлі дүниетанымдық түсініктерінің болуында. Осының арқасында дүниеге қатынас рухани - өнегелік мақсатқа ие болады.

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің ұрпақ тәрбиесі саласында жиі айтылатын халықтық педагогиканың толық мағынасы, астарлы ролі жайлы түсінік әркімде әр қилы. Оның негізгі бағыты, жас ұрпақты ұлттық таным, салт –дәстүріміз рухында тәрбиелеу, халықтық тәрбиеде әбден шыныққан асыл қасиеттерді бабалар үрдісі мен олардың санасына сіңіру. Ал, ұлттық тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнердегі, табиғаттағы халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, дүниетанымы жоғары азамат тәрбиелеу.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2148 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2524 - | 2183 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.