Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Капиталдың әрбір құрамдас бөлігі бойынша есеп саясатындағы өзгерістердің түзетудің әсері




·

· Карт-шоттары жинақ шоттарындағы ақша қаражатын есепке алу. ~4~

 

1040 - "Карт-шоттардағы ақша қаражаты", онда карт-шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады.

1040 шоты бойынша шоттар корреспонденциясы:

Еңбекақыны есептеу:
а) Дт 1040 Кт 1030 еңбекақы бойынша төлемдер ағымдағы банктік шоттан карт-шоттарға келіп түсті
б) Дт 3350 Кт 1040 карт-шоттарға өткізілген жұмыскерлер еңбекақысы есептен шығарылды

Жұмыскер іс-сапарға барған кезде, оған есептесетін ақша беріледі

а) Дт 1040 Кт 1030 ағымдағы шоттан жұмыскерлер карт-шоттарына іс-сапар және басқа да шығындарға ақша келіп түсті

б) Дт 1250 Кт 1040 ағымдағы шоттан жұмыскерлер карт-шоттарына іс-сапар және басқа да шығындарға келіп түскен ақша есептен шығарылады

 

· Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық ресімдеу және есепке алу~1~

 

Кәсіпорын кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ, бағалы қағаздар, қатаң есептегі бланктерді сақтау, қабылдау және беру­ге арналған.

Кассадағы қол ақшаны қабылдау, сақтау және беру Қазақ­с­тан Республикасы Ұлттық банкі бекітетін кассалық операция­лар­ды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Касса шаруашылығын ұйымдастыруға және кассалық операцияларды жүргізу ережелерінің сақталуына жетекші жауап береді. Бұл үшін ол мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

- касса үшін жеке бөлінген бөлме және оның күзет, өрт­тен қорғану белгілерін беру құралдарымен жарақтал­у­ы;

- қол ақшаны және ақша қаражаттарын сейфтерде немесе өртке төзімді жанбайтын шкафтарда сақтау;

- кассадағы ақшаның, сондай-ақ оларды банктен жеткізу немесе банкке өткізу кезінде сақталуы;

- сақтандыру компанияларында кассадағы ақшаны сақтан­дыру;

- кассада белгілі шекте ғана ақша сақтау және түсімдер­ден аз көлемде ғана ақша пайдалану;

- толық және материалдық жауапкершілігі туралы кассирмен шарт жасасу.

Кілт пен мөртаңба кассирде сақталады. Кассир мөртаңба басқан пакеттер есепке алынған кілттердің екінші данасы кәсіп­орын­ның басшысында сақталады. Кәсіпорынға жатпайтын құнды­лық­тарды кассада сақтауға тыйым салынады.

«Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» № 562 20.12.2012ж. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес кассаға ақша қабылдау, бас бухгалтер қол қойған кіріс кассалық ордері бойынша жүзеге асырылады (КО-1нысаны). Кассаға ақша сал­ған жеке немесе заңды тұлғаға бас бухгалтер және кассир қол қойған ақшаны қабылдағандық туралы (ордердің кесіліп бері­ле­тін бөлігі) квитанция береді. Ақша билеттері мен монеттерді төлемге қабылдау кезінде кассир «Төлем белгілерін анықтау тәртібі белгілерін» басшылыққа алуға міндетті.

Кассадан ақша беру шығыс кассалық ордермен (КО-2 нысаны) немесе тиісті түрде ресімделген төлем ведомостарымен, ақша беруді сұраған өтініштермен, жетекші және бас бухгалтер қол қойған өзге құжаттармен ресімделеді. Алушы кассалық ордерге қол қойып, алынған соманы жазбаша түрде теңгемен көрсетеді.

Кіріс және шығыс кассалық ордерлер және оның орнын алмастыратын құжаттарды бухгалтерия айқын және дәл түрде, сиямен немесе шарлы қаламмен жазып береді.

Кассалық ордерлерді тазалау, былғау және түзетуге, тіпті қол қойылып куәландырылғанның өзінде рұқсат етілмейді.

