Лекции.Орг
 

Категории:


Электрогитара Fender: Эти статьи описывают создание цельнокорпусной, частично-полой и полой электрогитар...


Классификация электровозов: Свердловский учебный центр профессиональных квалификаций...


Деформации и разрушения дорожных одежд и покрытий: Деформации и разрушения могут быть только покрытий и всей до­рожной одежды в целом. К первым относит...

Тыныс белгілері. Тыныс белгілерінің қолданылуы негіздері мен қолданылатын орындары



Пунктуация термині латынның “puctum” – нүкте деген сөзінен алынған. Ол, ең алдымен, тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы, жазу емлелерімен бірге ,белгілі мәтінді өз ішінде бір-бірінен айырып түсінуге мүмкіндік беретін және оны графикалық жағынан ұймдастыратын жазу тілінің негізгі құралы болып саналады; екіншіден , тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелерді, үшіншіден, тыныс белгілері деген мағынаны білдіреді.

Пунктуация- жазу тілінде қызмет ететін шартты таңба. Ол- автордың айтайын деген ойын сол қалпында, өз дәріжесінде жеткізуге жол ашады. Сөз- қыр-сыры мол құбылыс. Сөйлем құрамындағы әр сөзді, тұтас сөйлемді жазушы сан құбылтып беруі мүмкін. Егер тыныс белгілері болмаса немесе дұрыс қойылмаса, мәтінді оқу да қиын, тіпті түсіну мүмкін емес. Ауызекі сөйлесуде айтушы өз ойын толық жеткізу үшін бет – жүзінің құбылысын , қолының әр түрлі қимылдарын , дауыс ырғағын барынша қолданады.

Бұларды қағазға түсіре алмайсың. Бірақ қағазға түскенде, жазу тілі арқылы қарым-қатынас жасауда бізге тыныс белгілері көмекке келеді. Олар жазба тілдің барлық мән-мағынасын ашып түсінуге мүмкіндік береді.

Тілдегі ең қысқа сөздің өзін әр түрлі мәнмен айта аламыз. «Бар» немесе «жоқ», «жақсы» сөздерін айтқан кезде сөйлеуші жайбарақат болуы да, ызалы , ашулы болуы да немесе өте көңілді болуы да мүмкін. Ауызба-ауыз әңгімеде осының бәрі сөйлеушінің дауыс ырғағы арқылы көрінеді, ол бәсең, көтеріңкі, жұмсақ, қатты да шығады. Жазуда бұл жансыз әріп- таңбамен беріледі. Жаңағы көңіл күйі ғайып болған сияқты. Егер олардың тыныс белгілерін дұрыс қойсаңыз, сөз жанданып шыға келеді. Бар. Бар! Бар? Бар?! Бар...Жақсы. Жақсы!Жақсы? Жақсы...

Бар. Жақсы – нүкте қойылғанда, жайбарақат дауыспен естіледі.

Бар!Жақсы!- көтеріңкі көңіл күйін білдіреді.

Бар?Жақсы?- екі ұшты мағына береді.

Бар?!Жақсы?!-түк түсінбеген, сенбеген күйді көрсетеді.

Бар...Жақсы... – аяқталмаған, іште кеткен ой,сенімсіздік, реніш, кекесін сарыңды мағынаны көруге болады. Әрине, тұтас мәтін көлемінде бұл сөздер тағы да басқаша бояу, басқаша мағыналарды білдіруі мүмкін. Ендеше, айтушының көкейіндегі көрікті ойды қағазға сол қалпында түсірудің құралы тыныс белгілері екен. Абайдың мына бір өлеңіне көңіл аударайық:

Ішім өлген , сыртым сау,

Көрінгенге деймін-ау:

Бүгінгі дос- ертең жау.

Мен не қылдым , япырмау?!

Осындағы үтір , қос нүкте, сызықша, сұрау мен леп белгісінің қабаттасып келуі, үтірдің өзі екі түрлі қызмет атқаруы Абай толғаған терең ойдың сырын ашуға әсерін тигізіп тұр. Егер бұл белгілер болмаса немесе қойылмаса, өлеңнің мағынасы түсініксіз болар еді. Тағы бір мысал: Шығыс кітаптары арқылы танып-білген аңыз-дастандар негізінде Абай «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» тәрізді көлемді дастандар жазады. Осы тұста ақын өзіндік үлкен талғампаздық көрсетіп, шығыс аңыздаушыларын жаңаша мақсата пайдалануды көздейді. Бұл сөйлемдердің ара жігін ашушы тыныс белгілері арқылы Абайдың шығармалары және оны жазудың мақсаты айқын сезіледі. Бұл жердегі тыныс белгі ойды даралау , белгілі бір айтпақшы ойды айналасына жинақтау қызметін атқарады. «Абай жазады» және «Абай көздейді» сияқты сөйлемнің грамматикалық негізінен маңайына топтастырылып ,ойды біршама тиянақтап , келесі ойдан даралап та тұр. Бұл – тыныс белгілерінің ең басты қызметі. Ол сөйлемнің грамматикалық құрылымына негізділеді.Сөйлем сөз тіркестерінен құралады. Олардың тіркесу заңдылығы, сөйлем мүшелерінің орын тәртібі бар. Ойды жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою принципін грамматикалық принцип дейміз. Тыныс белгілері арқылы сөйлем ішіндегі кей сөздерге ерекше мән беріліп тұрғаны байқалады. Мысалы:

Мұндайлардың алды осы Жидебайға,Айдың шешелерінің үйіне де, келіп жеткен.

(М.Әуезов)

Бірақ , керігі не, қазір сол Құлынсыз жоқ, жер бетінен өшіп кеткен.

(Қ.Жұмаділов)

Содан соң қырмандағыларды тегіс жинап(баладарды да қосып), жиналыс өткізеді.

(С.Мұратбеков)

Егер осы сөйлемдердегі үтірлер қойылмаса, бірінші сөйлемде бір ғана мекен екі түрлі зат сияқты болып көрініп, екінші сөйлемдегі орны толмас өкінш байқалмас еді .Ал жақша ішіндегі сөздер –сөйлемнің грамматикалық құрылысына қатысы жоқ, сөйлемдегі ойға, автордың мақсатына қажеті бар қыстырмалық мәндегі сөздер. Ол мақсат жақша арқылы көрініп тұр, егер жақша емең, үтір қойылса, мағыналық рең басқа болумен бірге,жақша ішіндегі қыстырманың құрылымын да өзгертуді қажет етер еді.

Ендеше,сөйлемнің және сөйлем құрамындағы сөздердің мағынасын ашып, ерекшелеп тұру тыныс белгілерінің мағына айқындауышы қызметі болып табылады.

Белгілі сөйлемдерді, сөзді, тұтас мәтінде оқығанда дауыс ырғағының құбылуы, тыныс белгілерінің қосымша , көмекші қызметі интонациялық принцип деп аталады. Бұны төмендегі мәтіннен айқын көреміз.

 





Дата добавления: 2016-07-29; просмотров: 1953 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.002 с.