Лекции.Орг
 

Категории:


Макетные упражнения: Макет выполняется в масштабе 1:50, 1:100, 1:200 на подрамнике...


Классификация электровозов: Свердловский учебный центр профессиональных квалификаций...


Экологические группы птиц Астраханской области: Птицы приспособлены к различным условиям обитания, на чем и основана их экологическая классификация...

Бірыңғай мүшілерден кейін қойылатын сызықша



Сызықша бірыңғай мүшеден кейін келіп,өзінің алдындағы мүшелердің мағынасын жинақтап, топтастырып тұрған жалпылауыш сөздің алдына қойылады. Мысалы:Үлкен үйде Ұлжан, Айғыз, Ділда – үшеуі ғана отыр екен(М. Әуезов).

 

Оңшалаған айқындауыш өз ішінде бірыңғай болып, үтір қажет болғанда,оны бірыңғай мүшеден ажырату үшін екі жағынан сызықша қойылады. Мысалы :

Біраздан кейін үйге Мақсұттың тағы бір-екі жолдасы-Жұмагүл мен Ақтай –кірді(М.Әуезов).

ә)Жалғаусыз зат есімнен жасалған баяндауыш өзін ақындайтын мүшеден сызықша арқылы бөлініп тұрады. Мысалы:

Бар тұлғасы Құнанбай тектес бұл жас әйел –осы үйдің келіні, Абайдың апасы- Мәкіш(М.Әуезов).

 

Рмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша

а) Жалғаулықтары түсіріліп айтылған қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықша қойылады. Мысалы:

Алдымызда Есімбектің үйі тұр,- Шұға көрінбейді(Б.Майлин.).

ә) Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерде іс, оқиғаның бір мезгілде, бір ыңғайда тез, шұғыл өткенін білдірсе, арасына сызықша қойылады. Мысалы:

Оттың жарығына сағатын төседі – тоғыз боллып қалған екен(Ө. Бөкеев).

б) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауышы сонша,соншалық, сондай, сол, мынау, себебі сөздерімен аяқталса ,олардың соң сызықша қойылады. Мысалы:

Ашуланғаны сонша- өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды(Ғ. Мұстафин).

в) Шартты бағынқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы шартты райдан жасалып, бағынынқы сөйлемге ерекше мән бәре айтылса, одан соң сызықша қойылады. Мысалы:

Ақыл айтсаң - байқыл айт.

Отың жанбаса – қорлық.

Құрсың алмаса – қорлық.

«Қазақтың мақал-мәтелі» жинағынан.

 

 

Төл сөзбен автор сөзіне қойылатын сызықша

Автор сөзі төл сөзден кейін келгенде, төл сөзден соң сызықша қойылады. Кейде автор сөзі де етістігінің көмегінсіз-ақ келуі мүмкін.Егер төлсөз диалог түрінде болса, әр сөйлеушінің сөзінің алдынан сызықша қойылып, сөйлем жаңа жолдан жазылады. Мысалы:

-Қазақпын. Өзіңіз де қазықсыз ба?-деппін сасқанымнан, оның қазақша сөйлеп тұрғанын да ескермей.

-Әрине. Бұл жақта неғып жүрсіз, ойбай-ау?(Т. Ахтанов).

Автор сөзі төл сөздің ортасында тұрса, екі жағынан сызықша қойылады.

Мысалы:

-Уай, мынауың болмайды, - деді, түсінемісің дегендей көзіме қадала қарап.-Ең алдымен, адамға адамға бас керек(Ғ. Мүсірепов).

 

195-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, тиісті жеріне сызықша қойындар.

...Жақындай бере таныдық, кәдімгі өзіміздің Әжібек. Түнеугүні станцияға, нағашысына, қашып кеткеннен қайтқан беті. Басында пилотка, бұтында галифе шалбар,құдды әскердің өзі дерсің, екі өкпесін қолына алып ұшып келеді. Өзіне қарай өре жүгірген біздерге:

Сүйінші!.. Сүйінші!.. Ырысбек қайтып келе жатыр соғыстан,деді алқында дауыстап. Мына төбенің астында келе жатыр. Жүгіріңдер, сүйінші сұраңдар ауыл-аймақтан.

Біз әуеліде сәл абдырап қалдық.

(С.Мұратбеков)

 

Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылатын сызықша

«Ата-бәйтерек, бала- жапырақ» немесе «Әкеден-ақыл, Анадан –мейір» сияқты мәтелдердің айтпақшы ойы, берер үлгі өнегесі түсінікті, бірақ сөйлем құрылысы жағынан толық емес, сөйлем мүшелерінің біразы түсіріліп айтылғаны көрініп тұр.

Ауызекі тілде де, жазба тілде де айтатын ойды шұбыртпай, аз сөзбенкөп мағына білдіріп,сөйледерді ықшамдап, сөзді үнемдеп қолдануға болады.

Мұндай сөйлемдр әсіресе қанатты сөдерде , мақал-мәтелдерде, поэзияда кейіпкер монологінде жиі кездеседі. Сөйлемдерді ықшамдап қолдану үшін сөйлем мүшелерінің кейбіреуі түсіріліп айтылады. Бірақ одан сөйлемдегі ой да, оның көркемдігі де бұзылмай, керсінше, ықшам да ыңғайлы, қолдануға икемді болуы керек. Мақыл- мәтелдер осы талапқа жауауп береді. Ал қай мүшені түсіріп қолдану автордың сөз қолдану, ойды жеткізу тәсіліне байланысты. Ауызекі сөйлеуде түсіріліп айтылған сөздердің орнына мағыналық ерекшелеуші кідіріс жасалады да, жазғанда ол жерге сызықша қойылады. Мысалы: Шәкірттің-ұлдан, ұстаздың әкеден кемдігі бар ма?(Ж. Тұрлыбаев).

Бұл сөйлмде алдымен анықтауыш айтылмай, келесі баяндауышқа сыйстырылып тұр, сол арқылы сөйлемге нақы сөзге тән леп қосылған деуге болады.

 

 

Ос нүкте

а) Қос нүкте алдымен бірыңғай мүшенің алдында келген жалпылауыш және жалпылауыш мәнді сөзден кейін қойылады да,жалпылауыш сөздің мағынасын ашып көрсетіп тұрады. Мысалы: Абай жігіттері: Жиренше, Ербол, Базарлы, Мырзахандар да сол конақ тосушылардың тобында жүр(М.Әуезов).

ә) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем құрамындағы бірінші жай сөйлемнің мазмұны екіншісінде анықталып, ашылып берілетін салаластардың арасына қос нүкте қойылады. Мағына екінші сөйлем арқылы түсіндірілетін болғандықтанғ мұндай сөйлемдер түсіндірмелі салалас құрмалас деп аталады да, қос нүкте келесі сөйлемге сілтеп нұсқайтындай мәндегі қызмет атқарады. Мысалы:

Манат келесі хатын оқыған: мұнда Тоқтар жарақатының жазылып қалғанын, тәуір болғанын жазыпты(С. Мұратбеков).

Хат мазмұны екінші сөйлемде айқыдалып тұр.

б)Автор сөзі төл сөзден бұрын келсе, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылады. Мысалы: Мені көріп қалған жерде:

-Нәзира айналайын, сен біздің үйге неге келмейтін боп кеттің. Үйге жүр,-деп,үйіне ертіп әкелді(Т.Аханов).

 





Дата добавления: 2016-07-29; просмотров: 2601 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.