Бухгалтерияда жазылып берілген кассалық ордерлер кіріс және шығыс кассалық құжаттарын (КО-3 нысаны) тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс кассалық құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда: кіріс және шығыс ордердің күні мен но­ме­рі және түскен, сондай-ақ жұмсалған ақшалардың (еңбек ақы тө­леу­ге, сыйлықтар, стипендиялар, іс сапар және өзге де шығыс­тар­ды төлеуге) мақсатты тағайындалуы көрсетіледі.

Кассалық ордерлер бойынша ақшаны қабылдау және беру оның ресімделген күні ғана жүргізіледі. Кассир ордерді алғаннан кейін: жетекші мен бас бухгалтер қолдарының болуы және оның түпнұсқалығын, олардың дұрыс ресімделуін, ордерлерде көрсе­тіл­ген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жасағаннан соң, кассир ордерлерге қол қояды, ал оған тіркелген құжаттар: «Алынды» немесе «Төленді» деген жылы, айы, күні көрсетілген мөртабанмен (штамппен) немесе жазбаша түрде айналыстан шығары­лады.

Кассир кассалық операциялар есебін касса кітабында (КО-4 нысаны) жүргізеді, аталмыш кітап номерленген, жіп өткізілген және сургуч мөр соғылған болуы тиіс, ондағы парақтардың саны жетекшінің және бас бухгалтердің қолдарымен расталады.

Кассалық кітаптың әрбір парағы теңдей екі бөліктен тұрады және ол астына көшіргі қағаз қойып, екі дана етіп толтырылады: екінші данасы кассалық кітапта қалады, ал бірін­ші данасы (кесіліп берілетін бөлігі) кассирдің есеп беруі болып қызмет етеді. Кассалық кітаптағы жазулар әрбір операция жасалып болғаннан соң жүргізіледі. Кассалық кітапта құжаттың номері, кімнен алынғандығы және ақшаның кімге берілгендігі, корреспонденциялық шот, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Кассир күн сайын, жұмыс күнінің соңында кітаптың жиынтығын есептеп шығарып және күн соңындағы қалдықты шығарады. Кассалық кітап пен кассалық операциялардың жүргізілуіне бақылау жасау бас бухгалтерге жүктеледі.

Сонымен қатар, кассирмен ақша қаражаттарының және ақшалай эквиваленттердің кірісі мен шығысын есепке алуда КО-5 нысанды кітапта жүзеге асырады.

Бухгалтерияға касса бойынша есептің жасалуы мен тапсырылуының мерзімділігін жетекші белгілейді. Кассалық операциялардың көлемі шағын болған жағдайда, кассалық есеп беруді 3-5 күнде бір рет жасауға рұқсат етіледі.

Кассирдің есеп беру (кассалық кітабының) кезінде толтыр­ған беті төменде келтірілген.

Кассада қол ақшадан тыс акциялар, мемлекеттік зайым­дар­дың облигациялары, вексельдер, чек кітаптары мен өзге де баға­лы қағаздар, қатаң есептегі бланкілер сақталуы мүмкін. Қатаң есеп­тегі бланкілерге мыналар жатады: асханаға тамақ алу, дие­та­лық тамақ алу, оқу орындарының асханаларын­да тамақ алу, ем­дік-профилактикалық тамақ алу абономенттері, қызметкер­лер­ге тегін арнайы тамақ босату үшін талондар (сүт және өзге оған теңестірілген тамақ өнімдері) және т.б.

Кассадағы операциялардың талдау есебі кассирдің тапсырған есеп беруі негізінде кәсіпорынның қолданылатын бухгалтерлік бағдарламасында қарастырылған есептік тізімдемеде жүргізіледі. Есеп жазулары кезінде бірдей байланыстырушы шоттардағы сомалар біріктіріледі. Ай соң­ы­нда есептік көрсеткіштерде келесі есепті айдың бірінші күніне қалдық шығарылады, ол қалдық кассирдің берген есебінің қалдығына және 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» шоты бойынша Бас кітапқа сәйкес келуі тиіс.

Кассадағы қол ақша есебі бойынша негізгі бухгалтерлік есеп жазулары (проводкалар) келесі кестеде келтірілген.

