Азақстанның экологиясы
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз кесілді, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Табиғи ортаның ластанбауына адамдардың терең түсінігі керек. Елімізде тұрақты экономикалық қатынас орнамай, айналаға дұрыс көзқарас болмайды. Халыққа керекті заттарды мүмкіндігінше өзімізде өндірсек, біріншіден, елге жұмыс табылады, екіншіден, экологиялық таза өнім жасауға ұмтыламыз және табиғи ортаға зиян келмейтін мүмкіндіктер іздеген болар едік.
Менің жерімнің табиғаты
Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. «Жер шоқтығы — Көкшетау», «Жер жаннаты — Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Арманым-бәсекеге қабілетті маман болу
ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта еркін еңбек ете алатын болуы керек»,-деп қадап айтты. Біз – ертеңгі мемлекетіміздің тірегіміз. Сол тірек нық та берік, сенімді болуы үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алмақ.
Менің мамандығым-халықаралық заңгер. Қазіргі таңда бұл мамандық ең танымал және мәртебелі болып табылады. Заңгерлер қазір өте көп деп естісек те, олар әрқашан және барлық жерде талап етілген. Арманым орындалуына мен көп тырысамын.
Және де өзімнің замандастарыма, келешек ұрпағыма айтарым адамзат құндылығы-білім екенін көрсету жолында еш аянбауымыз керек.
Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Білімдінің күні жарық
Қазіргі заман-білім заманы. «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, қоғамда бәсекені қалыптастыру үшін білімді болу шарт. Білімді адам қоғамдық өмірдің кез келген саласында өз қабілетін көрсете алады. Қазіргі таңдағы қоғам талабы да білімді адамды қажет деп санайды және білім мен қоса ғылым жолын да алдынғы орынға қояды. Адам баласы өз қажеттіліктерін орындау барысында мемлекеттің, қоғамның да қажеттіліктерін орындай біліуі керек. Ол үшін бәсекеге қабілетті, білімді де айбарлы жас ұрпақты тәрбиелеп, жарқын болашаққа жарқын қадамдармен алға басуымыз керек. Мемлекеттік бағыт-бағдардың дұрыс қалыптасуы, дамыған мемлекеттің азаматтық қоғамының дамуы білімді адам қызметі негізінде жүзеге асырылады. Ақыл-ой, интеллектуалдық қабілеттермен қатар, білімді адамның тәрбиелік қасиеттерінің де болуы қажет. Адам бойындағы білімділік талап, шыдамдылықтың көмегімен пайда болады. Сол себепті өз талаптарымызды шыңдай түсейік. Және де Елбасымыздың айтқанын ұмытпауымыз керек «Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында».
азақстанның тарихи орындары
Көне қалалар мен шаһарлар бізге жазба деректер мен заттық деректер, байырғы қоныс орындары арқылы белгілі. Өзіміздің Қазақстан жеріндегі көне қалаларды алатын болсақ Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамығандығын көреміз.Бұл көне қалалар біздің тарихымызды дәріптеуде орасан зор орын алады. Тарих біздің өткеніміз және болашағымыз ретінде көне қалалар орындарын жақсы білуіміз керек. Қазақстан жеріндегі көне қалаларды тізбектеп айтатын болсақ, оларға: Исфиджаб, Сайрам, Тараз, Суяб, Аспара, Шігілбалық қалаларын жатқызуға болады.Сонымен қатар заттық деректерге сүйенетін болсақ көне қалалар бұрынғы уақытты өзен, көлдердің маңында орналасын болған.Өйткені су жағалауы халықтың тұрмысына қажетті жағдайлардың бірі болды.Жазба деректерге сүйенетін болсақ, Су мен Талас маңында көне қалалардың көп болғаны мәлімденіп отыр.Көне қалалардан табылған деректерге байланысты оларда шаруашылықтың бірнеше түрі болғандығы анықталып отыр.Көне қалалар мен шаһарларымызды анықтап білу тарихымызды жақсы білуіміздің кепілі ретінде көрініс табуы тиіс.
Ызыл кітап
Қызыл кітап - халықаралық табиғатты қорғау одағының халықаралық дәрежедегі құжаты. Бұл сөз тіркесі ғылымға 1966 жылдан бастап енді. Әрбір мемлекет өзінің азаматтық, экологиялық жауапкершілігін сезіну үшін осындай ұғым пайда болды. Яғни, «қызыл» деген сөз «қауіп төніп тұр» деген ескертуді білдіреді. Қазақстанда алғашқы «Қызыл кітап» 1978 жылы жарық көрді. Кітаптың 1-бөлімі омыртқалы жануарларға арналды. Ал Қазақстанның өсімдіктерге арналған «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. Мемлекеттік «Қызыл кітаптар» әрбір 10 жылда өзгертіліп, әрі толықтырылып отырылуы қажет. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына сирек кездесетін және құрып кеткен жануарлар мен өсімдіктердің тізімі енгізілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
Мен тандаған мамандық
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне беймділік қажет, бұл – үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Егер адам ыңғайына қарай қызмет етсе, өз басына да, көпшілікке де үлкен пайда келтірмек.
Мен жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым-заңгер. Осы салаға құжат тапсырып, Астана қаласының ЕҰУ-нің студенті атандым. Мен ЕҰУ - жоғарғы санатты оқу орны, жастардың еркін білім алып, білімін жетілдіруі жолында барлық жағдай жасалғандықтан және бұл жоғарғы оқу орны Қазақстандағы №1 оқу ордасы болып саналғандықтан таңдадым. Осы қалауымның арқасында мен талай биік белестерді бағындырсам деймін. Өз мамандығымның білікті де білімді иесі атануына, қызметімде тұрақтыны танытып, мемлекеттімнің дамуына өз пайдамды қосқым келеді. Мен өз елімді әлемдегі дамыған елдердің қатарынан көргім келеді. Мен елімнің патриотымын. Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі болу үшін білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, жұмыстанайық дегім келеді.