Кассадағы қол ақша есебі

№ п/п Шаруашылық операцияларыныңc мазмұны  
Дебет Кт
       
  Сатып алушылардан қол ақшалай түсті: - сатылған қорлар үшін;    
2. Төлемдер қол ақшамен түсті: - еншілес ұйымдардан    
- бірлескен ұйымдардан    
3. Қол ақшамен кассаға түсті: - пайдаланылмаған есеп беретін сомалар    
- басқадай дебиторлық берешек    
- материалдық шығынды және жетпеу­шілікті өтеу    
4. Қол ақшалардың ағымдағы банктегі шоттан түсуі    
- есеп айырысу шотынан    
- жинақтау шоттарынан    
5. Құрылтайшылардан жарғылық ка­пи­тал­ға үлестерінің қол ақшамен түсуі:    
6. Алдағы кезеңдер кірістері есебіне (жалдық ақы, коммуналдық қызметтер үшін төлемдер және т.б.) әртүрлі төлемдердің түсуі:    
7. Қол ақшамен алынған аванстар сомасының көрсетілуі: - қорларды жеткі­зу­ге    
- жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге    
8. Кәсіпорынның алынған кірісін көрсету: - қол ақшамен төлеу кезінде негізгі қызметтен    
9. - өз жұмыскерлеріне есеп беруге қолақша беру:    
10. Қол ақшаны банкіге тапсыру: - инкассаторлар арқылы немесе пошта байланыс бөлімшелері арқылы    
- есеп айырысу шотына    
- тауарларды өткізумен байланысты шығыстар    
- әкімшілік шығыстар    

 

· Кассалық операцияларды жүргізу қағидалары және кассирдың есептілігі.5~

ПРЕДЫДУЩИ ВОПРОС КАРАУ

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір ұйымның кассасы болады.

Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Кассаға нақты ақша ағымдағы банктік шоттан ақшалай чек негізінде түседі. Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы квитанция беріледі.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен акт беруге жазылған өтініштен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен номері, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім берілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.

Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл, әрі айқын етіп сиямен немес түтікше қаламмен жазып береді. Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың ата-тегінің тұсына мөртаңба соғады, берілмеген соманы төленбеген жалақы тізіміне енгізеді, тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар Кіріс және Шығыс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол Кіріс және Шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: Кіріс және Шығыс ордерінің толтырылған күні мен номері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, Кіріс және Шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, номері мен сомасы көрсетіледі.

Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күні, айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.

Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ф. №КО-4) жүргізеді, ол номерленуге, төленуге және оған сұрау салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді.

Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010 – «Кассадағы ақша» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.

Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың дебеті мен кредиті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияда кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың қалдықтарына сәйкес келуге тиіс.

Кассадағы операциялардың синтетикалық есебі 1010 «Кассадағы ақшалай қаржылар» активті шотында жүргізіледі. Дебеті бойынша кезең басына және соңына қалдық, сонымен қатар кезең ішіндегі түскен сомалар, кредитінен ақшалардың шығындалуы көрсетіледі. Кассадағы ақшалардың есебі бойынша есептік регистрлары келесілер болып табылады: №1 журнал-ордер - касса шоттарының кредиті бойынша және №1 тізімдеме – касса шоттарының дебеті бойынша.

 

· Кезең шығындарының есебі. ~ 48~

·

Кезең бойынша шығындар:

- өнімді өңдеу мен көрсетілген қызмет үшін есептелінген шығындар;

- әкімшілік шығындар;

- қаржыландыруға арналған шығындар.

- Кезең шығыстары - өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік кұнына енбейтін шығыстар: әкімшілік шығыстар, сату бойынша шығыстар, қаржыландыру бойынша шығыстар.

- Кезең шығыстарының алғашқы түрі - өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар. Бұл шығыстар үлгілік шоттар жоспарының 7110 шотында есепке алынады. Осы шотта өнімдерді сатумен және қызметтер көрсетумен байланысты шығыстар есепке алынады. Аталған шығын түрі пайда мен зияндар туралы есептіліктің 060 жолында көрсетіледі.

- Өткізу шығындары -қорларды сатудан болған шығындар". Ынталандыру түріндегі шығындар - банк зайымдары бойынша марапаттауды төлеуге, банктік емес ұйымдар, жабдықтаушылар зайымы, активтерді жалға алу бойынша шығындар. Ұйымның шығыстарының ішінде елеулі шығыстарының бірі - әкімшілік шығыстар болып табылады. Әкімшілік шығыстар пайда мен зияндар туралы есептіліктің 070 жолында көрсетілген. Әкімшілік шығыстар - жалпы жетекшілік, өндіріс процесін ұйымдастырумен байланысты, өндіріс субъектілерінің әкімшілік-басқарушылық аппаратын қамтамасыз етумен байланыстырылған шығыстар. Оларға әкімшілік-басқарушылық персоналдардың еңбекақыларын төлеу, материалды-техникалық және көліктік қызмет көрсетуге кеткен шығыстар, жалпы шаруашылық және әкімшілік тағайындалған негізгі құралдарды қамтамасыз етуге кеткен шығыстар және т.б. жатады. Мерзімдік шығындардың соңғы бір түрі - қаржыландыру бойынша шығыстар. Есептіліктің 080 жолында осы шығын сомасы көрсетілген. Бұл шығыстарға 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотының мәліметтері жатады. Бұл шотта қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі. Есептіліктің 090 жолында ұйымның басқа да шығындар сомасы көрсетілген. Мұнда басқа да өндірістік емес шығыстарды есепке алуға арналған, ол әдеттегі қызмет процесіне қарамастан туындайды. Осы бөлімге мына шоттар кіреді: 7410 «Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар», 7420 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар», 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», 7440 «Резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар», 7450 «Операциялық жалдау бойынша шығыстар», 7460 «Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар». 7470 «Басқа да кірістер» шотында өткен топтарда көрсетілмеген басқа да шығыстар ескеріледі.

- Осы шығыстар бойынша баптар аяқталғаннан кейін тағы да қорытынды шығарылып отырады. Кірістер мен шығыстар туралы есептіліктің 110 бабы жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) деп аталады. Осы бап мәліметі былай қалыптасады: 030 бап + 040 бап + 050 бап - 060 бап - 070 бап - 080 бап -090+/- 100 бап).

- Келесі бап - тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал) деп аталады. Есептіліктің 130 жолында тағы да қорытынды шығарылған. Осы жол -«Салық салғанға дейінгі пайда (залал) деп аталады. Осы жол мәліметі ПО жолдың +/- 120 жол негізінде қалыптасады. 120 жолда ешқандай өзгеріс болмағандықтан, 130 жолда есепті кезең басында және соңында сәйкесінше сома қорытындысы шығарылады.

- Келесі бап атауы - корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар деп аталады. Корпоративтік табыс салығы сомасы бойынша шығыстар 140 жолда көрсетіледі. Бұл жолда ұйымның салық есебінде есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі және анықталған сома ұйымның шығынына апарылады. Корпоративтік табыс салығының сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Қазақстан Республиккасының Салық кодексі және №12 «Пайдаға салық» ХҚЕС-на сәйкес анықталады.

- Аталған жолдың мәліметі 130 жол мәліметінен 140 жол мәліметін шегергенге тең. Есептіліктің 160 жолында аздық үлесі бабы орналасқан. Аздық үлесі бабы бухгалтерлік баланстың каптиал бөлімінде де орналасқан.

- Аздық үлесі дегеніміз - ол аналық (бас) компания тікелей немесе басқа еншілес ұйым арқылы иемдене алмайтын еншілес ұйымның таза активтерінің және таза пайдасының бір бөлігі. Зерттеліп отырған кәсіпорында мұндай актив болмағандықтан, аздық үлесі бабында ешқандай мәлімет көрсетілмеген.

- Пайда мен зияндар туралы есептіліктің соңғы баптарының бірі -кезеңдегі қорытынды пайда (қорытынды залал) бабы. Бұл бапта кәсіпорынның жыл ішіндегі тапқан қорытынды пайдасы немесе қорытынды залалы көрсетіледі. Есептілік нысанына сәйкес осы бапты табу үшін алдыңғы 150 жол мәліметінен 160 жол мәліметін шегереміз.

-

· Кейінгі шы ғындар. Материалдық емес активтерді кейінгі бағалау: бастапқы құн бойынша есепке алудың моделі, қайта бағалау құны бойынша есепке алу моделі. ~30~

 

1. Шығындегеніміз – активтердің қысқарылуы немесе тарату салдарынан немесе өндіріс саласында пайда болатын міндеттемелердің арқасында пайда болатын экономикалық ресурстардың азаюы. Басқаша айтқанда, шығын дегеніміз – көрсетілген қызмет пен өндірісті өндіру барысында кететін шығындар.

Материалдық емес активтер өзіндік құны бойынша бастапқы танығаннан кейін оны қайта бағалау келесі екі үлгі бойынша жүргізіліп есепке алынады:

материалдық емес активтер бастапқы танудан кейін жинақталған амортизацияны және құнсызданудан болған кез-келген жинақталған залалдарды шегеріп тастағандағы өзіндік құны бойынша;

материалдық емес активтер бастапқы танудан кейін оның қайта бағалау күнгі әділ құнын білдіретін қайта бағаланатын сома минус кез-келген кейіннен жинақталған амортизация және кез келген кейіннен жинақталған құнсызданудан болған залалдарды білдіретін қайта бағалау сомасы бойынша.

Қайта бағалаулар активтің баланстық құны мен оның әділ құны арасындағы елеулі айырмашылықтар болуының алдын алу үшін барынша тұрақты жүргізілуі тиіс.

Қайта бағалау үлгісі материалдық емес актив өзіндік құн бойынша бастапқы танылғаннан кейін қолданылады. Алайда, материалдық емес активтердің өзіндік құнының бір бөлігі актив үрдістің бір бөлігін өткенге дейін тану критерийлеріне жауап бермегені үшін материалдық емес актив ретінде танылған жағдайда, қайта бағалау үлгісі осы активтердің барлығына қолданылуы мүмкін. Бұдан басқа қайта бағалау үлгісі мемлекеттік субсидия арқылы алынған және номиналдық сомасы бойынша тағайындалған материалдық емес активтерге қолданылуы мүмкін.

Қайта бағаланатын материалдық емес активтердің әділ құны мен оның баланстық құнының айтарлықтай айырмашылығы болса, қосымша қайта бағалануы тиіс. Кейбір материалдық емес активтердің әділ құны айтарлықтай өзгеріске ұшырауы мүмкін, мұның өзі жыл сайынғы қайта бағалаудың қажеттілігін туғызады.

Егер, материалдық емес активтердің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде жоғарыласа, онда мұндай ұлғаю капиталда «қайта бағалаудан болған өсу» тақырыбымен тікелей көрсетілуге тиіс.

Егер, материалдық емес активтердің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде төмендесе, онда мұндай азаю дәрежеде пайдада немесе залалда танылуға жатады. Алайда, қайта бағалаудан болған залал осы материалдық емес активтердің өзіне қатысты қайта бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған кезде тікелей капиталда «қайта бағалаудан болған өсім» тақырыбымен дебеттелуге тиіс.

Қайта бағалау нәтижесінде жинақталған, капиталға енгізілген өсім оны іске асырғаннан кейін бөлінбеген пайда шотына тікелей ауыстырылуы тиіс.

·

· Корпорациялық табыс салығы бойынша міндеттемелерді есепке алу. ~43~

.- Корпорациялық табыс салығын төлеушiлерге ҚРҰлттық Банкi мен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, Қ Р резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚРнда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қ Рдағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар (бұдан әрi - салық төлеушiлер) жатады. Салық салу объектiлерi 1) салық салынатын табыс; 2) төлем көзiнен салық салынатын табыс; Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстарға: 1) салық төлеушi таратылған жағдайда тарату балансы бекiтiлген сәтте кредитор талап етпеген мiндеттемелердi қоса алғанда, салық төлеушiнiң мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен шығаруы; 2) осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған мiндеттемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару; 3) сот шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады. КТС салық кезеңi үшiн Салық Кодексінде белгiленген ставканы осы Кодексқа сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа осы Кодексқа сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады.

есебі.

Корпоративтік табыс салығының мынадай мөлшерлерде мөлшерлемелері белгіленген:табыс көзінен салық салынбайтын табысқа - 20%;





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 795 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2462 - | 2329 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.